Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер сілкінуді зерттеу Әдістері

Читайте также:
  1. Газоконденсатты зерттеулер кезінде қандай параметрлерді анықтайды?
  2. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница
  3. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница
  4. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница
  5. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница
  6. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница
  7. Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница

ЖОСПАР

КІРІСПЕ.. 2

1.ЖЕР СІЛКІНУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ. 3

2.ЖЕР СІЛКІНУІНІҢ ЖЕР БЕТІНДЕГІ ТАРАҒАН АЙМАҚТАРЫ... 5

3.ЖЕР СІЛКІНУІН БОЛЖАУ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ТҰРАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС САЛУ.. 6

4.ТЕХНОГЕНДІК ЖЕР СІЛКІНУ.. 9

5.ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР.. 10

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 13

КІРІСПЕ

 

Жер сілкінісі деп жер қойнауындағы жыныстардың орнынан жылжуынан туған кенет және жойқын шайқалыстарды айтады. Геофизиканың жер сілкінуін зерттейтін саласы сейсмология (грекше «сейсма» - сілкіну, шайқалу) дейді. Сейсмология нәтижесінде ғалымдар жердің ішкі құрылысын анықтады. Сейсмикалық толқындарды қолдан тудыру арқылы геофизиктер жеке аймақтардың астыңғы ішкі құрылымдарын толық анықтай алатын болды.

Жер сілкінуі - табиғаттың өте бір қаһарлы да, қауіпті да көрінісі және жер қойнауында жойқын энергия қорының, оның дүлей күшінің айғағы. Әйгілі ғұлама А.Гумбольдт жер сілкінудің әсерін мынадай жолдармен сипаттаған болатын: «Бұл құбылыстан құрлықтың мызғымас қимылсыз күйіне туғаннан бергі сеніміміз жоғалғанын қайтерсің... Жай түскендей қас қаққанша аяқ астымыз шайқалып, табиғаттың дүлей күші қаһарын көрсеткенде бұрынғы сенімімізден түк те қалмайды».

Әлемде жыл сайын мыңдаған жер сілкінуі өтеді, дегенмен осылардың тек екеу-үшеуі ғана мекендерді қиратып, он мыңдаған адамдарды құрбандыққа шалатын ең күшті жер сілкінуге жатады.

Мұхит жағалауы сілкінген шақта мұхиттарда жойқын цунами (жапонша шығанақ толқыны) толқындары пайда болады. Лиссабон жер сілкінуінен мұхитта биіктігі 26 м толқын көтеріліп, жағадан 15 км-ге шейінгі тұста толқын «жалап» өткен. Портта тұрған 300 кемені толқын жағаға доптай лақтырып, талқанын шығарған. Чили жер сілкінуінен туған цунами Тынық мұхитты сағатына 1000км жылдамдықпен кесіп өтіп, 2-3 дүркін Жапон аралдарына соғылды.

Сонымен, жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетінде ол тік немесе көлбеу бағыттағы дүмпу ретінде байқалады. Кейінгісі-жер қойнауындағы бір ошақта кенеттен болған жыныс массасының жылжуынан өршіген серпімдік шайқалыстың дүмпуі. Жыныс жылжуы ошақтан өтетін тектоникалық жарықтарда болады. Мысалы: Армениядағы алғашқы жойқын сілкінуден соң 1989 жыл бойында бірнеше рет күші әжептәуір сілкінулер байқалды. Осындай қайталау дүмпулерді афтершоктар (ағылшынша «афтер» - соңғы, кейінгі. «шок» - соққы) дейді.

Жер сілкіну тек жарық бойындағы қозғалыстан тумайды. Ол жанартаулардың атқылауынан, карстың үңгір, қуыстарының төбесінің опырылуынан, адамның инженерлік әрекетерінен де туады. Кейінгісін техногендік сілкіну дейді.

Тектоникалық ығысуға қарағанда жер сілкінудің күші де, аумағы да шамалы. Жанартаулардың атқылауы алдындағы магманың кратерге қарай көтерілуінен, содан пайда болған қысыммен байланысты жер сілкінеді. Ендеше, вулканды өлкелердегі жер сілкінуіне қарап, жанартаудың атқылауын күні бұрын болжауға болады. Осылайша 1975 және 1984 жылдары Камчаткадағы Плоский Толбачик пен Ключевская жанартауларының атқылау мезгілі дұрыс болжалынды.

