Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Xаралық экологиялық ұйымдар

Читайте также:
  1. Азақстан жер қорларының экологиялық жағдайы
  2. Аржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудің жєне қадағалаудың негізгі принциптері
  3. Атмосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері.
  4. ЕХС 28 Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар есебін ашып көрсетіңіз
  5. Медициналық ұйымдар
  6. Р тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру

ҚТО қорғау мәселесіне БҰҰ үлкен үлес қосуда. Қоршаған ортаны қорғау саласында оның арнайы мекемелері:

ЮНЕП (UNEP – United Nations Enviromental Program – Қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы), 1972 жылдан бері іске асып жатыр және БҰҰ негізгі жанама органы болып келеді.

ЮНЕСКО (UNESCO – United Nations Educational, Scientific and Cultu -ral Organization) – Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша БҰҰ), 1946 жылдан бері бар. Қызметіндегі ең белгілі бағдары 1970 жы -лы қабылданған «Адам және биосфера» ғылыми бағдарламасы.

ФАО (FAO – Food and Agricultural Organization UN – БҰҰ азық – түлік және ауыл шаруышылығы ұйымы ), 1945 жылы құрылып, әлем халықтарының өмір жағдайын жақсарту мақсатымен азық-түлік қорлары және ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысады.

ДДҰ (ВОЗ) – (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), 1946 жылы құрылған, басты мақсаты ҚТО қорғаумен тікелей байланысты адамдардың денсаулығына қамқорлық ету.

ДМҰ (Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым) (ВМО) – 1951 жылы БҰҰ арнайы мекемесі ретінде құрылған, оның табиғат қорғау қызметі ҚО ғалами мониторингіcін жүргізумен байланысты.

ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы) (МОТ) – БҰҰ арнайы мекемесі, 1919 жылы Ұлттар лигасының жанынан еңбектің қауіпсіз жағдайын туғызу және биосфераның ластануын азайту мақсатымен құрылған. Биосфераның ластануы өндірістік ортаға жиі немқұрайды қараумен байланысты.

АТЭХАГ (МАГАТЭ) – Атомдық энергия бойынша халықаралық агентті, 1957 жылы құрылған қызметін БҰҰ келісіп атқарады, бірақ оның арнайы мекемесі емес.

МСОП (JUCN – Internaional Union for the Conservation of Nature) – табиғатты қорғау бойынша халықаралық одақ, 1948 жылы Фонтенблода (Франция) құрылған, «Қызыл кітаптар» жүргізудің ынташысы.

ВВФ (WWF – World Wide Fund for Nature) жабайы табиғатты қор- ғаудың дүниежүзілік қоры – ең үлкен жеке меншік халықаралық экологиялық ұйым, 1961 жылы құрылған, бүкіл әлемде 27 ұлттық бөлімдерді, сондай-ақ 5 млн астам жеке мүшелерді біріктіреді.

ХЗҰ (МЮО) – халықаралық заң ұйымы 1968 жылы құрылған, ҚО қорғаудың құқықтық мәселесін құрастыруға зор көңіл бөледі.

Рим клубы (РК) – биосфераның даму болашағын зерттеуге және Адам және Табиғат арақатынасын үйлестіру қажеттілігін насихаттауға елеулі үлес қосқан халықаралық үкіметтік емес ұйым.

ХЭС (МЭС) – халықаралық экологиялық сот, 1994 жылы құрылған. Әлемдік қауымдастықтың экологиялық қызметінде білікті мамандар шешуді талап ететін дау-дамайлар болып тұрады. Сот құрамында 24 мемлекеттен 29 эколог заңгер бар.

ГРИНПИС (Greenpeace – «Жасыл әлем») – ҚО бұзылуына жол бермеуді мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым, 1971 жылы Канадада құрылған. Құрамында 1,5 млн мүше бар, оның 1/3 – американдықтар.

Көптеген халықаралық үкіметтік емес ұйымдар табиғат қорларының түрлерін немесе жеке табиғат қорларын қорғау мәсе- лесімен айналысады. Олар Құстарды қорғау бойынша халықаралық кеңес, Альпі ауданын қорғау бойынша халықаралық федерация, Су қорғауы бойынша Еуропалық федерация және т.б.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық идеологияны дамытудың қоғамдық маңызы.

2. Ұлттық дәстүрдегі экологиялық мәдениет көріністері.

3. Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері.

4. Экологиялық білім беруды ұйымдастыру.

5. Экологиялық білім беруде студенттерді жасампаздыққа тәрбиелеу.

6. Экологиялық саясат – бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторы.

7. Экология және тұрақты даму бойынша халқаралық ынтымақтастық.

8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қалыптасу кезеңдері.

9. Қоршаған ортаны қорғауда үкіметтік емес ұйымдардың рөлі.

10. ЮНЕП-тің атқырытын қызметі мен бағдарламалары.

Дәріс №14


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1171 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)