Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Жумадилов Біржан Қайратұлы

Шетел тілін оқытуда оқушылардың мәдениет аралық қарым-қатынас құзіреттілігін қалыптастыруда ақпараттық технологияның ролі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»

Алматы 2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Жалпыуниверситеттік гуманитария пәндері кафедрасы
«Қорғауға жіберілді» ___________________ Жалпыуниверситеттік гуманитария пәндері кафедрасының меңгерушісі пед. ғылымының докторы Ш.Б. Бәйнеш «__»____________2014ж.    
    ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Шетел тілін оқытуда оқушылардың мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияның ролі» 5B011900 – «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша
Норма бақылаушы, магистр ______________С.Сайлаубайулы «___» _______________2014 ж. Диплом жұмысының жетекшісі, пед. ғылымының докторы ______________ Құлбекова Б. «__» ________________2014 ж.
   
    Орындаған _______________ Жумадилов Б.  
Алматы 2014

 

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

 

5B011900 – «Шет тілі: екі шет тілі»

«БЕКІТЕМІН»

Кафедра меңгерушісі

п.ғ.д. Ш.Б.Бәйнеш

___________________

«___»__________201_ж.

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА ТАПСЫРМА

Студент Жумадилов Біржан Қайратұлы

1. Жұмыстың тақырыбы Шетел тілін оқытуда оқушылардың мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияның ролі

«__»____________201_ ж. №____ университет ректорының бұйрығымен бекітілді

2. Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі 05.06.2014ж

3. Жұмысқа пайдаланылған негізгі мәліметтер

а) диплом жұмысы бойынша жоспар-тапсырма;

б) диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жиналған материалдар;

в) тақырып бойынша әдебиет.

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны

а) «Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік» ұғымына анықтама

б) Шетел тілін ақпараттық технология арқылы оқыту ерекшеліктері

в) Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты

5. Ұсынылатын негізгі әдебиет:

1) Браун П., Левинсон С., „Принцип вежливости“ 1999.-10-12 б.

2). Бим, И. Л. Модернизация структуры и содержания школьного языкового

образования (иностранные языки) Текст. / И. Л. Бим // Иностранные языки в школе. 2005.-№ 8. - С. 2-6.

3) Ү.И.Көпжасарова., А.С.Далабаева. Көптілді білім беру саласында

ақпараттық технологиялардың рөлі. ҚарМУ хабаршысы педагогика сериясы. -2010.-№1, 81-85 б.

4) Нұртаева Э.Е. Болашақ мұғалімдерді электронды оқулықпен жұмыс істеуге даярлау. – Алматы: -2007-15 б.

 

Тапсырманың берілген уақыты __________________________

 

Жұмыс жетекшісі ________ Ш.Б.Бәйнеш

 

Тапсырманы орындауға

қабылдаған студент ________ Б.Қ.Жумадилов

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ.................................................................................................................    
1 Шетел тілін оқытуда оқушылардың мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастырудың теориялық негіздері.............................  
1.1 «Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік» ұғымына анықтама  
1.2 Шетел тілін ақпараттық технология арқылы оқыту ерекшеліктері.......    
2 Шетел тілін оқытуда мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілікті қалыптастыру мүмкіндіктері................................................................................  
2.1 Оқушылардың мәдениетаралық қарым - қатынас құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары............................................  
2.2 Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты.......  
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................  

 

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының көлемі – 65 бет

Кестелер саны - 3

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі - 61

Түйін сөздер: шетел тілі, мультимедиалық құралдар, ақпараттық технология, мәдениетаралық қарым-қатынас, құзыреттілік, педагогикалық мақсат.

Зерттеудің мақсаты: орта мектепте мультимедиалық құралдар мен интернет ресурстарды пайдалану маңыздылығын теориялық тұрғыда негіздеу, тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

- шетел тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді тәсілдерін айқындау; - шетел тілі сабағында интернет ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу әдістері: ақпараттық, ғылыми және әдістемелік әдебиетті талдау, теориялық талдау, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, жинақтап қорытындылау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

-шетел тілін оқытудағы ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері талданды; -шетел тілі сабағында білім беру үрдісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдау тиімділігін арттыратын әдістердің тиімділігі анықталды;-мәдениетааралық қарым- қатынас құзыреттілікті қалыптастырудағы ақпараттық технологиялардың рөлі айқындалды. -шетел тілін үйретудегі ғаламтор дереккөздерінің пайдаланудың тенденцияларын айқындауға талпыныс жасалды;

Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары мультимедиалық құралдардың көмегімен шетел тілін оқытудың тиімді жолдарын анықтау мен интернет ресурстардың оқыту үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ой қосуы мүмкін. Электронды оқулықтар мен интернет ресурстарды қолданып өтетін дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ барысында пайдалануға болады.

