Читайте также:
|
|
а) Отын жану құбылысы (процестері).
Отын ретінде негізінен мұнай, тас көмір немесе табиғи газ пайдаланылады. Кейбір елдерде ағаш отыны жиі пайдаланылады. Көмірдің, мұнайдың және ағаштың басты компоненттеріне көміртегі, сутегі мен оттегі жатады. Олардың құрамында аздаған мөлшерде металл қосылыстары (сульфидтер және оксидтер) кездеседі. Өндірілетін мұнай және көмірдің құрамында 5%-ға дейін күкірт болуы мүмкін. Қазақстанда өндіріс орталықтарынан шығарылатын газдар жылу энергиясы үлесінде. Бұл саладан газдардың 90 %-ы шығарылады. Бізде жылу энергетикасында басты отын болып тас көмір, аз мөлшерде мұнай болып табылады. Отын жану процестерінде сутегі және көміртегі тотығып, жылу бөлінді.
С + О2 → СО2 + 393,8 кДж/моль
Отынның құрамындағы күкірт және азот жану процесі кезінде оксидтерге айналады:
S +O2 → SO2
N2 + O → NO + N – 314, 2 кДж/моль
б) Ауаның өнеркәсіп шығаратын өнімдерімен ластануы.
Едәуір көп мөлшерде ластаушы газдарды бөліп шығаратын металлургия саласы болып табылады.
- Түсті металлургияда, мыс, қорғасын және мырыш рудаларын жағып қайта өндегенде күкірт диоксиді (SO2) отын жану процесінен кейін ең көп мөлшерде шығарылады. Сонымен қатар құрамында шаң-тозаң, фторлы қосылыстар және металдардың қосылыстары болатын газдар ауаға тағы да шығарылады. Балқыту пештерінен шығатын SO2, осы өндіріс төңірегіндегі (5O км қашықтыққа дейін) өсімдіктердің жапырақтарын қарайтып, соңында олардың қурап кетуіне себепкер болады.
- Қара металлургияда болат балқыту үрдістерінде бөлініп шығатын газдарда, көміртек оксидінің мөлшері өте көп. Шойын өндірісінде көп мөлшерде шаң-тозаң, күкірт диоксиді, марганец, мышьяк, қорғасын, сынаптың қосылыстары мен шайыр тәрізді заттар бөлініп шығады.
- Химия өнеркәсібі – CO2, CO, NH3, SO2, NOx, HCI, HF, S F4 , H 2 S сияқты тағы басқа газдарды ауаға бөліп және бейорганикалық және органикалық заттарда болатын шаңды шығарады.
- Мұнайды өндіру және өндеу саласында- көмірсутектер, күкіртті сутек және жағымсыз иісті газдар болады.
- Құрылыс материалдарын жасайтын заводтардың шығаратын қалдықтарынан фторидтер, күкірт және азот диоксидттері бөлінеді.
- Тамақ өнеркәсібінің қалдықтарында жағымсыз иісті альдегидтер қоспасы мен аминдер болады.
- жылу электр станциялары атмосфераға күкірт, азот және көміртек оксидтерін, металдарды, күлді шығарады.
Көрсетілген барлық қосылыстар адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің тіршілік етуіне үлкен зиянын тигізеді.
Осы себептен улы заттарды залалсыздандыру немесе пайдалы қосалқы өнімдерге айналдыру қажет.
в) Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттармен ауаның ластануы.
Орташа есеппен алғанда ауаны ластайтын автокөлік газдары жалпы лас газдардың ішінде 70 %-ды құрайды. Дүние жүзінде 200 млн. –нан астам автокөлік тіркелген, олар шығаратын газдарда шамамен 200 – дей зат түрлері кездеседі. Олардың ішінде ең қауіптілері - концерогенді көмірсутектер мен тетраэтил қорғасыны. Автокөліктерден қорғасынның оксидттері, хлоридтері, нитраттары, сульфаттары сыртқа шығарылады тасталады. Осы заттардың өте майда, қатты бөлшектері аэрозольдер түзеді және ұзақ уақыт ауада ұшып жүреді.
7.2- кесте. Атмосфераға шығарылған зиянды заттар, млн. т/жыл.
Зиянды заттар | Автокөліктер | Электр орталықтары, зауыт |
1. Көміртек тотығы | 59,7 | 5,2 |
2.Көмірсутектер және басқа органикалық қосылыстар | 10,9 | 6,4 |
3. Азот тотығы | 5,5 | 6,5 |
4. Күкіртті қосылыстар | 1,0 | 22,5 |
5.Макробөлшектер (түтін бөлшектері, күйі т.б.) | 1,0 | 9,8 |
г) Қоқыс – қалдықтарды жағу.
Қоқыс, бау – бақша және тамақ қалдықтарының тіпті аз мөлшерін жаққанда түтін бөлінеді және өткір иісті газдар пайда болады. Газдар ескі шина, немесе электр кабельдерінің қаптағыштарынан металды қайта бөліп алу үшін жаққанда байқалады. Қалдықтардың үлкен бөлігі поливинил хлоридттерден тұратындықтан, жану кезінде ауаға хлорлы сутек бөлініп, қоршаған орта үшін қауіп- қатер тудырады.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 332 | Нарушение авторских прав