Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Р тұрақты даму тұжырымдамасы.

Читайте также:
  1. Р тұрақты даму жолындағы атқарлған іс-шаралар мен стратегиялық жоспарлары.
  2. Тұрақты даму жөніндегі халқаралық конференциялар мен конвенциялар.
  3. Тұрақты даму индикаторлары мен индекстері
  4. Тұрақты даму концепциясы
  5. Тұрақты даму стратегиясының негізгі факторлары мен принциптері
  6. Экожүйенің тұрақтылығы және экологиялық сукцессия

Табиғатпен үндескен жасыл даму инженериясы экологиялық тұрақты дамуының негізгі міндеті. Жалпы халықтық экологиялық санасын көтеріп, жасыл өнеркәсіптің жасыл өндірісін дамыту. Ынтымақпен берекені берік ұстанып, халықтың әлеуметтік жағдайын жоғарғы деңгейде шешіп, әрсалалы, жоғары деңгейлі қоғам құру керек, қоғамның дамуы тұрақты дамуының негізгі міндеті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды. 2020жыл,Еліміздің маңызды энергетикалық, ресурстық қажетсінуінің жалпы мөлшерін өнімді азайту, қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту, 10 түрлы ресурс пен ластаушы заттардың көлемін 2000 жылға қарағанда 60%,ресурстың өнімділік мөлшерін немесе экологиялық өнімділікті 2 ден 4 есеге арттыру керек.

«ХХІ ғасырдың күн тәртібі» атты экологиялық бағдарламада мынандай экологиялық-экономикалық байланыстардың айырылмастығының негізгі қағидалары құрастырылды:

- экологиядан бөлініп экономикалық дамуды іске асыру ғаламшарды шөлге айналдыруға әкеліп соқтырады;

- экономикалық дамусыз экологияға сүйену кедейлік пен әділетсіздікті бекітеді.

Біздің еліміз де тәуелсіз мемлекет ретінде қоршаған ортаны қорғау және климаттық өзгерістерді шешуге бағытталған Конвенциялар бойынша бүкіләлемдік қоғамдастықтармен бірігіп жұмыс атқарады. Қазақстан 1995 жылы БҰҰ Рамалық Конвенциясына, ал 1999 жылы БҰҰ Рамалық Конвенциясының Киоттық Конвенциясына қосылды. 2003 жылы ҚР Үкіметі «2004-2015 жылдар аралығындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын» қабылдады. 2006 жылы «2007 - 2024 жылдар аралығында тұрақты дамуға көшу тұжұрымдамасы» қабылданды (Қосымша П). 2007 жылы табиғатты қорғау саласында «Экологиялық Кодекс» жарыққа шықты.

Тұрақты дамуға көшу тұжұрымдамасы Қазақстанда тұрақты дамуға қол жеткізудің басты құжаты болып табылады. Оның мақсаты – ел экономикасының ұзақ мерзімді бәсекелестігіне қауіп төндірмей, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мақсаттардың тиісті тепе-теңдігіне қол жеткізу. тұрақты дамуға көшу тұжұрымдамасы қорларды пайдалану тиімділігінің индекстерімен өлшенетін, өндірістегі қорларды қолдану тиімділігін арттыруға басты назар аударады. Келесі бағыт – Қазақстанда әлі күнге дейін төмен болып отырған өмір сапасын арттыру. Тұрақты дамуға көшу тұжұрымдамасы қол жеткізу үшін мына мәселелерді шешу қажет:

- кедейлікпен күресу;

- халықтың денсаулығына қатысты экологиялық қауіптің алдын алу және деңгейін төмендету;

- шөлге айналумен күресу;

- биологиялық әралуандықты сақтау;

- жылыжайлық газдар және озон қабатын бұзатын заттармен қатар, атмосфераға тасталатын қалдықтарды қысқарту;

- ауызсуға қолжетім деңгейін кеңейту;

- трансшекаралық қоршаған орта мәселелерін шешу;

- қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;

- радиациялық және биохимиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.

