Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан мен аҚш арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас

Читайте также:
  1. азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас.
  2. Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы.
  3. Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас.
  4. Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері.

 

 

1. Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынастың маңызы өте зор. 1991 жылғы 25 желтоқсанда АҚШ Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін таныды. Қазіргі кезде АҚШ-Қазақстан экономикасының аса ірі инвесторы. 1997 жылы Қазақстан мен АҚШ арасында экономикалық әріптестік бағдарламасы жасалды.

Екі ел арасында Қарашығанақ кеніші жөнінде және Каспий қайранын бөлісу жөнінде келісімдерге қол қойылды.

1999 жылғы желтоқсанда Қазақстан мен АҚШ арасындағы келісімде – екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту, АҚШ-тың Қазақстанға демократиялық, экономикалық өркендеуде қолдау көрсету, аймақтық, ғаламдық негізде тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану сияқты мәселелер қаралды.

АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында үлкен қолдау көрсетуде “Болашақ” бағдарламасы шеңберінде қазақстандық студенттер АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқиды.

Қазақстан және ТМД елдерімен тығыз өзара байланыста болу– біздің ел үшін өте қажет. 1994 жылы – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, кейін Тәжікстан).

Қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграциялық жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

Бірінші кезең- 1990 жылдардың бірінші жартысында Вашингтон үшін маңыздысы- Қазақстан территориясында тұрған КСРО-дан қалған ядролық арсенал еді. Мұсылман елінің жерінде бұл қарудың болғаны қауіпті болды, яғни аймақта ислам әскерінің күшейіп кету мүмкіндігі. Иран ОА шекаралас жатыр. Екінші кезең-1996-2001 жж. қамтиды. Бұл кезеңде АҚШ Каспий бойында жатқан зор көмірсутегі қорларын өзіне қаратуды жүзеге асыру. Сонымен бірге Ресей мен Иранды айналып өтетін мұнай, газ құбырларын салуды жоспарлады. Соның бірі-Баку-Тбилиси-Жейхан б.т. Үшінші кезең-2001-2005 жж. Бұл кезең 2001 11 қыркүйекке тап келді. Ислам экстермизміне байланысты Халықаралық лаңкестікке қарсы күрес ашты. Ауғаныстанда әскери қимылдар басталды. Орталық Азия елдерінде АҚШ-тың әскери базалары пайда болды.

Төртінші кезең-2006 ж. бастап АҚШ Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа ұстаныс танытты. Тіпті Орталық Азиядағы ең сенімді стратегиялық серігі ретінде атады. 1993-2005 жж. АҚШ Қазақстан экономикасына 11,43 миллиард доллар инвестиц құйды.

23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде ҚР сыртқы істер Министрі Марат Тәжин бастаған делегация БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы жарыссөзіне қатысты. БҰҰ мінбесіндегі баяндамасында Қазақстан делегациясы басшысы қарусыздану және таратпау, наша тасымалдау және терроризммен күрес, климат өзгерісі, өркениеттер диалогы сынды өзекті аймақтық және әлемдік мәселелерде еліміздің ұстанымын жария етті. Марат Тәжин энергетика және азық-түлік саласындағы Қазақстан ролінің өсуін және бұл салалардағы мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалану қажеттілігіне баса тоқталып өтті.

Форум шеңберінде Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ төраға-елдер квинтеті сыртқы істер министрлерінің, "Өркениет альянсы" және Азиядағы Серіктестік Диалогы достары тобының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы, БҰҰ басшылығымен бірқатар кеездесулерге және шетелдік әріптестермен болған кездесулерге қатысты. Осы орайда халықаралық қоғамдастықтың Қазақстанның сыртқы-саяси бастамаларының халықаралық қоғамдық шараларына сіңірген еңбегі оң бағалануда.

