Читайте также:
|
|
Сукцессия деп табиғи және антропогендік факторлар әсерінен биоценоздардың бір орындағы ауысуын айтады. Сукцессия пайда болу үшін бос кеңістік қажет.
Табиғи экожүйелерде ағзалар популяциялары күйінің тұрақты өзгерістері өтіп жатады. Олар әртүрлі себептердің нәтижесі болып келеді:
- қысқа мерзімдік – ауа райы жағдайларының және биотикалық әрекеттердің;
- мерзімдік – температураның жылдық ауасының;
- жылдан-жылға – абиотикалық және биотикалық факторлардың әртүрлі кездейсоқ астасуының.
Бірақ барлық осы ауытқулар экожүйе тұрақтылығының шегінен шықпайды. Экожүйе тұрақтылығы дегеніміз – оның қалыпты мөлшері, түрлік құрамы, биомассасы, өнімділігі. Экожүйенің мұндай күйін климакстық деп атаймыз. Маңызды экологиялық көрсеткіштердің тұрақтылығы экожүйе гомеостазы.
Гомеостазды қолдауға тырыса отырып, экожүйелер өзгеруге, дамуға, қарапайымнан күрделі түрге өтуге қабілетті болып келеді. Табиғи апаттың немесе адам әрекетінің әсерінен географиялық хал–ахуал немесе ландшафт типінің орасан өзгерістері болып жатады. Осылардың салдарынан кеңістіктегі биогеоценоз күйінің белгілі бір жүйеленген өзгерістері сукцессиялар пайда болады.
Біріншілік сукцессия кепкен көлге, жалаңыш жартасқа, жанартау атқылағаннан кейін қатып қалған лаваға ағзалардың қоныстануы. Бұл жағдайларда шешуші орын алатыны – топырақтың түзілуі.
Екіншілік сукцессия өсімдіктен жартылай немесе толығынан айрылған, бірақ бұрын тірі ағзалардың әсерінен органикалық құрауыштары бар бет жазығында пайда болады. Мысалы, ормандарды отау, өрт шалған не қараусыз қалған ауыл шаруашылық жерлері.
Кездейсоқ қоныстану және тасымалдану нәтижесінде сукцессияға ұшыраудың екі түрінде де басты фактор болып саналатыны – қоршаған аумақтың флорасы мен фаунасы. Сукцессия бір түрдің екіншісімен ығыстырылуы арқылы жүреді, сондықтан оны гомеостаз реакцияларымен теңестіруге болмайды. Біріншілік сукцессияның мысалы ретінде бос кеңістікте шырша тоғайларының пайда болуын қарастыруға болады.
Табиғи сукцессияның мысалы – көлдің экожүйесінің «қартаюы»–эвтрофикация болып келеді. Мұндай өсімдіктің өсуі көлдің жағасынан ортасына қарай орын алады. Ақыры көл шымтезек батпаққа айналып, климакстық тұрақты экожүйе құрады. Бірақ бұл жағдай да тұрақты емес, жердің климатына байланысты, батпақтың орнына ормандық экожүйе пайда болуы мүмкін.
Толық сукцессияны кейде серия деп те атайды. Мысалы, гидросерия – су ортасында, галосерия – тұзды марштарда дамиды.
Екіншілік сукцессияға антропогендік факторлар әсер етеді. Мысалы, орманның оталған орнындағы сукцессия шамамен 200 жылды керек етеді, ал даладағы сукцессия 50 жыл жүреді. Біріншілік сукцессияға 1000 жыл қажет.
Айырбасталынуы бойынша сукцессия екі топқа бөлінеді:
1) автогендік –қауымдастықтың өзінің әрекеті арқылы жүреді;
2) аллогендік –сыртқы әрекет арқылы жүреді.
Дамуына энергия әсер ететін, оның көзіне тәуелді сукцессия былай бөлінеді:
1) автотрофты (сукцессия барысында бірінші автотрофты ағзалар болады);
2) гетеротрофты. Мысалы: органикалық қалдықтар көбейіп кетсе, олармен гетеротрофтар қоректенеді де, органикалық заттар азая бастайды. Ең бірінші сукцессия теориясын 1916 жылы Ф.Клементс қарастырған. Оның пайымдауынша, климакстік қауымдастықтың құрамына әсер етуші негізгі фактор – климат. Кейінгі кезде климакс барлық физикалық факторларға тәуелді деген тұжырым қалыптасқан.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 737 | Нарушение авторских прав