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» атты тақырыпта оқыған лекциясында: «Осы заманғы әлем жаһандану кезеңін – адамзаттың біртұтас ақпарат және коммуникациялар кеңістігінде жан-жақты бірігу, бүкіл планетаның біртұтас экономикалық рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде» деп атап көрсетті. [1]. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар білім беру саласында ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім беру үрдісін компьютерлендіру ең маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады.

ҚР «Білім туралы» заңында белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім беру саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады [2]. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

Жалпы білім сапасын жақсарту жолдары жасалып жатыр және оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге көп көңіл бөлінуде. Дегенмен, оқыту үдерісінде компьютерлік технологиялардың қарқынды енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар мен оларды қолдану техникасы туралы әдістеменің жетіспеушілігінен шетел тілін үйрету үрдісінде компьютерлендіру жеткілікті дамымаған.

Жалпы оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу мен компьютерлендіру мәселесіне С.А.Бешенков, Б.С.Гершунский, А.П.Ершов, М.П.Лапчик, В.В.Лукин, Б.А.Досжанов, Ұ.Т.Нұрманалиева, С.Т.Сиргебаева, Б.Т.Абыканова, Г.Б.Таутаева, Ж.А.Қараев және т.б. ғалымдардың еңбектері арналған.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім беруді ақпараттандыру мәселесі бойынша төмендегідей негізгі ғылыми мектептер қалыптасып, кешенді зерттеулер жүргізілуде:

- профессор С.С.Құнанбаеваның мектебі шетел тілін оқытудың теориясы мен әдістемесін ақпараттандыру мәселелерін зерттейді: мәдениетаралық-қатынастық құзыреттілігін қалыптастыру Ә.Т.Чакликова, елтанымдық біліктілігін қалыптастыру Ж.А.Түселбаева; студенттерді АҚТ-ды пайдалануға әдістемелік даярлау Д.Е.Сағымбаева; шетел тілін оқытуда телекоммуникациялық технологияларды пайдалану А.Б.Нұрова, ағылшын тілін электрондық оқулықтар арқылы оқыту әдістемесі Ұ.Т.Нұрманалиева;

- профессор Б.Б.Баймұхановтың мектебі оқу үдерісіне компьютерлік технологияларды енгізу мәселелерін, әртүрлі бағдарламалық құралдарды қолданудың әдістемесін жасау мәселелерін зерттейді Б.Д.Сыдықов, Р.С.Шуақбаева, І.Ж.Есенғабылов, Г.А.Мадьярова және т.б;

- профессор Ж.А.Қараев және М.Б.Есбосынов, С.В.Рах, К.З.Халикова, Ж.С.Сардарова, С.Т.Мұхамбетжанова, Б.К.Төлбасова, Б.Абыканова, О.К.Ахметова және т.б ғалымдар ақпараттық-қатынастық технологияны жалпы орта білім беретін мектептің оқу үдерісінде, кәсіби дайындықта және жоғары оқу орындарында информатиканы оқытуда қолдану мәселесін қарастырған.

Шетел тілін оқытуда ақпараттық технологиялар арқылы мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастырудыұйымдастыру жолдарын жүзеге асыру жолдарын қарастыру зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып табылады.

Зерттеу нысаны: шетел тілін оқытуда оқушылардың мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыруда ақпараттық технологияның ролі.

Зерттеу пәні: шетел тілін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы.

