Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан 2020 жылы 1 страница
  6. Азақстан 2020 жылы 2 страница

26) Халықаралық қақтығыстардың себептері, олардың түрлері салдары, алдын алу жане шешу тәсілдері. Қақтығыстар адамның табиғатымен және ұйымдардың қызметінің спецификасына байланысты. Қақтығыстардың әртүрлілігі мемлекет пен кез-келген қоғамның саяси және экономикалық қызметі мен құрылымына өзінің орны толмас зиянын әкеліп қана қоймай, бірқатар ресурстарды жоғалтуына әкеліп соғады. Сондықтан, қақтығыстардың алдын алу және басқару шараларының классикалық және қазіргі жетістіктерін пайдалана отырып, қақтығыстық сипатын төмендету қажет. Қазіргі халықаралық қатынастар әртүрлі типтегі: территориялық, аймақтық, саяси, этникаралық т.б. да қақтығыстардың шешілмеуімен сипатталады. Бүгінде қақтығыстар адамзат соқтығысып жіне БҰҰ, НАТО сияқты ықпалды ұйымдардың күші келе бермейтін үлкен мәселенің бірі. Қазіргі таңдағы қақтығыстарды шешу мен алдын алудың шаралары нақты, әділ принциптермен жүзеге асқаны жөн: екі жақтың көзқарастары мен құқықтарын есепке ала отырып; қарым-қатынастардың сенім мен теңдікті негізге ала отырып; әрбір жақтың елдің ішіндегі және елден тыс позициясын бекіту; қауіпсіздіктің өзара кепілділігі; экономикалық шеңбердегі әріптестік; ұлттық құқықтар мен егеменділіктің мойындалуы. Осылайша кез-келген қақтығысты реттеу өте күрделі және ұзақ процесс болып табылады. Оның жетістікке жетуі сыртқы және ішкі, субъективті және объективті, алғышарттар сияқты факторлардың жағымды түодеүйлесім табуына байланысты болады. Қақтығыстыр әлеуметтік байланыстар болған жерде бірге жүретін, адамдардың араласуы мен қарым-қатынастарынан туындайтын, ертеден бері адамзаттың түсіне алмай келе жатқан өоғамдық құбылысы. Қақтығыстанудың негізгі әлеуметтану қайраткерлері О.Конттың, Г.Спенсердің, К.Маркстың ойларымен қаланды. Бір жағынан олардың еңбектері қақтығыстанудың жалпы теоретикалық базасы болса, екінші жағынан-әлеуметтік қақтығыстарды сараптау, бағалау, реттеу мен шешу жолдарын өңдеуге арналған методологиялық жетекші болып табылады. Қақтығыс себептері: аз қамтылған топтар дефицит ресурстарды тарату кезінде заңдылықтарға жол берілетін болса қақтығыстардың туындауына толық мүмкіндік бар; аз қамтылған топтар мүшелері көп болып, артықшылықтары бар топтарға қосылуға тырысса, олардың осы жағдайдағы заңдылықтарды ұстауы екіталай; топтардың кедейлене түсуі мен әлеуметтік жағдайының төмендеуі аталған топтың қақтығыстардың қорғаушысына айналуы абсолютті; аз қамтылған кедейленген топтар мүшелерінің әлеуметтенуі қаншалықты аз деңгейде болса олардың қақатығыстарды туындатуы соншалықты. Тар мағынада «қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру, шығынға әкелмеуді білдіреді. Негіәзгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес, оны нәтижелі қылу. Қақтығыстарды реттеуде олардың болуын мойындау керек. Оның бірінші рөлін, қызметтері мен сипаты мен шығуын табу қажет. Қақтығыстар саясаттан бөлінбейтін болғандықтан қақтығыстардың формалары мен сценарийіне, оның жүрісіне, дамуына назар аударған жөн. Ғылыми және әдеби кітаптарда қақтығыстарды реттеуде жаугершілікті азайту, ортақ мәселені шешу әдістерін іздестіру түсінігі беріледі. Ерекше көңіл бөлінетіні оқыту және зерттеу технологиясы: реттеу, қақтығыстық жағдайда шешім қабылдау, қақтығыстарды бейбіт түрде шешу, келіссөздер, делдалдық процесін ұйымдастыру, қақтығысқа ықпал етудің мүмкін әдістеріне сараптама жасау. Мемлекеттер арсындағы қақтығыстар, әскери қақтығыстар жойылмайды, бірақ кең масштабтағы соғыстар мемлекеттер арасында мүмкін болып табылады. Қақтығыстың дамуындағы оның пайда болып дамып, шешілуіне дейінгі жағдайын 6 кезеңге бөлуге болады. 1-кезең: Қақтығыстың реттелуіндегі психологиялық дайындық- қақтығыс пайда болады және қақтығыстық екі жақтың мотивтері белгілі бола басатайды. 2-кезең:Қақтығысты туындатқан нақты мәселелердің анықталуы- Қақтығыстың пайда болу себептерін анықтауға мүмкіндік береді. 3-кезең:Қақтығыстарды шешугемүмкін жағдайларды іздестіру- қақтығыстарды реттеуге мүмкін болатындай барлық жолдарды қарастыру. 4-кезең:Қақтығыстарды шешудегі нұсқаларды таңдау және өңдеу- қарама-қарсы екі жақтң тиімділігі үшін қарастырылатын қақтығыстарды нақты шешуге бағытталған нұсқалардың таңдалуына бағытталған. 5-кезең:Қақтығыстарды реттеу процесі- қақтығыстарды реттеуге арналып, оны жүзеге асыру жүргізіледі. 6-кезең: Қақтығыстарды реттеудің процестерінің аяқталуы- қақтығыстарды реттеудің аяқталуы, қарама-қарсы екі жақ қақтығыстың аяқталғанын мойындап, екеулерінің арасындағы қатынас сақталады. Келіссөздер – тек қана қақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес, сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады. Қақтығыс халықарлық саяси бола алады егер біріншіден қақтығыстың пәні билікті бөлу, тарату, ұстау; екіншіден, қарсы екі жақтың күресі ұлттық-мемлекеттік шекарадан шығатын болса. Халықаралық саяси қақтығыста қатысушылардың біреуінің күші екіншісінен бөліп қарастырылмайды. Бұл жерде күш те, әлсіздік те бір біріне қатысты ғана бағаланады. Халықаралық саяси қақтығыстардың қатысушылары әлемдік аренада саяси күреспен айналысатын кез келген әлеуметтік қауымдастық бола алады. Қақтығыстың жіктелуі: себептеріне байланысты объективті және субъективті себептер; қақтығыстың негізінде жатқан қарама-қайшылықтар бойынша антогонистік және антогонистік емес; қақтығыстың іс-әрекет ету ұзақтығына байланысты ұзақ мерземді және қысқа мерзімді; қоғам үшін зиянды салдары бойынша сәтті және сәтсіз.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 481 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)