Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 5 страница

Читайте также:
  1. A Christmas Carol, by Charles Dickens 1 страница
  2. A Christmas Carol, by Charles Dickens 2 страница
  3. A Christmas Carol, by Charles Dickens 3 страница
  4. A Christmas Carol, by Charles Dickens 4 страница
  5. A Christmas Carol, by Charles Dickens 5 страница
  6. A Christmas Carol, by Charles Dickens 6 страница
  7. A Flyer, A Guilt 1 страница

 

 

II. Шетел тілін оқытуда мәдениетаралық қарым – қатынас құзыреттілікті қалыптастыру мүмкіндіктері

 

2.1 Оқушылардың мәдениетаралық қарым - қатынас құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

 

 

Оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас құзырлығын даярлау үдерісінде заманауи ақпараттық технологияларын пайдалана отырып ағылшын тілін оқыту арқылы қалыптастыру қазіргі заман талабы.

Оқушылармен сол тілде белсенді қарым-қатынас орнағанда ғана шығармашылықпен айналысуға үйренуге болады. Сондықтан бірінші кезекте тіл жүйесін меңгеруге бағытталған қатынас амалдар оқу үрдісінің субъектісі - оқушы мен оқыту үрдісіне іскерлік сипат берушілерді біріктіретін оқытудың жаңа, интерактивті түрлерімен алмастыруға тиіс.

Шет тілді оқытумен үйренудің тағы бір ұстанымы пәнді оқытудың қызметтік негізі оқушының сыртқы және ішкі (ойлау) белсенділігімен байқалады. Сөйлеу белсенділігін тек мұғалім танытып, ал оқушы сұрағанда ғана белсенділік көрсететін дәстүрлі жаппай жұмыс оқытудың дербес, топтық және ұжымдық түрлерінің пайдасына қысқарды. Нақты тілдік қатынас жағдайын «ынталандыратын» тәсілдерді пайдалануға тиімді болып табылады.

Оқушы саналы (ойлайтын) және жеке (дербес) қызмет істейтін индивидум ретінде оның сөйлеу қызметі (тілді меңгеруде) тілді меңгеру мен сол тілде араласуды жалпы, үнемі өзгертіп отыратын сөйлеу тәжірибесінің ықпалында болды. Олай болса оқу үрдісі әр оқушының бойындағы іскерлік қабілетін, білімі мен сөйлеу тәжірибесін, әсері мен көңіл-күйін белсендіруге және осы тұлғалық қасиеттерін дамытуға тиіс.

Сондықтан оқу үрдісін оқушы белгілі бір коммуникативтік міндеттерді шешетіндей, қажеттілікті сезінетіндей және өз ойын жүзеге асыратындай мүмкішілікке ие болатындай, яғни өз ойынан жұмыс істей алатындай етіп құру керек. Айтылымды мәтіндік қызмет деңгейінде тұпнұсқалық жағдай шегінде тудыру және түсіну қабілетіне оқыту басты назарда болуға тиіс [42].

Шет тілін меңгеру үрдісі көбіне шет тілдер жүйелерінің арасындағы айырмашылықтан гөрі оқытудың жеке алғы шарттарына қатысты. Тілдің екі жүйесін салыстыруға әдістемелік сілтемені оқушының еркін сезінуіне ықпал ететін оқытудың мазмұны мен технологияның пайдасына қысқартқан жөн. Оқушылыр тілді үйрену мен сол тілде сөйлесудің, оқи алудан бастап өз тілдік құралдарды пайдаланумен қиын жағдайдан шыға білуге түрлі стратегиялар мен технологиялар мен меңгеруге тиіс, яғни ол [43]:

- оқушының жеке басына, оның ңақты сұраныстары мен уәжіне, социомәдени дамуына, жеке бағдармаларына бағытталса;

- оқушы ең алдымен өзіне қатысты жеке үрдісті сезінсе;

- мұғалім әр оқушының оқуға құлшынысын дәл тауып, оны тілді ойдағыдай меңгеруге бағыттай білсе;

- іскерлік, шығармашылық сипатқа ие болса;

- пәнді меңгерудің қисындылығын мен жүйелілігіне емес, оқушының жеке басын дамыту қисынына, ішкі жан-дүниесіне бағытталса;

- оқушылардың өз белсенділігін танытуына, бір-бірімен орналасқанда қуаныш, қанағаттанғандық сезінуге, сабақ оқуға қажеттілігінің бәріне ынталандырса;

- ана тілі мен шет тілі жүйелерінің арасындағы айырмашылыққа емес, оқыту мен оқыту жағдайларының жеке алғы шарттарын ескерсе, оқушылардың оқу кезінде шет тілді меңгеру үрдісі табысты болмақ.

