Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: Тамақ рациондарын түзу.

Читайте также:
  1. Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
  2. Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру.
  3. Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі
  4. Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары.
  5. Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері
  6. Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы.
  7. Тақырыбы: Ішкі секреция бездері

Мақсаты: 1. Адамның салмағы мен жасына қарай оған қажетті белокты, майларды, углеводтарды есептеп шығару.

2. Тәуліктік тамақ рационын жасауды және организімнің энергия балансын есептеуді үйрену.

Құралдар: таблицалар, атластар

Тапсырмалар:

1.Оқушы тамағын санау сипаты

2.Тамақтан улану және олардың профилактикасы

 

Организмдегі барлық зат алмасу процестері тамақтық заттардағы (белоктар, майлар, углеводтар) химиялық энергиялардың энергияның басқа түрлеріне организмнің тіршілік әрекеті процестерінде пайдаланатын - жылулық, механикалық, электр, сәуле энергиясына айнала жүреді. Аса ұзақ тыныштық кезінде организм тіршілігін сақтауға жұмсаса энергия шығынын негізгі алмасу деп, ал оның тіршілік әрекеті кезінде (кеңістікте орын ауыстыру, жұмыс жасау т.б.) энергия шығынын -жалпы алмасу деп атайды.

Әрбір адамның тәуліктік тамақ рационы жалпы алмасу энергиясына тең потенциялдық энергиясы болатын белок, май, углевод болуы керек.

1 кг. салмағына шаққанда 3 жасқа дейінгі балалар үшін тәулігіне 3,5 г, 3 тен 15 жасқа дейінгі балалар үшін - 2,5 г, 15 тен 17 жасқа дейін - 2,0 г, ересектер үшін - 1,5 г белок қажет.

Мұның өзінде белоктың жалпы санының 50% -ке жуығы (бірақ 30% тен кем емес) жануар текті белок болуы керек.

Белоктар мен майлардың және углеводтардың ең қолайлы қатынасы 1:1:4 болып есептеледі, яғни белок пен майдың мөлшері шамамен бірдей, углеводтар 4 есе артық болу керек. Әйткенмен майлар мен углеводтардың бірімен-бірін жиі ауыстыруға болады.

Организмде 1г. белок немесе углевод жұмсалынған кезде бөлініп шығатын энергияның мөлшері 25,2 кДж, тең болса, 1г. май жұмсалған кезде - 57,1 кДж энергия бөлінеді.

Қажетті белокты, сол сияқты май мен углеводты оңай есептеп шығаруға болады. Анықталған мәліметті өздеріне сәйкес коэффициенттерге көбейтіп, осы тамақтық заттардың организмге бере алатын энергиясының мөлшерін есептеп шығарады. Бұл мөлшерді осы адамға сай жалпы алмасу мен салыстырып қоректік заттардың құрамындағы энергияның жалпы мөлшері энергияның жалпы алмасуымен тең болатындай етіп ондағы айырмашылықтың орнын қоректік заттардың құрамындағы энергияның жалпы мөлшері энергияның жалпы алмасуы мен тең болатындай етіп май мен углеводтың мөлшерін өзгертіп, энергия байланысын нақты етіп анықтауға болады.

Бұдан ары тамақтық заттың 100 г. қанша мөлшерде қоректік заттар бар екенін көрсетілген арнайы кестені пайдаланып, белок, май және углевод қажетті мөлшерде болатындай етіп тамақтың жиынтығын жасау қиын емес. Тамақ жиынтығын жасаған кезде, оның құрамында витаминдер мен минералдық тұздар жеткілікті мөлшерде болу үшін, оған көкөністер мен жемістерді мүмкіндігінше алуан түрлі етіп алу керек.

Жұмысты орындау үшін оқушылардың немесе жанұя мүшелерінің біреуінің салмағы, бойының биіктігі және жасы туралы мәлімет болу керек.

Жұмыс барысы.

1. Оқушыдан (жанұя мүшесінен): а) тәулігіне қанша уақыт ұйықтайтынын; б) мектепте қанша уақыт оқитынын; в) үйде қанша уақыт сабақ оқитынын; г) басқа әр түрлі жұмыстармен (мысалы, үйді жинау, кітап оқу, жүзу, жүгіруге байланысты ойын ойнау және т.б.) қанша сағат шұғылданатынын сұрайды.

2. Адамның 1 сағат ішіндегі негізгі алмасуын анықтау.

1 кесте бойынша негізгі алмасудың екінші санын (53 кг массаға 4880 кДж сәйкес келеді) табады. Табылған сандардың қосындысы жас өспірімнің тәуліктік негізгі алмасуын (кДж) көрсетеді; 3108 + 4880 = 7988. Бұдан 1 сағаттағы негізгі алмасу тең: 7988:24 = 333.

3. Осы адамның жалпы алмасуын анықтаңдар.

