Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы.

Читайте также:
  1. Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
  2. Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру.
  3. Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі
  4. Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары.
  5. Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері
  6. Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Мақсаты: Мектеп жиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.

Құралдар: Кинофильм, слайдтар, кестелер, сызғыштар, рулеткалар.

Тапсырмалар:

1. Мектепжиһаздарына қойылатын гигиеналық талаптар.

2.Оқушыны дұрыс отырғызудың физиологиялық негізін қарастыру.

3. Партаны таңбалауды және оқушыларды бойына сәйкес отырғызуды үйрену.

4. Класс бөлмесіндегі жиһаздардың орналасуына гигиеналық баға беру.

 

Мектеп құрал – жабдықтары педагогикалық, өндірістік және техникалық талаптарға сәйкес келуі қажет. Негізгі талап – құрал жабдықтар балалармен жас өспірімдер организмінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі.

Сонымен бірге, балалардың жарақаттануын болдырмау үшін құрал – жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың да маңызы зор. Мысалы жиһаздардың үшкір және өткір бұрыштарының болмауы, олардың лакпен боялуы және т.б.

Құрал – жабдықтар эстетикалық талаптарға да сәйкес келуі қажет: балалардың нерв жүйесінің қызметін нығайту үшін олардың бояуының түсі ашық, әдемі болуы керек. Бұл оқушылардың көңілінің көтеріңкі болуын, сабаққа ынтасын арттырады.

Оқушыны дұрыс отырғызудың физиологиялық негіздері.

Адамның дене және ой еңбегі кезіндегі белгілі жұмыс қалпы бұлшық еттердің статистикалық ширығуына байланысты. Бұндай жағдай әсіресе оқушылар ұзақ уақыт қимылсыз сабақта отырғанда байқалады. Ұзаққа созылған статистикалық жұмыс сабақ барысында тез шаршамауды туғызатын негізгі фактор. Бұл орталық нерв жүйесінің ерекшеліктеріне және сүйек – бұлшық ет аппаратының жеткіліксіздігіне байланысты төменгі класс оқушыларында жиі кездеседі. Партада отырған кезде статистикалық күшті азайтудың негізгі жолы оқушының дұрыс отыруын қадағалау және партаны оның бойына сәйкес таңдай алу.

Стол мен орындықтың бір – біріне сәйкес келмеуі әр бұлшық ет топтарына әр түрлі күш түсіріп, олардың тез қажуын туғызып, бұлшық ет ассиметриясының нәтижесінде сымбаттың бұзылуына мүмкіндік жасайды.

Стол төмен, орындық биік болса оқушы алға қарай енгіш отырады да, көкірек клеткасы құрсақ қуысы қысыңқы жағдайға келеді. Оң иықтың төмен түсіп, сол жаққа бағытталған сколиозды туғызады.

Стол биік, орындық төмен болса оқушының оң иығы жоғары көтеріліп, оң жаққа бағыттталған сколиоз туғызады.

Партада дұрыс отырмау оқушыны тез шаршатады, жұмыс қабілетін, сонымен бірге кітап пен көздің ара қашықтығы дұрыс болмағандықтан көру өткірлігі төмендейді.

Партада дұрыс отыру – оқушының денесін тік басын сәл еңкейте ұстау. Стол үстіндегі дәптер немесе кітаппен көздің арақашықтығы 30-35 см болуы керек. Көкірек қуысы мен столдың оқушы жағындағы қыры арасында тыныс алу үшін 4-5 см кеңістікті /оқушының алақанының еніндегі /сақтап арқасын орындықтың арқасына сүйеп отыруы қажет. Аяқтары тізе буынында тік бүгіліп, табандары партаның (столдың) аяқ қойғызында орналасады. Екі қолы столдың үстінде ал йықтары стол бетіне параллель бір деңгейде орналасады. Оқушы дұрыс отырғанда құрсақ және көкірек қуысындағы мүшелердің қалыпты жұмысы бұзылмай тыныс алуы еркін, сүйек – бұлшық ет аппараттарына түсетін күш өте шамалы болып, қызметін қалыпты атқарады.

Дұрыс отырғызу стол мен орындықтардың оқушының дене пропорциясына және бойының ұзындығына сәйкес келгенде ғана мүмкін. Орындықтың биіктігі табанмен қоса есептегенде сирақтың ұзындығына қосқанға тең, ал парта орындығының алдынан артына дейінгі тереңдігі санның 3-4 ұзындығына дәл болуы керек.

Егер орындықтың тереңдігі санның ¾ ұзындығынан кем болса оқушының дене салмағы түсетін жер азайып, тез шаршайды, ал керісінше тереңдіктің тым үлкен болса тақым астындағы қан тамырлары мен нервтер қысылуы мүмкін. Оқушының алға қарай сырғанауын болдырмау үшін орындық артқа қарай 2-3 см көлбеу болған дұрыс. Сонымен бірге парта бетінің көлбеу болуы, оқушыға кітаппен не дәптермен жұмыс істегенде басын тым еңкейтпеуіне мүмкіндік жасайды. Әсіресе жазба жұмыстары кезінде көздің аккомодациялық өзгерістері жеңілдейді.

Партада отырғанда арқа бұлшық еттерінің шаршауын болдырмау үшін, оқушы арқасын тіреп отыруы керек. Әрбір орындықтың арқалығы екі тақтайдан құрылса, жоғарғысы жауырынның төменгі бұрышынан 2-3 см төмен, ал төменгісі бел омыртқаларының деңгейінде болғаны дұрыс. Мұндай арқалық денеге жақсы тірек болып, дем алғанда немесе сабақ ауызша жүргенде оқушының шалқайып отыруына мүмкіндік жасайды.

Парта мен столдардың және орындықтардың беті тегіс әрі жылтыр болуы үшін эмальмен, лакпен бояйды немесе пластикамен қаптайды.

Класс жиһаздары жылуды аз өткізетін берік металдардан жасалып, ақшыл бояумен боялады.

Бұлар оқушының бойларына сәйкес 15см аралықпен 5 топқа бөлінді.

Сонымен парталар мен столдардың және орындықтардың кәсіпорындық таңбалары бойынша оқушының бойына сәйкес дұрыс таңдап алуға болады.

Әріппен таңбалау Бойдың ұзындығы (өсу градациясы, см) Түрлі түсті таңбалау
А 130 – ға дейін Сары
Б 131-145 Қызыл
В 146-160 Көгілдір
Г 161-175 Жасыл
Д 175 – тен жоғары. Ақ

Кәсіпорындарда жасалған әр парта таңбаланды (маркасы). Бүйірінде немесе қақпағының астында жуылмайтын бояумен: алдына – партаның таңбасын, ал бүйірінде – оқушының бойын қояды.

Түсті бояумен таңбалағанда түсті дөңгелектің диаметрі 1520 мм немесе тілімшенің ені 15-20 мм болуы керек.

Оқушыларға арналған столдар мен парталар бір немесе екі орынды болып жасалады. Бір орындысы, ал екі орындысы – жалпы білім беретін мектептерге арналған.

 


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 613 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері | Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары. | Бақылау сұрақтары | Тақырыбы: Тамақ рациондарын түзу. | Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі | Жұмыстың барысы. | Тақырыбы: Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар | Тапсырма | Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырыбы: Ішкі секреция бездері| Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)