Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Читайте также:
  1. Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
  2. Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру.
  3. СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ІСІГІ
  4. Сілекей бездерінің аурулары.
  5. Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі
  6. Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары.
  7. Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ой еңбегіне,өсіп-дамуына эндокриндік бездердің әсерін анықтау.

Құралдар: Атластар,слайдтар, плакаттар.

Тапсырмалар:

1. Ішкі секреция бездері, олардың өзара байланысы мен атқаратын қызметі

2.Жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие

 

Эндокриндік жүйе (ішкі секреция бездері арқылы) жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының қызметін реттеуге қатысады. Ішкі секреция бездеріне өнімдері тікелей қанға құйылатын гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік, тимус (айыр), ұйқы, бүйрек үсті, жыныс бездері жатады. Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормон (іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге адам ағзасының физиологиялық процестерін реттеп отырады. Гормондар өте белсенді, алыстан өте аз мөлшерде де әсер ете алатын химиялық заттар. Олардың әсері арнайы бағытталады және оның қызметін басқа гормон немесе зат орындай алмайды. Гипофиз аденогипофиз (алдыңғы, артқы) және нейрогипофиз (артқы) бөліктерден тұрады. Аденогипофизде троптық 22 гормон түзіледі: соматотропин (ағзаның өсун, ақуыз, көмірсу, май алмасуын реттейді), тиреотропин (қалқанша және қалқанша серік бездерінің қызметін реттейді), адренокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін реттейді), гонадотропиндер (жыныстық дамуға қатысады). Гормондардың керекті мөлшерінен ауытқуы тнрлі аурулар туғызады. Мысалы, соматотропиннің гиперсекрециясы алыптық, ал гипосекрециясы ергежейлік дамиды. Нейрогипофизде вазопрессин (зәр түзілу процесіне қатысады), окситоцин (нәрестенің туылу процесіне қатысады) гормондры бөлінеді. Эпифизде меланин (теріні түссіздендіру), гломерулокортикотропин (бүйрекүсті безінің қызметін тежейді), контргипоталамус-гипофизарлық (гипофиздің гонадотропин гормонының түзілуін тежейді) гормондар түзіледі. Қалқанша безінде тироксин (жүйке жүйесінің қалпын сақтауға, судың алмасуына қатысады), трийодтиронин (ұрықтың жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді), кальцитонин (қан құрамындағы кальций мөлшерін реттейді) гормондары бөлінеді. Қалқансерік безінде кальций мен фосфор мөлшерін реттеуге қатысатын паратгормоны бөлінеді. Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатында 10 астам кортикостероиды гормондар түзіледі. Қызметіне қарай кортикостероидтар глюкортикоидтар, минералкортикоидтар, адренокортикоидтар болып бөлінеді. Глюкокортикоидтар (кортизол, кортизон, котикостерон) ақуыз, көмірсу, май алмасуға өте белсенді қатысады. Минералкортикоидтарға су мен тұздардың алмасуына қатысатын альдостерон, дезоксикортикостерон гормондары жатады. Адренокортикоидтарға балалық және қартайған шақта жыныс безінің қызметін атқаратын андросерон, эстрол, прогестерон гормондары жатады. Бүйрекүстібезінің милы қабатында жүрек, қан тамыр, бұлшықет жүйелеріне әсері зор адреналин, норадреналин гормондары түзіледі. Ұйқы безінде ағза ншін маңызы зор инсулин, глюкагон гормондары түзіледі. Олар судың, қанттың мөлшерін реттеп, гликогеннің синтезіне қатысады. Жыныс бездерінде тестостерон (аталық безде), эстрогендер мен прогестерон (аналық безде) түзіледі. Бұл гормондар ағзаның жыныстық даму кезңінен бастап бөлініп, жыныстық даму процесін реттейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі секреция бездерінің топографиялық орналасуын көрсет

2. Гиофиз безінің құрылысы мен атқаратын қызметтерін ата

3. Эндокриндік бездердің баланың өсуі мен дамуындағы маңызы

 

№ 7 Практикалық сабақ

Тақырыбы: Тірек-қимыл аппаратының жасқа байланысты ерекшеліктері

Мақсаты: Балалар мен жас өспірімдердің активті және пассивті аппаратының құрылыстары мен функцияларының ерекшеліктеріне баға беру.

Құралдар: Адам қаңқасы, кестелер, схемалар, альбом, қарандаштар.

Тапсырмалар:

1. Қаңқаның құрылысын қарастыру суретін салу.

2. Мектеп оқушысының қаңқа құрылысының ерекшеліктері.

3. Сүйек тканінің дұрыс қалыптасуы үшін қажетті заттарға талдау жасау.

 

Жұмыс барысы:

Мектеп оқушысының қаңқа құрылысының дамуындағы ерекшеліктерді табу. Балалардың сүйегінде кальций тұздары аз, ал органикалық элементтер көп болып, сүйектену процестері әлі аяқталмағандықтан, олардың скелеті өте иілгіш оңай қисайғыш келеді. 12 жас шамасындағы балалардың тканінің құрылысы ересек адамдардікіндей болады. Сүйектің ұзынынын өсу қарқыны жас есейген сайын баяулайды және 18-22 жаста тоқталады. Жаңа туған балада омыртқа жотасы жалпы түзу болғанымен сегізкөз тұсынан аздаған иін байқалады. 2,5 айлық кезінде мойын иіні – лордоз (омыртқа жотасының иін денесі дененің алдына қарай ойысуы) пайда бола бастайды. Алты айлық кезінде яғни бала отыра бастаған кезінде көкірек иіні – кифоз (омыртқа жотасының иін денесі дененің сыртына қарай ойысуы). Бір жасқа толғанда бел лордосы түзіле бастайды. Сонымен, 12 жасында омыртқа жотасының барлық иіндері айқындалады. Аяқ қол скелетінде де сүйектердің дамуы 25 жасқа дейін созылады. Балалардың бас сүйегінің дамуында үш тез өту кезеңі байқалады: 4 жасқа дейін, 6-8 жас және 11-13 жас аралығы. Бірінші тез өсу кезеңінде шүйде және төбе сүйегінің қарқынды өсуі, еңбектің қатаюы. Бас сүйегінің қабырғаларының қалыңдауы. Екінші кезеңде маңдай сүйегі жедел өсіп, қосымша маңдай қуысы пайда болады. Беттің жеке ерекшеліктері жыныстық жетілу кезеңінде қалыптасады (қыздарда 12-14 жаста, ұлдарда 13-15 жаста). Сүйек затының жинақталуына байланысты жас есейген сайын бет бөлімінің сүйектері үлкейе бастайды.

Қорытынды:

1.Балалардың бұлшық еттерінің тез қажу себептеріне талдау жасау.

2.Сүйек тканінің дұрыс қалыптасу үшін қандай заттар қажет екенін білу.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қаңқаның құрылысы

2. Сүйектің қасиеті, құрамы және құрылысы.

3. Сүйек сынған кездегі алғашқы жәрдем.

4. Тірек-қимыл аппаратының гигиенасы.

 

 

№ 8 Практикалық сабақ


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 791 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері | Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары. | Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы | Тақырыбы: Тамақ рациондарын түзу. | Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі | Жұмыстың барысы. | Тақырыбы: Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар | Тапсырма | Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бақылау сұрақтары| Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)