Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айырғыш жұмысының тиiмдiлiгi

Читайте также:
  1. Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы
  2. Газ бойынша тік гравитациялық айырғышты есептеу
  3. Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

Кез келген айырғыштың жұмысы екi негiзгi көрсеткiшпен сипатталады: тамшыұстағыш бөлiмiнен газ ағынымен бiрге iлесiп кететiн сұйық тамшыларының мөлшерiмен және мұнайды жинау бөлiмiнен сұйық ағынына iлесiп кететiн газ көбiктерiнiң мөлшерiмен. Конструкциясы жақсы құрастырылған айырғыштарда 1000 м3 айырылған газға шаққанда газ ағынына iлесетiн сұйықтың мөлшерi 15м3 -тан аспайды.

Айырғыштың тиiмдiлiгi, газсыздандыру есебiнен айырғыштағы мұнайдың шөгу дәрежесiн (Эм) және сәйкесінше ондағы газдың ұлғаюын (Эг) сипаттайды:

(7.1)

(7.2)

(7.3)

мұндағы Gбм және Gсм –сәйкестi мұнайдың бастапқы және соңғы массалық шығындары (айырғышқа дейiнгi және одан кейiнгi); Gбг және Gсг – сәйкестi газдың бастапқы және соңғы массалық шығындары; Vб және Vс – сәйкестi газдың бастапқы және соңғы көлемдiк шығындары.

Саңылаусыз жинау жүйесiнің кез-келген жағдайында мұнай мен газдың жалпы мөлшерi тұрақты болады, яғни Gм+Gг=const.

Сонымен қатар, мұнай айырғышының тиiмдi жұмысының көрсеткiшiне газ ағынымен тамшылы сұйықтың меншiктi әкетiлуi Kс және мұнай ағынымен еркiн газдың меншiктi әкетiлуi Kг жатады:

(7.4)

(7.5)

мұндағы qс және qг – айырғыштан әкетiлген тамшылы сұйық пен еркiн газдың көлемдiк шығыны, м3/сағ; Gм және Gг – айырғыштың жұмыс жағдайындағы газ бен сұйықтың (мұнайдың) көлемдiк шығыны, м3/сағ.

Техникалық тұрғыдан жетiлген айырғыш деп газ бен сұйықтың тазартылуын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететiн, сонымен қатар оның жасалуына аз металл шығынын жұмсай отырып және сұйықтар пен газдардың үлкен жылдамдықтары кезінде жоғары өнiмдiлiктi қамтамасыз ететiн айырғышты айтады.

Осылайша, айырғыштың жұмысының тиiмдiлiгiн бағалау үшiн Kс және Kг көрсеткiштерiмен қатар оның техникалық жетiлгендiк дәрежесiн ескеру керек.

Айырғыштың техникалық жетiлгендiк дәрежесi келесi параметрлермен сипатталады:

§ айырғышта ұсталатын сұйық тамшысының минимал диаметрiмен;

§ айырғыштың еркiн қимасындағы, сонымен қатар тамшыұстағыш бөлiміндегi газ ағынының максимал мүмкiн орташа жылдамдығы;

§ сұйықтан еркiн газдың максимал бөлiнуi жүретiн айырғышта сұйықтықтың болу уақыты.

 

Газ ағыны арқылы тамшылы сұйықтың әкетiлуiнiң мүмкiн мәнi Kс 1000м3 газға 50 см3 сұйықтың мәнiнен аспауы керек (егер, сұйық ағынымен еркiн газдың әкетiлуiнiң мәнi Kг3 сұйыққа 20 000 см3 газ болған жағдайда). Kг мәнiне мұнайдың тығыздығы мен тұтқырлығы, сонымен қатар оның көбiктенуi әсер етедi. Көбiктенбейтiн тұтқырлығы аз (5∙10-3 Па∙с дейiн) мұнайлардың айырғышта болу уақыты 2-3 минут мөлшерiнде болса, ал көбiктенетiн және тұтқыр мұнайлар (1,5∙10-3 Па∙с жоғары) үшiн – 5-20 минутқа дейін.

Газ және газконденсатты кен орындарының алаңдарында орнатылатын айырғыштардың тиiмдiлiгi, газ ағыны арқылы айырғыштан тыс әкетілетiн тамшылардың мөлшерi бойынша бағаланады, сондықтан мұнай және газ айырғыштарына қойылатын талаптар әртүрлi болады.


Дата добавления: 2015-10-23; просмотров: 392 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Теңіз кен орындарында қолданылатын мұнайды саңылаусыз жинау жүйесі | Мұнай, газ және суды жинау мен дайындаудың жетілдірілген технологиялық жүйесі | Ы өнімдерін өлшеудің жаңа әдістері | Газ және сұйықтың шығынын өлшеу | Бақылау сұрақтары | Бырлардың есебі | Бырлардың есебі | Сұйықтардың изотермиялық емес қозғалысы кезінде | Бырлар желісінің өткізу қабілетін ұлғайту | Мұнай-газ қоспаларын тасымалдауда қысымның бүлкілдеуін төмендету әдістері |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Айырғыштардың конструкциясы мен жұмысы| Айыру қондырғылары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)