Читайте также: |
|
Он жыл құлдыраған Қазақстан экономикасы 2000-жылдан бастап жоғары қарқынмен өсе бастады. Шынайы ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) жылдық орташа өсімі 10 пайыздан асты. Елдің мол көлемдегі қазба байлықтары мен минералды ресурстарына деген əлемдегі жоғары сұраныс, мал шаруашылығы мен бидай өндірісі бар аймақтарда ауыл шаруашылығының гүлденуі, экономикалық реформалардың қолдауын көрген қызмет көрсету саласының екпінді дамуы, жекешелендіру саласындағы алға басушылық пен тікелей инвестициялардың келіп құйылғаны –қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-қимылдарды қарастырған алғашқы Шолу жазылғаннан кейін елдің экономикалық ахуалының мейілінше өзгеруіне мұрындық болды.
Аталған кезеңдегі басты мəселе кедейшілікті жою (халықтың 28 % күнкөріс қалтасының ең төменгі көлемінен аз келетін табыс тауып отырды), қоршаған орта сапасының нашарлауын ауыздықтау, атап айтқанда, қоршаған ортаға экономикалық тірлікке байланысты тиетін əсерді өсірмеуге тірелді. 2006-жылы Қазақстан Республикасының Президенті елдегі тұрақты дамуға жоғары басымдылық берілетінін жариялады.
ҚР Үкіметінде 2000-2002 жылдар аралығындағы кезеңде экологиялық мəселелер аясындағы құзыреттерді қайта бөлістіру бағытында өзгертулер орын алды, ол кезде су қорлары мен ормандарды қорғау үшін жауапкершілік Қоршаған ортаны қорғау министрлігінен Ауыл шаруашылығы министрлігіне көшті. Бұған қоса, Тұрақты даму жөніндегі əрекеттердің ұлттық жоспары күшін жойды. Оның орнына 2003-жылы ҚР Үкіметі 2004-2015 жылдар аралағындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдады. тұрақты дамудың маңыздылығы 2006-жылы қабылданған 2007-2024-жылдар аралығында тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасынан көрініс тапты. Табиғатты қорғау саласындағы заң қабылдау бағытында болған елеулі жетістік деп 2007-жылы қабылданған Экологиялық Кодекстің сомдалуын атауға болады.
Стратегиялық жоспарлаудың бір іргетасы деп Қазақстаннның 2030-жылға дейінгі дамуының стратегисы немесе «Қазақстан-2030» деп аталатын бағдарламаны атауға болады. «Қазақстан-2030» қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар мақсатарды біріктірген.
Солардың ішінде: қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, адам өміріне жайлы келетін ортаны қамтамасыз ету, келер ұрпақ үшін табиғи байлықтарды қорғау мен солардың өндірілуі мен пайдаланылуын тиімді ету секілді мақсаттар бар.
ТДКТ жүзеге асырудың «Қазақстан-2030» бағдарламасына сəйкес 4 кезеңі мен мерзімі қарастырылған. Сондай-ақ экономикалық диверсификациялау мен технологиялық инновацияларды уақтылы алға жылжытумен бірге барлық саяси салаларға ТД қағидаларын енгізуге арналған дайындық кезеңі де (2007–2009 жж.) назардан тыс қалмаған. Келесі кезең (2010–2012 жылдар) басты мақсатқа қол жеткізуге, яғни Қазақстанды Бүкілəлемдік экономикалық форум индексімен анықталатын бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізуге бағытталған.
2007–2009 жылдардағы дайындық кезеңіне арналған іс-шараларының жоспарында мақсаты жəне атқарылатын нақты іс-шаралар қамтылған, тағайындалған мемлекеттік органдар көрсетілген, осы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қолданыстағы қаржы ресурстары мен мерзімі белгіленген. Негізгі қабылданған іс-шаралар қатарына заң шеңберіне кіретін тұрақты даму қағидаларын интеграциялау жəне жаңа стратегия мен заңдарды өңдеу, мысалы энерготиімділік, қайта қалпына келтірілетін энергия жəне суды қосқанда, қайта қалпына келтірілетін дереккөздер туралы заңдарды өңдеу шаралары жатады. тұрақты даму жөніндегі ұлттық орталық жəне су ресурстары орталығы сияқты жаңа институттар құру жұмысы да жоспарланған. 2006 жылы қаржы құралы ретінде қызметтегі даму институттарының негізінде Тұрақты даму қоры құрылды. Бұл қордың мандаты – тұрақты даму қағидаларымен қатар экономикалық өсімді жəне бəсекеге қабілеттілікті алға ілгерілету.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав