Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас.

Читайте также:
  1. XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы
  2. Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас
  3. Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы.
  4. Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас.
  5. Бөлім. Нарық және оны реттеу механизмі
  6. Жарықтар және камералар, сплайндық модельдеу

 

1. Қазақстан-Қытай қатынастары 1992 жылғы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері оң сипатта және тегеуірінді түрде дамып келеді.

Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж. желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдықтары, ал Үрімші қаласында Төл-құжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда.

Астана қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда.

Бірлескен Декларациялар (1993-1999 жж.) негізінде ҚР мен ҚХР арасындағы тату көршілік, достық және қызметтестік туралы Келісімшартқа ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 23 желтоқсанда ҚХР-ға мемлекеттік іс-сапары барысында және ҚР мен ҚХР арасындағы Қызметтестік Бағдарламасына 2003 жылғы 2-4 маусымда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның ҚР-ға мемлекеттік іс-сапары барысында қол қойылулар екіжақты қатынастардың 10 жыл бойы дамуының қорытындысы болды. Аталған маңызды тарихи құжаттарға қол қойылу – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастардың куәсі болып табылады. Келісімшарттың Қазақстан үшін мәні шабуыл жасамау пактімен салыстырарлық деңгейде, мұнымен бірге шекара мәселесін шешілді, ШЫҰ ауқымында сенім шаралары жүзеге асырылды, екі елдің қызметтестігінің стратегиялық бағыттары бойынша принципті уағдаластықтар кешеніне қол жеткізілді.

1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық).

1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті.

1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.

Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай қатынастары екі елдің қол жеткізген келісімдерін жүйелі түрде жүзеге асырумен ерекшеленеді. ҚР мен ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді, әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларация (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған), 21-ші ғасырдағы Стратегиялық ынтымақтастық (2006 жылғы 20 желтоқсан) және экономикалық ынтымақтастық даму тұжырымдамасы (2006 жылғы 20 желтоқсан) қамтамасыз етуде.

Қытай – Қазақстанның сенімді экономикалық серіктесі. ҚХР бүгінде Қазақстанның аса ірі импортеріне айналған. Қытайдың Қазақстанға инвестиция көле­мі 10 млрд. долларға жетсе, қазіргі кезде Қазақстанда Қытай капи­талының қатысуы­мен 1000 қаралы кәсіпорын жұмыс істейді.

Екі жақты экономикалық ынтымақтастық қытайлық-қазақстандық стратегиялық әріптестіктің маңызды материалдық іргетасы болып табылады, бұл ынтымақтастық өзара бірін-бірі толықтыруымен және қарқынды дамуымен сипатталады. Қазіргі күні Қазақстан ТМД елдері арасындағы Қытайдың екінші сауда әріптесі болып табылады. Екі жақты сауда-саттықтың көлемі Қытайдың Орталық Азия елдерімен жалпы сауда-саттығының жалпы көлемінің 70 пайызынан асып кетті. Ал Қытай өткен жылдан бастап Қазақстанның саудадағы бірінші әріптесі атанды. Әлемдік дағдарыс жағдайында екі елдің үкіметтері мен өкілетті ведомстволары дағдарыстың екі жақты экономикалық ынтымақтастыққа тигізер жағымсыз әсерін барынша азайту үшін бірқатар шараларды қолға алды. Бұл мақсатта Қытай Қазақстанға 13 млрд. доллар көлемінде несие берді. Қытай тарапының статистикасы бойынша екі елдің тауар айналымы 2010 жылы 20,31 млрд. долларға жетті, сөйтіп 45,3 пайызға ұлғайып, дағдарысқа дейінгі деңгейден асып түсті. Сонымен бір мезгілде Қытай мен Қазақстан экономикалық ынтымақтастықтың жаңа салаларын белсенді түрде іздестіріп жатыр. Бүгінде бірқатар бірлескен жобаларды іске асыруда. Мәселен, ондай жобалардан Павлодардағы аллюминий зауытын, Мойнақ Су электр стансысын, Ақтаудағы битум зауытын атап өтуге болады. Сонымен қатар таяу болашақта "Қорғас " шекара маңы ынтымақтастығыхалықаралық орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ Шыңжан-Ұйғыр автономиялық өлкесі мен Қазақстанның шекара маңындағы облыстары арасындағы экономикалық байланыстар мен кооперациялар үздіксіз кеңейіп келеді.

Қытай Қазақстанның өзінің бірегей географиялық артықшылықтарын пайдалану арқылы транзиттік әлеуетті дамытуға бағытталған белсенді іс-әрекетін қолдайды. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі жобасын және жылдамдығы жоғары темржол құрылысы жобасын жүзеге асыру қазақстандық экономиканың жалпы деңгейін айтарлықтай көтеретіндігіне және халықаралық бәсекелестіктегі позициясын нығайта түсетіндігіне сенімдімін. Соңғы жылдары Қытайда инфрақұрылымдық құрылыстар қатты қарқынмен дамып жатыр. 2010 жылдың аяғындағы жағдай бойынша автожол желісінің жалпы ұзындығы 3 млн. 984 мың шақырымды құрап отыр, оның ішіндегі 74 мың шақырымы жоғары жылдамдықта жүруге болатын жолдар.