Ол үшін 1 сағаттағы негізгі алмасуды ұйқы кезіндегі, мектепте оқыған, үйдегі сабақ оқу уақытына және т.б. кеткен сағаттардың санына көбейтеді. Бұдан кейін 2 кестені пайдаланып жұмыстың әрбір түріне жұмсалатын энергия мөлшерін есептейді. Энергиялық шығындардың барлығының қосындысы жалпы алмасуды құрайды.

Салмағы бойынша негізгі алмасуды (кДж өлшемімен) анықтау кестесі (2 сан) 1 - кесте

 

Қыздар мен әйелдерде Ерлерде
Кг кДж кг кДж кг кДж кг кДж кг кДж кг кДж
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       

1 кесте жалғасы

 

Қыздар мен әйелдерде Ерлерде
кг кДж кг кДж кг кЖж кг кДж кг кДж кг кДж
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       
                       

Әр түрлі жұмыс кезіндегі энергия шығыны.

2 кесте

  Жұмыстың түрлері     Негізгі алмасумен салыстырғандағы проценттік ұлғаюы
  Мектепте сабақ оқу, лекциялар,баяндамалар тыңдау  
Өздігінен ой жүмыстарымен шүғылдану.   60,
Тыныш отыру  
Дауыстап оқу, әңгімелесу, жазу  
Қолмен тігін тігу, тоқу  
Жазу машинасымен жұмыс істеу: жәй 55 -
Тез  
Әріп теру, кір үтіктеу жұмысы  
Ағаш ұстасының жұмысы  
Ағаш аралау, ағаш кесу жұмысы  
Еден сыпыру  
Тыныш тұру  
Серуендеп демалып жүру  
Тез жүру  
Жүзу  
Жай жүгіру  
Тез жүгіру  
Жоғарғы жылдамдықпен жүгіру  

Есептеу мысалы. Жас өспірім 8 сағат ұйықтап, мектепте 6 сағат оқып, үйде сабақпен 4 сағат айналысып, 2 сағат әдеби кітап оқып, жүзумен 2 сағат шүғылданады және 2 сағат уақытты жүру мен тамақ ішуге кетеді. 12 кесте бойынша негізгі алмасуға салыстырғанда мектептегі сабақ оқуына 45%, негізгі алмасудан көбірек, үй тапсырмаларын орындауға - 60%, кітап оқуға - 20%, жүзуге - 400%, серуенге - 150%> қажет етеді.

Әр түрлі жүмысқа жұмсалатын энергия шығыны мынандай болады:

Ұйқы 269 х 8 -2150

Мектепте сабақ оқу 268 х 4 =1619 1613x45: 100 -2339

үйде сабақ оқу; 269 х 4 -1075 1075 х 60: 100 = 172

Кітап оқу 269 х 2 = 538 538 х 20: 100 - 647

Жүзу 269x4 = 538 538x400:100-268

Серуендеу : 269 х 2 = 538 538 х 150: 100 = 134

Жалпы алмасу 10890кДж

4. Осы баланың 1 тәулігіне қажетті белок, май, углеводтар мөлшерін анықтау.

Мысал: 17 жастағы 53 кг массасың әрбір 1 кг салмағына 2 г. белок қажет яғни 106 г белок керек.

1:1:4 қатынасы бойынша белоктың мөлшері қанша болса майдың мөлшері де сонша, ал углеводтың мөлшері 4 есе артық, яғни 424 г. болу керек.

5. Белоктың, майдың және углеводтың мөлшеріндегі энергия мөлшерін есептеп шығарады.

Мысал: 106 х 17,2 + 106 х 39 + 424 х 17,2=13250 (кДж).

6. Алынған энергия мөлшерін жалпы алмасумен
салыстырады.

Мысал: Жалпы алмасу 10890 кДж. Алынғаны 13250 кДж.

Демек жас өспірімге:

Белок 106г. - 1827 кДж
май 76г. - 2969 кДж

Кемірсу _354г. - 6094 кДж
Барлығы: 10890 кДж

7. 3 кестені пайдаланып, онда белоктың, майдың
және углеводтың қажетті мелшері (біздің мысалымызда белок 160г. май 76г. углевод 354 г.) болатындай етіп тәуліктік рацион түзеді.

8. Тәуліктік рационның, (біздің мысалымызда 2881
кДж) таңертеңгілік асқа 25%, сәскелік асқа -15%,
түскілікке - 45% кешкілік асқа 15% келетіндей етіп төрт мезгілдік тамақтану менюін түзеді.

Жұмысты жазу. Протоколға тәулікті тамақ рационын түзудің барлық есептеулерін және организімдегі энергия балансын есептеуді жазады.

