Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тұрақты даму жөніндегі халқаралық конференциялар мен конвенциялар.

Читайте также:
  1. Кіші бөлімі. Әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары
  2. Р тұрақты даму жолындағы атқарлған іс-шаралар мен стратегиялық жоспарлары.
  3. Р тұрақты даму тұжырымдамасы.
  4. Тұрақты даму индикаторлары мен индекстері
  5. Тұрақты даму концепциясы
  6. Тұрақты даму стратегиясының негізгі факторлары мен принциптері

1972 ж. бастап әлем ғалымдары табиғи қорлар таусыла бастағаны туралы, индустрияның дамуы өзінің шегіне жеткені және әлемнің тұрақты дамуының жаңа тұжырымдамасы керектігі туралы дабыл қақты. 1972 жылы Стокгольмда БҰҰ жанынан арнайы ЮНЕП құрылымы құрылды. Бұл құрылым БҰҰ қаржысын қоршаған ортаны қорғаудың әртүрлі халықаралық бағдарламалар қарастырылып, іске асырылды. Сол жылы сол қалада БҰҰ қанатынының астында қоршаған ортаны қорғау туралы конференция өтті, онда бірінші рет мониторинг ұғымын анықтау туралы қажеттілік туды.

Риодағы конференция бірнеше қорытынды құжаттар қабылдады. Олардың үшеуі: «ормандарға қатысты ұстанымдар бойынша өтініш», «климат өзгеруі бойынша БҰҰ конвенциясы», «биоалуантүрлілік туралы конвенция». Құжаттар өздерінің аттарымен «адам ­- табиғи орта», жүйесінің жанды жерін ­ биоалуантүрліліктің, орман алқаптарының азаюы және климаттың өзгеруін ­ көрсетіп тұр.

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» тұжырымдамасын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. БҰҰ-ның 1992 жылғы Рио-де-Жанейродағы жиында арнайы «Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенция» қабылданды

1997 жылғы Киотодағы БҰҰ халықаралық саммитінде «Атмосфераға таралатын зиянды газдарды шектеу туралы хаттама» қабылданды. Оны қазіргі таңда әлемнің 181 мемлекеті ресми түрде бекітті. Хаттамада жанар-жағармайдан ауаға таралатын зиянды газдардың көлемін 1990 жылғы деңгейге қайта жеткізіп, 2008-2012 жылдары 5,2 пайызға дейін азайту қарастырылған.

Қазақстан Республикасы 1996 жылы БҰҰ шөлденуге қарсы күрес конвенциясына қол қойып, 1997 жылдың 7 маусымында оны ратифицирледі. 2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Рамсар Конвенциясын бекітіп, 2007 жылдың мамыр айында өз күшіне енді. 2005 жылдың желтоқсан айында Қазақстан жабайы жануарлардың өрістеуші түрлерін сақтау туралы Бонн Конвенциясын бекітіп (СМВ Конвенциясы), онымен 2006 жылдың мамыр айында бірікті.

«ХХІ ғ. күн тәртібі» ғалами бағдарламасы әлемдік қауымдастығы өркениеттің ХХІ ғ. алдындағы мәселелерін шешуге бағытталған. Бағдарлама төрт тарауға топтастырылған:

1) әлеуметтік және экономикалық тұрғы

2) даму мақсатымен қорларды қорғау және тиімді пайдалану

3) тұрғындардың негізгі топтарының маңызын күшейту

4) іске асыру құралдары.

Бұл бағдарламада және «РИО+10» халықаралық саммит материалында (Иоханнесбург, 2002) болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер шешілуі қарастырылған.

«XXI ғ. Күн тәртібі» құжатында қарастырылған ұстанымдар мен ұсыныстар мыналар:

· дамуды тұрақты ету дегеніміз қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қатер туғызбайтын даму;

· тұрғындардың, тұтынудың және жердің тіршілікті қолдау қабілеті арасында тұрақты тепе - теңдіктің болуы;

· экономиканың артуы ғаламшардың экологиялық мүмкіндігінің шегінде жатуы керек;

· экономиканың өсуімен қатар бір мезгілде энергия, шикізат шығыны мен қалдықтар өндірудің азаюын қамтамасыздандыру;

· барлық әлем үшін жер ұзақ уақыт барысында көтере алатын тұтынудың теңестірілген құрылымын анықтау;

· өндірістің орталықтануының және өркениеттену қарқынын төмендету;

· биологиялық алуан түрлілікті сақтаудың іс шараларын жүргізу;

· теңіз деңгейінің көтеріліп кетуіне алып келетін (жер тұрғынының көбі теңіз жағалауындағы 60 км аумағында тұрып жатыр) ғалами жылынуға қарсы тұру;

· пестицидтерді өсімдіктер қорғаудың биологиялық құралдарымен айырбастау;

· қалдықтар өндіру деңгейін, оның ішінде радиоактивті, азайту;

· қор қолдану мәселесінде жергілікті тұрғындар пайдаланатын дәстүрлі білімдерінің және әдістерінің құндылығын мойындау;

· ЖҰӨ сияқты көрсеткіш экожүйелердің тұрақтылығы туралы жеткілікті ақпарат бере алмағандықтан, дамудың жаңа көрсеткіштерін құрастыру;

· әртүрлі мемлекеттерде заңдар мен ережелердің бірдей болуын қадағалау;

· табиғи қор бағасының толық есебін жүргізу;

· жер мен табиғат қорын жалпы ұлттық байлық ретінде қарастыру;

· өндірілген тауар құны салыстырмалы жетіспеушілікті және қордың жалпы бағасын көрсетуі керек;

· қайта өңдеу, бумалау материалдарының көлемін азайту;

· экологиялық сараптауды жобаны іске асырмай тұрып жүргізу;

· дамыған елдердің ЖҰӨ 0,7 % барлық әлемді дамытуға көмекке жұмсалу;

· дамушы мемлекеттерде ғалымдар санын көбейту, соның ішінде олардың оралуын;

· дамушы мемлекеттерге экологиялық таза технологияларды беру;

· үй шаруашылығы жұмысын қоса алғанда, ақы төленбейтін жұмыстардың құнын есептеу;

· тұрғындардың қоршаған орта туралы ақпаратты білуге құқығын қамтамасыздандыру;

· азық - түліктің тұрғындар денсаулықтарына және қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат жазылған тауарлық жапсырмаларға экологиялық ақпарат және басқа мәліметтерді жазу;

· экологиялық қауіпсіз өнімдер шығаратын өндірістерді қолдау;

· «ластаған адам жауапкершілікке тартылып және ластауды жоюға жұмсалатын шығынды мойнына алады»;

· 1996 жылына қарай әрбір орган жергілікті «XXI ғ. Күн тәртібін» құрастыру;

· барлық мемлекеттерде қалың әлеуметтің қатысуымен қызметтің ұлттық жоспарын құру.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. «Тұрақты даму» тұжырымдамасын сипаттаңыз.

2. Тұрақты даму факторларын атап беріңіз.

3. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер.

4. Тұрақты даму индикаторларынқалай түсінеміз?

5. Тұрақты даму индекстері дегеніміз не?

6. Рим клубы және оның мақсаттары.

7. 1972 жылы Стокгольмда БҰҰ жанынан қандай құрылым құрылды және оның мақсаты не?

8. 1992жылдың Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы қандай бағдарламалар қабылдады?

9. «РИО+10» халықаралық саммиті қай қалада және қай жылы өтті?

10. «XXI ғ. Күн тәртібі» құжатында қарастырылған ұстанымдар мен ұсыныстарды атап беріңіз.

 

Дәріс №12


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 412 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)