Читайте также:
|
|
Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық почта, мультимедиалық презентация, анимациялық суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде сөйлеу қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, оқытушылардың маңызды тапсырмасының бірі шетел тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеушінің шын жағдаяттарын құру болып табылады. Шетел тілін үйрету үрдісінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, әр түрлі дыбыстық презентациялар, бейне-конференция, анықтама каталогтары, жүйеде сөйлесу білім алушылардың бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу үрдісінде білім алушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, білім алушы ақпаратты жеңіл әрі тез қабылдайды және білім алушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде мектептегі оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей байланысты. Күнделікті сабақ барысында ақпараттық технологияны пайдалану - заман талабына болып табылады. XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр [51]:
· білім беру сапасын көтеру,
· компьютерлендіру,
· интернет,
· электрондық телекоммуникация құралдары мен
· электрондық оқулықтар даярлау.
Жоғарыда аталған тәсілдер оқушылардың заман талабына сай білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді.
Соңғы жылдары көз алдымызда адамдардың әлеуметтік, мәдени, ғылыми және өндірістік қызмет аясына тікелей әсер еткен компьютерлік революция бола алады. Компьютердің оқу үдерісіне де тигізетін өзіндік әсерін жоққа шығаруға болмайды. Жаңа ақпараттық технологияны адамзат қызметінің барлық саласында енгізу ақпараттық қоғамның басты көрінісі болып табылады. Компьютерлік техниканы үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану оқытудың педагогикалық технологиясы, оқытудың ақпараттық технологиясы, оқытудың компьютерлік технологиясының пайда болуына себеп болды. Сонымен біз осы ұғымдарға тоқталып өтуді жөн көрдік. Оқытудың компьютерлік технологиясы деп оқушының өз бетімен танымдық іс-әрекетін дамытуға, оқыту мен оқуды басқаруға, сондай-ақ оқу мен практикалық есептерді ойындық, адам-машиналы тұрғыдан шешуге бағытталған әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, бағдарламалық-техникалық және ұйымдастыру құралдарының кешенін айтады [52]. Ағылшын тілі сабақтарында өзім қолданып жүрген компьютерлік бағдарламамен жұмыс істеу түрлерін атап өтер болсам:
1. Лексиканы меңгерту. Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, азық түлік, сауда, киім, т.б.
2. Сөйлеу жұмыстары. Көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс
істеуді қарастырады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Бұдан соң диктордың сөзді айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Оқушылардың сөйлеу тілін дамытуда диалогтың да берері мол. Диалог – сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта тапсырмалар беру арқылы сұхбаттар құрылады. Диалогтік сөйлесуді естіп-тыңдаумен біртұтас та, жекелей де пайдалануға болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағдаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету - оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі.
Ауызекі сөйлесу – жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдерін былайша сараланады:
І кезең: диалогпен танысу; ІІ кезең: диалогті жаттау; ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яғни сөйлесім іс-әркетін қойылым іс-әрекетімен ұштастыру;
Жазуды оқыту. Жұмыстың бұл түрі сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір уақытта біріктіреді. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларының қай қайсы болмасын өз мазмұнынан грамматикалық жұмыс жүргізуді тыс қалдырмайды, белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмыстарын қамтиды.
Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.
5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезендерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады. Қазіргі заманда ғылымсыз жан-жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр. Аталған мәселені өзіміздің тәжірибемізге жүгіне отырып шешкіміз келеді. Әр баланың аз болсын, көп болсын өмірлік тәжірибесі болады. Баланың тамырын басып, сол тәжірибелерін анықтап, өмірдегі білімдерін туған жерін сүйіп, сыйлауға баулыса, меніңше әр оқушы іркіліп қалмайды. «Өз аулының тасын сыйламаған, өзгенің тауын да сыйламас», деп «жабылған қазанды жауып тастасақ» айналадағы әсемдікті сақтай алмаймыз. Қоршаған орта, әсемдік, туған жер туралы тек қана жағрапия сабағында емес, басқа сабақтарда да үнемі айта беру керек, тақырыпқа байланысты бір-екі сабақты табиғат аясында өткізсе тіпті тамаша болмай ма? Туған жерінің табиғатының көркемдігін көре біліп, сол сұлулыққа табына білмеген, әсемдікті қорғай білмеген балаға айналадағы осынау кереметті көрсетіп, күштеп емес, жүрегіне жеткізе білетін біз, мұғалімдер меңзеуші болуымыз керек. Пән мұғалімдері арасында да үнемі үзілмес байланыс болуы керек деймін. Мысалы: қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі мұғалімдері бір тақырыпты бір уақытта бастап, пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа біліп, байланыстыра отырып тіркес, сөйлем, қысқа әңгіме құра білсе бір оқу жылы ішінде біршама жетістікке жетер еді. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу - қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек [53]. Экономикадағы табыстар мамандардың біліміне, біліктілігіне байланысты екендігін білеміз. Сондықтан біз тек Қазақстанның ішінде ғана емес, әлем деңгейінде бәсекеге қабілетті жаңа мамандарды дайындай білуіміз керек. Қазіргі заман сабағы мұғалімсіз болмайды. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені жақсы мұғалім - мектептің жүрегі» деген екен [54].