Оқыту мазмұнына келер болсақ, оқытушы (мұғалім қызметі) мен оқу материалын қолға алғандардың (оқушы қызметі) өзара байланысты қызметі сияқты категориялармен арақатынаста болмақ.

Шетел тілін оқыту мазмұны көп компонентті, оған мыналар енеді:

- коммуникативті қызмет салалары, тақырыптар, жағдайлар, коммуникативті және әлеуметтік рольдер, сөйлеу қызметі мен сөз материалы (мәтіндер, сөйлеу үлгілері және т.б.);

- тіл материалы, оны рәсімдеу ережелерімен қолдану дағдылары;

- ќатынас құралы ретінде, ішінде интермәдени жағдайларда шет тілді тәжербиелік меңгеру деңгейін сипаттайтын арнайы (сөйлеу) шеберлік кешені;

- оқып жүрген тіл елінің ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен ақиқаттарын білу жүйесі;

- оқу кезінде тілді меңгеру мәдениетімен сол тілде сөйлейтіндермен қарым-қатынас мәдениетін қамтамасыз ететін ой еңбегінің ұтымды тәсілдері, оқу және орнын толтыру шеберліктері.

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір-бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады [44].

Шетел тілі мазмұнының негізгі компоненттерінің сипаттамасына қысқаша тоқталайық. Сөздің тиісті типтері өткірілетін қатынас саласы, яғни тілді практикалық қолдану саласы әлеуметтік өзара әрекеттестіктің тиісті салаларында талқыланатын пәнді құрастыратын тақырыптардың жиынтығын көрсетеді. Бұл аталған салалары шеңберінде сабақта қарастыру нысаны бола алатын тақырыптар мен тақырыпшалардың шеңберін анықтауға негіз болды. Бұл жерде әңгіме тақырыптарды шоғырландырып қарау, яғни оқу үрдісінде бір тақырыпты оқытудың әрбір келесі кезеңінде оқушының жасына қарай өзекті проблемаларды қосу нәтижесінде тереңдетіп, кеңейту мүмкіншілігіне жайлы болып отыр.

Тілдік қатынас құралдарын (сөздер, грамматикалық құбылыстар және т.б.) және сол құралдарды меңгеру дағдыларын білмейінше коммуникативтік шеберлікті дамыту мүмкін емес. Сондықтан шетел тілін оқыту мазмұнына, тілдік білім (тіл бірліктерін ойлы айтылымға айналдыратын жүйелер, ережелер ретінде үйренетін тілдің негізін, мәні түрлі тілдерде түрлеше айтылатын ұғымдарды білу) мен тілдік дағдылар енгізілді. Олар тілдік материалдың барлық түрлерін фонетикалық, лексикалық, грамматикалық оқытудың әрбір сатысы үшін алынған шағын көлемде оқытудың ойдағыдай пайдалану, сол сияқты белгілі бір коммуникативтік пиғылды (таңдануды, наразылықты, ортақ іске шақыруды және т.б.) білдіретін әдепті сөйлеу формулалары мен сөз формуларын қолдану қажет.

Шетел тілін оқыту мазмұны оқушыларды сөз қатынасының жаңа тәсілін ғана емес, сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетін, оқылатын тіл елінде сөйлеу дағдысының ұлттық -мәдени ерекшелігін білуге бағыттап отыруы керек. Ол оқушының бойында басқа қоғамның қазіргі өмірінің, тарихы мен мәдениетінің түрлі салалары туралы түсінік қалыптастыруға тиіс. Мұндайда оқушыларға тілді сол қолданыстағы елді мекендеген халықтардың мәдениеті арқылы пәнді оқытудың алғашқы қадамынан бастап үнемі жүзеге асыруға тиіс. Осыған байланысты социомәдени білім, эквивалентсіз лексиканы, оқылатын тіл елінде қабылданған мінез-құлық этикетін, георграфиялық, табиғат-ауа райы, саяси ерекшеліктерін, сол елдің тарихынан негізгі мәліметтерді, шетелдік құрдастарының өмірін, ұлттық дәстүрлерін, мерекелерін білу, оларды өз тәжірибесімен салыстыра білу өзекті болмақ. Шет тілді оқыту мазмұнының социомәдени компонентінің мәні бөтен өмір салтын жарнамалау емес, оқушылардың жалпы, әлеуметтік, мәдени дүниетанымын кеңейту, оларды саналы және зияткерлік қызметке, өз социумы мен басқа мәдениет өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктеріне төзе білуге ынталандыру.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян [45].

