Читайте также:
|
|
Биоценоздағы жеке түрлерінің ролін анықтау үшін, әр түрлі көрсеткіштерді пайдалануға болады.
1)Түрдің молшылығы – осы түрдің оссобтарының белгілі бір көлемдегі саны. Бұл көрсеткіш әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады немесе отыруы мүмкін. Особтардың нақты санын биоценозда толық үшін кей жағдайда көп қиыншылыққа түседі.Соны анықтаушыны сондықтан да экологияда кейде баллдық әдісті қолдануға болады. Мысалы: 0 - түрі жоқ, 1 - сирек және жайылып орналасқан, 2 – сирек емес, 3 – молшылық, 4 - өте көп кездеседі.
2) Жиілігі – биоценоздағы көп түрдің ішіндегі бір ғана түрдің осьобтарының жалпы түр санына қатынасын % арқылы бейнелейді. Кездесу жиілігі биоценоздағы түрдің қалай орналасқандығын білдіреді. Мысалы, түрдің саны көп болуы мүмкін,бірақ осы биоценоздың көлемінде аз кездеседі немесе түрдің саны аз болуы мүмкін және кездеседі.
3) Тұрақтылығы – мынадай формуламен көрсетуге болады:
С= Px 100; С – тұрақтылық белгісі, Р – сұрыптау саны; Р сұрыпталған P түрдің жалпы саны. Тұрақтылықтың белгісіне қарай түрлердің мынадай категорияларға бөлуге болады: 1) Тұрақты түрлер, сұрыптау ішінде – 50 % дейін кездеседі; 2) Қосымша түрлер, сұрыптау ішінде 25-50 % дейін кездеседі; 3) Кездейсоқ түрлер,сұрыптау ішінде - 25% кем кездесетін түрлер.
4) Басымдылығы – топтағы бір түрдің басқа түрлерге қарағанда әсерін тігізіп,басымдылық көрсетуін – даминаттық деп атайды. Түрдің басымдылығы оның санына байланысты емес. Саны аз болса да осы топқа өзінің әсерін тигізу үшін,мүмкін. Мысалы: аз ғана күйіс қайтарғыш жануарлар, жайылымдағы шөптердің шығымын тез арада азайтып жіберуі мүмкін,ал осы жердің өсімдікпен қоректенетін жәндіктері қанша көп болғанмен өсімдіктердің өнімі көп азая қоймайды. Сондықтан басымдылық тек қана кейбір систематикалық группада орналасқан организмдерге ғана тән.
5) Сенімділігі – бұл көрсеткішті сандық көрсеткішпен есептеуге болмайды. Ол тек түрлердің осы биоценозға жақындығына байланысты көрсетеді. Осыған байланысты түрді мынадай категорияларға бөлуге болады.1) Тек бір биоценозға тән байланысы бар, осы биоценозда көп кездесетін түрлер эуцендік түрлер; 2) Бірнеше биоценозда кездескенмен соның ішінде тек бір биоценозда кездесетін, сол жермен тығыз байланыста болатын түрлер – тихноцендті; 3) Осы биоценозға кездейсоқ келіп қалған түрлер –ксеноценд; 4) Бірнеше биоценозда бір қалыпты тіршілік ететін түрлерді индиффендті түрлер деп аталады.
6) Әртүрлілігі – биоценоздың құрамында бірнеше түрлердің тіршілік ету қабілеттілігі. Ол үшін мынадай формуланы пайдаланып,Кортетаның көрсеткіштерін пайдалануға болады: а - әртүрлілік көрсеткіші – Неперов логарифмі және N= анықтаумен білгеннен кейін график бойынша а – ның санын анықтауға болады.
7) Мерзімді өзгертуі – биоценоз ішінде маусым ішінде бірнеше өзгеріске ұшырауы мүмкін, кейде 1 тәулік ішінде де өзгеріске ұшырайды. Мысалы: Өсімдіктер де болатын гүлдену немесе күзде жапырақтардың түсінуі, жануарлар арасында кездесіп жағдайлардың диапауза, миграция т.б.
8).Сукцелин – әрбір тірі оргонизмнің өзінің тіршілік әрекетінің арқасында, өзін қоршаған ортаның жағдайын, құнарлығын тағы сол сияқты өзгертіп, сол ортаға әсерін тигізеді, сондай бір жерде көп жылдар бойы популяцияның тіршілігі биотопты өзгеріске ұшыратады, бірақ өзгеріске басқа түрлерге, олардың тіршілігіне қолайлы жағдайлар туғызуы мүмкін, сондықтанда осы жерде популяцияның осы жағдайға бейімделген түрлерінің пайда болуы мүмкін. Осыдай бірнеше рет қайталанып бір биоценоздың орнына жаңадан екінші биоценоздың пайда болу сункцессия деп аталады. Мекендік ортаның жағдайына және басқа да қасиеттеріне байланысты бастапқы және бірінші, екінші сункцессия деп бөлінеді.
Биогенді заттар айналымына қатысуына байланысты биогеоценоздің құрылымы тропикалық және биологиялық тұрғыдан қарастырылады. Тропикалық құрылымды автотрофты немесе жасыл белдеу және гетеротрофты немесе қоңыр белдеу құрайды. биологиялық құрылымы ондағы заттардың айналымын құрайды. Кез келген экожүйеде ағзалардың үш функционалды тобын бөліп қарастыруға болады, олар: өндірушілер, тұтынушылар, ыдыратушылар.
Өндірушілер (продуценттер) – бей органикалық заттардан органикалық заттар жасайтын автотровты организмдер. Барлық биоценоздағы негізгі өнім өндірушілер – жасыл өсімдіктер.
Тұтынушылар (консументтер) – автотрофты организмдермен қоректенетін гететрофты жануарлар. Ол бірінші реттік және екінші реттік тұтынушылар деп бөлінеді. Тұтынушылардың тіршілік әрекеті негізінде биогеноценоздағы органиқалық заттар өзгеріске ұшырап, тасымалданып, белгілі бір бөлігі минералданалы, өндірушілер жинақтаған энергия тасмалданады.
Ыдыратушылар (редуценттер) – организмдердің ыдыраған қалдықтарымен қоректенетін жануарлыр және паразит емес гететрофты микроорганизмдер.
Белгілі бір дәрежеде тіршілікте қолайлы жағдаймен сипатталған, ағзалардың бірлестіктері мен биоценоз қоныстандырылған кеңістік биотоп деп аталады. Егер биотопты биоценоз тіршілік ететін орта ретінде сипаттасақ, онда биоценозды белгілі бір нақты био топқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар бірлестігі деп қарастыруға болады. Биотоп белгілі бір кеңістікте мекендейтін барлық тірі организмдердің жиынтығы. Биоценозды түрі кеңістігі және экологиялық құрылымы бойынша бөледі.
Түріне қарай құрылымы – биоценозды құрайтын түрлердің саны және олардың мөлшері немесе массаның арасалмағы, яғни биоценоздың заттардың түріне қарай құрылымы бірқатар лимиттейтін факторларға байланысты (температура, ылғалдылық және азық қорларының жетіспеушілігі). Түрлерінің саны мен олардың массалары арасындағы сандық қатынастар мен және түріне қарай әр алуандылығымен анықталады. Сондықтан, биік таулы, шөлейт жерлердің экожүйелерінің биоценоздары түрлерге жұтаң келеді, ал тропикалық ормандар болса биоценоздардың түрлеріне бай болады.
Түріне қарай әр алуандылығы – бұл осы қауымдастықтағы түрлердің саны. Ол экожүйе тұрақтылығының сапалық және сандық маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Ол экожүйе тұрақтылығының сапалық және сандық маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады. Түрлер көп болған сайын экологиялық талаптар бойынша өзіне қолайлы жағдайлар тауып алады. Биотоп – тіршілік ортасының абиотикалық факторлары оған тән келетін белгілі бір аумақ.
Биоценоздың кеңістік құрылымы – кеңістікте әр алуан түрлер ағзаларының бөлінуі. Кеңістік құрылымын ең алдымен биоценоздың бүкіл өсімдік бөлігі құрайды. Кез келген өсімдік бірлестігі қабаттарға – көлденең қабаттарға бөлінеді, онда жер бетіндегі немесе жер астындағы өсімдіктердің бөліктері орналасады.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 439 | Нарушение авторских прав