БҰҰ штаб-пәтеріндегі Өркениеттер Альянсы "Достар тобының" сыртқы істер министрлері кездесуінде аталмыш ғаламдық түрік-испан бастамасының дамуына Қазақстанның қосқан үлесі жоғары бағаланды. Кездесуде сөз алған Словакия сыртқы істер министрі Ян Кубиш және ИКҰ бас хатшысы Экмелдин Ихсаноглу "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы алға жылжу" атты Азия, Африка және Европа елдері сыртқы істер министрлері халықаралық конференциясы туралы Қазақстан бастамасына оң көзқарастарын білдірді.

БҰҰ ның 63-сессиясында қаралған бәсең дамушы, дамушы, теңізге шығар жолы жоқ және кіші аралдық дамушы елдер жөніндегі Алматылық әрекеттер бағдарламасы және Алматылық Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек декларациясы атты екі құжат Қазақстанның сыртқы-саяси ұстанымының символы болды. Бас Ассамблея барысында Қазақстан Азиядағы Серіктестік Диалогы атты жанжақты Азиялық құрылымның төрағалығын қабылдады. Аталмыш ұйым сыртқы істер министрлері кездесуі осы жылдың қазан айында Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.

ҚР сыртқы істер министрі Марат Тәжиннің Вашингтон қаласына сапары екі ел арасындағы конструктивті саяси диалогтың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді. Жоғары деңгейде өткен АҚШ Вице-президентімен, мемлекеттік департаменттер және Ұлттық қауіпсіздік кеңесі басшыларымен болған кездесулер құрама штаттар басшылығының Қазақстан - АҚШ қатынастарына жоғары деңгейдегі көзқарастарын көрсетті. Келіссөздер барысында екіжақты серіктестіктің маңызды мәселелерін дұрыс шешуге басты назар аударылды. Олардың қатарында ДСҰ кіруге байланысты келіссөздерді аяқтау, елімізді Джексон-Веник ықпалынан шығару және мемлекеттік жеке экономикалық серіктестіктің жаңа екіжақты тиімді механизмімен қаматамасыз ету сынды мәселелер бар.

Халықаралық мәселелер нақтырақ айтқанда, Орталық Азия аймағында жағдайлар турасында пікір алысу барысында АҚШ Ауғанстан халқы өмірін қалыпты жағдайға келтіруде көрсеткен ықпалы үшін Қазақстанға оң көзқарасын білдірді. Қаруды таратпау, халықаралық терроризмге жол бермеу, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басқа да мәселелерде серіктестікті жалғастыру турасында уағдаластыққа қол жеткізілді. Америка тарапына саясатта және әлеуметтік экономикалық өмірде жаңа әлемге сай өзгеруге бейім екендігімізді көрсететін "Европаға жол" бағдарламасы ұсынылды.

АҚШ сарапшылары қауымдастығы құрылымдарымен диалогқа ерекше көңіл бөлінді. Сол сияқты беделді Америка сыртқы саясаты бойынша ұлттық комитет, "Мұра" қоры және Халықаралық қатынастар жөніндегі ұлттық демократиялық институты сынды ми орталықтары басшыларымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Сапар барысында сарапшылар және журналистер қауымы қызығушылығын тудырған Елбасының "Қазақстан жолы" атты кітабының тұсаукесері өтті.

2. Парламентаралық ынтымақтастық. АҚШ Конгресімен ынтымақтастық жоғарғы деңгейге жеткен.

2008 ж. АҚШ Конгрессмендері Ш.Беркли (демократ, Невада штаты) және Р.Адерхольттың (республикандық, Алабама штаты) төрағалық етуімен АҚШ Конгресінде Қазақстанның достары Кокусы (ынталы бейресми топ) құрылды.

2009 – 2010 жж. Қазақстанда А.Хастингс, Г.Рид, Э.Фалеомаваега, Дж.Броун және басқа да тұлғалар бастаған АҚШ Конгресінің делегациядары Қазақстанда болды.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық. АҚШ – Қазақстанның ең ірі сауда әріптестерінің бірі. Елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстар жылдан-жылға күшеюде. Статистикалық мәліметке сүйенсек, 2010 ж. қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,181 млрд. АҚШ долларын құрады (салыстыру үшін: 2009 жылы ол 2,004 млрд. доллар болған).

