Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

Ж.А. Қараевтың пікірінше "компьютерлік оқыту технологиясы өзіндік танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған методологиялық, психо-лингвистикалық, бағдарламалы-техникалық, ұйымдастырушылық құралдардың жиынтығы" болып табылады [29].

Оқытудың компьютерлік технологиясы оқытушы мен оқушының арасындағы қатынас формасын өзгертеді. Бұл өз кезегінде оқу мотивациясын күшейтеді, оқытудың қарқындылығын арттырады. Оқу мотивациясы дегеніміз - танып білуге ұмтылдыратын қозғаушы күштерді дамытудың әдістері, құралдары мен тәсілдері.

Оқытудың ақпараттық технологиялары - компьютерлік техниканың, телекоммуникациялық байланыс құралдарының, инструментальды бағдарламалық жабдықтардың жиынтығы [30].

Ал, мультимедиаға зерттеушілер түрліше анықтама береді:

Мультимедиа - әртүрлі типті ақпараттарды компьютердің ұсыну мүмкіндігін дамытатын және адамның мультисенсорлық табиғатына негізделген технология.

Мультимедиа - екі не онан да көп типті ақпараттарды интерактивті формада біріктіру.

Мультимедиа - әртүрлі формада ұсынылған ақпараттарды біріктіруге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдары кешені [31].

Шетел тілі сабағында білім беру траекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдардың бірі - интернет болып табылады. Интернет технологиясы жағдайында білім алудың дамуы, шетел тілін оқыту үдерісі мазмұнына да елеулі өзгерістер енгізді. Интернет мүмкіндіктерін тіл үйренуде пайдала білу, интернет арқылы құнды және ақпараттарды тиімді іздеп, таба білу аса маңызды. Сонымен қатар ғаламдық гипермәтінді ақпараттық жүйе (www), электронды кітапханалар, телеконференциялар, журналдардың электронды версиялары, виртуалды музейлер, электронды хабарландыру тақталары, электронды пошта жүйесінің шетел тілін үйренудегі ықпалы мен орны ерекше.

Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиа, гипермәтіндер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушыларды оқу үдерісінде белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үдерісін басқаруды да жүзеге асырады.

Қазіргі таңда мұғалімдердің алдында заманауй технологияларды пайдалану негізінде, оқу мазмұнын одан әрі жетілдіру үшін Әлемдік желіні қолдану мәселесі туындап отыр. Ғаламтор шетел тілін үйренуде бұрын белгісіз болған жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Оларға: сабақ мазмұнына желідегі материалдарды енгізу; жоба жұмысы бойынша оқушылардың жеке ізденістерін жүргізуге көмектесу; әр түрлі деңгейдегі желі материалдарын пайдалана отырып, оқушылардың оқуға деген икемділіктерін дамыту және жетілдіру; өзара хат алмасу нәтижесінде білім алушылардың жазу дағдысын дамыту; шет тілінің заманауи сөздіктерімен сөз қорын қалыптастыру; желі арқылы басқа елдердің мәдениеті, әлеметтік және экономикалық жағдайы туралы мәліметтер табу, оларды талдауды үйрену және т.б. жатады.

Оған қоса, ақпараттық жүйе ретінде Ғаламтор өз пайдаланушыларына басқа да ресурстарды ұсынады:

1) электронды пошта (e – mail);

2) телеконференциялар (usenet);

3) видеоконференциялар;

4) өз мәліметтерін енгізу мүмкіндігі, өзінің жеке бетін қалыптастыру (homepage) және оны Web – серверде орналастыру;

5) ақпараттық ресурстарға қолжетімділік;

6) анықтамалық каталогтар (Yahoo!, InfoSeek/UltraSmart, LookSmart, Galaxy);

7) ізденіс жүйелері (Alta Vista, HotBob, Open Text, WebCrawler, Excite);

8) желіде сөйлесу (Chat) [32].

Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық пошта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған.

Электрондық пошта - мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Элетрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үдерісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының оқушымен кері байланыс қамтамассыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы "диалог" шектеулі болады. Алайда оқушылар модельдік және телефондық каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электорондық почта консультацияның интенсивті үдерісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір нәнді игеруде кітапхаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы. Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды [33].

Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:

· оқудың негізгі бірлігі сабақ;

· оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;

· мектептегі оқыту кезеңі;

· сабаққа қатысу бәріне міндетті;

· сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;

· сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;

· оқыту барысын мұғалім басқарады.

Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі бар. Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Ағылшын сабағында тіпті бірыңғай технлологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрлінше болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды:

· жаңа сабақ өту;

· дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;

· білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;

· оқыту және білімді жүйелеу;

· білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;

· кіріктірілген сабақ.

Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.

Интерактивтік оқыту шет тілін үйренуде өте тиімді.Педагогикада, әсіресе шет тілдерін оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:

1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)

2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)

3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады.

Шет тілін үйренуде интерактивті оқыту моделін пайдалану - өмірлік ситуацияларды моделдеуді, рөльдік ойындарды қолдануды, мәселені бірлесіп шешуді қарастырады. Оқу процесінің қандайда бір қатысушысын немесе идеяны, яғни, жақсы оқитындарға ғана назар аудару сияқты ерекшелеуді шектейді. Бұл моделге адамгершілікпен, демократиялық жолмен келуді үйретеді.

Интерактивтік оқыту технологиясы – бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру.

Шет тілін үйретуде интерактивтік оқыту технологиясы:

1) Жұптасып жұмыс істеу.

2) Ротациялық (ауыспалы) үштік.

3) Карусель - Айналмақ.

4) Шағын топтармен жұмыс.

5) Аквариум.

6) Аяқталмаған сөйлем.

7) Миландыру /Мозговой штурм/.

8) Броундық қозғалыс.

9) Есептеу ағашы. /Дерево решений/

10) Өз атынан сот. /Суд от своего имени/

11) Азаматтық тыңдау.

12) Ролдік /іскерлік/ ойын.

13) Сығымдау методы. /Метод пресс/

14) Өз позицияңды ұстан.

15) Дискуссия.

16) Дебаттар.[34]

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ өткізуге – қашықтан оқу формасын кіргізуге мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының оқу уақыты мен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік жасайды, екіншіден, дәстүрлі білім алу мүмкіншілігінен айырылған адамдарға білім алу мүмкіндігін береді, үшіншіден, жаңа ақпараттың оқуға кеткен шығынды азайтады. Сонымен қатар, қашықтан білім алу жеке түрде білім алу мүмкіндігін күшейтеді. Ереже бойынша, қашықтан оқыту формасында электронды оқулықтар қолданылады. Бұл оқулықтардың тиімділігі, біздің ойымызша: біріншіден, олардың мобильдігі, екіншіден, компьютер желілерінің дамуына байланысты кез-келген жерде қолдану мүмкіндігінің болуы. Электронды оқулықтардың жасау ақпарат материалдарын үнемі жаңартып тұруға мүмкіндік жасайды. Электронды оқулықтарда жаттығулар мен мысалдар түрлері көптеп қарастырылады (беріледі). Сонымен қатар, электронды оқулықтар көмегімен білімді бақылау – компьютер арқылы тестілеу жүзеге асырылады.Қазіргі кезеңде қашықтан оқыту дүние жүзінде өте белгілі білім беру формасы болып табылады. Қазіргі кезде көптеген университеттер мен колледждерде қашықтан оқыту әдісі қолға алынып отыр. Халықаралық ақпараттық академия құрылды, бұл жерде 1998 жылы дүниежүзілік университет жұмыс жасайды, бұл университет үш елде – Ресей, Қазақстан және Бельгияда бар. Электронды оқулықтарды қолдану – берілген материалды оқушының саналы игеруіне көмектеседі. Сонымен, ақпараттық технологияның дамуы білім беруде әдістеменің жаңа әдістерін ойлап табуға мүмкіндік жасайды және сапасын арттырады.Қашықтан оқыту – білім берудің кешенді түрі, елде және шет елдегі халықтың басым бөлігіне арнайы ақпараттық жұйе арқылы (спутникті теледидар, радио, компьютер байланысы және т. б.) іске асады. Қашықтан оқытудың ақпаратты білім жүйесі оқушыны ақпараттық ресурстармен, бағдарламалық, ұйымдастыру-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етеді. Қашықтан оқыту жұмыс істей жүріп білім алу формасының бір түрі, адамның білім және ақпарат алуға деген құқығын жүзеге асырады. Яғни қашықтан оқыту білім берудің бір түрі, оқушы мен оқытушының уақыты мен орны бір уақытқа сәйкес келмесе де, білім алу мүмкіндігінің болуы. Егер де бұл анықтамамен келіссек, сырттай оқу қашықтан оқытуға ұқсас, бірақ жеке ерекшелігі жоқ [35].
Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаңа құрал ғана емес, бұл «face to face» моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация) көрсетеді.«Электронды оқулық» деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай айырмашылығы бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін, тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде, оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:Кері байланысты тез қамтамасыз етеді; Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл қиын; Уақыттыүнемдейді; Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т. б. (осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге мүмкіндік жасайды.Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін көрсетуге болады:

1. тексерусіз оқу;

2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында оқушыға бірнеше сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін анықтайды;

3. тестілеу(бақылау)[36].