Қазіргі күні Қытайда 7531 шақырым жоғары жылдамдықты темір жол пайдалануға берілді және осы көрсеткіш бойынша ҚХР әлемде бірінші орынға шықты. Қытайда жоғары жылдамдықты теміржолдардың құрылысын салу, пойыздарды жасау және іске қосу саласында бай тәжірибе бар және біздер озық технологияларға иеміз, қытайлық жабдықтар мықты сапасымен ерекшеленеді және халықаралық нарықта аса танымал.

Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің және өзара тиімді ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі ретінде энергетика саласындағы ынтымақтастығын атауға болады. Біздің елдердің басшылары мен үкіметтері арасында осы саладағы ынтымақтастықты нығайту мен оның маңыздылығы туралы ортақ түсінік баяғыда-ақ қалыптасып қойған. Оның үстіне, екі ел басшыларының қолдауының арқасында біз зор табыстарға жетіп отырмыз. 1998 жылы, Қытайдың мұнай компаниясы Ақтөбе мұнай компаниясын басқара бастаған кезде, мұнайдың жылдық өндірісі небәрі 2 миллион тоннаны құрады. 10 жыл өте келе, қытайлық технологияның, инвестициялар мен басқару жүйесінің арқасында жылдық өнім 2,5 есеге артты. 2009 жылы қытайлық-қазақстандық мұнай құбыры желісінің екінші кезегінің және «Орталық Азия» газ құбырының құрылысы аяқталды. Бұл - ҚХР мен ҚР-ның энергетикалық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді деген сөз. Қазақстандағы қытайлық кәсіпорындар табыс таба отырып, өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпайды. Олар жергілікті әлеуметтік даму бағдарламаларына атсалысып, қазақстандық жұмысшыларды даярлайды, теміржол, жылыжай құрылысына араласып, жұмыспен қамту мәселесін шешуге және жергілікті салық кірістерін арттыруға оң үлестерін қосып келеді.

Қытай Қазақстанмен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастыққа зор маңыз береді. 2007 жылы екі елдің үкіметтері шикізаттық емес сектордағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған еді, ал министрлік басшылары оны орындау жоспары туралы нақты хаттамаға қол қойды. Шикізаттық емес саланың ауқымы өте кең: байланыс, ақпарат, тоқыма, құрылыс материалдары, электротехника, көлік, химия, мұнай-газ өндірісі, металлургия, техника, ауыл шаруашылығы, туризм, қаржы және т. б. Ынтымақтастықтың барлық жоспарлары табысты жүзеге асырылуда. Оның ішінде Павлодардағы Қазақстанның электролиз зауыты іске қосылды, Мойнақ Су электр стансысының құрылысы салынуда.

2008 жылғы 29-31 қазанда ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Вэн Цзябао Астанада ұйымдастырылған Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымының Үкімет басшылары кеңесіне қатысу шеңберінде, Қазақстанға алғаш сапарын өткізді. Сапар барысында тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға кол коюмен бірге, екі елдің үкімет басшылары Біріккен коммюнике қабылдады.

ҚР Парламенті мен Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы (БХӨҚ) арасындағы қатынастар да нығаюда. 2007 жылғы 10-13 қыркүйегінде БХӨҚ Тұрақты комитет төрағасының орынбасары Хэ Лули Қазақстанға сапарын жасады.

Екі елдің бұл саладағы қатынастарының маңызды оқиғасының бірі 2008 жылғы 23-28 қаңтардағы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары болып табылады. Сапар барысында Қ.Тоқаев ҚХР Төрағасы Ху Цзинтао мен БХӨҚ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесіп, қазақстан-қытай қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алысты.

2010 жылғы 21 шілдеде Парламент төрағаларының бүкіләлемдік үшінші конференциясының шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың БХӨҚ Тұрақты комитетінің Төрағасы У Бангомен кездесуі өтті.

2010 жылғы 9-11 қарашада ҚХР Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньнің Қазақстанға сапары өтті.

Екі елдің сыртқы саясат мекемелері арасындағы ынтымақтастық қатынастары да қарқынды дамуда. 2010 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев ҚХР-ға сапар шекті.

2010 жылғы 27-29 желтоқсанда ҚХР Сыртқы істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға ресми сапармен келіп, сапар нәтижесінде ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚХР Сыртқы істер министрлігі арасында 2011-2013 жылдардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі жақты қатынастардың ілгері дамуында Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің үйлестіруші орны нығаюда. Комитет 10 профильдік кіші комитеттер мен 1 трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Біріккен комиссиядан тұрады.

Қазақстан мен Қытай арасында Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде берік байланыстар орнатылған. Қытай Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары бойынша кеңесті шақыру процесін қолдайды.

Сонымен қатар Пекин Астанамен Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің шеңберінде де өзара әрекет жасайды.

Қазіргі кезде Қазақстан ҚХР-дың сыртқы саудасында өзара тауар айналымының көлемі жағынан Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды берік ұстауда. 2010 жылда екі жақты тауарлар айналымы 14,1 млрд. долл. (ҚХР кеден статистикасына сәйкес – 20,4 млрд. долл.) құрды.

Қолданысқа енгізілген Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры маңызды стратегиялық мағынаға ие, бұл желіс Қазақстанға мұнай экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік туғызумен қатар, ҚР-дың транзиттік әлеуетін де толығырақ пайдалануға жол ашады. Бұдан басқа, тараптар Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбырының 2-ші кезегін салу, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, Ақтау пластмассалар зауытын, Мойнақ СЭС қайта құру және салу жөніндегі жобаларын іске асыруда.

Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық жаңа сапалы белеске көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестікке бағыт алуда. Осыған байланысты 2007 жылы тараптар Экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат екі жақты тауарлар айналымын тиімді әртараптандыру мақсатында ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Бұған қосымша 2008 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы шикізат емес салалардағы ынтымақтастық бағдарламасының іс-шаралар жоспары қабылданды. Аталған жоспар ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар, шекара маңындағы сауда, көлік және коммуникациялар салаларындағы 20 жобадан тұрады.

Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

2003 ж. 26-28 сәуірде ҚХР Сыртқы істер Министрі Ли Чжаосиннің ресми іс-сапары – оның ҚХР СІМ басшысы лауазымындағы тұңғыш шетелдік сапары болды. Оған дейін осы жылғы 12 наурызда ҚХР Сыртқы істер Вице-министрі Лю Гучан Қазақстанға іс-сапармен келген. 2002 жылы екіжақты қатынастың дамуына ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер Министрі Қ.К.Тоқаевтың ҚХР-ға ресми іс-сапары (2002 ж. 9-11 мамыр) ықпалын тигізді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеке жолдауын табыс ету және ҚХР жетекшілерімен келіссөздер жүргізу ҚХР Төрағасының АӨСШК саммитіне (2002 ж. 4 маусым) қатысуына жәрдемдесті. Мемшекараны заңды жолмен рәсімдеуді аяқтаған, мемлекеттік шекара өтетін сызықты белгілеу туралы Хаттамаға қол қойылды. Қытай тарапынан тату көршілік, достық және қызметтестік туралы Келісімшартқа қол қою жайындағы, тауар айналымын сақтау және арттыру, атап айтқанда қазақстандық болатты Қытайға экспорттау, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту және тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары К.К.Мәсімовтың жұмыс сапары (24-26 маусым) Келісімшарт бойынша қазақстандық бастаманы одан әрі ілгерілетуге, металлургия өнімдерін Қытайға экспорттау бойынша, көлік пен машина жасау, шекара жанындағы қызметтестік саласында қызметтестікті дамытуға серпін берді. НПКСК ПК Төрағасының орынбасары Ван Вэньюан бастаған ҚХР делегациясының Бүкіләлемдік экономикалық форумның Давос клубы арайында Алматыда (8-9 сәуір) өткен Еуразиялық экономикалық саммитке қатысуы салмақты мән берді. Екі елдің халықтары арасындағы достықтың нығаюына ҚХР Мемкеңесінің Мүшесі Исмаил Айметтің ҚР мен ҚХР арасында дипломатиялық қатынастар орнағанының 10-жылдығына арналған Қазақстандағы іс-шараларға қатысуы және оның Қазақстан басшыларымен кездесулері жәрдемдесті. Қазақтардың Дүниежүзілік 2-нші құрылтайына (18-24 қазан) тұңғыш рет ҚХР ШҰАА (СУАР) Парткомы Хатшысының Орынбасары Асхат Керімбай бастаған Қытай делегациясы қатысты, бұл екі ел халықтарын байланыстыратын дәнекерлердің бірі ретіндегі қазақ диаспорасының ролі туралы уағдаластықты жүзеге асырудың нақты мысалы балып табылады. Күмәр жоқ, ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминьнің АӨСШК-нің бірінші саммитіне қатысуы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса ірі сыртқы саяси оқиғаға енекше мән ділік берді және орың табысты ілгенілеуіне жәрдемдесті. Екі ел үшін 2001 ж. 15 маусымда «Шанхай бестігі» механизмі негізінде Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті, тұрақтылықты және экономикалық дамуды қамтамасыз ету мақсатымен құрылған Қызметтестіктің Шанхай ұйымы ауқымында зор перспективалар бар. Қорғаныс саласындағы қызметтестіктің 2002 жылғы басты оқиғасы – шекара ауданындағы қауіпті әскери қызметті тоқтату туралы үкіметаралық Келісімге қол қою болды. ҚР Қорғаныс өнеркәсібі Комитетінің желісі бойынша ҚҰАА (НОАК) мұқтаждықтары үшін Қазақстанның қорғаныс кәсіпорындарының өнімдерін сату жүзеге асырылып келеді. Мемшекараны демаркациялауды аяқтау, шекара ауданындағы әскери күштерді қысқарту жөніндегі инспекциялық қызметтің алғашқы кезеңдерін жүзеге асыру, сондай-ақ қорғаныс министрлерінің бірқатар отырыстары мен оларда қол жеткізілген халықаралық терроризмге, діни экстремизмге және этникалық сепаратизмге қарсы бірлесіп күресу жөніндегі уағдаластықтар нәтижесінде қорғаныс саласындағы Қазақстан-Қытай байланыстары неғұрлым сенімді сипат алды, оларды одан әрі кеңейту және тереңдету тенденциясы нышан берді. 2003 ж. тамызда Қазақстан-Қытай шекарасы ауданында ШЫҰ-ның мүше-елдері қарулы күштерінің қатысуымен артитеррорлық жаттығулар өтті. Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау бойынша қызметтестік туралы Келісімді жүзеге асыру үшін Бірлескен Қазақстан-Қытай комиссиясы құрылды. Қазақстан мен Қытай арасында мәдени-гуманитарлық қызметтестік белсенді дамып келеді. 2002 ж. сәуірде ҚР мен ҚХР арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанының 10-жылдығына арналған іс-шараларға сәйкес, ҚХР Мәдениет Министрінің Орынбасары Чан Кэжэн бастаған делегацияның қатысуымен, тұңғыш рет Қытай мәдениетінің Қазақстандағы Күндері өткізілді. ҚХР ШҰАА АОАК мәдениет басқармасының делегациясы оның жетекшісі Мизан Қажыақпарұлының басшылығымен Қазақстанға келді (қазан). Қазақ ұлттық музыка академиясының орындаушылары қазанда Сямэнь қаласындағы Чайковский атындағы конкурсқа қатысты. Құрманғазы атындағы консерваторияның солисі Б.Еңкебаева Пекиндегі 2-нші Халықаралық вокалшылар конкурсына қатысты. 16-22 қазанда Қазақстан Кәсіподақ федерациясының Төрағасы С.О.Мұқашев басқарған делегация ҚХР-ға келді, ҚХР басшылығымен кездесулер болды және қызметтестік жайындағы уағдаластықтарға қол жеткізілді. 7-14 мамырда Бүкілқытайлық Жастар федерациясының шақыруымен ҚР МАҚКМ (МКИОС) Жастар саясаты департаментінің директоры Д.А.Қалетаев басқарған делегация қызметтестікті дамыту және қытайлық әріптестермен тәжірибе алмасу үшін Пекин қаласына және Далянь қаласына барды. ҚР мен ҚХР арасындағы ғылыми-техникалық қызметтестік соған сәйкес Келісім (желтоқсан 1994 ж.) негізінде жүзеге асырылуда. Сауда-экономикалық қызметтестік жөніндегі комиссияның 5-інші отырысында аталды да, 2001 ж. 22 мамырда ғылыми-техникалық қызметтестік бойынша комиссия құрылды. 2002 ж. сәуірде Алматыда ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің жәрдемімен қытай ғылымы мен техникасының жетістіктері көрмесі өткізілді. Оның ашылуына қатысу және қызметтестіктің перспективалары жайында келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға ҚХР Ғылым және техника Министрінің орынбасары У Чжунцзэ бастаған делегация келді. ҚР БҒМ (МОН) Сейсмология институты мен ҚХР Мемлекеттік сейсмологиялық Бюросы арасында 2002 ж. 16 сәуірде ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің Бірінші Вице-Министрі Г.М.Мутановтың ҚХР-ға іс-сапары барысында жер сілкінулерді зерттеу саласындағы Келісімді (қыркүйек 2001 ж.) жүзеге асыру Бағдарламасына және Қазақстанда 4 стансаны жабдықтау, қазақстандық мамандарды оқыту үшін 240 мың АҚШ доллары сомасындағы қытайлық грантқа қол қойылды.

Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың маңызды оқиғаларының арасында Абайдың 150 жылдығын тойлауына байланысты Пекинде өткізілген салтанатты іс-шараларды (1995 жыл), Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін (2001 жыл), Қытайдың Қазақстандағы Мәдениет күндерін (2002 жыл), Алматыда ұйымдастырылған Қытайдың ғылыми-техникалық көрмесін (2002 жыл), Алматының Шанхайдағы мәдениет күндерін (2004 жыл), Шанхайдың Алматыдағы мәдениет күндерін (2005 жыл) атап өтуге болады. 2008 жылдың маусымында Қазақстан астанасының 10-жылдық мерекесін тойлау шеңберінде Астанада Чунцин қаласының (ҚХР, Сычуань провинциясы) Мәдениет күндері табысты өтті. 2010 жылғы 3 ақпан мен 4 наурыз аралығында Астанада Қытай жібек мұражайының «Жібек жолы – Қытайдың жібек өнері» атты көрмесі өтті.

 

Әдебиеттер:

Ахметгалиев Б., Базаров А. Казахстан в интеграционном процессе в постсоветском пространстве// Казахстан-спектр.-1997. №1-2

Абдулпаттаев С. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты: оқу құралы/ Алматы. 2005

 

Ъ

 

 

№1 дәріс.Қазақстан республикасының сыртқы саясаты. 1 сағат

 

[q][+]4:1:"Голубые каски" орталық азиялық батальоны кімнің эгидасымен құрылды?

