Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыбы: мәтіндік әсерлер

Читайте также:
  1. Тақырыбы: Қателікті анықтайтын ақаулықты қорғауды коды
  2. Тақырыбы: 3D Studio Max туралы жалпы мағлұматтар. Max объектілері.
  3. Тақырыбы: Ақпаратты жіберу жылдамдығы мен байланыс каналының өткізу қабілетін анықтау.

Мақсаты: Photoshop программасында мәтіндік әсерлер жасау

1 Тапсырма: Мәтінді алау әсерімен жазу.

Жұмыстың орындалу әдістемесі:

1 Файл Жаңа командасымен жаңа құжат құру. Ашылған диалогтік терезеде Сұр реңді (Grayscale) түстік режимін таңдау, құжат өлшемін, фонның ақ түсін орнату.

2 Горизонталь мәтін (Horizontal Type) құралын таңдап қара түспен мәтін теру.

3 Мәтін орналасқан қабатпен фон қабатын біріктіру қажет. Ол үшін Қабат Алдыңғымен біріктіру (Layer Merge Down) (немесе Ctrl+E) командасын орындау қажет.

4 Алынған мәтінді кристаллизациялау. Сүзгіш Әрлендіру Кристаллизация (Filter Pixelate Crystallize) командасын орындау. Ашылған диалогтік терезеде кристаллизация ұяшығының өлшеміне 4 пиксель мәнін беру. ОК батырмасын басу.

5 Мәтінді жуу. Сүзгіш Жуу Гаусс бойынша жуу (Filter Blur Gaussian Blur) командасын орындау. Ашылған диалогтік терезеде Радиус өрісіне 5 мәнін орнату. ОК батырмасын басу.

6 Бейне Баптаулар Инвертірлеу (Image Adjustments Inverse) (немесе Ctrt+I) командасын орындау. Барлық түстерді қарама-қарсыға ауыстыру.

7 Бейне Кенепті бұру Сағат тіліне қарсы 900-қа бұру (Image Rotate Canvas 90 CCW) командасын орындау.

8 Сүзгіш Стильдеу Жел (Filter Stylize Wind) командасымен қара-ақ режимде от тілдерін құру. Сол жақтан жел (From the Left) ауыстырып-қосқышын қолдану. Егер жалын жеткіліксіз болса, онда бұл сүзгішті Ctrl+F батырмасын шертіп тағы қолдану.

9 Нақтылық үшін Сүзгіш Деформация Теңселу (Рябь) (Filter Distort Ripple) командасымен теңселуді қосу. Келесі параметрларды орнату: Әсер (Amount) 50%-ға, ал Өлшем (Size) Орташа мәнге (Medium) орнатылған.

10 Бейне Кенепті бұру Сағат тілімен 900-қа бұру (Image Rotate Canvas 90 CW) командасын орындау.

11 Тағы да Сүзгі Деформация Теңселу (Рябь) (Filter Distort Ripple) командасын орындау. Әсер (Amount) 30%-ға, ал Өлшем (Size) Биік (High) мәніне орнатылған.

12 Бейне Режим Индекстелген түстер (Image Mode Indexed Color) командасын орындау.

13 Жалын үшін Бейне Режим Түстік кесте (Image Mode Color Table) командасын орындау. Ашылған диалогтік терезеде Black Body кестесін таңдау.

 

1-сурет. Мәтінді алау әсерімен жазу

2 Тапсырма: Мәтінді қан әсерімен жазу.

Жұмыстың орындалу әдістемесі

1. RGB түстік режимде 400x400 пиксель өлшеммен жаңа бейне құру. Жұмыс аймағын Бояу (Paint Bucket) құралымен қара түске бояу және ақ түспен мәтін жазу және оны жоғары орналастыру.

2. Сүзгіштер жұмыс істеу үшін мәтінді растрға ауыстыру қажет. Ол үшін Қабат (Layers) палитрасын ашып мәтіні бар қабатқа тышқанның оң жақ батырмасын шерту. Ашылған мәзірден Қабатты растрлау (Rasterize Layer) командасын таңдау.

3. Қабат Алдыңғымен біріктіру (Layer Merge Down) командасын орындап қабаттарды біріктіру.

4. Бейне Кенепті бұру Сағат тілімен 900-қа бұру (Image Rotate Canvas 90 CW) командасын орындау.

5. Сүзгіш Стилизация Жел (Filter Stylize Wind) командасын орындап, келесі параметрларды баптау: Әдіс (Method) – Жел (Wind), Бағыты (Direction) – Оң жақтан жел (From the Right). Сүзгішті 5 рет қолдану (Ctrl+F).

6. Бейне Кенепті бұру Сағат тіліне қарсы 900-қа бұру (Image Rotate Canvas 90 CCW) командасын орындау.

7. Осы жолақтарды ағып тұрған қанға айналдыру. Сүзгіш Эскиз Линогравфюра (Filter Sketch Stamp) командасын орындау. Жарық және көлеңке теңдігіне (Баланс Light/Dark) 5-6 мәнін орнату, бейне пішініне және өлшеміне байланысты.

8. Бейне Баптаулар Инвертірлеу (Image Adjust Inverse) командасын орындау (Ctrl+I).

9. Сиқырлы таяқша (Magic Wand) құралының Рұқсат (Tolerance) параметріне 150 мәнін орнатып мәтінді ерекшелеу.

10. Сүзгіш Эскиз Рельеф (Filter Sketch Bas Relief) командасын орындау. Баптау параметрлары: Бөлшектер (Detail) 12-ге, ал Тегістеу (Smoothness) 5-ке тең. Бұл амалды орындағанда алдыңғы жақтың түсі мәтін түсіне, ал фон түсі бейнедегі фонға сәйкес келуі қажет.

 

2-сурет. Қанмен жазу әсері

Бақылау сұрақтар:

1. Wind сүзгішін қай кездерде қолдануға болады?

2. Тапсырмаларда қолданған сүзгіштерді атаңыздар?

3. Color Table командасын қолданғанда қандай әсерді алдыңыз?

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 232 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Іс-тәжірибелік жұмыс | Іс-тәжірибелік жұмыс | Жұмыстың орындалу әдістемесі | Тақырыбы: 3D Studio Max туралы жалпы мағлұматтар. Max объектілері. | Іс-тәжірибелік жұмыс | Іс-тәжірибелік жұмыс | Іс-тәжірибелік жұмыс | дебиет көздерінің тізімі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Іс-тәжірибелік жұмыс| Сынылатын әдебиеттер тізімі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)