2010 жылғы тауар айналымындағы экспорт көлемі 868 млн. АҚШ долларын құрады. АҚШ-қа өткізілген қазақстандық экспортының негізгі болып мұнай өнімдері, металл өнімдері, минералдар, химиялық өнімдер және т.б. болып табылады.

Сәйкесінше, импорт көлемі 1,313 млрд. АҚШ долларына тең болды. Оның негізгі өнімдері: ауылшаруашылық техника, электроника, транспорттық жабдықтар, химиялық өнімдер, металл бұйымдары, тағам өнімдері, ауылшаруашылық өнімдер және т.б.

2010 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанға түскен американдық инвестициялардың жалпы көлемі 839 млн. АҚШ долл. құрады. Американдық инвестициялардың негізгі салалары: тау-кен өндеу секторы, жылжымайтын мүлікпен операция, аренда және кәсіпорын қызметтері, көлік және байланыс, сауда және жөндеу қызметі секторы және электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу.

АҚШ, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан арасында сауда және инвестициялық қатынастарды дамыту туралы келісімді (ТИФА, Вашингтонда 2004 ж. маусымда қол қойынған) іске асыру маңызды бастама болып табылады. ТИФА Кеңесінің 6 отырысы болып өтті, соңғысы 2009 ж. 11 қазанда Вашингтонда орын алды.

«ШевронТексако», «ЭксонМобил», «КонокоФиллипс», сияқты американдық компаниялар «Теңізшевройл», «Аджип ККО», «Каспий құбыр консорциумы», «Қарашығанақ интеграциялық ұйымы» және т.б. сияқты ірі жобаларға қатысуы байқалады.

2002 ж. наурызынан бастап Энергетикалық әріптестік жөніндегі бірлескен қазақстандық-американдық комиссия нәтижелі жұмыс істеуде (2010 ж. 16 қарашада Комиссияның 7-ші отырысы өтті). Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың энергетикаға қатысты стратегиялық көзқарастарының ұқсас болуының мәні ерекше. Үстіміздегі жылы АҚШ көшбасшысы Қазақстанды уран өндіру бойынша әлемде 1-ші орынға шығуымен құттықтады. Бұл, Құрама Штаттарда АЭС салуды қайта жалғастырумен қатар, ядролық энергетика саласында өзара тиімді ынтымақтасу мүмкіндігін күшейтіп отыр.

Нью-Йорктегі Қазақстан-Америка инвестициялық форумы іскерлік байланыстардың белсенділігіне оң ықпалын тигізуде. 2010-2014 жж. арналған Қазақстанның Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы ү.ж. 8-9 қарашасында өткен үшінші форумның тақырыбына айналды. Осы іс-шара Қазақстан Республикасында инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетуге арналған беделді алаңына айналып келеді.

Екі мемлекет көшбасшыларының ауыл шаруашылығы саласында ынтымақтасу бойынша сәуір айындағы уағдаластықтарын орындауда нақты нәтижелерге қол жеткізілді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Күрішбаев ү.ж. 13-15 қыркүйегінде Вашингтонда екі жақты саяси консультациялар өткізді, соның ішінде жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі бойыншаБҰҰ мен АҚШ-тың бірлескен бастамасын (2009 ж.) жүзеге асырудағы Қазақстанның үлес қосу мүмкіндіктері талқыланды. Американдық ауыл шаруашылығы компанияларының Қазақстанды Кеден одағының, Орталық Азияның, Қытайдың және басқа да елдердің кең нарығына шығуына плацдарм ретінде қарайтынын атап көрсеткен жөн. Әрқайсысының қуаты 5 мың басқа дейінгі ірі қара мал бордақылайтын кешендерді – 15 Қазақстан-Америка БК құру жоспарланып отыр (2040 асыл тұқымды сиырдың алғашқы 160-ы ү.ж. қазанында Астанаға әкелінді, барлығы 10 жылда 70 мың бас ірі қараны сатып алу жоспарланған). Үстіміздегі жылдың соңына дейін Мемлекет басшысының қатысуымен осы мал бордақылайтын кешендердің бірін ашу рәсімі жоспарланған.