 

ЖЕР СІЛКІНУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

 

Сейсмологияда алдымен қолданылатын түсініктер мынадай: гипоцентр (фокусы) жер сілкіну болған жер қойнауындағы оның ошағын атайды да, эпицентр деп сілкіну толқынының жер бетіне шыққан түсін айтады. Сілкіну күші бірдей тұстарды қосатын сызықты изосейста деп, оның сілкіну күші ең жоғары сызықпен шектелгенін плейстосейстік (латынша «плейсто»-ең жоғарғы) аймақ деп атайды.

Эпицентрдегі сілкіну күші оның ошағының тереңдігіне байланысты: ошағы терең болған сайын күші шамалы; ал неғұрлым ошағы терең, күші басым болса, соғұрлым эпицентрдің аумағы кең. Мұндай жер сілкіну көбінесе тік бағытта тарайды, дегенмен оның жазық бағыттағы құрамы да болады. Мысалы, 1902 жылы Андижанда сілкінуден кейін құлпытас бағаналар сағат тілінің айналу бағытымен 7°-ке орнынан бұрылыпты. Жер шайқалуын сейсмикалық толқындар дейді. Олар қума, көлденең және беткі түрлерге ажыратылады. Қума толқындар сейсмо сәулесінің бойымен тарап, өзі әсер еткен ортаны алма-кезек қысып, созады. Көлденең толқын сейсмо сәулесіне көлденең тараған синусоида құрады да, өзі өткен заттың пішінін өзгертеді, көлемі бұрынғы күйінде қалады. Беткі толқын алдыңғы толқындардың толқындардың жер бетінде өзгеруінен пайда болады.

Жер сілкінуін сейсмограф деген аспаппен өлшеп, тіркейді. Олардың барлығы маятникке негізделген. Басқаша айтсақ олар іргесінің тербелуіне қарамастан, қашанда болсын өз бағытын өзгерпейтін тіркеуіш зат. Іргетасына ол серіппемен бекітіледі. Тіктеуіштің кейбірі тік бағытта, енді бірі жазық бағытта тербеледі. Тербелісті жарық немесе электр сигналына аударып, оларды дәл бір жылдамдықпен айналатын барабан бетіндегі қағазға түсіріп отырады.

Рихтер шкаласы:

1 балл - топырақ дірілдегенін тек аспаптар ғана сезеді.

2 балл - тек тып-тыныш жатқан адам ғана сезеді.

3 балл - кейбір адамдар ғана байқап қалады, төбедегі шам шайқалады.

4 балл - көптеген адамдар байқайды, есік-әйнектер дірілдейді, ыдыс-аяқ сыңғырлайды.

5 балл - асулы тұрған бұйымдар шайқалады, төбенің сылақтары түседі, әйнек сылдырлайды.

6 балл - қабырға сылақтарында жарықшақтар пайда болады.

7 балл - кейбір үй-жайлар бұзылады, қабырғаларда, мұржаларда жарықшақтар пайда болады, жеке кесектер құлап түседі, ылғалды топырақтарда жарықшалар көрінеді.

8 балл - үй-ғимараттардың қабырғалары жарылып, бағана, мұржа, корзиндер құлайды.Тау бетінде көлденеңі бірнеше см жарықшақтар түзіліп, беткейлер опырылып, көшеді.

9 балл - қабырғалар, төбелер құлайды, кейбір үй-мекендер қирайды. Тау беткейі құлап, төмен сырғиды, грунтта ені 10 см-ден астам жарықшақтар пайда болады.

10 балл - ғимараттар құлайды, беткейлер құлап, сырғиды, грунтта 1 м-ге жететін орлар қазылады. Өзен аңғарларында бөгеттер тұрып, көлдер пайда болады.

11 балл - үй-құрылыстар түгелдей қирайды. Жер бетінде айғыздаған жарықтар, жар-кемерлер қаптайды, тау бөктерлері опырылады.

12 балл - өлкенің жер бедері өзгереді, алып опырықтар мен сырғымалар пайда болады, өзен аңғарларының ағыс жолы өзгереді, олардың бойында сарқырамалар, апан-көлдер туады.

 


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 288 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР | Абіотичний фактор вода | Антропогенні фактори | Список спеціальної літератури для підготовки питань на залік |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Symbiosis and evolution| ЖЕР СІЛКІНУІН БОЛЖАУ МЕН ОҒАН ҚАРСЫ ТҰРАРЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС САЛУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)