2.2. Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты
Шетел тілін оқытуға әртүрлі жолмен жетуге болады. Әрбір амал өзінің пікірлесі мен қарсыластарын табады. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі осы электрондық оқулықтар болып табылады. Электронды оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстары мен тестерді, яғни бір мезгілде білім беру мен баққылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлдеқайда жоғары болады.
Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және басқа да электрондық кітапханаларымен толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үдерісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстарғанда электронды оқулықтың артықшылықтары туралы көп айтылуда.
Электрондық оқулықтардың ерекшелігі мынада:
- тілге үйрету кезеңдерінде табиғи тілдік ортаны қалыптастыру;
- -оқыту үдерісінде көрнекіліктің дидактикалық принциптері жүзеге асырылады;
- оқытуда оқушының жеке ерекшелігі ескеріледі;
- оқушылардың барлығы толық қамтылады;
- оқушылардың өз мүмкіншілігін жоғары деңгейде пайдалана алады;
- -тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу әрекеттері оқытуда сатылай ұйымдастырылады;
- өз білімдерін өздері бақылай алады;
- репетитор қызметін атқарады;
- нақты ақпарат таратушы;
- оқушының көңіл-күйіне әсер қалдырушы;
- нақты білім қалыптастырушы [55].
Шетел тілін коммуникативтік бағытта оқытуда мультимедиалық интерактивті технологияларды пайдалану жүргізілетін сабақтың тиімділігін арттырады, яғни оқушылардың сабақ материалдарын тез әрі терең түсінуін қамтамасыз етеді. Шетел тілі пәні өзге пәндерден шынайы тілдік ортаның қажеттілігімен ерекшеленеді. Ал сол ортаны жасанды түрде қалыптастыру мұғалімнің негізгі міндетінің бірі. Мультимедиалық құралдардың заманауи технологияларын енгізу – оқу үдерісінің мәнін байытады, оқушыларға қатты әсер етеді, балалардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады, оларды шетел тілін ақиқат өмірде қолдана алуға үйретеді және мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зерттеушілер шетел тілі сабағын өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі төңірегінде көптеген тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Ол зерттеулердің негізгі мақсаты заманауи оқыту әдісінің тиімділігі мен дәстүрлі оқыту әдісінен ерекшелігі.
Төменде электрондық оқулықты қолданылатын ағылшын тілі сабақтарының бірнеше үлгісі берілді. Тілді күнделікті үзбей оқып-үйренген оқушының кез келген ортада өз пікірін толық және анық жеткізуге машықталады. Білім деңгейі үнемі өсіп отырады, сөздік қоры байи түседі.
Сабақ жоспары:
Тақырыбы: "Unnatural Disasters"
Сабақтың мақсаты: жаңа лексиканы сөйлеу әрекетінде қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, және де дамыту, мәтінді оқу мен шетел тілінде сөйлеу арқылы оқушылардың түсіну дағдысын қалыптастыру.
Көрнекі құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, жаңа тақырыпқа байланысты дайындалған мультимедиалық презентация, видеодан үзінді, сұрақ карточкалары, тақырыпқа байланысты лексикалық бірліктердің тізімі.
Сабақты өткізу барысында жаңа нәтижелерге қол жеткізу үшін, оқытушы сауатты сабақ жоспарын ұйымдастырып, керекті материалдарды алдын-ала дайындау керек.