Болашақ мұғалімнің тұлғасы, дәстүрлі пәндердің (философия, психология, тарих, мәдениеттану, шетел тілі) әсеріне байланысты қалыптасады. Соңғы уақыттарға дейін коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбеді.

Қазіргі оқытушы, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.

Олардың ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, модульдік оқыту, ойындық технологиялық оқыту, коммуникативтік оқыту тағы басқа технологиялар шетел тілін үйренушілердің белсенділігін арттыруда қолайлы болып табылады. Оқыту технологиясы педагогика ғылымында «педагогикалық үрдістің жүзеге асу жолы» танылады. «Педагогикалық технология - оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдайда оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, өткізудің және оқушымен оқытушының бірлескен педагогикалық әрекетінің әрбір жеке бөлшегіне дейін ойластырылған моделі» [46]

Коммуникациялық бағыт адам өмірінің түрлі саласымен байланысатын сөйлеуді үйретуге бағындырылады. Сөйлеу мақсатына тиісті грамматикалық формалар мен синтаксистік құрылымдардың сөйлеуге қатысуы шарт және ол көбіне дайындықсыз сөйлеуге, бұрынғы меңгерген грамматикалық формаларды, лексикалық біліктерді автоматты түрде қолдануға жетуі керек. Оқушы өз ойын еркін жеткізе алу үшін оған қажетті лексикалық және грамматикалық минимум алдын-ала анықталып тапсырылады. Бұл тілді функционалдық тұрғыдан үйрету сипатына жатады.

Соңғы кездері, «қарым-қатынас» терминімен қатар, «коммуникация» термині кең тарап жүргенін айта кеткен жөн. Алғаш рет «коммуникация» термині (лат. communication, communicare – ортақтастыру, жеткізу, әңгімелесу) ХХ ғасырдың басында ғылыми әдебиеттерде пайда болып, екі негізгі жалпы теориялық құрылым ретінде шетел зерттеушілері арқылы қарастырылды [47][.

Қазақстандық зерттеушілердің кейбіреулері, біздің пайымдауымызша, жоғарыда көрсетілген коммуникацияның екі әдісімен сәйкес келетін, тілдік коммуникация мен техникалық коммуникацияны бөліп айтады. Техникалық коммуникация – ақпараттарды қабылдауға және жіберіп отыратуға мүмкіндік туғызатын құралдардың жиынтығы. Бұл коммуникацияның компоненттері: 1) хабарлама жібергіш; 2) хабарлама жеткізгіш; 3) байланыс арнасы; 4) қабылдауыш; 5) хабарлама алушы. Тілдік коммуникацияға хабар жіберушіні, хабар алушыны, олардың әңгімелесу барысы және тілдің бөлігі ретінде хабарламаны енгізуге болады.

Мәдениетаралық қарым қатынас құзырлықты құрайтын компоненттер бірлігі, төменде көрсетілген бағыттармен қамтамасыздандырылады:

1.Қарым қатынас шеберлікті дамытуды (тілдік білім мен машықтардың дамуымен қатар), атап айтсақ:

- жеңіл, әртүрлі жанрдағы текстерді оқу және түсіну қабілеті;

- қатынастың оқу-еңбек, тұрмыстық, мәдени салаларында диалогтық қатынасты ауызша іске асыра алу қабілеті;

- өзі, қоршаған орта туралы және оқыған материалды тікелей текстке сүйенбей қысқаша монолог ретінде айта білу қабілеті;

- жеңіл ақпаратты жазбаша жаза білу қабілеті, көбінесе, хат жазу.

2. Жалпы білім және арнайы білім қабілеттерін дамыту (кітаппен, оқу құралымен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасай білу, аудармаларды қолдану қабілеті).

3.Компенсаторлық қабілеттердің дамуы (тілдік құралдар жетіспей жатқан жағдайда, перифраза, синонимдес сөздерді қолдану арқылы қиындықтан шыға білу шеберлігі).