Зерттеудің мақсаты: орта мектепте мультимедиалық құралдар мен интернет ресурстарды пайдалану маңыздылығын теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған тәжірибелік жұмыстың тиімділігін дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

- шетел тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді тәсілдерін айқындау;

- шетел тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламалар мен презентацияларды қолданудың тиімділігін көрсету;

- шетел тілі сабағында интернет ресурстарын пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу және түсіну дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу көздері: білім беру салаларында оқытудың ақпараттық технологияларын қалыптастыру мен енгізуге бағытталған, мерзімді басылымдарда жарияланған әлеуметтік зерттеу нәтижелері; шет мемлекеттерде (АҚШ, Германия, Канада, Франция, Ресей) білім беру жүйесін ақпараттандырудың, оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың іс-тәжірибелері; зерттеу тақырыбына байланысты психологиялық және педагогикалық әдебиет, тәжірибелік жұмыстар, озат мұғалімдердің іс-тәжірибесі, автордың жеке жұмыс тәжірибесі, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендер.

Зерттеу әдістері: қарастырылып отырған тақырып жөніндегі ақпараттық, ғылыми және әдістемелік әдебиетті талдау, теориялық талдау, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, жинақтап қорытындылау, оқу үдерісінде ғаламтор дереккөздерін пайдалану кезіндегі оқушылардың әрекетін бақылау, зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында талдау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, шетел тілін оқытудың мазмұнына, әдістеріне ақпараттық технологияларды жүйелі пайдаланудың дидактикалық негіздері анықталып, оқыту үдерісіне енгізілсе, онда оқытудың теориялық және практикалық деңгейі жоғарылап, білім сапасының артуына қол жеткізуге болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- шетел тілін оқытудағы ақпараттық технологиялардың жаңа мүмкіндіктері талданды;

- шетел тілі сабағында білім беру үрдісінің сапасын жоғарылататын және оқу материалын қабылдау тиімділігін арттыратын әдістердің тиімділігі анықталды;

- мәдениетаралық қарым-қатынас құзыреттілікті қалыптастырудағы ақпараттық технологиялардың рөлі айқындалды.

- шетел тілін үйретудегі ғаламтор дереккөздерінің пайдаланудың тенденцияларын айқындауға талпыныс жасалды;

Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары мультимедиалық құралдардың көмегімен шетел тілін оқытудың тиімді жолдарын анықтау мен интернет ресурстардың оқыту үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерін айқындау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ой қосуы мүмкін.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында көз жеткен нәтижелер мультимедиалық құралдарды мектептердегі шетел тілі сабақтарында оқуды ақпараттандыру мақсатында қолданылуы мүмкін. Атап айтқанда, электронды оқулықтар мен интернет ресурстарды қолданып өтетін дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ барысында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі – зерттеу жұмысы автордың теориялық ұстанымдарының әдіснамалық дәлелділігімен; зерттеудің ғылыми ақпаратының жүйелі құрылуымен; зерттеу әдістерінің кешенді қолданылуымен, зерттеудің бірегей міндеттерімен; эксперимент мәліметтерінің тиянақты талдануымен қамтамасыз етіледі.

Зерттеу базасы: Алматы қаласы, Ақсай 3а ықшам ауданы Қожа Ахмет Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясы

Зерттеу кезеңдері - Бірінші кезеңде зерттеудің негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеті анықталды, әдебиеттер зерттелді, зерттеу мәселелері бойынша материалдар талданды.

Екінші кезеңде мектепте ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас құзыреттіліктерін қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.,ам

Үшінші кезеңде зерттеу жұмысымызға теориялық және тәжірибелік тұрғыда жалпылама қорытынды берілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 «Мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілік» ұғымына анықтама

 

 

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Будапеште өткен Европа елдерінің білім министрлерінің екінші форумында Қазақстан Болон процесінің 47-ші мүшесі болып тіркелді. Қазақстан Орта Азия мемлекеттері арасындағы европалық білім кеңістігінің бірінші толыққанды мүшесі болып танылды. Осыған байланысты Қазақстанның білім беру бағдарламалары европалық стандарттарға сәйкес және жоғары білім туралы дипломдары Европа елдерінде мойындалып, түлектер Болон процесі мүшесі мемлекеттерінде қызметке тұру мүмкіндіктеріне ие болады. Соңғы жылдары шетел тілін үйренуге қажеттілік артып келеді. Мұндай құбылыс көптеген себептермен түсіндіріледі. Солардың бірі - әлемді тану, басқа елдің мәдениетін, әдеп-ғұрпын білуге деген қызығушылық. Олай болса, шетелдермен қатынастың өркендеуіне байланысты қоғамда тіл, мәдениет және әлеуметтенумен байланыстыра қарастыратын бағыт үздіксіз дамуда.