The plan of the lesson
Theme: Unnatural disasters (Opportunities Upper-Intermediate)
Type of the lesson: Listening and Speaking
The aim of the lesson:
1. Developing:
· To develop pupils’ cognitive mechanisms
· To develop their outlook
2. Practical:
· To form pupils’ listening skills
· To develop their communicative skills
3. Educational:
· To give language and speech material on the theme “Global issues”
· To give information about the natural disasters all over the world
Objectives:
· To practice speaking in pairs about the Poverty in our society
· To do the “Before you start” exercise
· To listen the text about the statistics of poverty in the world
· To do the exercises according to the listening task
· To show the pupils the slaid-show
· To watch the short fragment of the video
· To present the new words according to the new theme
· To convey the meaning of the unknown words
Visual aids: electronic textbook, cards, board, textbook, CD, slide-show, video
Learning outcome
Pupils will be able to:
1) To speak about the global phenomenon and the difference between the developed and developing countries
2) To know more about the general statistics of the world poverty and percentage of GNP
3) 3)To develop speaking abilities of pupils
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңінен кейін, ағылшын тілінде сабақ тақырыбы мен мақсаттары түсіндіріледі.
II. Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер интерактивті тақтада таблица түрінде, қысқаша анықтама беріліп таблица түрінде оқушыларға көрсетіледі.
III. Оқушылар жаңа сөздерді интерактивті тақтадан және мультимедиалық презентациядан көре алады, мәтіндегі қиын сөздерді бірнеше рет қайталайды.
1. Тапсырма: Read the following words after the speaker.
Мәтінмен жұмыс: "Natural Disasters"
2. Тапсырма: Listen to the text.
Одан кейін сөйлеу әрекетін дамытуға байланысты оқушыларға топтық тапсырмалар беріледі.
3. Тапсырма:
1. Төмендегі проблемалық ситуациялар бойынша диалог құру:
1-ші топқа "Соңғы бір жыл ішінде әлемде орын алған табиғи апаттар жайлы диалог құрастырыңыздар. Диалог құру барысында оқушылар екі түрлі елден келген оқушылардың рөлін ойнайды".Диалогты айтып болғаннан кейін сыныптағы басқа оқушылар белсенді түрде сұрақ қойып сабаққа араласып отырады.
2-ші топқа мынадай жағдаят ұсынылады: "Табиғи апат болған жағдайда үкімет басшылылары зардап шеккен тұрғындарға қандай көмек көрсете алады". Бұл жұмыс оқушылардың мұғаліммен пікір таласы ретінде дайындықсыз жасалады, дайындықсыз сөйлеудің әртүрлі тақырыптағы элементтерін сипаттайды: "Табиғи құбылыстар" және т.б.
Келесі кезекте электронды оқулықтан "Climate conference collapses" мәтіні тыңдауға беріледі. Бұдан кейін мұғалім оқушылармен тыңдалған мәтінді қазақша айтып берулерін сұрайды. Сонан соң оқушылар сөйлемдерді қазақшадан ағылшын тіліне аударады.
4. Тапсырма: "Our climate" тақырыбы бойынша шағын әңгіме құрастыру ұсынылады (әңгіменің негізі ретінде ағылшын тілінде тыңдалған мәтін алынады).
5. Тапсырма: Оқушылардың топ бойынша олардың тілдік және сөйлеу даярлықтарына байланысты жеке тапсырмалар бөлініп беріледі.
Белгілі уақыттан кейін бұл тапсырмалар талқыланады, мысалы, казіргі кездегі ауа ластығы мен зиянды газдардың көбеюі, олардың біздің климатымызға тигізетін зияны жайлы және т.б.
6. Тапсырма: Карточкамен жұмыс: тыңдалған мәтін бойынша берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқушылар аударуы тиіс.
raise - көтеру, көбейту
reduce - қысқарту
influence - әсер
pollution - ластануы
Жаңа лексикалық бірліктерді бекіту үшін бос орынға қажетті сөзді қою арқылы көрсетілген жаттығу жұмысы орындалады. Тапсырманың соңында оқушылар өздері орындаған жаттығудың жауабын мұғаліммен бірге тексереді.
7. Тапсырма: Грамматикалық жаттығу. Мұғалім ағылшын тіліндегі шақтарды оқушылардың есіне түсіріп, қайталауға арналған жаттығуды электрондық оқулық пен интерактивті тақта арқылы жасайды.
8. Тапсырма: Оқушыларға "Unnatural disasters" тақырыбына байланысты видеодан үзінді көрсетіледі. Үзіндіні көріп болған соң, оқушылар өз ойларын ортаға салып, видео жайлы пікірлерін жаңа сөздерді қолдана отырып ағылшын тілінде жеткізеді.