[а][+]БҰҰ

[а]НАТО

[а]ШЫҰ

[а]СВМДА

[а]ОБСЕ

[q][+]4:1:СВМДА-да АҚШ кім ретінде қатысады

[а][+]бақылаушы

[а]қатысушы

[а]кеңесші

[а]қаржылық жәрдем ретінде

[а]СВМДА идеясын бастамашысы ретінде

[q][+]4:1:Төменде көрсетілген американдық саясаткерлерінің қайсысы Қазақстанды "Орталық Азиядағы басты ел" деп атады

[а][+]А. Гор

[а]Б. Клинтон

[а]Дж.Буш -кішісі

[а]Дж.Буш- үлкені

[а]Дж.Робертсон

[q][+]4:1:Баку-Жейхан мұнай құбыры құрылысы туралы келісімге қашан қол қойылды?

[а][+]қараша, 1999 ж.

[а]желтоқсан, 2000 ж.

[а]қыркүйек, 1994 ж.

[а]шілде, 1995 ж.

[а]қараша, 2002 ж.

[q][+]4:1:ҚР мен ЕО арасында дипломатиялық қарым-қатынастар қашан орнатылды?

[а][+]1992 ж.

[а]1993 ж.

[а]1995 ж.

[а]2000 ж.

[а]2003 ж.

[q][+]4:1:ҚР мен ГФР арасындағы екіжақты қарым-қатынаста Қазақстандағы немістер туралы мәселе маңызды орын алады. Төменде көрсетілген сандардың ішінен ҚР қазіргі күні тұратын немістер санын анықтаңыз:

[а][+]300000 адам

[а]500000 адам

[а]150000 адам

[а]200000 адам

[а]400000 адам

[q][+]4:1:ҚР мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қарым-қатынастар қашан басталды?

[а][+] қаңтар 1992 ж.

[а]желтоқсан 1991 ж.

[а] желтоқсан 1991 ж.

[а] желтоқсан 1991 ж.

[а] ақпан 1992 ж.

[q][+]4:1:Ұлыбритания елшілігі Қазақстанда қашаннан бастап жұмыс істеп келеді?

[а][+]қазан, 1992 ж.

[а]желтоқсан, 1992 ж.

[а]қаңтар, 1993 ж.

[а]ақпан, 1995 ж.

[а]тамыз, 1994 ж.

[q][+]4:1:Н. Назарбаев БҰҰ БА 47 сессиясында сөйлеген сөзінде БҰҰ бейбітшілікті нығайту қорын жасау идеясын ұсынды. Ол қандай формула бойынша өткізілуі керек болды?

[а][+]1+1

[а][+]қарапайым халыққа 10 қадам

[а][+]"Үлкен жетілік"

[а][+] 1+10

[а][+]3+7

[q][+]4:1:Қазақ дипломаттарының ішінде қайсысы БҰҰ 49 сессиясында БҰҰ БА Төрағасының орынбасарлығына сайланды?

[а][+]Арыстанбекова А.Х.

[а][+]Б. Бультринова

[а][+]Тоқаев К.

[а][+]О. Сүлейменов

[а][+]Ш.Айтматов

[q][+]4:1:2000 ж. қыркүйекте Нью-Йоркте өткен Мыңжылдық Саммитіне қанша мемлекет қатысты?

[а][+]189

[а][+]200

[а][+]250

[а][+]120

[а][+]100

№ 2 дәріс. Қазақстан – Ресей қарым-қатынасы. 1 сағат

 

[q][+]4:1:БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қанша мүше-мемлекеттен тұрады

[а][+]5 үнемі және 10 үнемі емес

[а]10 үнемі және 5 үнемі емес

[а]8 үнемі және 7 үнемі емес

[а]9 үнемі және 6 үнемі емес

[а]7 үнемі және 8 үнемі емес

[q][+]4:1:1946 ж. құрылған Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің сандық құрамы?

[а][+]54

[а]15

[а]10

[а]65

[а]5

[q][+]4:1:Ресей, Қазақстан, Белоруссия арасында қашан кедендік одақ туралы үш жақтық келісімге қол қойылды?

[а][+]20 қаңтар 1995 ж.

[а]20 қаңтар 1999 ж.

[а]20 қаңтар 1996 ж.

[а]20 қаңтар 1997 ж.

[а]20 қаңтар 1998 ж.

[q][+]4:1:1995 ж. 20 наурызда Кедендік Одақ туралы Келісімге ТМД-ның қай мемлекеттері қатысты?

