Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Резервтер есебіне жалпы сипаттама беріңіз

Читайте также:
  1. азақстан Республикасындағы тұрғын үй нарығы даму бағытының сипаттамасы
  2. Дәріс. Химико-технологиялық жүйелердің сипаттамалық қасиеттері мен тиімділік критерийі.
  3. Дамушы математикалық ойлаудың жалпы сипаттамасы
  4. Деуге арналған шикізаттарға сипаттама.
  5. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

· Резервтік капитал - акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивидендтерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарғылық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы больш табылады.

· Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».

· Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалар) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%-нен кем болмауы керек.

· Резервтік капиталдарды қалыптастырған (құраған) кезде 561 шоты дебеттеледі де, 551 шоты кредитгеледі.

· Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

· 621, 622, 687 — артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивидендтердің есебінен төлеген кезде; 561-шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)», 562-шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» — зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

· Басқа да резервтік капитал есебі. 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.

· 552-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

· Қорытынды

· Жалпы және жеке меншіктің түпкі мәні ортақ болады. Бұлардың айырмашылықтары қарама-қарсылыққа жетпеген. Сондықтан жалпы меншік жеке меншікке, ал жеке меншік жалпы меншікке айнала алады. Бұл біріншіден. Екіншіден, меншік қоғамның экономикалық өмірінің түпкі, негізгі процестерін көрсете отырып, өзінің өзгеріп отырмауы мүмкін емес. Тыныштық хал-жәй бұзылады және осы ауытқулар, енді осы форманың өзінің ішінен айырмашылықтар (өзгешеліктер) тудырады. Осылай жалпы және жеке меншіктің бірнеше түрі пайда болады. Жеке меншік жеке адамдық (индивидуалдық), бірлестік (бөлінетін және бөлінбейтін), жалпылық, ассоциациялық дәрежеге жеткізілген, мемлекеттік, трансұлттық, монополиялық түрлер алады. Жалпы меншіктің мазмұны жалпылықтың (ортақтылық, бірлік) көлемімен және оның өкілеттігімен анықталады. Жалпы меншік отбасылық (үй шаруашылықтары), қауымдық, ассоциациялық, мемлекеттік, қоғамның (халықтың) дәрежесінде болуы мүмкін.

· Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып табылады.

 

54. Салық есептілігін жүргізу ерекшеліктерін көрсетіңіз

Салық есептілігі - Салық төлеуші, салық агенті салық органдарына табыс ететін салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратта бар кұжаттама. Салық есептемесінде мыналар қамтылады:

· салыктың әрбір түрі және бюджетке тәленетін баска да міндетті телемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетакы корына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша салық

төлеуші жасайтын салық декларациясы, есеп-қисабы;

· арнаулы салық режимдерін қолдануға патент алуға өтініштер;

· салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тіркеу және қайта тіркеу туралы өтініштер;

· қосылған күн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;

· қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттар нормаларын қолдануға берілген өтініштер; шот-фактуралар тізілімі;

· Салық кодексіне сәйкес электрондық мониторингке жататын. салық төлеушілер табыс ететін кұжаттама.

 

Салықтық есептілікбұл салық органына ұсынылатын және салық салу объектілері және салық салумен байланысқан объектілер туралы, сонымен қатар бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысқан салық міндеттері және басқа да мәліметтерді есептеу туралы мәліметтері бар салықтөлеушінің, салық агентінің жазбаша арызы немесе электрондық құжаты.

Салықтық есептілік формаларыдекларациядан немесе есептен, салық салу объектілері және салық салумен байланысқан объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан қосымшаның бөлінбейтін бөлігі болып табылатын қосымша формалардан тұрады.

Салықтық есептілікті ұсыну жағдайы:

Салықтық есептілікті ұсыну мерзімдері Салық кодексімен белгіленеді. Тарату салықтық есептілік ұсынылады:

Салықтық есептілікті ұсыну тәртібі салықтөлеуші, салық агентінің таңдауы бойынша анықталады:

қағаз тасушысында: электрондық түрде:
өзі келу тәртібінде өз офисінен хабарламаны кепілді жеткізу жүйесі арқылы
Пошта арқылы хабарламамен электрондық цифрлік қол қоюмен магнитті тасушыларда
  Салық органдары офистерінде орнатылған «Салықтөлеуші терминалы» бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы

 

«Электронды» салықтөлеуші электрондық цифрлік қолды (криптографикалық кілтті) алу қажет, ол үшін қажет:

Салықтық декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту салықтөлеушінің арызы негізінде ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетімен берілетін рұқсат негізінде жүзеге асырылады. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне қаралған кезде Салықтық декларацияны ұсыну мерзімін ұзарту – үш айдан артық емес.

Электрондық үлгіде салықтық декларацияны ұсыну мерзімінің ұзаруына рұқсатты осы декларацияны беру мерзімі болғанға дейін ұсынылатын, тіркеу орны бойынша салық органына арызды ұсыну жолымен алуға болады.

Электрондық үлгіде салықтық декларацияны ұсыну мерзімінің ұзаруына рұқсат ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұйрығы негізінде беріледі.

Салықтық есептілікті сақтау мерзімі - салықтөлеушілер, салық агенттері және салық органдары үшін:

Салықтық есептілікті сақтау мерзімі шағымдану мерзімі (бес жыл) кем дегенде бір күнтізбелік жылдан кейін өтетін кезеңге салықтөлеушімен, салық агентімен қосымша салықтық есептілікті ұсынған жағдайда бір күнтізбелік жылға ұазартылады.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 265 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)