Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жұмыстың барысы.

1.Қан қысымын анықтау

2.Тамыр соғуын саусақпен. басу арқылы анықтау әдісін үйрену.

Тамыр соғуды оң қолдың ортаңғы үш

саусақтарымен сол қолдың білезік тұсындағы күре тамырды басып есептейді. Бұл кезде сол қол столдың үстіне бос орналасып, есептеуші мен зерттелуші қарсы отырады. Тамыр соғуын секундомердің көмегімен өсептейді: 1 минут уақыт аралығында,30 сек ішінде /керсеткіш екі еселенеді/ 20 сек ішінде / керсеткіш 3 еселенеді/, 15 сек ішінде /көрсеткіш 4 еселенеді/ және 10 сек. ішінде /көрсеткіш 6 еселенеді/. Соңғы белшектеп есептеуді бірнеше рет қайталап, тамыр соғуының орта мөлшерін анықтауға болады.

Өзіңіздің және жолдасыңыздың 1 мин. ішінде тамыр соғуын бөлшектеп есептеңіз. Егер айырмашылық байқалса, орта мөлшерлерін анықтап, есте сақтауға тырысыңыз.

3. Белгілі мөлшердегі жұмысқа дейінгі және жұмыстан кейінгі тамыр соғуын садыстыру.

Зерттелушінің қалыпты жағдайдағы тамыр соғуын 10 секундта үш рет өлшеп, орта мөлшерін есептейді де, үш 1 мин. бойынша анықтап, төмендегі кестеге жазады.

Содан кейін зерттелуші 10 рет отырып-тұру қимылын жасаған соң тамыр соғудың 10 сек. ішінде есептеп кестенің 3 бағанасына жазады.

 

Көрсеткіштер/ уақыт Қалыпты жағдайдағы тамыр соғуы Жұмыстан кейінгі тамыр соғуы
10 секунд    
1 минут    

Анықталған көрсеткіштерді салыстырыңыз.

Жұмыстан кейінгі тамыр соғуының проценттік өзгеруін формуламен анықтау:

Жұмыс кезіндегі тамыр соғуы / 1мин/=қалыпты

Жағдайдғы соғуы /1мин/х100%.

Қалыпты жағдайдағы тамыр соғуы.

Анықталған деректер талданылатын тамыр соғуының 30-дан артық жиілеуі жүректің өз жұмысын жиырылу санын арттыру нәтижесінде күшейтетіндігін көрсетеді. Бұл шынығуы нашар организмнің реакциясы. Сондықтан бұл адам істейтін жұмыстың мөлшерін шамалау қажет. Егер 10 рет отырып-тұрудан кейін тамыр соғуының жиілігі қалыпты мөлшерінен 30-дан артық көтерілмесе, жүрек жұмысы қанның систолалық көлемінің есебінде күшейткені болады. Бұл жағдайда 10 рет отырып - тұру жеткіліксіз, сондықтан жүмыстың мөлшерін көбейтуге болады.

Осы жұмысты өзіңіз істеп, анықталған деректерді дәптерге жазыңыз.

Ой арқылы жасалатын жұмыстың әсерінен тамыр соғуының өзгеруін анықтау.

Тамыр соғу жиілігіне эмоциялық факторлар әр түрлі сезімдер ойлар эсер етеді.

Өзіңіздің тамыр соғу жиілігін анықтаңыз: орыныңызда отырған бойда, өзінің 20 рет отырып - тұру қимылдарын жасадым деп ойлаңыз. Содан кейін 30 секундтағы тамыр соғуын есептеп, 1 минуттағы жиілігін 2-ге көбейту арқылы анықтаңыз. Алынған деректерді салыстырыңыз. Бұл жағдайда тамыр соғу жиілігінің өзгеруі жүректің жұмысына ми қыртысы әсер ететіндігін көрсетеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қан тамырларының құрылысы қандай?

2. Жүректің қызметі мен маңызы

№ 13 Практикалық сабақ


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 172 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері | Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары. | Бақылау сұрақтары | Тақырыбы: Ішкі секреция бездері | Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы. | Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы | Тақырыбы: Тамақ рациондарын түзу. | Тапсырма | Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі| Тақырыбы: Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)