Читайте также: |
|
Еңбек гигиенасы — қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық - эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені. Атап айтқанда, еңбек гигиенасы еңбек процесстерінің және өндіріс ортасының адам ағзасына әсер етуін түсінеміз. Еңбек гигиенасы санитарлық – гигиеналық, ұйымдық және емдік профилактикалық шаралар, кәсіпкерлік аурулардың алдын алуына және еңбек шарттарының денсаулығын жақсартуға жіберуді қамтамасыз етеді.
Өндірістік санитария — зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық - гигиеналық, ұйымдастыру іс - шаралары мен техникалық құралдар жүйесі.
Өндірістік микроклиматты ұйымдастыру
Жұмыс орындарында микроклиматтың тиімді немесе рұқсат етілген көрсеткіштері қамтамасыз етілуі керек. Денеге күш түсетін жұмыстар категориясы олардың ауырлығы бойынша анықталады және жылдың салғын және жылы мезгіліндегі өндірістік ғимараттардың жұмыс аймағындағы темперарураның, салыстырмалы ылғалдылықтың және ауа қозғалысының жылдамдығы шамалары салыстырылады.
Жұмыс шарты мен орындалатын жұмысқа, сонымен бірге жұмыс істейтін жабдықтың тұрған орнына байланысты адам ағзасына суықтық жарақат туындататын кері температуралардың әсерін төмендету бойынша шаралар жасалынады: микроклиматтың көрсеткіштерін еңбек жағдайы бойынша қамтамасыз ету үшін, сонымен бірге жұмыскерлердің ЖЖК қамтамасыз ету үшін техникалық сипаттағы құрылыстық, жылыту жүйелері, калориферлерді пайдалану, жылулық шатырлар және т.б пайдалану қарастырылады.
Өндірстік ғимараттарда температураның жоғарылауы нәтижесінде қоршаған ортамен адам денесінің жылу алмасуы бұзылады, ол жұмыскерге қолайсыз жағдай тудырады, оның жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, ал микроклиматтың жоспарланған көрсеткіштерінен көп мөлшерде ауытқу болған кезде кәсіби аурулар туындайды және кейде жылулық соққының салдарынан есінен де танып қалады. Сонымен бірге жабдықтардың сыртқы беттері немесе қоршауыш құрылымдардың сыртқы беттерінің температурасы рұқсат етілген мөлшерден артқан кезде сол жабдықтарға жақындаған жұмыскерлердің қорғалмаған бөлігінде, тері қаптамаларында күйік пайда болады
Мест 12 1. 2005 -88 «Жұмысшы аудан ауасы» «Жалпы санитарлы – гигиеналық талаптар», «стандарты өндірістік ғимараттың микроклиматына келесі талаптарды орнатады.
7.1 – кесте – Ауа параметр шамасы
Параметр | Параметр шамасы | |
оптималды | мүмкін шекті | |
Ауа температурасы, 0С Ауаның қатысты ылғалдылығы, % Ауаның қозғалу жылдамдығы, м/с | 16-18 40-60 көп емес | 13-19 75 көп емес 0,5 көп емес |
Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 939 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Экономикалық тиімділік көрсеткіштерінің есебі. | | | Рт және жарылыс қауіпсіздігі |