[а][+]Ресей, Белоруссия, Қазақстан

[а]Ресей, Кырғызстан, Қазақстан

[а]Ресей, Украина, Қазақстан

[а]Ресей, Белоруссия,Грузия

[а]Ресей, Өзбекстан, Қазақстан

[q][+]4:1:1994 ж. наурызда Н. Назарбаевпен ММУ-де қандай идея жарияланды

[а][+]Еуразиялық Одақ туралы идея

[а]СВМДА

[а]ШЫҰ

[а]Орталық Азиялық батольон құру

[а]ҰҚК құру туралы идея

[q][+]4:1:1999 ж. 26 ақпанда Мәскеуде қол қойылған Кедендік Одақ және бір экономикалқы кеңістік туралы Келісімге ТМД-ның 5 мемлекеті енді:

[а][+]Ресей, Белоруссия, Қазақстан,Қырғызстан,Тәжікстан

[а]Ресей, Белоруссия,Қазақстан, қырғызстан, Өзбекстан

[а]Ресей,Украина,Қазақстан,Қырғызстан, Тәжікстан

[а]Ресей,Белоруссия,Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан

[а]Ресей,Молдова,Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан

[q][+]4:1:1991 ж. 8 желтоқсанда Беловежь Келісіміне қол қойған КСРО мемлекеттері

[а][+]Ресей,Украина,Белоруссия

[а]Ресей,Белоруссия, Қазақстан

[а]Қазақстан,Украина,Белоруссия

[а]Украина,Грузия,Армения

[а]Ресей,Белоруссия,Эстония

[q][+]4:1:Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімнің түпнұсқасы ТМД-ның қай қаласында сақтаулы?

[а][+]Минск

[а]Мәскеу

[а]Алматы

[а]Астана

[а]Киев

[q][+]4:1:Ядролық қаруды таратпау туралы Келісім қай жылы қабылданды?

