Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты даму концепциясы

Читайте также:
  1. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  2. Р тұрақты даму жолындағы атқарлған іс-шаралар мен стратегиялық жоспарлары.
  3. Р тұрақты даму тұжырымдамасы.
  4. Тұрақты даму жөніндегі халқаралық конференциялар мен конвенциялар.
  5. Тұрақты даму индикаторлары мен индекстері
  6. Тұрақты даму стратегиясының негізгі факторлары мен принциптері

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу әрекетімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс. Себебі, планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

Экологиялық проблемалар алғаш рет Рим клубының баяндамасында талданды. Рим клубы – дүние жүзінің 30 елінен адамзат дамуының болашағы туралы ойланатын ғалымдарды, қоғам қайраткерлерін және іскер адамдарды өзінің қатарына біріктіретін халықаралық үкіметтік емес ұйым. Рим клубын 1968 ж. Италия іскері Аурелио Печчеи құрған. Клуб мүшелерінің күш-жігерлері, ақыл-ойлары заманауи өзекті мәселелерді шешуді ғылыми үлгілеу деп аталатын жаңа бағыт құру арқылы мақсат еткен. Осылай бар адамзат мәселелерін Батыс және Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік деп бөлмей зерттейтін ЭЕМ көмегімен үлгіленетін ғаламдану немесе жаһандану деген жаңа ғылым пайда болды.

Рим клубының мақсаттары мынандай болып құрастырылған:

1. Әлемнің нақты мәселелеріне тереңінен үңілу.

2. Адамдардың адамзаттық қиыншылығын терең түсінуге, ұлттық шектеулермен ғана емес, ғылыми сананың қалыптасуына ықпал ету.

3. Қазіргі жағдайды түзетуге ықпал етуші жаңа қарым-қатынастар, саяси бағыттар және институттар құрастырылуға түрткі болу.

1970 ж. Клубтың жұмысына АҚШ профессоры Джей Форрестер жүйелік динамика деген әдісін пайдалана отырып, ауқымды математикалық үлгі құрды. Әлемдік жағдайдың дамуын негізгі өзара байланыста болатын бес айнымалы арқылы жүргізуге болады:

· Тұрғындардың саны;

· Капитал орналастыру көлемі;

· Қалпына келмейтін қорларды пайдалану

· Азық-түлік өндіру

· Ортаның ластануы

1972 ж. Вашингтонда бірінші рет «Ұлғаю шегі. Рим клубына баяндама» деген кітапты Д. Медоуз және т.б. ұсынды. Бұл авторлардың айтуынша адам санының артуы табиғи қордың таусылуына әкеліп соғып, 2030ж. қарай өндірістің артуын және ауыл шаруашылығының дамуын баяулатып, нәтижесінде адам саны күрт төмендеп, демографиялық апат орын алады. Егер ғылым мен техниканың жетістіктерінің арқасында қордың шексіз мөлшерін өндіруге болса, онда апатты қоршаған ортаның шектен тыс ластануынан күту керек. Егер қоғам табиғатты қорғау мәселесін шеше алса, адам санының және өнім өндірудің артуы жердің мүмкіндігі таусылғанша ғана байқалады, онан соң бәрібір дағдарысқа ұшырайды. Апаттан құтылу жолы жоқ, өйткені бес айнымалы экспонента бойынша өседі.

Ағылшын термині «Sustainable» (ұзақ, тұрақты, үзіліссіз) «Sustainable qevelopment» сөзі тіркесінде «Тұрақты даму» (ТД) деп аударылып, ең алғаш 1980 ж. Табиғат және табиғат қорларын қорғаудың халықаралық одағының «Табиғат қорғаудың бүкіләлемдік стратегиясы» деген баяндамасында пайда болды. Бірақ тұрақты даму түсінігіне әлемдік қауымдастық тек қоршаған орта және оның дамуы бойынша БҰҰ комиссиясы дайындаған («Брундтланд комиссиясы») «Біздің ортақ болашағымыз» (1987) атты баяндамасынан кейін ғана назар аударды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан). Тұрақты даму – табиғаттағы заттардың сақтаудың басты қағидасы ретінде, тіршіліктің алуан түрлілігін азайтпауы, қоғам мен табиғатты құрайтын, әр түрлі деңгейдегі әлеуметтік экожүйелердің динамикалық тепе-теңдігін сақтауды көздейді.

1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1987 жылы бірнеше жылғы жұмысынан кейін Комиссия әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешпей, экологиялық мәселелерді шешу мүмкін емес және тұрақты даму туралы кең ауқымда айту керек деген қорытындыға келді. Тек соның қорытындысы Рио-92 аясында қабылданған өркениеттің тұрақты даму деңгейіне шығу қажеттілігі туралы шешімінің теориялық-әдіснамалық және тұжырымдамалық негізін құрады.

«Брундтланд комиссиясының» құжаттарында және Рио-92 материалдарында тұрақты даму табиғи ортаның азуына әкеліп соқтырмайтын тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін даму деп анықталған. Және де тұрақты даму деңгейіне шығу осы ұрпақтың да келер ұрпақтың да сұранысын қанағаттандыратындай болу керектігіне баса көңіл бөлінген. 1992 жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 595 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)