Қорғаныс және қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық Қазақстанда әскери реформаларды қолдауда бірқатар іс-шараларды жүзеге асыруды қамтиды. IMET және FMF бағдарламалары шеңберінде қазақстандық офицерлер мен сержанттар Қазақстанда және АҚШ-та дайындық өтеді. Сондай-ақ, ҚР әскери күштерінің жеке бөлімдерінің американдық техникамен және саймандармен жабдықтандыруы жүзеге асырылады. Шекараны қорғау және экстремизмге қарсы күрес бағдарламалары бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» атты кеңейтілген бағдарламасына белсенді түрде қатысады.

2009-2010 жж. Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Дэвид Петреус Қазақстанға бірнеше рет келіп, Елбасымен, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрімен келіссөздер жүргізді.

2009 ж. 17-18 қарашада АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры III Роберт С.Мюллер Астанада болып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.Шабдарбаевпен, Бас Прокурор Қ.Мәмимен, Ішкі істер министрі С.Баймағанбетовпен, Қаржы полициясы Төрағасының бірінші орынбасары Р.Ибраимовпен кездесулер өткізді. Сапар нәтижесі ретінде ҚР Бас прокуратурасы мен АҚШ ФТБ арасында өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

Америка Құрама Штаттары Қазақстанның ірі сауда әріптесі болып табылады. 2008 жылдың алты айында мемлекеттер арасындағы тауар айналымы 1.176 млрд. долларды құрады. Бұндағы экспорт 278,4 млн. долларды, ал импорт 897,15 млн. долларды құраған. «Сыртқы экономикалық саясатты жүргізу барысында Қазақстан басшылығы, ең алдымен экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға ерекше мән береді әрі АҚШ тарапынан жоғары технологиялық қуатты өндірісті дамыту үшін инвестициялар тартуға мүдделі», делінген баспасөз парағында.

Қазақстан мен АҚШ арасында кең ауқымды және терең әрекеттесумен сипатталатын стратегиялық әріптестік орнатылған. Мемлекеттер арасында шартты-құқықты берік негіз құрылды.

2006 ж. 26-29 қыркүйек аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Вашингтонға сапары барысында елдеріміздің жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға ұмтылысын расталды. Екі мемлекет басшылары энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда, инвестиция және демократизация салалары бойынша стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта АҚШ-тың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуына және елімізді Джексон-Вэник өзгерістерінің әсерінен шығаруына қолдауы көрсетілген.

2010 ж. 11-14 сәуірде ҚР Президенті Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу аясында АҚШ-қа ресми сапар шекті. Елбасы Президент Б.Обамамен, Энергетика министрі С.Чумен, сондай-ақ еврей ұйымдары мен АҚШ-тың ең ірі корпорацияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Екі ел басшыларының кездесуінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ғаламдық қауіпсіздік, оның ішінде, ядролық қаруды таратпау, Ауғанстанды тұрақтандыру, сауда-экономикалық ынтымақтастық және Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы мәселелері талқыланды.

Сапар нәтижесі ретінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге және «Қазақстан Темір Жолы» Ұ.К. мен «General Electric» арасында ТМД елдеріне арналған маневрлік тепловоздар жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.

2008 ж. 14 қарашасында АҚШ Президенті лауазымына сайланысымен Б.Обама тек қана бірнеше елдер басшыларына, оның ішінде Елбасына, телефон соқты. Әңгіме кезінде мемлекеттердің басшылары екі жақты стратегиялық ынтымақтастықтың жағдайы мен болашақ көкжиектерін талқылады. Б.Обама Қазақстанға жақын арада сапармен келуге ниетті екендігін білдірді.

2009 ж. 2-6 ақпанда ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Саудабаев АҚШ-та жұмыс сапарымен болды. Американдық тараптың шақыруымен Мемлекеттік хатшы дұғалы ұлттық таңертеңгілік асқа қатысты.

