Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар

Читайте также:
  1. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясының зерттеу нәтижесін математикалық статистика бойынша зерттеу
  2. Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық сипаттама
  3. Бастауыш сынып оқушыларында оқу мотивациясының қалыптасуы мен дамуы
  4. Бастауыш сынып оқушыларының мотивациясын қалыптастыруға теориялық шолу
  5. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясының зерттеу нәтижесін математикалық статистика бойынша зерттеу
  6. Оқу жылы __2014-2015___________
  7. Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Жұмыстың мақсаты: Оқушылар организмінің функционалдық жағдайына, олардың денсаулығына, жұмыс қабілетіне әсер ететін мектеп ауа-жылу режимін гигиеналық тұрғыдан бағалауды үйрену.

Құралдар: Термометр, метрлік таспа.

Тапсырмалар:

1. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы, маңызы.

2. Тыныс алу жиілігін анықтауды үйрену.

3.Мектептегі жылу және жылу беретін құралдарға қойылатын гигиеналық талаптар

Тыныс алу ағзаларының организм тіршілігінде маңызы зор. Олар газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметтерін атқарады. Тыныс алу аппаратына мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронх және өкпе ағзалары жатады.

Мектептегі ауа – жылу режимінің гигиеналық нормаларға сәйкес келуі оқушылардың үлгерімі мен жұмыс қабілетінің қажеттті басты шарты. Ауа ортасының физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы микроклимат деп аталады. Мекен-жайлардың микроклиматы метеорологиялық комоненттерден тұрады: ауаның температурасы, ылғалдылығы, қысымы және т.б. Адамдар болатын жабық бөлмеде ауаның ластануының жанама көрсеткіші көмір қышқыл газының мөлшері болып табылады. Оның болатын ең жоғарғы концентрациясы мектеп үйлерінде – 0,1 %. Оның мөлшері 0,08 – ке жеткеннің өзінде төменгі класс оқушыларының мінез-құлқында өзгеріс байқалады: тәртіп нашарлайды, зейін қою, қабілеті төмендейді.

Класс бөлмелеріндегі ауаның температурасы солтүстік аймақтарда 21-22 °С, орталық аймақтарда 18-20 ° С, ал оңтүстік аймақтарда 17-18 °С болуы керек. Кластағы ауа температурасының айырмашылығы көлденең жазықтық бойынша -2°С, тік жазықтық бойынша 3 °С аспауы қажет. Бөлме қабырғаларының температурасы ауа температурасынан 3° С-тан төмен болмауы тиіс. Ауа жылдамдығы 0,2 м/с болуы керек.

Жұмыстың барысы:

1. Тыныс алу жиілігін анықтауды үйрену.
Тыныс алу жиілігі немесе көкірек клеткасының экскурсиясы /бір экскурсия бір рет дем алу мен дем шығару процестерінің қосындысы/.

Тыныс алу жиілігін дем алу немесе дем шығару кезінде кеуде қуысының бір минутта жасаған қозғалыстарын санау арқылы анықтайды. Ал басқа адамның тыныс алу жиілігін анықтау үшін қолыңызды оның иығына салып немесе оның көкірек клеткасының экскурсиясын визуальды байқау арқылы есептеуге болады.

Анықталған деректерді нормамен салыстырып, өзіңіздің тыныс алу жиілігін есте сақтаңыз.

Тамыр соғуының жиілігі жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық жағдайын айқындайтын негізгі көрсеткіш. Ол дене және ой еңбектерінің әсерінен өзгеруі мүмкін

2.Ауа температурасын оқу бөлмесінің ортасында еденнен 1 м биіктікте өлшеу.

3. Ауаның қажетті немесе желдету көлемі.

Бұл газ алмасу дұрыс жүру үшін адамға 1 сағат ішінде қажетті ауаны мөлшері. Мұндай ауа мөлшері организмінің жұмыс қабілетін төмендетпей қалыпты жұмыс істеу үшін қажет.

Желдету көлемін анықтайтын формула:

 

 

К

 

А = ——— x 3/ 4

Р- g

А – желдету көлемі /м ²/

К- отырып ақырын жұмыс істейтін адамның демалу процесіндегі 1 сағат ішінде шығаратын СО литр мөлшері / ересек адам орта есеппен – 22,6 л, ал балалар өзінің жасына сәйкес СО бөледі /.

Р- оқу бөлмесіндегі СО- нің төзуге болатын ең жоғарғы концентрациясы /ол жалпы ауа көлемінің 1 %- не тең/.

g – атмосферадағы СО- нің мөлшері /жалпы ауа көлемінің 0,3 % - не тең/.

3/4 - сабақтың ұзындығы.

9 жасар балаға сәйкес келетін желдету көлемі:

А= — х 3/ 4 =9,6 м³

0,3

 

4. Ауаны жаңарту мөлшері /саны/.

Ауаны жаңарту санын анықтау үшін, бөлмеде 1 адамға қажет ауаның мөлшерін анықтау керек. Ол үшін ауаның жалпы көлемін бөлмедегі адам санына бөледі:

V

В = —, мұнда

С

В- әрбір оқушыға келетін ауаның мөлшері

V- бөлменің көлемі /180 м ³/

С- оқушылардың саны /35 адам/,

 

В = — = 5,1 м³ ауа /қажетті мөлшерден аз/,

 

 

 

Ауаны жаңарту санын анықтайтын формула

 

А

ЖС = —, мұнда

В

 

ЖС- ауаны жаңарту саны. Бұл 1 сағат ішінде бөлмедегі ауа неше рет жаңарту немесе алмастырылу керек екендігін көрсетеді.

А- желдету көлемі

В- әр оқушыға келетін ауаның мөлшері.

9,6

ЖС = — = 1,8 рет /1 сағат ішінде/

5,1

Анықталған нәтижелерді нормамен салыстырыңыз.

Ауаны жаңарту нормалары:

 

Бөлмелер Жаңарту саны
Тұрғын үйлердегі бөлмелер үшін 1,0
Жатақханадағы бөлмелер үшін 3,0
Ас бөлмесі 5,0
Ванналар 3,0-4,0
Биология кабинеті 2,0-3,0
Гимнастикалық зал 1,0
Балалар бақшалары мен яслидегі ойын бөлмелері Балалар бақшалары мен яслидегі ұйықтайтын бөлмелер 1,5

 

Желдету коэффициенті.

Бөлме ауасын дұрыс жаңарту және сырттағы ауаның келетін мөлшерлерін қамтамасыз ету үшін, санитарлық нормалар бойынша желдету коэффициенті ескеріледі. Бұл терезелердің ашылатын жері /форточка, фрамуга/ мен еден ауданының 1/50 бөлігінен кем болмауы керек.

S 1

— = —, мұнда

S 50

S – форточкалардың ауданы

S – еденнің ауданы

Анықталған деректерді кестеге жазыңыз

 

Ауа температурасы Желдету көлемі Жаңарту саны Желдету коэффициенті
       

 

Қортынды. Анықталған деректерді нормамен салыстырып, оқу бөлмесінің микроклимат жағдайына баға беріп, оларды жақсарту жолдарын көрсетіңдер.

Бақылау сұрақтары:

1. «Класс микроклиматы» деген түсінікке не кіреді?

2. Бөлме ауасының химиялық құрамын қандай көрсеткіштер айқындайды?

3. Оқу барысында оқушылардың жұмыс қабілетіне ауаның химиялық құрамы әсер ете ма?

4. Мектеп бөлмелеріндегі СО- нің жоғарғы концентрациясы қандай?

5. Желдету көлемі? Ауаны жаңарту мөлшері желдету коэффициенті дегеніміз не? Оларды не үшін анықтайды?

 

 

№ 14 Практикалық сабақ


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 970 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері | Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары. | Бақылау сұрақтары | Тақырыбы: Ішкі секреция бездері | Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы. | Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы | Тақырыбы: Тамақ рациондарын түзу. | Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі | Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұмыстың барысы.| Тапсырма

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)