Тұрақты даму стратегиясы «Адам-Қоғам-Табиғат» арасындағы үйлесімге қол жеткізуге бағытталған. Ал әртүрлі анықтамаға сүйеніп, мынандай үш элементар жүйесін бөліп алуға мүмкіндік туады:

1) Өркениеттіліктің, оның ішінде адамның құрып кетпеу факторы ретінде тарихи тіршілік ортаны, биосфераның табиғи – қорлық потенциалын сақтап қалу керектігін мойындау;

2) «Өсу тенденциясына қарсы» қағиданы жариялау. Бұл жерде «өсу» сандық емес сапалық мағынада. Егер сұранысты қамтамасыз ететін өнімдер шексіз өсе берсе, күндердің күнінде биосфераның қайтымсыз бұзылуына әкеліп соғады ғой. Ал сапалық жағдайды қарастырсақ – даму шексіз, өйткені ол экспонентаға тырысқан өмірдің сапалық көрсеткішіне бағытталады.

3) Әлемдік табиғи-қорлық потенциалды мемлекеттер арасында әділ бөлу тезисін жорамалдау.

Мемлекетіміздің тұрақты дамуға көшуі экологиялық, экономикалық және әлеуметтік көлемі кең мәселелерді шешуді қажет ететін өте ұзақ үрдіс, сондықтан ол сатылап іске асады. Бұл жолдағы елеулі кезеңдер: қоршаған ортаны сауықтырудың күрделі әлеуметтік және экономикалық мәселелерін шешу, бірінші кезекте экологиялық апат аумақтарында; экономикалық дамудың барлық үрдісін мардымды түрде экологияландыру; табиғат пен барлық әлемдік қауымдастықтың ара-қатынасын үйлестіру және т.с.с.

Тұрақты даму ұғымын адамдардың сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіншілігін келесі ұрпақтардың сұраныстарын қамтамасыз ету мүмкіндігінен айырмай ғана түсіну керектігіне ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай БҰҰДБ былай делінген:

«2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» на сәйкес Экологиялық Кодекс және 2024 жылға дейінгі кезеңге Қазақстанның тұрақты дамуына көшу жөніндегі тұжырымдама елдің өткір экологиялық проблемаларын: климаттың өзгеруін, озондық қабаттың бұзылуын, атмосфералық ауаның, судың, топырақ жамылғысының ластануын, су ресурстарының жетіспеушілігін, ормандардың жойылуын, шөлге айналуды, жердің тозуын, биоәртүрліліктің қысқаруын, қалдықтардың жиналуын, Арал теңізінің жойылуын және т.б. белгіледі.

Экологиялық қауіпсіздік жағдайына қол жеткізу қоғам өмірінің барлық жақтарын қозғайтын және өмір сүру жағдайларын, денсаулықты, білімді тұрақты жақсарту мүмкіндіктерін оның тұрақты дамуға көшуін қамтамасыз ететін терең әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар нәтижесінде мүмкін. Жартылай шөлді және шөлді қамтитын, сондай-ақ Каспий, Арал, Балқаш, Зайсан, Алакөл бірегей континенталь ішілік теңіздер мен көлдерді қамтитын Қазақстанның табиғи ортасы антропогендік әсерлерден әлсіздікте болады. Осы секілді жүктемелерлің нәтижесінде Қазақстанның бүкіл аумағында елдің болашақ экономикалық және әлеуметтің дамуын қамтамасыз ету бойынша табиғи ортаның табиғи қабілеті бұзылған. Суармалы егіншіліктің қарқындылығы мен ұтымсыз дамуы, сондай-ақ қуаңды климат жағдайларында ағындарды реттеу Іле, Сырдария секілді және т.б. оңтүстік өңірдегі кіші және ірі өзендердің бассейндерінде су тапшылығының болуына әкеп соқты. Бір ұрпақтың өмірінде Арал теңізінің ауданы екі есе қысқырды. Егер болашақ ұрпақ үшін оны нақты сақтау шараларын қабылдамаса, осыған ұқсас тағдыр Балқаш көлін де күтіп тұр.

