Читайте также:
|
|
Тақырыбы: Примитивтерден конструкция құру, түрлерді басқару, рендеринг
Мақсаты: Стандартты примитивтермен танысу және жұмыс істеуді үйрену.
Тапсырма. Артемида храмын құру
Жұмыстың орындалу әдістемесі:
1. Примитивтермен жұмысты жалғастыра отрыпы, Артемида храмын құрамыз.
2. Алдымен коллонаның негізін салыңыз. Ол үшін Create - Standart Primitives (Стандартные примитивы) Cone (Конус).
3. Құрылған конусқа дәл өлшем беріңіз ол үшін Modify қаттамасынан: төменгі радиус Radius 1 (Радиус 1) - 60, жоғарғы радиусы Radius 2 (Радиус 2) - 30 және биіктігі Высота (Height) - 40. Коллонаның негізін координатаның басына қою қажет. X=Y=Z=0. Select and Move (Выбор и перемещение) батырмасын таңдап және күй-жағдай жолында координаттарға 0 қойыңыз.
4. Конустың түсіне өзгеріс енгізу үшін Modify қаттамасына өтіп түсті таңдау батырмасын басып таңдаңыз.
5. Енді коллонаның өзін тұрғызыңыз. Ол үшін Cylinder (Цилиндр) таңдаңыз. Дәл өлшем беріңіз: Radius (Радиус) - 30, Height (Биіктігі) - 260 (260+40=300)
6. Коллонаны негізге, яғни конусқа орналастырыңыз. Ол үшін Select and Move батырмасын таңдап, күй-жағдай жолынан координаттарын X=Y=0, Z=40. Коллонаның түсінде өзгертіп қойыңыз.
7. Конус пен цилиндрді біріктіріп топтаңыз. Ол үшін оларды белгілеп алып, Group (Группы) мәзірінен Group (Сгруппировать) таңдаңыз, оған Column деп атын өзгеріңіз..
8. Дайын болған колонаның көшірмесін алыңыз. Алдымен үшеу көшірмесін алыңыз Numder of Copies өріске 2 санын беру арқылы. Жаңадан алынған көшірме коллонаны координатасын X=-200, ал екіншісін X=200. Z координата үшін барлық топта 150-ге тең болады.
9. Енді үшеуін де топтап оған 3_Columns ат беріңіз. Енді оларды көбейтіп, суретте көрсетілгендей орналастырамыз.
10. Храмның негізін құру үшін Рамка (Box) құрыңыз да келесі өлшем беріңіз: Ұзындығы (Lenght) = 960, Ені (Width) = 560, Биіктігі (Height) = 40. Координаталары X=0, Y=400 (это центр сооружения), Z=-40 (равна высоте основания со знаком -). Түсіне де өзгеріс беріңіз.
11. Клондау және орын ауыстыру әдістерін пайдалана отырып негізінен көшірме алып оның үстіңгі бөлігінің координатасын Z=300 қойыңыз.
12. Төбесін құру үшін Пирамида (Pyramid) сайманын таңдаңыз. Керекті өлшемді беріңіз: Ені (Width) = 600, Тереңдігі (Depth) = 1000, Биіктігі (Height) = 100. Координаталары: X=0, Y=400 (центр), Z=340 (колонналар + үстіңгі бөлігі). Түсті беруді ұмытпаңыз.
13. Жай және қарапайым храмды құрып болағаннан кейін сізге терезе проекцияларын өтімді түрде пайдалануға болатын нұсқауларды пернетақтаның көмегімен бір түрден екінші түрге ауысуға болады. | T (top) – Үстіден қарау B (bottom) – астыдан қарау L (left) – сол жақтан R (right) – оң жақтан F (front) - Алдыдан K (back) - арттан P (perspective) – перспектива U (user) – қолданушы түрі |
14. Сонымен қатар, проекция терезесін бейнеленуін терезе тақырыбынан тышқан батырмасының оң жақ батырмасы арқылы жанама мәзірді шақырып (мысалға Top) Smooth + Highlights командасын немесе Wireframe таңдауға болады. Show Grid таңдағанда торды қосып немесе алып тастауға мүмкіндік береді. Configure...- Layout командасын таңдап терезе түрлерін таңдауға, яғни үйреншікті 4 терезеден ғана емес 2,3 терезе және әртүрлі масштабтарында орналасуына болады. Өз проектілеріңізде жасап көріңіздер.
15. Дайын болған жобаңызды әрі қарай жөндеуге немесе принтерден шығару үшін рендерингті қолданамыз. Рендерингте ауқымды моделіңізді жазық картинадағыдай көре аласыз. Ол үшін:
- Перспектива (Perspective) терезесін таңдаңыз;
- Мәзірлерден Рендеринг (Renderring) - Окружение (Environment) таңдаңыз;
- Шыққан терезеден Түс (Color) басыңыз Фон (Background) аймағынан фонның түсін таңдаңыз. Бұл терезені жабыңыз;
- енді Рендеринг (Renderring) - Рендеринг.. (Render) шығатын терезеден бейнеңіздің өлшемін таңдаңыз (мысалға 640 х 480) және Рендер (Render) басыңыз;
- міне картинаңыз, шыққан терезенің дискеталы (икона) суретін басқанда бейнеңізді кез-келген форматта (gif, jpeg, bmp ж/е т.б) сақтай аласыз. Ал негізінен Интернеттен жіберуге және жұмыс істеуден негізінен gif немесе jpeg форматта сақтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Рендеринг дегеніміз не?
2. Бейнені визуализациялауда фоннын қалай өзгертуге болады?
3. Объектілерді қалай топтауға болады?
Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 274 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Іс-тәжірибелік жұмыс | | | Іс-тәжірибелік жұмыс |