2009 ж. 7 сәуірде ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ-Ж.Тоқаев Стамбұл қаласында өткен Өркениеттер Альянсының II форумы шеңберінде АҚШ Президенті Б.Обамамен кездесті. Қ-Ж.Тоқаев американдық басшыны ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан аумағында бейбіт бағдарламаларында пайдалану үшін Халықаралық атомдық энергетика агенттігінің бақылауындағы ядролық отын банкін орналастыруға дайындығы жөніндегі мәлімдемесі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, кездесу барысында Б.Обамаға ҚР Президенті Н.Назарбаевтың елімізге ресми сапармен келу туралы шақыруын тапсырды.

Американдық Президент Қазақстан басшысының тұлғасына шынайы құрметпен қарайтындығын, онымен іскери байланыстарын жоғары бағалайтындығын және телефон арқылы әңгімен барысында қол жеткізген өзара уағдаластықтары жүзеге асыру мақсатында жұмыс істеуге дайын екендігін ерекше атап көрсетті. «Қазақстанмен қарым-қатынастар стратегиялық сипатта» екенін тілге тиек еткен Б.Обама Орталық Азия аймағына турне жоспарлап отырғанын және сол сапарда алдымен «АҚШ-тың досы мен сенімді әріптесі» саналатын Қазақстанға келетіндігін жеткізді.

2009 ж. 3-5 мамыр аралығында ҚР Сыртқы істер министрі М.Тәжиннің АҚШ-қа іс-сапары өтті. Ол АҚШ Мемлекет Хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөнінде кеңесшісі Дж.Джонспен және АҚШ Энергетика министрі С.Чумен кездесулер өткізді.

2009 ж. 9-10 маусым аралығында Астана қаласына АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары У.Бернс бастаған американдық делегацияның сапары өткізілді. У.Бернс ҚР Президенті Н.Назарбаевпен, Премьер-Министрі К.Мәсімовпен және Сыртқы істер министрі М.Тәжинмен кездесулер өткізді.

Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев 2009 ж. 23-37 қыркүйекте Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші отырысына қатысты. Ол БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунмен, АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ-тың Ауғанстан және Пәкстан жөніндегі арнайы өкілі Р.Холбрукпен, бұрынғы мемлекеттік хатшылар Г.Киссинджермен және Дж.Шульцпен, бұрынғы қорғаныс министрі У.Перримен және бұрынғы сенатор, «Ядролық қатерді қысқарту бастамасының» тең төрағасы С.Наннмен кездесулер өткізді. Ядролық сынақтарға жанжақты тиым салу туралы шарттың күшіне енуіне қолдау көрсету жөніндегі конференцияда сөз сөйледі.

2010 ж. 2-5 ақпанда Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың АҚШ-қа ЕҚЫҰ-нің лауазымдағы төрағасы ретінде ресми сапар шекті. Ол АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Дж.Джоунспен, Мемлекеттік хатшы Х.Клинтонмен, Энергетика министрі С.Чумен, Б.Обама Әкімшілігінің басқа да жоғары дәрежелі өкілдерімен және АҚШ Конгресінің беделді мүшелерімен кездесулер өткізді. ҚР СІМ басшысы АҚШ Хельсинки комиссиясында ҚР-дың ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдылықтары жөнінде және АҚШ қоғамдық-сараптамалық шеңберлерінің алдында «Atlantic Council» зерттеу орталығында сөз сөйлеп, американдық ірі компаниялардың басшыларын қабылдады.

2010 ж. 5 ақпанда Нью-Йоркте Қ.Саудабаев БҰҰ-ның Бас Хатшысы Пан Ги Мунмен кездесіп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде 2010 ж. ЕҚЫҰ-да төрағалық етудің негізгі мақсаттары мен мәселелері туралы сөз сөйледі.

2010 ж. 16-17 шілдеде АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Д.Стайнбергтің ҚР-на Алматыда өтетін ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің бейресми Жиналысына қатысу мақсатымен келді. Д.Стайнберг Жиналыста Қазақстанның Астана қаласында ЕҚЫҰ Саммитін өткізу ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді. Американдық қонақ ҚР-ның Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесті. Кездесу барысында, тараптар Қырғызстандағы, Ауғанстандағы тұрақтандыру мәселелерін, сонымен қатар аталған мәселерді шешудегі Қазақстан төрағалығының рөлін талқылады.

2010 ж. 20 шілдеде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев Кабулға сапар шегіп, Ауғанстан туралы Халықаралық конференцияға қатысты. Сапар барысында Қ.Саудабаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен кездесіп, ЕҚЫҰ шеңберіндегі екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, сонымен қатар Астанада өткізілетін Саммиттің тәжірибелік мәселелерін талқылады. Х.Клинтон Қазақстанның ЕҚЫҰ Төрағасы ретінде Қырғызстандағы жағдайды тұрақтандыруға жасаған қызметін жоғары бағалады. Мемлекеттік хатшы күшіне енген Ауғанстанға енетін жер үсті жүк транзиті келісімінің маңыздылығын белгілеп, оны АИР-дағы жағдайды тұрақтандыру бойынша Халықаралық коалиция жұмысына маңызды үлес деп мәлімдеді.

2010 ж. 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 65-ші сессиясы шеңберінде Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың АҚШ Президенті Барак Обамамен кездесуі өтті. Кездесу барысында, американдық басшыға Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне қатысу туралы Елбасының жеке шақыруы берілді. Барак Обама Елбасы шақыруына алғысын білдіре отырып, АҚШ-тың Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты әрі қарай күшейту ниетін растады. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы Х.Клинтонмен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өтті.

2010 ж. 30 қараша - 2 желтоқсанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон Астанаға ЕҚЫҰ Саммитіне американ делегациясының басшысы ретінде келді. Бұл оның Қазақстанға екінші іссапары болды: 1997 ж. ол Қазақстанға АҚШ-тың Бірінші ханымы ретінде келген болатын. Аталған шара шеңберінде американдық дипломат ҚР Президенті Н.Назарбаевпен және ЕҚЫҰ Төрағасы – Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевпен кездесті. АҚШ делегациясының басшысы мемлекет басшылығына және Қазақстан халқына қонақжайлылық көрсеткені үшін алғысын білдірді.

2011 жылы 23-26 қаңтарда ҚР Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаевтың Вашингтонға сапары өтті. Сапар барысында Қ.Саудабаевтың АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтонмен, АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі/Ақ үйдің қаруды бақылау, жаппай қырып-жою қаруларын таратпау және лаңкестік мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Г.Сеймурмен, АҚШ Президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі арнайы көмекшісі/Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей мен Еуразия жөніндегі бас директоры М.Макфолмен, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы К.Пауэллмен, сондай-ақ беделді конгрессмендер, іскерлік топтар және қоғамдық-саяси қайраткерлермен кездесулер өткізді. Қ.Саудабаевтың Х.Клинтонмен кездесуінде тараптар «екі елдің стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мен тереңдетуге аса мүдделіліктерін» танытты. Екі жақты ынтымақтастықтың күн тәртібіндегі кең ауқымды өзекті мәселелер бойынша пайымды пікір алмасулар барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаһандық таратпау режимін орнықтыру саласындағы Қазақстанның көшбасшылығына, әсіресе әлемдік қоғамдастықтың Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық жағынан қайтадан қалпына келтіру бағытындағы талпыныстарына Астананың белсенді түрде практикалық қатысуына алғысын білдірді.

 

Әдебиеттер:

  1. Хан Г., Суворов Л. Внешняя политика РК. Алматы.2001
  2. Токаев К. Преодоление Алматы.2003
  3. Политика и интересы мировых держав в Казахстане. Алматы. 2002.
  4. Актуальные проблемы внешней политики Казахстана Москва. 1998.

 

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 537 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді оқыту міндеттері | СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаудың тақырыптық жоспарлары | Білімді бағалаудың жалпы шкаласы | Студенттердің бiлiмдерiн бағалау шкаласы | Тәуелсіз Қазақстан және Орта Азия елдері. | Азақстан мен Ресей қарым-қатынасы. | АЗАҚСТАН-ТҮРКИЯ ЖӘНЕ КАВКАЗ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстанның Италия мен Франция арасындағы қарым-қатынас.| азақ мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынас.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)