«Қазақстан – 2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізгілерінің бірі жоғарғы интелектуалды жастарды жан жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Елдің болашағы қазіргі жас жеткіншектердің қолында екенін сезінетін ұстаздар жаңа әдіс тәсілдерді қолдануда. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен белсенділігін арттырудың маңызы зор.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқытуды ізгелендіру қазіргі мектептердің алдында тұрған міндеттердің бірі. [3]

Оқушы жастардың әлемдегі озық білімді меңгерулері үшін, өзге ортамен еркін тілдік қарым-қатынас жасау үшін шетел тілін меңгерудің маңызы зор заман талабы болумен қатар, болашақта бәсекеге қабілетті маман болудың бірден-бір жолы. Сондықтан да қазір барлық білім беру, оқу орындарында шетел тілін, оның ішінде әлемде ең кең тараған ағылшын тілін оқыту қолға алынған.

Ерте заманнан бері білім ордаларының ролі тұлғаны қоғамда өмір сүруге, өз орнын табуға үйрету, тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, қазіргі кездегі педагогикалық үрдістің өзекті мәселесі оқушының өз бетінше жаңаша білім алу, қажетті ақпаратты жинай білу, жорамал жасау, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту. Білім берудің мақсаты оқушыға өмірде қажет дағдыларды қалыптастыру, өз мүмкіндіктерін, қабілетін бағалау сияқты іс-әрекет әдістерін меңгерту.

Түрлі халықтардың мәдениетіндегі тілдің атқаратын қызметін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Мәдени әдебиет тілінде тілге сипаттама былай деп түсіндіріледі: «Тіл – қоршаған ортаның шынайы келбетін, халықтың ой-өрісін, олардың ұлттық менталитетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және бүкіл әлем келбетін көрсететін мәдениеттің айнасы».[4] Әр адамның мәдени құндылықтары – білімі, материалдық және рухани мәдениеті, ұлттық танымы, салт-дәстүрі ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасау арқылы тілде сақталады. Тіл тұлғаның өзіндік құндылықтарын – менталитетін, халықтың салт-дәстүрін, әдеп- ғұрпын бейнелейтін айнасы. Тіл мен тұлғаның әлеуметтену байланысын шетел ғалымдары жіті зерттеуде. Америка ғалымдары көптілділік тәрбие берудің тиімді жақтарын анықтайтын зерттеулер жүргізді. Оның негізіне К.Грант жасаған үшдеңгейлі мәдени құзыреттілік моделі алынды:

1. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерден хабардар болу және түсіну; Басқа ұлттар және олардың қоғамдағы орны, тарихы, діни ұстанымдары туралы білім алу; Мектепте тәжірибе жинақтау.

2. Әлеуметтік әділеттілікке ықпал ету; Бірліктің қалыптасуына ықпал ету;

«Мен» -концепциясының қалыптасуына ықпал ету; Көптілділік білім алу;

Топ ішінде, ұжымда мәдениаралық білім алу.

3. Көптілділік және көпмәдениеттілік тәжірибені жоспарлау, іске асыру және бағалау; Әлеуметтік шындықтың практикалық қатынасы; Әлеуметтік өзгерістерге жағымды іс-әрекет; Әлеуметтік мәселелер туралы пікір-таластарды қолдау;[5]

