Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты даму стратегиясының негізгі факторлары мен принциптері

Читайте также:
  1. Q]3:1:Әкімшілік іс жүргізудің прокурордың негізгі міндеті
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Аржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің жєне қадағалаудың негізгі принциптері
  4. Атмосфералық ауаны негізгі ластану көздері.
  5. Бекіту оймаларының негізгі түрлері: С)метрлік Е)модульды Н)жұмыр
  6. Биоценоздың негізгі қасиеттері.
  7. Дәріс. Модел тұрғызу принциптері. Объектіге детерминдік және эмпирикалық қадам. Ауыспалы процестер.

Өркениеттің тұрақты даму динамикасын анықтайтын факторлар(экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, рухани және басқалары) мен ұстанатын принциптеріжиынтығын байланыстыратын көрсеткіштерінің жүйесін айқындау керек. Олардың негізгілері:

² Экономикалық фактор. Өркениеттің өндірістік – шаруашы- лықтық қызметі биосфераның табиғаттық – қорлық әлеуетінің тұтынуын көбейтуге емес, оның тиімділігіне қарай бағытталуы керек. Өркениеттің экономикалық өміршеңдігі материалдық сипатты қызметтің көлемін көбейтуді емес, оның парасаттылық әлеуетін (ғылыми құрылымдар, ақпараттың жүйелер және басқалар) қарқындылауға баса көңіл бөлу керек.

² Әлеуметік фактор. Аумақтық және ұлттық өлшемдердегі шаруашылықтың нарықтық жүйесі мен үкіметтік басқаруды біріктірудің тиімділігін қамтамасыздандыратын өндірістік қатынастардың ерекшелігі талданады және де аумақтық та, жапыұлттық та көлемдегі шешім қабылдау үрдісінде демократикалық механизм мен үкімет саясаты бағытының өзара байланысы туралы мәселе шешіледі. Нәтижесінде сәйкес механизмдер қызметінің тиімділігі әртүрлі топтар мен тұрғындар таптарының арасындағы кіріс деңгейінің алшақтығын жоюға, өмір сапасын жақсартуға алғы шарт жасауы керек.

² Экологиялық фактор. Кез келген техникалық – антропогендік қызметпен байланысты шешімді қабылдау өзекті де, әлеуметтік – экологиялық та салдардың есебін жүргізуді болжайды. Және сәйкес талдау жеке тұлғаға, қауымдастыққа және тұтас өркениетке қатысты болуы керек.

Ø Теңдік принципі. Бұл жердегі теңдіктің үш мағынасы бар: біріншіден, Ішкі теңдік, дәуір аралығындағы теңдікті көрсетеді. Тұрақты даму әлем халықтарының негізгі талаптарын қанағаттандырып, әрі оларға армандаған жақсы өмір жағдайын жасауға мүмкіндік береді. Әрине қазір, бай мен кедейшіліктің айырмасы өте зор болып, екі бөлікке бөлінуі күн өткен сайын ауырлауда. Екіншіден, аралық теңдік. Үш дәуірдегі адамдар аралығындағы теңдікті көрсетеді. Тұрақты даму бүгінгі адамдар арасындағы теңдікті қанағаттандырып қана қоймай, өткен дәуірден тәжірибе сабақ қорытындылап және болашақ ұрпақтар арасындағы теңдікті іске асыруы керек. Үшіншіден, адамзаттың ресурстар мен қоршаған ортаны тең пайдалану құқығы және қорғау міндеті бар.