Қорытынды. Мұғалім оқушылармен бірге сабақты қорытындылап, сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың білімін бағалайды.
Үйге тапсырма. Табиғи апаттар жайлы қосымша оқулықтар немесе ғаламтор арқылы өзге де мәліметтер жинақтап, бірнеше топқа бөлініп слайдтар дайындау.
Тәжірибе барысында, ағылшын тілі сабағында біз электронды оқулықтар, мультимедиалық құралдар мен ғаламтор дереккөздерін пайдаландық. 1,5 ай көлемінде өткізілген тәжірибе нәтижесін біз оқушылардан тест бақылауын алу арқылы анықтадық. Екі сыныптың эксперимент нәтижелерін салыстыра отырып келесідей пайыздық көрсеткіштер шығардық. Бақылау жұмыстарының анализі көрсеткендей, оқушылар тәжірибе соңында лексикалық тапсырмалар мен грамматикалық тапсырмаларды сәтті орындап, сөйлеу және жазу дағдыларының да жоғарылығаның бақыладық. Тәжірибе нәтижесі ретінде біз оқушылардың компьютерлік технологияларды бұрынғыша тек ойын үшін ғана емес, сонымен қатар білім алу үдерісінде, жеке шығармашылық белсенділігін арттыруда да пайдалануға болатынына көздері жетті.
Шетел тілін оқытуда теледидарды пайдалану
Теледидарды белсенді және орынды пайдалану оқыту мазмұны мен процесін басқаруды едәуір жеңілдетуге жағдай жасайды. Ауызша шет тілде сөйлеуді оқытуда теледидарды пайдалану үйренушілердің сөйлеу қызметін белсендіру, көлемді жағдайлар жасауға олардың шет тілде араласуын ынталандыру және ұсынылатын жағдайларда негізгі коммерциялық құрал ретінде шет тілін оқушлардың меңгеруін бақылауды жетілдіру үшін мүмкін және мақсатқа лайықты болып көрінеді.
Теледидарды пайдаланумен жұмыс едәуір деңгейде берілген жағдайда көлемді бағдарламалар жасау, аудиторияда сабақтарда ауызша шеттілді сөйлеуді үйрету процесін икемді (шығармашылық) басқару үшін жаңа қосымша мүмкіндіктер пайда болатындығы айырмашылығымен бағдарламалу қағидалары бойынша құрылаы.
Оқу жұмысында келесі әдістемелік тәсілдер қолданылуы мүмкін:
- -диалог, монологиялық сөйлеу, жекелеген репликалар, тұтас коммуникациялық сюжет түріндегі шеттілді сөйлеу үлгісін көрсету;
- -шеттілді сөйлеу үлгілерін меугеруді басқарудың аудио-визуалды бағдарламасы;
- диктор – үйренуші жүйесінде ауызша тілді өзара әрекеттестік;
- сөйлеу пікірлерін мазмұны аудио-визуалды суреттеу.
Ал білім беру субъектілерінің ақпараттандырудың қазіргі жағдайына бейімделуі мәдени коммуникациялық үдерістерді тұрақтандырудың жаңа әлеуметтік механизмін жасап шығаруды, ақпараттық ортадан оқытудың жаңа түрлерін іздеуді талап етеді. Коммуникацияның теориясы мен практикасын меңгеру мақсатында интерактивті қарым-қатынаста коммуникацияның модулі ретінде жүзеге асыру бір уақытта мәтін, дыбыс және бейнені өз ішіне алатын сандық және интерактивті мултимедияларды қолдану арқылы орындау мүмкін. Коммуникация теориясы тілден және тілдік емес құралдарды қолдану мақсатын және сонымен қатар осы процестердің нәтижесін қоғамдағы динамикалық байланыстардың модулдерді зерттейді. Қарым–қатынас –бұл ақпараттық жағдайды және нақты объектінің әрекетін өзгерту мақсатында байланысудың бірлігі мәтін болатын сұхбат. Сапалы байланыс жасау үшін лингивистикалық, коммуникативтік, когнитивтік дағдыларға ие болу қажет. Ал байланыс жасауды басқару заңдылықтарын біліп, соңғы нәтижеге қол жеткізуге кететін шығынды азайтуға болады, біздің жағдайымызда бұл оқытудың сапасын жоғарлату болып есептеледі.
Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 507 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Закон убывающей отдачи | | | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница |