Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер сілкінуін болжау мен оҒан Қарсы тҰрарлыҚ ҚҰрылыс салу

 

Жер сілкінуді болжау мақсаты - оның болатын орнын, күшін, мезгілін күн ілгері біліп, елге алдын ала хабарлау. Орны мен күшін анықтау оншалық қиынға соқпайды, ал мезгілін болжау қиын, әзірге шешімі табылмай тұрған күрделі мәселе. Жерасты түнегінің қимылы бұлыңғыр. Оның үстіне сілкіну сиқы да әр түрлі, ол ондаған, жүздеген жылдар бойы астыртын дайындалып келіп, төбеден ұрған жайдай қапылыста соғады.

Алдымен дүмпу бұрын жер сілкіну болған жерлерде қайталанады, оның үстіне өткен кездегі сілкіну неғұрлым күшті және жиі болса, соғұрлым келешекте де осы аудандар қауіпті деп саналады. Сілкіну ошағы әрдайым кейінгі геологиялық дәуірлерде және қазіргі мерзімдерде де қозғалуға әзір тектоникалық жарықшақтарды бойлап отырады. Әсіресе, олардың екі қанаты, кереғар бағытта ығысқан, бірнеше жарықтардың түйіскен ұштары қауіпті деп саналады. Сонымен алдағы жер сілкінуді болжау үшін сейсмологиялық жайлармен қоса геологиялық, өте-мөте тектоникалық нышандарды ескеру керек. Осы параметрлермен қоса дүмпу кезінде ғана босанатын булығу өз энергиясын ғасырлар бойы жинайды. Ендеше, жер сілкіну әжептәуір мезгіл өткеннен кейін ғана қайталанады. Оны тіркеп, статикалық жолмен есептейді. Кейінгі тәсілден білетініміз, орасан зор жер сілкіну әрбір жүз жылда бір қайталанатын көрінеді. Әр аймақтың жер сілкіну күші мен қайталануын тіркеп, аймақтың сейсмикалық жайының картасы жасалады. Онда бір жыл арасындағы күші бір класқа жататын дүмпулердің жиілік санын көрсетеді. Тектоникалық жарықтың бұрын дүмпу байқалмаған тұстары ең қауіпті деп саналады. Кейде жер сілкіну эпицентрінің осындай бір «дүмпу саңлауына» қарай көшіп отыратыны байқалады. Осылайша 1978 жылы Орта Азиядағы Алай аңғарында өткен жер сілкіну алты сағат бұрын болжап айтылды. Осы тәсілді қазірде американ зерттеушілері қолданып жүр.

Қазіргі кезде жер сілкінуден толық сақтана алмаймыз. Ендеше қолымыздан келгені жер сілкіну қаупі бар аудандарда үй-жайды, басқа құрылыстарды жобалаған және салған шақта олардың қирамайтын болуын ойластыруымыз керек. Шайқалуға төзетін комплекстерге мыналар жатады: темір-бетонды құрсаулар салу, үйдің төбелерін жеңілдетіп жабу, балкон, карниз, қалпақша секілді қабырғадан сырт шығып тұрған ауыр тетіктерді салмау.

Дегенмен ғылым алдында күн тәртібінен түспей сақталып отырған міндет-жер сілкінетін уақытты күні бұрын болжау. Бұл ең күрделі, талайдың басын ауыртатын іс. Оны әзірше кейбір нышандарға қарап қана жобалаймыз. Қазіргі күнде мамандарға жүзден артық жер сілкінуді алдын ала білдіретін табиғи көріністер бар. Дей тұрсақ та жердің терең қойнауында не болып жатқанын білу оңай шаруа емес.

Солардың бірі қазіргі тектоникалық қозғалыстарға ұшырауынан жер бедерінің төмен не жоғары қарай жылжуын, соның салдарынан еңкіштігінің өзгеруін ұдайы бақылап, өлшеп отыру. Мысалы, 1964 жылдың маусымында Жапонияда өткен жер сілкінуінің алдында одан бұрын үнемі төмен қарай ылдилап отырған жер беті кілт көтерілді. Сілкіну біткеннен соң жер қайтадан төменге майысып келеді. Жер бетінің ноклономер деген аспаппен өлшенеді.

Қуатты жер сілкінудің алдында баяу сілкінулердің-алдыңғы форшоктардың (ағылшынша фор-алғашқы) саны жиілейді. Соларды тіркей келе 1975 жылдың ақпанында Қытайдың Ляонин провинциясында және 1976 жылы Италияның Фриули облысында болатын жер сілкінулер алдын ала халыққа жарияланып, талай жан ажалдан, қауіп-қасіреттен аман қалды. Бұл тәсілмен жер сілкінуін бірнеше минөттен жүздеген күнге дейін алдын ала болжауға болады.

Жер сілкіну алдында қума толқынның жылдамдығы, яғни оның көлденең толқынның жылдамдығымен арақатынасыкемиді (14%-ке дейін). Бұл құбылысты алғаш рет ашқан Кеңес зерттеушілері еді. Олар Тәжікстанның Гарм өлкесінде жер сілкінуден екі-төрт апта бұрын жаңағы ара қатынастың 12-14%-ке кемігенін көрсетті.Кейін осы тәсілді американдар қолданып, 1973 жылдың тамызында Нью-Йорк штатында болған 2,5 магнитуда дүмпуді екі тәулік бұрын болжады. Мұның өзі сілкіну алдында тау жыныс қасиеттерінің өзгеруін тап басып білудің арқасында болған.


Дата добавления: 2015-10-29; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Абіотичний фактор вода | Антропогенні фактори | Список спеціальної літератури для підготовки питань на залік |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЖЕР СІЛКІНУДІ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ| ТЕКТОНИКАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАР

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)