Ø Тұрақтылық принципі. Тұрақтылық табиғи қоршаған ортаның үздіксіз адамзатқа керекті зат және энергиямен қамтамасыз етуі. Бұл тұрақтылық принципінің орталық идеясы адамзаттың экономикалық құрылысы мен қоғамның дамуы табиғи ресурстар мен экологиялық жүйенің сыйымдылық қабілетінен асып кетпеуі керек. Ресурс пен қоршаған орта адамзаттың тіршілігі мен дамуының негізі және шарт жағдайы, бұл екеуі болмаса адамзат өмір сүре алмайды және дамымайды. Ресурстарды тимді пайдалану мен экожүйенің тұрақтылығын сақтау адамзат қоғамы тұрақты дамуының алдыңғы шарты. Адамзат биосфераның сыйымдылық қабілетіне негізделіп, өзінің өндірісін шектеп, экологиялық мүмкіндік шеңбері ішінде тұрмыс тәсілі мен тұтыну өлшемін белгілеп, табиғи ресурстарды үйлесімді ашып, қоршаған ортаны бар күшімен қорғап және молықтырып, адамзаттың оларды үздіксіз және тұрақты пайдалануын іске асыру болып табылады.

Ø Қоршаған орта үшін жауапкершілік принципі. Бүгінгі қоғамдағы көптеген экономикалық әрекеттер экологиялық орта үшін ұқсамаған деңгейлерде қатер төндіруде немесе осындай экономикалық әрекеттер экологиялық ортаның бұрынғы болған қолдану құнын тұтынып, экожүйе сапасын төмендетті. Экономикалық әрекеттердің қоршаған ортаға болған әртүрлі кері әсерін жою үшін қоршаған ортаға залалсыз және ресурстарды үнемдейтін өндіріс технологиясын құру, әрі экологияны молықтыру қаражатын жию арқылы бүлінген экожүйені қорғау және қалпына келтіру құрылысын жүргізу керек. Бұлай болғанда ғана дамудың қоршаған ортаға болған кері әсерінен арылып, экология мен экономиканың жақсы айналымын жүзеге асыруға болады.

Ø Ортақ даму принципі. Әлемдік экологиялық мәселелердің негізгі жауапкершілігі дамыған елдер, ал қоршаған орта ластануынан зардап шегуші даму жолындағы мемлекеттер болуда. Әлемде дамудың маңыздылығы мен өзара бақталастықтың күн өткен сайын артуына байланысты, даму жолындағы мемлекеттер экологиялық жағдайлары қиындап, даму үрдісіне кері әсер келтіруде. Адамзаттың ортақ тұрақты дамуына жету үшін сөзсіз дәулетті ел құрып, кедей елдерге көмектесіп, дамудың жарқын ынтымақтастығын қолға алу керек.

Ø Үйлесімділік принципі. Кең мағынада айтқанда, «тұрақты даму» адам мен адам, адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік. Мүндай үйлесімділікті іске асыру үшін, сөзсіз биосфера шеңберіндегі экологиялық тепе-теңдік тұрғысынан адам әрекетін жүйеге түсіру, қоршаған ортаға жауапкершілік принципі тұрғысынан іс жүргізу керек. Бұлай болғанда ғана адамзаттың үздіксіз өсіп отырған тұрмыстық деңгейінің табиғи ресурстарға деген талабын қанағаттандыруға болады. Әрі қоршаған ортаны қорғау мен сапасын жақсарту, адам мен табиғат ортасындағы бірлестік пен үйлесімділікті іске асыруға болады.

Ø Мұқтаждық принципі. Дәстүрлі даму әдісінің көздеген мақсаты экономикалық өсу болды. Ол ресурстардың шектілігіне назар аудармады, нарықтық негізде тұрып өндірісті көзсіздікпен дамытты. Мұндай даму әдісі әлемдік ресурстық қоршаған ортаның төзімділігін бұрын соңды болмаған қысым мен үздіксіз нашарлауға алып келді. Адамның көптеген қажеттілігі уақыттық қана қанағаттандырылды немесе жасанды заттармен халықты алдау шегіне жетті. Ал тұрақты даму әділдік пен ұзақ мерзімді тұрақтылық негізінде адамның нақты сұранысын қамтамасыз етуді, артық талаптар мен көз бояушылықты тоқтату арқылы барлық адамға үйлесімді тіршілік ету мүмкіндігін береді және соған міндеттеуді.

Тұрақты даму, ол экономиканың, экологияның және қоғамның тұрақтылығы мен бірлестігі болып табылады.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 396 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)