4. Негізгі алмасудың жас ерекшеліктері

Ертеңгі тыныштық кезеңде, ашқарынды, бөлме температурасында (18-20°С) адамның жүмсаған энергия мөлшерін негізгі алмасу деп атайды. Негізгі алмасу жағдайларындағы организм энергиясы клеткалардағы, ткандердегі және органдардағы тіршілік процестерін, ол балаларда өсуін қамтамасыз ету үшін жұмсалады. Негізгі алмасу мөлшері тканьдердегі тотығу процесінің қарқынына және дене салмағына байланысты. Балаларда өскен сайын тотығу процесінің қарқындығы да, дене салмағы да өзгереді. Орта жастағы адамдарда тотығу процесінің қарқындығы мен дене салмағы салыстырмалы тұрақты болады да соған сәйкес негізгі алмасу да салыстырмалы болады.

Тамақ өнімдерінің 100 г-дағы сіңетін заттардың

мөлніерлері және олардың энергиялық құндылығы

(О.П.Молчанова мәліметінше)

3.кесте

 

Тамақ өнімдерінің түрлері Белоктар Майлар Углеводттар кДж
         
Қара бидай наны 5,5 0,6 39,8  
Бидай наны 6,9 0,4 45,2  
Макарон,кеспе 9,3 0,5 73,3  
Печенье 7,4 10,3 65,3  
Қарақұмық жармасы 8,0 1,6 64,4  
Манналар жармасы 8,0 0,8 73,6 14,36
Тары 7,4 1,9 62,4  
Күріш 6,5 1,2 71,7  
Асбұршақ 19,3 3,2 50,3  
Сиыр еті 16,0 4,3 0,5  
Семіз қой еті 12,8 24,2 -  
Арық қой еті 13,9 4,8 -  
Семіз шошқа еті 11,7 30,2 -  
Арық шошқа еті 16,2 5,4 -  
Семіз бұзау еті 14,7 5,8 -  
Арық бұзау еті 15,5 0,6 -  
Бауыр 8,6 8,8 -  
Тауық 16,0 4,1 0,9  
Ысталған колбаса 23,7 38,0 -  
Пісірілген колбаса 13,4 14,2 1,0  
Сосиска 12,2 13,0 -  
Ветчина 17,5 15,1 -  
Тұздалған майшабақ 10,8 9,1 -  
Ысталған майшабақ 12,5 5,5 -  
Карп емесе сазан 15,3 4,4 -  
Көксерек 16,2 0,5 -  
Сары май 1,0 84,0 0,6  
Шошқа Саласы (шпиг) 10,5 64,9 -  
Өсімдік тоң майы 94,0 94,0 -  
Сиыр сүті 3,1 3,5 4,9  
Жаңа сауылған сиыр сүті 2,8 21,5 4,3  
Қаймақ 4,20,60 0,6 1,2  
Сүзбе 14,1 21,9 1,7  
Сметана 10,7 10,1 0,5  
Жұмыртқа 25,0 30,0 2,4  
Картоп 1,1 0,1 13,0  
Капустта 0,9 0,1 3,5  
Ашытылған капуста 0,7 0,3 2,4  
Қызылша 25,0 0,1 8,1  
Сәбіз 0,6 0,2 6,3  
Пияз 0,9 0,1 7,5  
Томат 0,5 0,1 2,8  
Тұздалған қияр 0,4 0,1 1,1  
Қияр 0,2 0,1 0,7  
Қант - - 94,8  
Варенье - - 66,7  
Бал 1,0 - 75,9  
Шоколад 3,2 28,9 48,6  
Какао 16,4 18,7 35,1  

Әрбір адам үшін негізгі алмасу біршама тұрақты мөлшерде болады да, системасының функционалдық күйіне, жасына, жынысына, бойының ұзындығына, денесінің салмағына және организімнің физиологиялық күйіне байланысты болады. Негізгі алмасу өлшемін салмақтың 1 кг-на немесе дене беткейінің 1 сағатта 1 м2 -не сәйкес келетін жылу бөлу мөлшерімен есептейді.

Бақылау сұрақтары:

1. Тамақтық өнімдер, олардың құрамы мен құны.

2. Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан туатын аурулар, оларды болдырмаудың алдын ала жүргізілетін шаралары.

№12 Практикалық сабақ


Дата добавления: 2015-08-05; просмотров: 850 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тақырыбы: Балалар мен жас өспірімдер гигиенасы және физиологиясы дамуының негізгі кезеңдері | Тақырыбы: Өсу мен дамудың заңдылықтары. | Бақылау сұрақтары | Тақырыбы: Ішкі секреция бездері | Тақырыбы: Дене бітімінің қалыптасуы. | Жұмыстың барысы. | Тақырыбы: Оқу бөлмесінің ауасына қойылатын талаптар | Тапсырма | Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы, гигиенасы. Ағзаны шынықтыру. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы| Тақырыбы: Қан – тамырлар жүйесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)