Мәдениетаралық коммуникация” термині тар мағынасында әдебиетте 1970 – жылдары пайда болды. Сол кезге қарай мәдениетаралық қатынас жағдайларында коммуникативтік сәтсіздіктер мен олардың салдарын зерттейтін ғылыми бағыт та жасақталды. Соңынан мәдениетаралық коммуникация ұғымы аударма теориясы, шет тілдерді оқыту, салыстырмалы културология, контрастивті прагматика және басқа салаларға тарады.[6]
Қазір мәдениетаралық коммуникация саласындағы ғылыми зерттеулер тілдік қызметте мәдени шартты айырмашылықтарына және солардың салдарларына душарласқан адамдардың мінез – құлқына бағыт бұрған. Коммунниканттардың ахуалдық тілді іс - әрекеттерді айту және түсіндіру кезіндегі мәдени айырмалары сипаттау зертеу нәтижелері болды. Әуел бастан бұл зерттеулер үлкен қолданбалы мәнге ие болып, кросс - мәдени әсерлікті дамыту жөніндегі практикалық сабақтар (тренингтер) үшін сандаған жасалымдарда пайдаланылды. Мәдениетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан бастап „экзотикалық“ аталатын мәдениеттер мен тілдерге қатысты ғылыми орта мен қоғамдық санада қалыптасқан мүддемен идиологиялық жағынан бекіген соғыстан кейінгі әлемнің практикалық сұраныстарынан туған. Практикалық сұраныстар көптеген елдер мен аймақтардың қарқынды экономикалық дамуының, технологиядағы революциялық өзгерістердің, осыған байланысты экономикалық қызметін жаһандануының салдарынан шыққан. Нәтижесінде әлем елеулі „тарыла бастады“ әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы ұзақ байланыстың тығыздығы мен қарқындылығы мейлінше өсіп, одан әрі ұлғаюда. Экономиканың өзімен қоса білім, туризм, ғылым, кәсіби және әлеуметтік мәдениет арқылы коммуникацияның аса маңызды аймақтарына айналды. Бұл практикалық сұраныстар қоғамдық санадағы өзгерістермен, бірінші кезекте гуманитарлық және қоғамдық ғылымдарда евроцентристік жолдан постмодернистік бас тартумен қолдау тапты. Әлем мәдениетінің саналуандылығының шексіз құндылығын мойындау, отарлаушылық мәдени саясаттан бас тарту, дәстүрлі мәдениеттер мен тілдердің басым көпшілігінің омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер шары халықтарының бір – біріне қызығушылығының адамзат тарихындағы жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді.
Мәдениетаралық коммуникация зерттеулерінде психологиялық, социологиялық және лингвистикалық бағыттарды бөліп қарауға болады. Бұлай бөлу зерттеу объектісіне, сондай-ақ қолданылған әдістемеліктерге қатысты.[7]. Мәдениетаралық коммуникация саласында жұмыс істейтін социологтар осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер топтарында сауалнама жүргізу әдісін қолданады. Сауалнамалары адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды анықтауға бағытталған. Негізінен жұмыс орнындағы, іскерлік қатынастағы және бизнестегі мінез-құлық қарастырылады. Бұл социологиялық зерттеулердің іс жүзінде, бірінші кезекте қазіргі транснационалдық корпорацияларда қолданылады. Социологтардың белгілі бір мәдениет топтарына тән және олардың қадір тұтатын мінездері туралы мәліметтердің жиынтығының негізінде тиісті практикалық ұсыныстар жасалынып, арнайы мәдениетаралық тренингтер түрінде өткеріледі. Сауалнама жүргізудің келесі объективті аймақтары: ақпарат алмасу, әріптестермен қарым-қатынас, шешімдер қабылдау, шиеленісті жағдайлардағы мінез-құлық, басшыға көзқарас, жұмыс пен жеке өмірдің байланысы, инновацияға көзқарас. Зерттелген мәдени шартты мінез-құлық стереотиптерінің көп бөлігінің Хофстеде енгізген мәдениет параметрлеріне көтерілуінің мүмкін екендігі белгілі. Сондықтан мұндай жұмыстар көбінесе сол параметрлердің кейбір нақты ортада қалай болатынын тексеру сипатында жүргізіледі: сол уақыт кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп мәдени топтың жасына қатысты өзгерістер зерттеледі. Ауқымды социологиялық проблемалар мигранттардың әлеуметтік бейімделуімен, шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және тағы сол сияқтылармен байланысты.
Мәдениетаралық коммуникация саласында психологтарды, бірінші кезекте, мәдениет айырмашылықтарының интерпретация мен категоризация үрдістеріне ықпалы, тиісті мінез-құлық стереотиптерінің табиғаты қызықтырады. 1970-жылдардан бастап үрей, белгісіздік, категориялардың ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 1337 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница | кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ex.3. Translate into English.| Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)