Оқулықтың электронды варианты бақылау құралдарын да қамтиды, себебі, білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі. Отандық оқыту жүйесінде көп уақыт білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша формада өтті. Қазіргі кезеңде тестілеудің түрлі әдістері қолданылуды. Көп адамдар, әрине, бұл көзқарасты, олардың ойынша, тестілер қажетті дағдыларды, мысалы, анализ жасау, салыстыру және т. б. қалыптастырмайды. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар, оқушының бірден-бір өз бетімен жұмыс істеу құралы болып табылады.
Белгілі бір пәнді игеру үшін, теорияны ғана емес, практикалық дағдыларды, яғни тапсырманы орындау практикалық дағдыларды жинақтау керек екендігі белгілі. Бұл үшін оқытылып жатқан процестер мен құбылыстардың математикалық моделдерін құрып үйрену керек, шешімнің алгоритмін жобалап және бағдарлама түрінде жүзеге асыру керек. Бұл мақсатқа жету үшін электронды оқулық құрамына модельдік бағдарламалардың сериясы енгізілді, бұл моделді бағдарламалар структуралардың графикалық иллюстрациясын және алгоритмдердің жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл оқушылардың түсіну деңгейін көтеріп қана қоймай студанттің ойлау және сезу қызметін дамытуға септігін тигізеді. Жасалған жұмыс нәтижесі – электронды оқулық екі варианта жасалған: компьютерлік интернет желісі арқылы және аудиторияда оқыту процесі кезінде қолдану үшін. Ол заман талабына сай, компьютер арқылы оқыту құралы талаптарына сай. Біріншіден, заманға сай мультимедиялық ақпараттарды алу жолдарын (амалдарын) кіргізу мүмкіндігін кіргізеді, оқыту бағдарламасы ретінде. Екіншіден, білімді тексеру үшін интерактивті құралдарды кіргізу мүмкіндіктері, сонымен қатар, өзін-өзі тексеру мүмкіндігі және үшіншіден, қазіргі кезде оқулықтардың жетіспеуін байланысты электронды түрін дискетаға түсіріп, үй жағдайында компьютерде қолдануға болады. Егер де оқулықты серверге қойса, онда оның қолданылуына шек қойылмайды.
Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы жиі сөз болып жүр. Бұл жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа формалары мен әдістері, оқыту процесіне жаңаша қарау. Шетел тіліне оқытудың негізгі мақсаты студенттердің коммуникативті мәдениетін қалыптастыру мен дамыту, шетел тілінде іс-жүзінде сөйлеуге үйрету[37].

Оқытушының міндеті - әр оқушы үшін шетел тілін іс-жүзінде игеру мүмкіндігін жасау, әр студент өзінің шығармашылығын, белсенділігін көрсете алатындай оқыту әдісін таңдау. Оқытушының міндеті – шетел тіліне оқыту процесі кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін жандандыру. Қазіргі кездегі педагогикалық технологиялар, мысалы, жобалау әдісі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, интернет ресурстарын қолдану оқытудың жеке бағытталған жолын (амалын) қамтамасыз етеді.
Компьютермен жұмыс формасы, оқыту бағдарламалары бар, компьютермен жұмыс істеу формасы, шетел тілі сабағында мынадай жұмыстарды қамтиды:

- сөздермен жұмыс жасау;

- дыбыстап айту;

- сөйлеудің монологтық және диалогтық түріне үйрету;

- жазуға үйрету;

- грамматикалық құбылыстармен жұмыс жасау [38].

Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен. Оқушылар интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға, конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдердегі құрбыларымен хат алмасып тұруларына болады. Қазіргі кездегі шетел тілін игеруге қойылатын талап – шетел тілінде іс-жүзінде сөйлей алуға үйрету, оны күнделікті өмірде қолдана білу. Ақпаратты технологияларды қолдану интернеттің үлкен мүмкіндіктерін оқыту құралы ретінде ашады. Мәдениетаралық компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар компьютерлік технологиялар үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, виртуалды кеңістікке, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын Интернетке ену көптеген зерттеуші-әдіскерлермен аталған компетенцияны дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.Егер шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, студенттер Интернет тораптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып, виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұнда ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі, интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі тасушыларға ауыстырып салу және т.с. с.Интернеттің артықшылықтары пайдаланылады [39].
Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға, тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.
Дегенмен, Е. С. Полаттың көрсетуі бойынша, «қандай да болмасын оқыту құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты мақсаттарымен шартталған танымдық қызметтің ерекшеліктері бірінші кезекті болып табылады» [40]. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып табылады.Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отыра, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады:

- Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып, оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

- Желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіру;

- Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма және серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы өнімдерін дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру;

- Активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси құрылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ШТ лексикасымен толтыру;

- Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау жағдайында тілдік тәлімінің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін қамтитын мәдениеттанымдық білімдермен танысу;

- «Тірі» материалдарды жүйелі түрде қолдану мен «қызығушылық тудыратын» мәселелерді талқылау негізінде өзге тілді қызметтің тұрақты мотивациясын қалыптастыру

Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына қарамастан, оқытудың нәтижелері күткендей болмайды. Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай жататындығын, көптеген бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне жауап бере алмайтындығына, елеулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады. Басты мәселе, жаңа құралдардың кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етулердің болуымен қатар, оқытушының олардың пайдалану әдістемесін меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында.
Оқу үдерісіндегі орнына қарай оқу құралдары орын басу құралдарына кейбір жеке жұмыстарда оқытушылардың орнын ауыстыра алатын – ереже, таблица, көрнекі құралдар, оқу материалдары және оқытудың көмекші құралдары (тақта, магнитафон және теледидар) жатады.Бірақ бұдан да күрделі оқыту құралдары бар. Бұл оқытудың кешенді құралдары, оларға фонограммалар, фильмдер және әрине, компьютер бағдарламалары жатады. Оқытудың мультимедиялық құралдары оқытудың күрделі құралдарына жатады, бұл мұғалім еңбегінің жаңа қаруы.Компьютер бағдарламаларының қасиеттері көп екендігін практика көрсетті. Олардың ішінде жеке оқыту және оқушылардың өздік жұмыстарын дамыту.Жұмыс жасау барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Кейбір оқушылардың естіп-тыңдау қабілеті дамыған болуы мүмкін, кейбір оқушылардың көріп есте сақтау қабілеті дамыған болады. Жалпы, шетел тіліне компьютерлі технология арқылы оқыту ерекшеліктері төмендегідей сипатталады:

1. оқушының оқытушымен, парталас көршісімен жеке қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіншіліктің болуы;

2. тілдік және тілдік емес информация түрлі және кең көлемде пайдалана алу.

Мультимедиалы технологиялардың көмегімен мұғалімдер шетел тілін оқыту барысында сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай алады:

1. грамматиканы оқу (теория);

2. грамматиканы оқу (жаттығу);

3. лексиканы оқу;

4. жазу, сөйлем құрастыру;

5. ойын;

6. диктант жазу;

7. оқу;

8. дыбыстап оқу;

9. диалог (компьютермен) [41].

Ақпараттық құралдарды қолдану барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекетінде компьютерлік даярлықтары байқалдық. Мультимедиадағы бейнелер мен графикада шетел тілін сазды кескіндемелік анимациялық иллюстрациялар арқылы бере отырып, шетел тілін оқытуда үлкен маңызға ие болатындығын аңғардық. Бұл кездегі ұсынылған формалар, құралдар, политра, дизайн, лингвистикалық, көркемдік және т.б. шешімдердің үйлесім табуы шетел тілін үйрену үдерісіндегі оның мазмұнын толықтырады. Олар оқушының барлық сезім мүшелеріне әсер ете отырып, оның ойлау қабілетін арттырып, аналитикалық ойлауы мен бейнелік қабылдауының, есте сақтауының барлық түрлеріне қозғау салып, оқу ақпаратын толыққанды қабылдауына және тануына негіз салатындығын байқадық.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 373 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница | кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница| Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.02 сек.)