Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім алушының шартты академиялық статусы

Читайте также:
  1. Билет 35. Социальные статусы и роли личности.
  2. Білім алушының білім беру траекториясын таңдау процедурасы
  3. Білім алушының оқудағы жетістігін бақылау
  4. Білім беру бағдарламасының мақсаттары
  5. Білім және АД
  6. В072800 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» (салалар бойынша) мамандығының академиялық күнтүзбесі

Академиялық жылда бекітілген ауыстыру балынан төмен GPA алған білім алушы, шартты түрдегі академиялық статусқа ауысады, мұнда ол жазғы семестрда 12 –ден артық емес кредитке, «Retake» қоса алғанда жазыла алады.

Семестрдың аяғында талап етілген минималды GPA ауысу балын жинаған білім алушы жай академиялық статусқа ауысады. Егерде ол бекітілген GPA мөлшерін тағыда жинамаса, онда ол қайта оқу курсына қалдырылады. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушылар оқытудың кейінгі кезеңінде мемлекеттік білім беру грантынан айырылады.

Студенттердің оқудағы жетістіктерін бақылау олардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын тиісті білім деңгейінде меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Студенттердің білімдерін бақылау және бағалау балдық-рейтингтік жүйе бойынша жүзеге асырылады және келесі жұмыс түрлерін жүргізуді көздейді:

1. Ағымдық бақылау;

2. Аралық бақылау;

3. Қорытынды бақылау;

4. Қорытынды атестаттау.

Үлгерімді ағымдық бақылау – бұл пәндердің оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын студенттердің игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.

Күндізгі оқу бөліміндегі студенттердің үлгерімін ағымды бақылау қабылданған сызба (1-кесте) бойынша оқу сабақтарының кестесіне (СМЖ.07.ПК.03) сәйкес жүргізіледі.

 

1– кесте - Үлгерімді ағымдық бақылау сызбасы

 

Кредиттер саны Сабақ түрлері бойынша кесте
  1 жұма 2 жұма 3 жұма
1 кредит   1 сағ.зертхана 2 сағ.БАӨЖ 1 сағ.практ. 2 сағ.БАӨЖ
2 кредит 1 зертхана   1 практ. 4 сағ.БАӨЖ 1 практ. 1 зертхана 4 сағ.БАӨЖ
3 кредит 1 зертхана 1 практ. 4 сағ.СӨЖ 1 зертхана 1 практ. 4 сағ. БАӨЖ 1 зертхана 1 практ. 4 сағ. БАӨЖ

 

Оқу сабақтарының кестесі әрбір 3 жұма сайын қайталанады. 15 жұмалық академиялық мерзімде барлығы 5 айналым болады. Бір академиялық мерзімде 4 кредит болса, онда 2 кредиттік сызбаны қолдану ұсынылады.

Пәннің оқу бағдарламасымен студенттердің білімін ағымдық бағалаудың келесідей түрлері анықталынады: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, аралас бақылау, үй тапсырмаларын қорғау және презентациялау, пікір-талас, тренингтер, дөңгелек үстел, кейс-стадтар, тест, курстық жұмыс/жоба және т.б.

Үлгерімді ағымдық бақылауды сабақ беретін оқытушы жүргізеді және келесі ағымдық бағаларды кірістіреді: семинарлық және практикалық сабақтарда алынған бағалар; орындалған зертханалық жұмыстар мен өзіндік жұмыс тапсырмалары үшін бағалар. Студенттің өзіндік жұмысының орындалуын бақылау кафедралардағы СӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі және балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес бағаланады.

Ағымдық бақылау кезінде тапсырмаларды семестр ағымына сабақ түрлері бойынша тең бөлістірген өте маңызды. Студент жұмысының еңбек сиымдылығы қандай ма бір жұмыс түрін орындағаны үшін жұмсалған жұмыстың жалпы шығынына байланысты бағаланады (2-кесте).

