Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер қорларының ластануы және құнарсыздануы

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  7. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Топырақ жамылғысы Жер биосферасының маңызды құрамы болып табылады. Биосферада өтетін барлық үрдістер топырақпен тығыз байланысты. Топырақтың маңыздылығысы органикалық заттарды, түрлі химиялық элементтерді және энергияны жинау. Сонымен бірге топырақ жамылғысы өте қажетті. Ол ластайтын заттарды биологиялық сіңіру, бұзу, бейтарап күйіне айналдыру функцияларын атқарады. Егер биосферада осы буында күрт өзгерістер болатын болса, ол жалпы биосферадағы қалпына келмейтін үрдістер пайда болуына алып келеді.

Топырақтың ластануы. Топырақтың үстінгі қабаттары ластануға бейімді. Топырақта көп мөлшерде болған түрлі химиялық қоспалар (токсиканттар) топырақта тіршілік ететін ағзаларға теріс әсер етеді.

Топырақтарды негізгі ластайтын химиялық заттарға – пестицидтер, минералдық тыңайтқыштар, өндіріс бөліп шығаратын заттар, қышқыл жаңбырлар, мұнай және мұнай өнімдері жатады.

Пестицид (латыншадан pestis – зиян, caedo - жою) мәдени дақылдарды зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроағзалардан қорғауға қолданатын химиялық қосылыстардын жалпы атауы. Жылына әлемде 1 млн. тоннадан көп пестицидтер өндіріледі. Жалғыз Ресейдің өзінде жылына 100000 тонна пестицидтер шығарылады. Краснодар өлкесінде және Ростов облысында әр 1 гектар жерге 20 кг пестицид қолданылады. Пестицидтердің дақылдар өнімділігін асыруымен бірге зиянкестер түрінің көбеюі, өнімдердің сапасы, олардың сақталу қасиеттерін төмендетеді, топырақтардың табиғи құнарлығы нашарлауына т.б. теріс өзгерістерге алып келеді.

Артық мөлшерде енгізілген минералдық тыңайтқыштар топырақты ластайды. Б.Колемонер (1970) мәліметтері бойынша АҚШ-да қолданылатын азоттық тыңайтқыштардан өсімдіктер жалғыз 80% ың сіңіреді, ал жалпы орташа 50% ын ғана. Бұндай жағдай азот, фосфор және басқа элементтердің биохимиялық айналымын бұзады. Нәтижесінде экологиялық жағдай әсіресе су ортада нашарлайды, эвтрофия құбылысы дамиды.

Нитраттардың көп мөлшерде болуы топырақтағы оттегі мөлшерінің азаюына алып келуі анықталған. Өз кезегінде бұл атмосфераға тағы да екі «парнинті» (азот шала тотығы және метан) газдар бөлінуіне алып келеді. Нитраттар адамның денсаулығына қауіпті болып саналады. Егер адам ағзасында нитрат мөлшері 50 мг/л-ден көп болатын болса ол дененің улануына алып келеді.

Топырақ ауыр металдарды жинау қабілетіне ие. Сынап шығаратын комбинаттардың маңайындағы топырақтарда сынап мөлшері шектелген мөлшерден жүз есе артық болады. Өндіріс орталықтарынан қоршаған ортаға шаңмен көп мөлшерде ауыр металл шығарылады. Ауыр металдармен ластану қауіптілігі әсіресе ірі қалалар, өнеркәсіп орталықтары, мұнай-газ кешендері, және кен-қазба байлықтарды игеру өндіріс орталықтарының жанындағы орналасқан топырақтарда жоғары болады.

Шаң топырақтың беткі қабатына түсіп мұнда шоғырланады. Нәтижеде топырақтың қасиеттері нашарлап, жер мен ыза суларының ластану қауіптілігі арта түседі. Топырақтын беті ашық болған жағдайда жел эрозиясы салдарынан мұндай аландар ауаны қайтадан ауыр металдармен ластау көзіне айналуы мүмкін. Осы себептен ластанған топырақтардың қауіптілігі өте жоғары. Жолдардың жағасындағы топырақтарда қорғасын мөлшері 30 есе көп болуы мүмкін (лас танбаған жерлерде -20 мкг/г- норма).

Қышқылды жауындар жалғыз судың ғана емес топырақтардың үстінгі қабаттарының қышқылдылығында асырады. Азот, көміртегі, күкірт тотықтары атмосфераға көтеріліп үлкен қашықтарға жылжуы мүмкін. Олар ауадағы сумен қосылып ерітінділерге айналады. Соның нәтижесінде «қышқыл жаңбыр» пайда болады. Жерге түскенде, ол өсімдіктер, топырақ, сумен әрекеттестікке түседі. Топырақтың құнарлылығы төмендейді. Топырақты ластайтын заттардың қомақты бөлігі түсті-қара металлургия, жылуэнергетика, мұнайгаз өндірістерге байланысты.

Топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы мұнай өткізетін құбырлар апатқа ұшырағанда, мұнай өндіретін технологиялардың нашарлығына, апат және технологиялық үрдістер нәтижесінде пайда болған шығындарға байланысты. Ресейдегі Тюмен және Томск облыстарында топырақтағы мұнай, көмірсулары мөлшері фондық көрсеткіштерден 150-250 есе көп.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 333 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)