4. Оқушыларды мәдениет жетістіктеріне және сол мәдениетті танып-білу үдерісіне жеке көзқарастарын дамыту арқылы тәрбиелеу, оларда төмендегілерді қалыптастыруды ұйғарады:

- моральдық құндылықтар жүйесі;

- дүниеге эмоциональды, бағалау көзқараспен қарау;

- шетел тіліне, сол елдің халқының мәдениетіне жағымды көзқарас, өзара түсіністік, толеранттылық;

- шетел тілін оқудың және біздің еліміз дүниежүзілік қауымдастыққа ену талаптарында шетел тілін қатынас құралы ретінде қолдану маңыздылығын түсіну.

5. Білімгерлердің, шығармашылық, ізденушілік үдерісінде дамуы, кез-келген өзгерістерді өзінікіндей қабылдау:

- тілдік жорамал механизмі және білім мен қабілеттерді жаңа ситуацияға ауыстыра білу шеберлігі;

- тілдік, интеллектуалдық және танымдық қабілеттері;

- сезім мен эмоцияның құнды бағдарлары;

- шеттілдік ортаға түсуге дайындық пен қабілет, шетел тілінде әрі қарай өздігінен білімін көтеру қажеттіліктері.

6. Шетел тілі әдістері арқылы білім алу, төмендегілерді іске асырады:

- өз ойының ерекшеліктерін түсіну;

- шетел тілін өз тілімен салыстыру және әрқайсысының өз ерекшеліктерін тану;

- шетел тілі елінің мәдениеті, тарихы және салт-дәстүрі жайында білу;

- жалпыадамзаттық мәдениет дамуында (өз елінің және шет елінің) ұлттық мәдениетінің жетістіктері туралы, туған тілінің, мәдениетінің басқа халық мәдениетінің айнасындағы рөлі туралы болжау [48].

Білімнің мазмұнын, оның таңдауын және құрылымының негізін ашатын ең маңызды түсініктер «болашақ мұғалімнің моделі», «жоғары білімді маманның квалификациялы қасиеттері» сияқты түсініктер болып табылады. Сондықтан, квалификациялы қасиеттерді қалыптастырудың ғылыми негізі ретінде маманның моделін ашу, көптеген жерде оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен мазмұнын анықтайды.

Қай жағынан алса да барлық модельдерде келесі параметрлер болуға тиіс:

- -икемділік үшін қажетті білім;

- -іс-әрекеттің тиімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның ерекше әлеуметтік және психологиялық қасиеттері.

Мәдениетаралық қарым қатынас құзырлықтың қалыптасу үдерісін жүйелей көрсетіп, болашақ мұғалімдерді оқыту үдерісінде коммуникативтік бағытты ұйымдастыру жолдарын анықтайтын теориялық қағидалар, әдістер, мазмұндар, принциптерді және мақсаттарды, сонымен қатар коммуникативтік құзырлықты қалыптастыру құралдары мен әдістерін, модельді іске ендіретін педагогикалық шарттарды қамтиды. Бұл мәселелерді шешудегі жетістіктер студенттердің таңдаған мамандықтарына деген қызығушылық деңгейіне байланысты. Болашақ маманның кәсіби-біліктілігі, еңбек жолына дайындығының негізгі аспектісі ретінде қаралады, кәсіби мәселелерді жетілдірудің тиімділігімен қамтамасыз ететін, студенттің тұлғалық қасиеті жүйесінің құрылымы [49].

Сонымен, оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас құзырлығын даярлау үдерісінде қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасауды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар болып:

- оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас (коммуниктивтік) саласына бағытталған оқыту материалдарын сұрыптап, таңдау;

- коммуникативтік құзырлықты қалыптастыруда сабақ түрлерін дұрыс жүйелеу;

- оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас (коммуниктивтік) құзырлықтарын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыруды жетілдіру барысында тиімді әдістерді қолдану;

- оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас (коммуниктивтік) құзырлықтарын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыруға ықпал ететін техникалық және технологиялық құралдарды орынды пайдалану;

- мамандыққа бағдарланып, ақпараттық-коммуникациялық технология-ларға негізделген таңдау курстарын өтуде бағдарламалар кешенін пайдалану;

- оқушылардың мәдениетаралық қарым қатынас (коммуниктивтік) құзырлықтарын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыруды жетілдіруге байланысты арнаулы дайындалған бағдарламаларды және әдістемелік нұсқауларды қолдану саналады.

