Читайте также: |
|
Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту үшiн:
· бiлiм берудiң барлық деңгейiндегi оқу бағдарламаларына экология және тұрақты даму мәселелерiн енгiзу жолымен үздiксiз экологиялық бiлiм берудiң жүйесiн қалыптастыру;
· мiндеттi және қосымша бiлiм беру жүйесiнiң барлық деңгейi үшiн экология саласындағы кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру;
· экологиялық бiлiм берудi мемлекеттiк қолдау қажет; табиғи жүйелердiң экологиялық сыйымдылығы мен олардың тұрақтылық шектерiн айқындау;
· экологиялық таза және pecуpc үнемдейтiн технологияларды, өндiрiстердi, шикiзаттың түрлерiн, материалдарды, өнiм мен жабдықты, оның iшiнде ауыл шаруашылығында, әзiрлеу; биологиялық әртүрлiлiктi, биоқауiпсiздiктiң ғылыми негiздерiн сақтау проблемасын зерделеу;
· климаттың ықтимал жаhандық және өңiрлiк өзгерiстерiн және табиғи орта үшiн оның салдарларын зерттеу;
· экологиялық қатерлердi айқындаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу; ластанулардың алдын алу мен жоюдың, қоршаған ортаны оңалту және қауiптi қалдықтарды кәдеге жаратудың құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу;
· адамдардың аурулары мен қоршаған орта сапасы өзгерiстерiнiң арасындағы байланысты зерделеу;
· қоршаған ортаны қорғау саласындағы жинақталған бiлiмдi жүйелеу және ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
Кейінгі жылдары экологиялық саясаттың субъектісі ретінде ҚР табиғат қорғау әрекетінде экологиялық үкіметтік емес ұйымдар және қозғалыстардың (ҮЕҰ) экологиялық білім беруде атқаратын қызметі аз емес.
2002 жылы «Аралға жақын жерлерді экологиялық сауықтыру» атты қоғамдық ұйым құрылған. Студент жастарға экологиялық білім беру мақсатымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде мемлекеттік емес «Экотәрбие» ұйымы жұмыс істейді. 1989 жылдың ақпанында құрылған ядроға қарсы «Невада-Семей» халықаралық экологиялық қозғалысы Қазақстандағы бірінші жалпы республикалық ұйым болып саналады. Бұл қозғалысты республиканың барлық тұрғындары қолдап, билікті полигонның – ұлт қасіреті екенін мойындауға мәжбүр етті. Сонан соң ғана 1991жылдың 29 тамызында Президент жарлығымен СЯСП жабылды. Тағы елімізде Арал мен Балхаш мәселелерімен және басқа да экологиялық проблемалармен айналысатын үкіметтік емес «Табиғат» ұйымы біраз жұмыстар атқарады.
Барлық қоғамдық ұйымдарды біріктіретін мақсат – ол мемлекеттің табиғатты қорғау әрекетіне бақылау жасау, тұрғындар арасында экологиялық білімді насихаттау және қоғамдық пікірді БАҚ – та тарату; ядролық сынақ өңірлерін зкологиялық және әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан жандандыру.
Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстардың тарихи маңызы халықтың, қоғамның тіршіліктің жойылмау мүддесі және бірігуі бойынша экологиялық мәселенің маңайында шоғырлануын сипаттайды. Кейінгі жылдары экологиялық саясаттың субъектісі ретінде ҚР табиғат қорғау әрекетінде экологиялық үкіметтік емес ұйымдар және қозғалыстардың (ҮЕҰ) атқаратын қызметі аз емес. Барлық қоғамдық ұйымдарды біріктіретін мақсат – ол мемлекеттің табиғатты қорғау әрекетіне бақылау жасау, тұрғындар арасында экологиялық білімді насихаттау және қоғамдық пікірді БАҚ – та тарату; ядролық сынақ өңірлерін зкологиялық және әлеуметтік - экономикалық тұрғыдан жандандыру.
Халықтың экологиялық сауатын ашуда саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, бұқаралық ақпарат қүралдары (БАҚ) біраз жұмыстар атқарып жатыр. Мысалы, РХДП «Нұротан» БАҚ арқылы еліміздегі экологиялық жағдай туралы ақпаратты үнемі таратып отырады.
Қоршаған ортаны қорғаудың бір түрі ерекше қорғалатын аумақтарды көбейту. Елімізде осы күнге дейін 10 табиғи қорық, 10 ұлттық табиғи саябақ болса, 2010ж. Жоңғар-Алатау саябағы, Есік мәдени-тарихи мұражай қорығы ашылғаны туралы теледидардан естідік. Интернет деректері бойынша Нұра өзенінің түбінде 300 тоннадан 1000 тоннаға дейін сынап жатыр, оны кезінде Теміртау қаласындағы бұрынғы «Карбид» өндірістік бірлестігі төккен. БАҚ мәліметтеріне жүгінгенде жалпы ҚР аумағында қазіргі таңда 43млрд тонна өндірістік қалдықтар шоғырланған, оның 600 млн тоннасы уытты қалдықтар. Бұл жағдайлар, әрине, қоршаған табиғи ортаға да, адам денсаулығына да нұқсан келтірері сөзсіз.
Республикалық «Менің Қазақстаным» экологиялық партиясы «ЭКО» атты республикалық ғылыми – танымдық, жарнамалық жинақ шығарады. Осы партияның төрағасы, профессор М. Дуамбеков «Свобода слова» (2011ж, 14.04, № 13) газетінің бетінде ҚР көлемінде АЭС салу керек еместігі туралы мақала жариялады. Тағы сол нөмірде «Невада-Семей» ядроға қарсы қозғалысының Қарағанды бөлімшесінің төрағасы, құрметті профессор М. Хамиев ҚР халқының денсаулығы және демографиясы туралы үлкен мәселе қозғады. Семей полигоны жабылса да, елімізде радиациялық жағдай әзірге халықты үрейлендіруде.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі республикадағы экологиялық мәселесімен айналысады, министрліктің Ақпараттық сараптау орталығы шеңберінде «Жасыл көпір» кеңсесі жұмыс істейді.
