Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.

Читайте также:
  1. Q]3:1:Әкімшілік іс жүргізудің прокурордың негізгі міндеті
  2. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  3. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  4. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  5. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  6. Аксиология. Ғылыми-техникалық прогресс және экология

Адам әлеуетінің даму индексі адам даму саласындағы үш негізгі бағыт бойынша елдің ор- таша жетістігінің деңгейін бағалайтын кешенді көрсеткіш болып келеді. Ол бағыттар мыналар: туғандағы күтулі өмір ұзақтығы деңгейімен анықталатын салауатты өмір негізіндегі ұзақ өмір; ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейімен және бастауыш, орта және жоғары оқу орындарына түскендердің бүтін жалпы коэффициентімен өлшенетін білім; сатып алу қабілетінің тепе-теңдігіне (СҚТТ) сәйкес жан басына шаққандағы ЖІӨ-мен есептелетін лайықты өмір деңгейі.

Бұдан былай АӘДИ адам әлеуетінің кешенді көрсеткіші деп, әрбір элемент бойынша индекстерді – адам әлеуетінің негіздік көрсеткіші деп атаймыз. АӘДИ есептемес бұрын әрбір элемент бойынша көрсеткіштерді есептеу керек (6.2-сурет). Бұл элементтер бойынша – өмір ұзақтығы, білім және І Ж Ө – индекстерді есептеу үшін әрбір көрсеткіштердің минимал және максимал мәндері (шекті мәндері, 6.2 - кесте) белгіленеді. Әрбір өлшем бойынша жетістіктер нөл мен бір аралығындағы шамамен белгіленеді. Ол мынадай өрнек бойынша есептелінеді:

 

Мұнда:

I – элемент бойынша индекс;

N – көрсеткіштің нақты мәні;

M – көрсеткіштің максимал мәні;

m – көрсеткіштің минимал мәні.

Бұдан былай АӘДИ элементтер бойынша индекстердің арифметикалық ортасы ретінде есептелінеді. Егер АӘДИ – 0,8 болса, мемлекет адам дамуы бойынша жоғары деңгейде, егер АӘДИ – 0,5 болса, орта деңгейде, ал егер АӘДИ < 0,5 болса, төменгі деңгейде болғаны.

 

12.1- кесте. Ж І Ө – индекстерін есептеуге арналға әрбір көрсеткіштердің шекті мәндері

Көрсеткіш Максимал мәні Минимал мәні
Орташа өмір ұзақтығы (жыл)    
Ересек тұрғындардың сауаттылық деңгейі, %    
Оқу орындарына түскен бүтін жалпы коэффициент    
Жан басына шаққандағы ІЖӨ (СҚП – АҚШ $) 40 000  

 

Халықаралық өлшемдер бойынша бұрынғы КСРО XX ғасыр барысында адам әлеуетінің базалық (негіздік) даму саласында айтарлықтай жетістікке жетті. Сонда да 1990 ж. оның адам даму индексі (АДИ = 0,862) табыстары төмен деген Корея, Тринидад және Тобаго, Уругвай мен Чилидікінен төмен болды. Ал 1991жылы Одақ ыдырағаннан кейін бұрынғы кеңестік республикалардың АДИ шекті біркелкі емес жағдайға жетті.

2000 жылы АДИ жоғары мемлекеттер тобында 3 мемлекет – Эстония (42- орын), Литва (49-орын) және Латвия (53-орын) болды. Ал қалған 12 мемлекет – Беларусь (56-орын), Ресей (60-орын), Армения (76-орын), Қазақстан (79-орын), Украина (80-орын), Грузия (81-орын), Туркмения (87-орын), Әзірбайжан (88-орын), Өзбекстан (95-орын), Қырғызстан (102-орын), Молдова 105-орын), және Тәжікстан (112-орын) адам дамуы бойынша орташа деңгейдегі елдер тобына қосылды.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын қорғау;

- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 732 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)