Читайте также:
|
|
Стандарттың мақсаты қауымдасқан ұйымдарған салынған инвестиция есептілігін және қауымдасқан ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестиция есептілігін даярлағанда үлестік әдісті қолдануға қойылатын талаптарды береді.
Егер ұйым инвестиция алушының дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20 пайызына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес ұйымдар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестиция алушының дауыс беру құқығы бар акцияларының 20 пайызынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес ұйымдар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалға ие болуына кедергі жасауы міндетті емес.
6. Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
(a) инвестиция алушының директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі;
(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты құру барысына қатысуы;
(c) инвестор мен инвестиция алушыны арасындағы ірі операциялар;
(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы; не
(e) маңызды техникалық ақпарат беруі.
7 Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында ұйымға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлеуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлеуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлеуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.
8 Әлеуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын-қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктердің сол әлеуеттік құқықтарын қоспағанда, әлеуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (әлеуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез-келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен байланыста) зерделейді.
9 Ұйым инвестиция алушының қаржылық және операциялық саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан ұйым мемлекет тарабынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарабынан бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін.
Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав