Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ысқаша теориялық мәлімет

Читайте также:
  1. Бағдарлама (пәннің қысқаша мазмұны).
  2. Гидроксидтерге қысқаша сипаттама
  3. Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары.
  4. Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар
  5. Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер
  6. Кесте-Белгілі авариялар туралы мәліметтер
  7. Пәннің қысқаша мазмұны

Лабораторлық жұмыс №8

Тік-фрезерлік станоктың дайындамасын өңдеу

Тапсырма

1. Тік-фрезерлік станокта орындалатын жұмыстардың түрлерін зерттеу.

2. Оқытушымен белгіленген операциялардың кесу тәртібін есептеу.

3. Тік-фрезерлік станоктың негізгі түйін құрылғысын зерттеу және оның техникалық-эксплуатациондық мінездемесі.

Жұмыстың мақсаты

Студенттерге тік-фрезерлік станокта орындалатын жұмыстардың түрлерін зерттеуді үйрету.

Материалдар және құрал-жабдықтар

6В11Р маркідегі тік-фрезерлік станок; құрал-саймандар – қыспақтар, қысқыштар; кесетiн аспап - фреза; өлшеуіш инсрумент – ШЦ II штангенциркулі, сызғыш, микрометр, кедiр-бұдырлықтың үлгiлерi.

ысқаша теориялық мәлімет

Фрезерлеу – жазықтықтарды өңдеу процесі, модалы және бұрандалы беттердiң өңдеу, шлиц және тiстi доңғалақтарды кесу, бұрандалы ойыстар, саңылаулар алу және т. б. Жазықтықты фрезерлеу фрезаның бiр уақыттағы айналмалы қозғалыста және өңделетін бөлшектiң iлгерiлемелi қозғалыста болғанында болады.

Фрезерлеу процесі арнайы көпжүзді аспаппен iске асады - фрезамен. Фрезаның маңайында немесе шетінде, өзімен қарапайым кескіштер ұсынатын, кескіш тістері орналасқан (1 сурет).

 
 

 


1 сурет - Цилиндрлiк фрезаның схемасы

Фрезаның айналу бағытына және iлгерлемелi орын ауыстырып өңделетін бөлшектерге байланысты жазық беттердi фрезерлеудің келесi түрлерi бар:

қарсы фрезерлеу қабықпен (құю) немесе қабыршақпен (шыңдалу) алғашқы дайындамасын өңдеу кезінде қолданылады. Дайындама фрезаның айналуына қарсы беріледі.

дәл фрезерлеу тазалау жұмыстарында пайдаланады. Дайындаманың бағыты фрезаның айналу бағытамен сәйкес.

Тағайындалуы бойынша фрезалар әртүрлі түрлерге бөлінеді:

1) цилиндрлік (2 сурет) және кесіктік (3 сурет) фрезалар жазықтықтарды өңдеуде пайдаланылады;

2) шеткi, модалы және арнайы шпонка (4,5 сурет) фрезаларымен саңылауларды және ойыстарды фрезерлеуді жүзеге асырады;

3) көшіру тәсілі бойынша тісті доңғалақ диск сияқты модулдiк (6 сурет) және шеткі (7 сурет) фрезалармен қияды.

 

       
   
 
 

 

 


2 сурет. Жазықтықтарды цилиндірлік 3 сурет. Жазықтықтарды кесікті фрезамен өңдеу фрезамен өңдеу

 

 

           
     
 
 

 


4 сурет. Саңылауларды фрезерлеу 5 сурет. Кілтекті ойыстарды фрезерлеу

 

6 сурет. Тісті доңғалақтарды модульдік бармақты фрезалармен өңдеу

 
 

 


7 сурет. Тісті доңғалақтарды дискті модульдік фрезалармен өңдеу

 
 

 

 


1 – табаны; 2 – жылдамдық қорабы; 3 – тiк жазықтықтағы шпиндель басының бұрылысына арналған механизм; 4 – шпиндель; 5 – жұмыс столы; 6 – сермер, ұзына бойы бағыттағы үстелдi қолдан орын ауыстыруы үшiн қызмет етеді; 7 – сермер, көлденең бағыттағы үстелдi қолдан орын ауыстыруы үшiн қызмет етеді; 8 – беру қорабы; 9 – жылжыш, үстелдің орын ауыстыруын жүзеге асырады; 10 – тұтқа, үстелдің тік бағытта орын ауыстыруы үшін; 11 – консоль

8 сурет. Тік-фрезерлік станок

Кез келген жазықтықты сапалы өңдеу үшін кесу тәртібін дұрыс таңдау қажет. Кесу тәртібін дұрыс таңдау өңдеудің, станоктың сызба детальдары, оның өлшемдері, деталь және инструмент материалы, паспорттық мәлімет негізінде орындалады.

Фрезерлеуде кесу тәртiбіне t кесуiн тереңдiктi, S берiліс, V кесу жылдамдығы, В фрезерлеу ені жатады.

Кесу тереңдігі t (мм) и фрезерлеу ені В (мм). Өңдеу кезінде кесу тереңдігін кестеден таңдайды.

Беріліс – айналмалы фрезаға қатысты дайындаманың орын ауыстыру шамасы. Фрезерлеу кезінде берілісті фрезаның бір тісіне – Sz, на бір айналымына – S о және бір минутына – S м айқындалады.

Sz (мм/тіс) – фрезаның бір тісте бұрыштық бұрылуы уақытындағы өңделетін дайындаманың орын ауыстыру шамасы.

S o (мм/айн) – фрезаның бір айналым уақытындағы дайындаманың орын ауыстыруы.

S м (мм/мин) – бір минутағы өңделетін дайындаманың орын ауыстыру шамасы.

Фрезерлеу кезінде беріліс тәуелділікпен өзара байланысты.

 

S м = S o n = Sz zn,

 

z – фреза тістеріннің саны; n – фрезаның айналу жиілігі, айн/мин.

 

Бiржолата минуттық беріліс Sm станок бойынша түзетіледі, яғни барлардың ең жақыны таңдалады. Содан кейін нақтысы анықталады:

 

Sz = Sм/znст и S o = Sм/nст

Кесу жылдамдығы V – бұл фреза айналуының округтық жылдамдығы(м/мин):

V =,π Dn/1000

Мұнда D – фреза диаметрі (мм).

 

Кесудi жылдамдығы 9.4 кесте және 9.5 кесте арқылы арналған фрезаның материалы өңделуіне және кесуші материал бөлшектеріне, оның диаметріне, берілісіне, кесу тереңдігіне, тістер санына және т.б. байланысты белгіленеді.

Кесу жылдамдығының кестелік мәнін біле тұра, фрезаның айналым санын анықтайды (айн/мин):

n =.1000 V кест/ π D

 

Оадн кейін станок бойынша жақын арадағы айналым санын n ст таңдайды. Қабылданған айналымдар саны бойынша нақты кесу жылдамдығын табады:

V ст =.π Dn ст/1000

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 999 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Системы охлаждения.| ПУБЛИКАЦИЯ FLASH-ФИЛЬМА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)