Ағылшын тілін оқытуда мәдениетаралық қарым қатынас құзырлықты қалыптастыруда бірнеше әдістер қолданылады. Бұл үшін оқытушы:

1. Сабақ мақсатын дәл қою;

2. Білімді тірек схемалар, кестелер арқылы дамыту;

3. Мәселелерді шешуде топтық, сыңарлы жұмыстарды ұйымдастыру (интерактивті жұмыс);

4. Бағалау, психологиялық дағдыны қоса отырып қалыптасқан құзырлықты бағалауы керек.

5. Сабақта тестерді қолдану мақсаты - тілдік құбылыстарды талдау болуы керек.

6. оқыту үдерісінде оқушылардың белсенді қатысуы;

7. концепциялар мен білімді әр түрлі формаларда қолдана білуі;

8. оқуға жеке дара емес, топтық жағдайда ыңғайлануы;

9. оқыту процесіне тек мәліметті есте ұстап қалмай барынша көңіл бөлуі қамтамасыз етілуі керек.

Осы қағидалардың барлығын қорытындылай келе мынадай тұжырым жасауға болады: Ақпараттық технология - оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құралдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процесті ұйымдастырудың ең тиімді жолы болып табылады.

Ақпараттық технология құралдарын қолдануға бағытталған оқыту тәсілдерінен басқа тәжірибеде дәстүрлі оқыту тәсілдері де бар. Оларды қолдану қажеттілігін ақпараттық-компьютерлік технологиялар арқылы жеткізе алу мүмкін емес. Спецификалық функциялары мен шартты немесе психопедагогикалық тұрғыдан мақсатқа сай емес: оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, аудиториядан тыс оқуға арналған кітаптар, көрнекі құралдар және т.б.

Шетел тілін оқытудағы негізгі мақсат – тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Тілді еркін меңгеру үшін білім алушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастыратын жағдай туғызу керек. Бұл өзекті мәселе - білім беру саласындағы инновациялық үрдістердің күрделілігі мен қайшылықтары әрі жаңа құбылыстармен әрекеттесуі болып табылады. Соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді. Қазіргі таңда жаңа әлеуметтік жағынан қорғанған адам- ол технология ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, жан-жақты адам. Сондықтан, білім алушы теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Бұл мақсат ақпараттық технологияны пайдалануда жүзеге асады.

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты- білім алушы қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютер құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу [50].

Ақпараттық технология (information technology) –

1.объектінің, үрдістің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс.

2.ақпаратты өңдеу үшін пайдаланатын технологияның, элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы.

Ақпаратты жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып, жинақты құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Сонымен, ақпараттық технология ұғымы- өңделген, жинақталған ақпаратты пайдаланушыға жинақталған түрде жеткізу әдістері, құрылғыларын, элементтерін қамтитын жиынтық. Яғни, ақпаратты бізге жинақты түрде жеткізу технологиясы болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу үрдісіне енгізу бағытында құрылуы тиіс. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту үрдісінде білім алушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Барлық экономикалық дамыған елдерде білім беру жүйесі толық ақпараттандырылған. Білім беру үрдісін ақпараттандыру- ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында дамығанын барлығы мойындайды. Бастысы, шетел тілін меңгеруде ақпараттық технологиялардың алатын орны зор. Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Интернет арқылы білім алушы грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жаттығулар, оқуға және грамматикаға арналған тестілік тапсырмалармен жұмыс істеу мүмкіндігін туғызып, шетел тілін үйренушіге аутентті мәтіндерді қолдану, үйреніп отырған тіл азаматын тыңдау, олармен қарым – қатынас жасау табиғи тілдік ортаны қалыптастырып қана қоймай, өзі оқып отырған тіл елінің тарихы мен мәдениеті, салт-дәстүрлері, экономикалық даму ерекшеліктерін қамтитын танымдық білімдерін кеңейтеді.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 395 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 1 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 2 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 3 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 6 страница | Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 7 страница | кәсібилігі жеке қасиеттері компоненттілігі нәтижесі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диплом жұмысында зерттеуге жататын сұрақтар тізімі немесе дипломдық жұмыстың қысқаша мазмұны 4 страница| ТҰМАНДЫ ТҮТІННІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)