[а][+]1968

[а]1967

[а]1966

[а]1969

[а]1970

№ 3 дәріс. Қазақстан-Түркия және Кавказ елдері арасындағы қарым-қатынас. 1 сағат   [q][+]4:1:ҚР тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған мемлекет: [а][+]Түркия [а]АҚШ [а]Ресей [а]Германия [а]Өзбекстан [q][+]4:1: «Хизб ут-Тахрир әл-ислами» партиясы қашан құрылды? [а][+]1953 ж. [а]1920 ж. [а]1958 ж. [а]1946 ж. [а]1956 ж. [q][+]4:1:"Хизбалла" партиясы қашан құрылды? [а][+]1982 ж. [а]1987 ж. [а]1985 ж. [а]1980 ж. [а]1981 ж. [q][+]4:1:Қандай КСРО мемлекеттері арасында Каспий теңізі бөлінді? [а][+]Ресей, Қазақ КСР-і, Түрікмен КСР-і, Әзірбайжан КСР-і [а]Қазақ КСР-і, Түрікмен КСР-і, Әзірбайжан КСР-і [а]Қазақ КСР-і, Түрікмен КСР-і, Грузин КСР-і [а]Қазақ КСР-і, Өзбекстан КСР-і, Әзірбайжан КСР-і, Ресей [а]Украин КСР-і, Қазақ КСР-і, Түрікмен КСР-і, Әзірбайжан КСР-і [q][+]4:1:ҚР мен ӨР арасында Бір экономикалық кеңістік туралы келісімге қашан қол қойылды? [а][+]1994 [а]1992 [а]1993 [а]1996 [а]1991 [q][+]4:1:ҚР Каспий теңізінің құқықытық мәртебесіне қатысты ұстанымы қандай? [а][+]Каспий теңізі түбін теңіз кеңістігін жалпы қолдану жағдайында ұлттық секторларға бөлу [а]түбін, су асты мен үстін және ауа кеңістігін секторларға қатаң бөлу [а]Каспий теңізін жалпы қолдану жағдайымен 5 мемлекет үшін тең секторларға бөлу [а]тек қана теңіз түбін бөлу [а]Каспийді бөлу тәуесіз халықаралық ұйыммен жүзеге асырылуы тиіс [q][+]4:1:Иранның Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы қандай? [а][+]Каспий теңізін жалпы қолдану жағдайымен 5 мемлекет үшін тең секторларға бөлу [а]түбін, су асты мен үстін және ауа кеңістігін секторларға қатаң бөлу [а]Каспий теңізі түбін теңіз кеңістігін жалпы қолдану жағдайында ұлттық секторларға бөлу [а]тек қана теңіз түбін бөлураздел только морского дна [а]Каспийді бөлу тәуесіз халықаралық ұйыммен жүзеге асырылуы тиіс [q][+]4:1:Түрікменстан мен Әзірбайжанның Каспийдің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымдары қандай? [а][+]түбін, су асты мен үстін және ауа кеңістігін секторларға қатаң бөлу [а]Каспий теңізі түбін теңіз кеңістігін жалпы қолдану жағдайында ұлттық секторларға бөлу [а]Каспий теңізін жалпы қолдану жағдайымен 5 мемлекет үшін тең секторларға бөлу [а]тек қана теңіз түбін бөлураздел только морского дна [а]Каспийді бөлу тәуесіз халықаралық ұйыммен жүзеге асырылуы тиіс [q][+]4:1:БҰҰ Шартнамасына қашан қол қойылды? [а][+]маусым, 1945 ж. [а]наурыз,1992 ж. [а]маусым, 1952 ж. [а]маусым, 1975 ж. [а]маусым, 1980 ж. [q][+]4:1:Жылда БҰҰ күні ретінде қашан аталып өтеді? [а][+]24 қазан [а]25 маусым [а]1 маусым [а]2 қыркүйек [а]1 желтоқсан [q][+]4:1:БҰҰ-ның қай органында барлық мүше мемлекеттер қатыстырылады? [а][+]Бас Ассамблея [а]Қауіпсіздік Кеңесі [а]Экономикалық Кеңес [а]Қамқорлық бойынша Кеңес [а]Секретариат     № 4 дәріс. ҚР сыртқы саясатының еуропалық векторы.   [q][+]4:1:1995 ж. құрылған Кедендік Одақ құрамына төмендегі қай мемлекеттер енді? [а][+]Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Белорусь [а]Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей [а]Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Украина [а]Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан [а]Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Белорусь [q][+]4:1:Барлығы Қазақстанмен қанша келісімдер мен конвенциялар заңды түрде бекітілген? [а][+]300 [а]400 [а]500 [а]700 [а]800 [q][+]4:1:Еуразиялық Экономикалық қауымдастық қай жылы құрылды? [а][+]2000 ж. [а]2001 ж. [а]1999 ж. [а]1998 ж. [а]2002 ж. [q][+]4:1:ҚР Жапония қашан мойындады? [а][+]1993 ж. [а]1995 ж. [а]1992 ж. [а]1991 ж. [а]1998 ж. [q][+]4:1:Орталық Азия аймағындағы жапондық дипломатияның концептуалды бағдарламасын атаңыз? [а][+]Еуразиялық дипломатия [а]"Үлкен Жапония" [а]"Ұлы жібек жолы" [а]"Ашық Жапония" [а]"жапония жапондықьтар үшін" [q][+]4:1:СВМДА-да Жапония кім ретінде қатысады? [а][+]бақылаушы [а]қатысушы [а]кеңесші [а]қатыспайды [а]негізін салушы [q][+]4:1:Қандай халықаралық форумда ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде қатысты? [а][+]БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясына [а]БҰҰ Бас Ассамблеясының 46 сессиясына [а]"Мыңжылдық Саммитіне" [а]1996, "Шанхай бестігі" [а]БҰҰ 50 жылдық мерейтойына [q][+]4:1:Н.Назарбаевтың "Еуразия- біздің ортақ үйіміз" атты еңбегінің тұсаукесері қашан және қайда жасалды? [а][+]желтоқсан, 1999 ж., Жапония [а]наурыз, 1998 ж., Хатфильд Хаус, Ұлыбритания [а]1994 ж., РФ сапары кезінде [а]"Мыңжылдық Саммитінде" [а]БҰҰ Бас Ассамблеясының 47 сессиясында [q][+]4:1:Корей республикасы мен ҚР арасында дипломатиялық қарым-қатынас қашан орнатылды? [а][+]қаңтар, 1992 ж. [а]желтоқсан, 1991 ж. [а]наурыз, 1993 ж. [а]маусым,1998 ж. [а]желтоқсан, 1992 ж. [q][+]4:1:ГУӨӘМ қашан құрылды [а][+]1996 ж. [а]1994 ж. [а]1998 ж. [а]1993 ж. [а]1999 [q][+]4:1:АСЕАН құрамына қай елдер енеді? [а][+]Индонезия,Малайзия,Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней,Въетнам [а]Қытай, КХДР, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней,Въетнам [а]Индонезия,Малайзия,Сингапур, Үндістан, КХР, Бруней,Въетнам [а]Индонезия,Малайзия,Австралия, Таиланд, Новая Каледония, Бруней,Въетнам [а]Индонезия,Малайзия,Сингапур, Таиланд, Филиппины, Қытай, КХДР   № 5 дәріс. Қазақстан мен АҚШ. 1 сағат [q][+]4:1:Н.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен үшінші рет қашан барды [а][+]1997, қараша [а]1998, қараша [а]1997, қазан [а]1997, ақпан [а]1998, наурыз [q][+]4:1:ҚР тәуелсіздігін АҚШ қашан мойындады? [а][+]25 желтоқсан 1991 ж. [а]22 қыркүйек 1992 ж. [а]20 ақпан 1992 ж. [а]26 шілде 1992 ж. [а]24 қаңтар 1993 ж. [q][+]4:1:Н.Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапары қашан болды? [а][+]мамыр, 1992 ж. [а]мамыр, 1993 ж. [а]қыркүйек, 1994 ж. [а]ақпан, 1995 ж. [а]маусым, 1997 ж. [q][+]4:1:ХХ ғ. 90-жылдардың бірінші жартысында АҚШ-тың ҚР-ға қызығушылығы [а][+]қандай мәселелермен байланысты болды [а]ядролық қару мәселесімен [а]минералды және табиғи ресурстармен [а]экономиканы көтеру [а]өз басқару жүйесін енгізу [q][+]4:1:Орталық Азияда жаңа одақтас табу. ҚР мен АҚШ арасындағы серіктестік қарым-қатынасты дамыту және нығайту үшін негіз болған құжатқа- "Демократиялық серіктестік туралы Хартияға" қашан қол қойылды [а][+]ақпан, 1994 ж. [а]қаңтар, 1993 ж. [а]желтоқсан, 1991 ж. [а]наурыз, 1997 ж. [а]ақпан, 1995 ж. [q][+]4:1:ҚР мен АҚШ арасында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуын бақылайтын және оларды реттейтін орган қандай? [а][+]Қазақстан-американ ынтымақтасқан комиссиясы [а][+]ҚР мен АҚШ СІМ [а][+]ҚР келісімдерді бақылау бойынша Комиссия [а][+]БҰҰ [а][+]ЮНЕСКО [q][+]4:1:Қашан АҚШ Орталық Азия мен Каспий аймағын "АҚШ үшін өмірлік маңызы бар аймақ" деп таныды? [а][+]1997 ж. [а][+]1992 ж. [а][+] 1991 ж. [а][+] 1998 ж. [а][+] 2000 ж. [q][+]4:1:АСЕАН басты мақсаты? [а][+]аймаққа социализмнің енбеуін қадағалау [а]экономикалық ынтымақтастық [а]саяси ынтымақтастық [а]ұжымдық қауіпсіздік [а]социалистік мемлекеттермен тығыз ынтымақтасу [q][+]4:1:АСЕАН-дағы қай мемлекетті Қазақстан приоритетті серіктес ретінде қарайды [а][+]Индонезия [а]Вьетнам [а]Филиппин [а]Бруней [а]Сингапур [q][+]4:1:Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастық қай жылы құрылды? [а][+]1993 ж. [а]2000 ж. [а]1995 ж. [а]1991ж. [а]2003 ж.   № 6 дәріс. Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы.   [q][+]4:1:ҚР мен ҚХР арасында қазақ-қытай шекарасы туралы Келісімге қашан қол қойылды? [а][+]сәуір, 1994 ж. [а]ақпан, 1995 ж. [а]сәуір, 1998 ж. [а]наурыз, 1999 ж. [а]мамыр, 2002 ж. [q][+]4:1:1994 ж. қазақ-қытай шекарасы туралы Келісімге Қазақстан жағынан кім қол қойды? [а][+] Н. Назарбаев [а]Қ. Тоқаев [а]С. Терещенко [а]О. Сүлейменов [а]Д. Ахметов [q][+]4:1:1994 ж. Қазақ-қытай шекарасы туралы Келісімге кім қол қойды? [а][+]Ли Пэн [а]Цзян Цзяминь [а]Цянь Цичэнь [а]Дэн Сяопин [а]Ху Цзинтау [q][+]4:1:Қазақ-қытай шекарасы туралы қосымша Келісімге қашан кол қойылды? [а][+]қыркүйек, 1997 ж. және шілде, 1998 ж. [а]қыркүйек, 1995 ж. және шілде, 1998 ж. [а]қыркүйек, 1996 ж. және шілде, 1998 ж. [а]қыркүйек, 1997 ж. және шілде, 2000 ж. [а]қыркүйек, 1997 ж. және шілде, 2002 ж. [q][+]4:1:Қазақ-қытай шекарасындағы таласты жерлерді атаңыз [а][+] -Чоган-Обо /Шығыс Қазақстан облысы,Сары-Челды өзені /Алматы облысы [а]Қара Ертіс өзені [а]Шыңжан Ұйғыр округы шекарасы бойынша [а]Шекаралас Ертіс пен Іле өзендері бойынша [а]Зайсан көлі [q][+]4:1:Қазақ-қытай шекарасының жалпы ұзындығы [а][+]1700 км [а]3500 км [а]3200 км [а]1500 км [а]2000 км [q][+]4:1:Қытай үшін "Үлкен Қытай" нені білдіреді? [а][+] Тайваньді біріктіру [а]АТР-де көшбасшы болу [а]халықаралық қауымдастықта көшбасшылық позициялар [а]әлемдік қауымдастықта көшбасшы болу [а]жоғары экономикалық көрсеткіштер [q][+]4:1:Ақтөбе мұнайының акциясының қанша пайызы ҚХР-ға тиісілі [а][+]60% [а]51% [а]70% [а]100% [а]85% [q][+]4:1:Н. Назарбаевтың ҚХР-ға алғашқы сапары қашан болды? [а][+]қазан, 1993 ж. [а]қазан, 1995 ж. [а]қазан, 1998 ж. [а]қазан, 1999 ж. [а]қазан, 2002 ж. [q][+]4:1:Тайваньмен қандай қарым-қатынастар мүмкін емес? [а][+]ресми [а]экономикалық [а]мәдени [а]әлеуметтік-гуманитарлық [а]гуманитарлық [q][+]4:1:ҚХР төрағасы Цзян ҚР-ға алғашқы сапары [а][+]шілде, 1996 ж. [а]қазан, 1993 ж. [а]наурыз, 1995 ж. [а]маусым,1998 ж. [а]қазан, 1999 ж. [q][+]4:1:Қашан Қытай ҚР тәуелсіздігін мойындады [а][+]3 қаңтар, 1992 ж. [а]16 желтоқсан, 1991 ж. [а]қаңтар, 1993 ж. [а]мауысм, 1998 ж. [а]наурыз, 1993 ж.  

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 779 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді оқыту міндеттері | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Білімді бағалаудың жалпы шкаласы | Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы | Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері. | Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы. | АЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС | Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан мен АҚШ арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас| Международное положение России после русско-японской войны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)