2-кесте – Жұмыс уақытының жалпы шығынына байланысты

студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Жұмыс (сабақ) түрі Бағаның пайыздық құрамы Максимальды балл
    1 кр. 2 кр. 3 кр.
Зертханалық жұмысты орындау* 30% 1сағ. = 6 1сағ. = 3 1сағ. = 2
Практикалық және семинарлық сабақтарға белсенді қатысу* 30% 1сағ. = 6 1сағ. = 3 1сағ. = 2
СӨЖ орындауы 90% 2 сағ. = 9 4 сағ. = 9 4 сағ. = 6
Ағымдық бақылау бойынша барлығы        

Ескерту:* Сабақ түрлері пәннің оқу бағдарламасымен анықталынады. Егерде пән бойынша сабақтардың қандай ма бір түрі болмаса, онда оның балдары бар сабақ түріне ауысады

Жоғарыда көрсетілген оқу үлгерімін ағымдық бақылау мен студенттердің білімін бағалау өлшемдерінің сызбасына сәйкес, пәнді меңгеруге кеткен кредит санына байланысты сабақ журналына балдар қойылады (4-кесте).

Әр жұма сайын студенттердің ағымдағы үлгерімдері қорытындыланады (сабақ журналы – 2-бөлім) және жиналған балл туралы мәліметті оқытушы білім алушыларға хабарлайды.

Егерде семестр ағымында студенттің үлгерімі сабақтарды себепті (тиісті құжатпен расталған жағдайда) жіберуіне байланысты төмендеп кетсе, онда ол жіберілген сабақтарды қайта тапсыруына және ағымдық рейтингті көтеруіне құқылы.

4 – кесте – Сабақ түрлері бойынша балдарды қою мысалы

1 кредит
Жұмыс (сабақ) түрі Жұма
                  барлығы               барлығы
  Практикалық
Тапсырма саны -   - -   - -     - -   - -   -  
Балл -   - -   - -     - -   - -   -  
Зертханалық
Тапсырма саны - -   - -   - -     - -   - -    
Балл - -   - -   - -     - -   - -    
Студенттердің өзіндік жұмысы
Тапсырма саны                                  
Балл                                  
                  1300/13=100               1200/12=100
2 кредита
Жұмыс (сабақ) түрі Жұма
                  барлығы               барлығы
Практикалық
Тапсырма саны - -   - -   - -     - -   - -    
Балл - -   - -   - -     - -   - -    
Зертханалық
Тапсырма саны - -   - -   - -     - -   - -    
Балл - -   - -   - -     - -   - -    
Студенттердің өзіндік жұмысы
Тапсырма саны                                  
Балл                                  
Средний балл                 2600/26=100               2400/24=100
3 кредит
Жұмыс (сабақ) түрі Жұма
                  барлығы               барлығы
Практикалық
Тапсырма саны                                  
Балл                                  
Зертханалық
Тапсырма саны                                  
Балл                                  
Студенттердің өзіндік жұмысы
Тапсырма саны                                  
Балл                                  
Орташа балл                 4000/40=100               3500/35=100

Ескерту:* СӨЖ (бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттарды, есептерді даярлау және т.б.) бекітілген балл шегінде оны орындауға кеткен жұмыс уақытының жалпы шығынына байланысты жұмаларды біріктіру арқылы бағалауға болады.

 

Аралық бақылау – пәннің мазмұнының бір бөлігін меңгеру сапасын бағалау мақсатында бірнеше тақырыптар, бөлімдер (модульдер) бойынша материалдарды оқыған соң жүзеге асырылатын бақылау (бір академиялық мерзімде 2 аралық бақылаудан аспауы керек).

Аралық бақылау 8 және 15 рейтингтік жұмаларда өткізіледі (егерде пән 2 семестр бойы оқылатын болса, онда рейтинг-балл 15 және 30 жұмаларда қойылады).

Оқытушы аралық бақылауды өткізу түрін өзі таңдайды.

Әрбір аралық бақылаудан соң орындалған аудиторлық және аудиториядан тыс жұмыстар үшін қорытынды балл шығарылады (5-кесте).

Бірінші және екінші рейтинг нәтижелері рейтингілік жұмадан кейінгі дүйсенбіден қалмай рейтингілік және аттестаттау ведомосына енгізіледі (1,2-қосымша).

