Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты даму индикаторлары мен индекстері

Читайте также:
  1. Р тұрақты даму жолындағы атқарлған іс-шаралар мен стратегиялық жоспарлары.
  2. Р тұрақты даму тұжырымдамасы.
  3. Тұрақты даму жөніндегі халқаралық конференциялар мен конвенциялар.
  4. Тұрақты даму концепциясы
  5. Тұрақты даму стратегиясының негізгі факторлары мен принциптері
  6. Экожүйенің тұрақтылығы және экологиялық сукцессия

Тұрақты даму мақсатына қол жеткізуді бағалау үшін тұрақты даму индикаторлары мен индекстерін қарастырған жөн.

Индикатор дегеніміз экономикалық, әлеуметтік немесе экологиялық айнымалының күйі немесе өзгеруі туралы жорамал жасауға мүмкіндік беретін көрсеткіш.

Индекс – бірнеше индикаторға немесе мәліметке негізделіп жинақталған немесе өлшенген индикатор. Индексті пайдалану себеп-салдарлық байланыстар түсінікті болған жағдайда қолайлы.

Тұрақты даму индикаторлары

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрақты даму индикаторларын құрастыру саласындағы оларды құруда екі көзқарас бар:

1) индикаторлар жүйесінің әрқайсысы тұрақты дамудың жеке жағдаяттарын бейнелей алатындай етіп құру:


- экологиялық;

- экономикалық;

- әлеуметтік;

- институционалдық.


2) оның негізінде әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығының деңгейі туралы жорамалдауға мүмкіндік беретін, яғни, жинақталған индикатор құру:

- экологиялық-экономикалық;

- экологиялық- әлеуметтік - экономикалық;

- экологиялық.

Тұрақты даму индикаторлар жүйесін толық қамтылған түрі тұрақты даму бойынша БҰҰ комиссиясы (БҰҰ ТДК) құрастырған. Индикаторлар жоғарыда көрсетілген бірінші көзқарас бойынша келтірілген. Мақсатты бағдарламасын ескере отырып, индикаторлар үш категорияға жіктелген:

- индикатор – бұл тұрақты дамуға әсер ететін адам әрекетін, үрдістер мен сипаттамаларды бейнелейтін қозғаушы күш;

- Тұрақты дамудың әртүрлі жағдаяттарының қазіргі күйін сипаттайтын күй индикаторлары;

- қазіргі жағдайды өзгертуге саяси немесе басқа бір әрекет тәсілін іске асыруға мүмкіндік беретін әрекет индикаторлары.

 

11.1- кесте. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер

Мәселе Мәселенің қысқаша мәні
   
Кедейлікпен күрес Еңбек ақымен қамтамасыз ету; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат қорларын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу көрсету.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Энергетиканы және шикізатты пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. Бұл саладағы стратегиялық міндеттер мыналар: -СПИД-пен күреске жұмылдыру; - туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күресу; - бала өлімін кеміту; - халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; - жанұяда балаларының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету; - халықты ауыз су және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету; - балалардың денсаулығын қорғау; - қоршаған ортаны денсаулыққа зиянды қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) Қоғамның өркениеттенуі (урбанизация) экономикалық даму үдерісінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқы санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру, автокөліктер, әр түрлі өндіріс орындары.
Жер қорларын тиімді пайдалану Су мен жел жалақ және химиялық, физикалық азу нәтижесінде топырақтардың құнарлылығы төмендейді. Топырақ азуының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың оталуы; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыруы керек.
Шөлдену және құрғақшылықпен күрес Шөлдену мал жайылымдарының азуы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау және тиімді пайдалану Мұхиттар балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) шектен тыс аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгінгі күнде тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - бір адамға шаққанда күніне ең кемінде 40 литр ауыз сумен қалалардың әрбір тұрғынын қамтамасыз ету; - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру; - барлық ауыл тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Уытты заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Барлық мемлекеттер химиялық заттарды пайдаланады. Негізінен 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежү- зілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін уытты және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы әлі жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4 млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жою Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп олардың мөлшерін кемітуді, тасымалдау мен жоюдың қауіпсіздігін талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200 мың т төмен, 10 мың т жоғары активті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі орны Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беру үдерісінде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатында ғылым мен білім беру Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1388 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)