Ауаның, судың және топырақтың қарқынды ластануы, жануарлар мен өсімдік әлемінің тозуы, табиғи ресурстардың азаюы экожүйелердің бұзылуына, шөлейттенуге және биологиялық және ландшафттық әралуандықтың айтарлықтай жоғалуына, халықтың ауруы мен өлімінің өсуіне әкелді. Осындай өзгерістердің салдары халықтың тұрмыстық сапасының төмендеуі болып табылады. Қазіргі уақытта экологиялық қауіпсіздікке және тұрақты дамуға көшу Қазақстанның даму стратегияларының басым бағыттарының бірі болып отыр.” Әрине, еліміздің тұрақты дамуға көшуі ұзақ үрдіс. Ол орасан зор экологиялық-экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуді қажет етеді, сондықтан сатылап іске асады.

Тұрақты дамуға көшудің тұжырымдамасы 2006 жылы қабылданған 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшудің тұжырымдамасы мақсаты – ел экономикасының ұзақ мерзімді бəсекелестігіне қауіп төндірмей, экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық мақсаттардың тиісті тепе-теңдігіне қол жеткізу. Ол тұрақты даму негізгі қағидаларын анықтайды, негізгі міндеттерін сипаттайды жəне саяси іс-шараларды жүзеге асыруға қатысты базалық механизмдерін ұсынады. ТДКТ белгілі бір мерзім ішінде атқарылуы тиіс сандық мақсаттағы тиімділіктің 12 индикаторын белгіледі:

1. Халық, миллион адам

2. Болжамалы өмір сүру ұзақтығы, жыл

3. Орташа өмір сүру ұзақтығы

4. Еркектер мен əйелдердің болжамалы орташа өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы, жас

5. Энергия тұтыну, ГВт

6. Энергияны өңдеу, ГВт

7. Энергиядан айрылу, ГВт

8. Ресурстарды қолдану тиімділігі ағымдағы жылдағы энергия өндірісі көрсеткіштерінің өткен жылғы энергия қолдану көрсеткіштеріне арақатынасы.

9. Қоршаған ортаның сапасы

10. Тұрмыс деңгейі, КВт/халықтың саны

11. Тұрмыс сапасы, КВт/ч

12. Экологиялық тұрақтылық көрсеткіші

Тұрақты даму жөніндегі Ұлттық Кеңес (ТДҰК) оның жұмысшы органы ретінде қызмет атқаратын ҚОҚМ бірге ТДКТ жүзеге асыруға жауапты институт болып саналады (Институционалды шеңбер жəне потенциал). ТДКТ жүзеге асыру барысындағы алға басушылық 2006 жəне 2024 жылдар аралығында, əрбір үш жыл сайын өлшенетін болады. Қоршаған ортаның сапасына келетін болсақ, мұндағы алға басушылық экологиялық заңнама жəне саясаты бойынша экологиялық тұрақтылық жөніндегі Йельск Орталығымен (ИЭО) жасалынған индекстің негізінде өлшеніп отырады. ИЭО орташа шамамен 21 жиынтық экологиялық индикаторды білдіреді, өз кезегінде, олардың əрқайсысы негіз құрайтын 76 өзгермелі бірліктің жиынтығына негізделіп жасалған. Осы ауыспалылардың көпшілігінде Қазақстан бойынша ешқандай мəлімет жоқ. Осыған байланысты негізді мəнге ие болғанға дейін, индекске тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру ТДКТ ресурстарды пайдалану тиімділігінің индекстерімен өлшенетін (РПТИ), өндірістегі ресурстарды қолдану тиімділігін арттыруға басты назар аударады. Оның назар аударатын келесі бағыты Қазақстанда əлі күнге төмен болып отырған өмір сапасын арттыру. Бұл көрсеткіш өмір сүру ұзақтығы, халықтың жан басына кірісі, білімі мен экологиялық қауіпсіздігі саласындағы жетістік сияқты индикаторлардың көмегімен өлшенетін болады.

Қоршаған орта қауіпсіздігінің басымдылығына мыналар жатады:

• кедейлікпен күресу;

• халықтың денсаулығына қатысты экологиялық қауіптің алдын алу жəне деңгейін төмендету;

• шөлге айналумен күресу;

• биологиялық əралуандықты сақтау;

• көшетханалық орындардан бөлінетін газ жəне озон қабатын бұзатын заттармен қатар, атмосфераға тасталатын қалдықтарды қысқарту;

• ауыз суға қолжетім деңгейін кеңейту;

• трансшекаралық қоршаған орта мəселелерін шешу;

• қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;

• радиациялық жəне биохимиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 816 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)