Экологиялық мәселелерді қамтитын ҚР Үкіметінің Ғалами экологиялық қоры БҰҰ Даму бағдарламасының «Қазақстанның сулы-сазды жерлерін сақтау жобасы» үлкен жұмыс атқаруда. 2011 жылдың 25 наурызында сол бағдарлама негізінде «Қоғамның тұрақты даму мүддесіндегі экологиялық білім және ағарту» деген ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға көшу жайында көптеген мәселелер қозғалды.
«Табиғат әлемі» Экологиялық практикалық орталығы, республикалық «Табиғат» қозғалысы бар. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша Астана ағаштан көк белдемге оралады. Қазірде қыруар жұмыс жасалды. Ол құбылыс озон қабаты проблемасына, қаланың табиғи ортасына оң әсерін тигізуде.
Экологиялық қозғалыстар Астана мен Алматыда ғана емес, ҚР барлық облыс орталықтарында бар. Қарағанды қаласында Экологиялық мұражай, облыстық «Экоцентр» орталығы жұмыс атқарады.
2008 ж. жарық көрген «Адам дамуы туралы есепте» ҚР экологиялық білімнің кейінгі кездегі ахуалы туралы былай делінген:
«22 мемлекеттік және 11 мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында «Экология» мамандығы бойынша кадрлар дайындау жүзеге асырылады.
2007-2008 оқу жылдары «Экология» мамандығы бойынша білім беру жүзеге асырылады: бакалавриат бойынша-166 адам;
«Экология және табиғатты пайдалану», «Қолданбалы экология», «Агроэкология» мамандықтары бойынша оқыту жүргізіледі.
2008 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартында жалпы білім беру пәндері циклында жоғары оқу орындарының барлық мамандықтары бойынша «Экология және тұрақты даму» пәнін 90 сағат немесе 2 кредит шамасында оқыту көзделген.
Бірақ экологиялық білім беру тұжырымдамасын қабылдау білім беру механизмі жұртшылықты ақпараттандыруды және ҚО проблемасы саласындағы ағарту жұмысын толықтай іске асыруда қажетті негіздердің жоқ деген байламға келетін проблемалар бар. Сонымен бір уақытта ҚОҚМ-ның экологиялық білім беру саласында қажетті құзыреті жоқ және ҚР ҒБМ мен ҚОҚМ-ның бірлескен әрекетін қажет ететін ғаламдық экологиялық проблемаларды жарақтандыру жоспарында оны іске асыру сыпайымдылығын қамтамасыз етпейді.
Мамандарды даярлау (қоршаған ортаны қорғау бойынша мамандар) жүйесіз жүргізілуде, мамандардың біліктілігін үздіксіз арттыру жүйесі жоқ. Алайда соңғы кездері жақсару үрдісі байқалды, алдыңғы кезекте Қазақстан Республикасының дамуы мен экологиялық қызметте басымдылықтар белгіленеді.
Халықтың арасында ИК туралы хабардар ету деңгейі әлі де нашар, тұрғындар мен шаруашылық үшін ИК-тің жағымсыз салдарына қатысты скептицизм басым болды».
Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету. Экологиялық қауiпсiздiктi ғылыми қамтамасыз ету тұрақты дамуға көшудiң теориялық және технологиялық негiздерiн қалыптастыруды көздейдi және iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң кешенiн қамтиды.
Экологиялық үгiт-насихат және жұртшылықтың қатысуы.
Халықтың арасында экологиялық ақпарат таратудың экология қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде үлкен ағартушылық, үгiт-насихаттық мәнi бар. Бұл жұмыста орталық, облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдары қатыстырылуы тиiс.
Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту. БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаhандық серiктестiктiң негiзiнде мемлекеттiк экологиялық саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.
Қазақстанның әлемдiк қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидаттары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс. Мұндай саясатты практикалық iске асыру Қазақстанның дамуы мен қоғамдық құрылымының дамыған демократиялық мемлекеттермен үйлесiмдiлiгi үшiн оған прогрессивтiк қолдау табуға ықпал етуi тиiс. Маңызды халықаралық экологиялық конвенцияларға және халықаралық деңгейде табиғат қорғау қызметiне республиканың неғұрлым кеңiрек қатысуын қамтамасыз ету үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы барлық әзiрленетiн бағдарламаларда халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары және оларды iске асыру жөнiндегi тиiстi iс-шаралар белгiленуi керек.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы.
2. «2004-2015 жылдар аралығындағы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы».
3. Тұрақты даму стратегиясы «Адам-Қоғам-Табиғат» арасындағы үйлесімге қол жеткізуге бағытталған.
4. 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшудің тұжырымдамасы мақсаты.
5. «Қазақстан-2030» дамуының стратегисы бағдарламасынын қоршаған ортаны қорғау мен ТД бойынша бірқатар мақсатары.
6. Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары.
7. Қоғамның экологиялық мәдениетiн қалыптастырудың негiзi ретiнде экологиялық бiлiм берудi дамыту.
8. ҚР 2008 ж. жарық көрген «Адам дамуы туралы есебі».
9. ҚР экологиялық қоғамдық ұйымдарды біріктіретін мақсат
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 397 | Нарушение авторских прав