4- кесте – Ағымдық және аралық бақылаудың бағасы, балл

 

Рейтингтік бақылау Барлық балл 1 кредит 2 кредит 3 кредит
    АрБ АғБ АрБ АғБ АрБ АғБ
1 рейтингтік бақылау (8 жұма)              
2 рейтингтік бақылау (15 жұма)              
Барлығы              

 

Қорытынды бақылау – студенттердің оқу жетістіктерін аралық аттестаттау (емтихандық сессия) кезінде немесе оқу пәнін меңгеру аяқталған соң жүргізілетін тексеру.

Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізу формасы және тәртібі университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен академиялық кезең басталғанға дейін бір ай мерзімде анықталынады.

Емтихан кестесін (3-қосымша) деканаттар тіркеу бөлімі және тестілеу қызметімен біріге отырып құрастырады. Емтихан кестесін оқу жұмыстары жөніндегі проректоры бекітеді және студенттер мен оқытушылар емтихан сессиясы басталғанға дейін екі жұма бұрын ақпараттандырылады.

Емтихандар жазбаша, ауызша, тестілеу (кешенді тестілеу), кешенді сұрау және т.б. түрінде өткізіледі.

Тестілеу формасында екі немесе одан да көп пәндер бойынша кешенді емтихан өткізуге болады, бірақ мұнда бұл пәндер кәсіби бағытталуы немесе туыс болуы керек. Бұл арада емтиханның бағасы әрбір пән бойынша бөлек қойылады.

Емтиханды ауызша/жазбаша өткізген жағдайда билет 3 сұрақты кірістіруі керек. Егерде пән практикалық бағытты иемденсе, онда билетте 4 сұрақ болуы және онда 1 сұрақ студенттердің есептерді шешу қабілетін анықтауға бағытталуы керек.

Емтиханды тек рейтинг рұқсаты бар студенттер тапсырады – 100 балл. Рейтинг рұқсатын есептеген кезде ағымдық бақылау мен аралық бақылаудың бағалары ескеріледі.

Қорытынды баға тек білім алушы рейтинг рұқсат (рейтинг рұқсат бағасының 50% және одан жоғары) бойынша, сонымен қатар қорытынды бақылау (қорытынды бағадан 50% және одан жоғары) бойынша оң баға алған жағдайда ғана есептелінеді.

Үлгерімді ағымдағы бақылау пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды және емтиханның бағасы пән бойынша қорытынды бағалаудың 40% құрайды. Қорытынды бағаны есептеген кезде тіркеу бөлімі 0,6; 0,4 коэффициенттерін қолданады.

 

ҚБ = РБ1 (100) + РБ2 (100) 100+100/2
     

мұнда: РБ 1 – 1-ші рейтингілік бақылау;

РБ 2 – 2-ші рейтингілік бақылау;

ҚБ – қорытынды бақылау;

ҚБ – қорытынды баға;

2 - 2 рейтингілік бақылау.

Емтихан нәтижесін оқытушы емтихан тапсырылған күні емтихандық ведомостқа енгізеді және тіркеу бөліміне тапсырады (4,5,6-қосымша). Тестілеу қызметі «тест-емтиханның» нәтижесін 7-қосымшада көрсетілген форма бойыша толтырады.

Студент рұқсат алу рейтингілік бағанының және/немесе қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген жағдайда рейтингті қою және/немесе емтиханның өту күнінен бір күн ішінде шағымдана алады. Шағымдану комиссиясы отырысының нәтижелері хаттамамен безендіріледі (8-қосымша).

Қорытынды бақылаудың қанағаттанарлықсыз бағасы мен оң бағасын (жоғарылату мақсатында) қайта тапсыруларға рұқсат етілмейді.

Пәндер бойынша сынақ соңғы семестр ағымында тапсырылады. Сынақтың бағасы GPA (дифференциялдық сынақты есептемегенде) есептеу кезінде ескерілмейді, бірақта сынақ диплом алу үшін қажет. Сынақ 9,10,11-қосымшаларға сәйкес безендіріледі.

3.1. Курстық жобалар/жұмыстар емтихандық сессия басталғанға дейін қорғалынуы және сол пән бойынша емтиханға рұқсат алу нысаны болуы керек.

Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы оны орындау бойынша әдістемелік ұсыныстармен анықталынуы керек және баға оны қорғап отырған студенттің көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.

 


Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 138 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)