Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кесте-Белгілі авариялар туралы мәліметтер

Читайте также:
  1. Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары.
  2. Дәріс. Паскаль тілі туралы негізгі мағлұматтар. Меншіктеу операторы. Шартты оператор.
  3. ЗЕН КЕНОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
  4. Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар
  5. Кафедра және оқытушылар туралы мәліметтер
  6. Мұрагерлік туралы жалпы ережелер
Авариялар және ақаулар тізбесі Айы-күні   Авариялар және ақаулар сиаттамасы
Қауіпті объектте - -
Басқа ұқсас объекттерде - -

 

Мазут сақтау орнында өрт болған жағдайда ең алдымен сақтау орнына ауа жібермеу қажет, сақтау орнын сулау керек, көпіргімен сөндіріп, жақын арадағы өндіріс жұмысшыларын қауіпсіздендіру. Күкіртті, аммиакты немесе гидрозинаны ажыратқанда апат учаскелерін оқшаулау және жұмысшыларды қауіпсіздендіруге шұғыл шаралар қолану қажет.

Объект жағдайында авария болудың келесі себептері болуы мүмкін:

- өндірістегі апат немесе тастандымен (20т аммиак, 15 т гидрозина, 30т күкірт) жүйелі құбырдың соқпасы салдарынан және т.б.);

- жылу және электр құрылғысының авариясы;

- өндірістегі жарылыстар гидрозина тастандысы 15т, аммиак 20т-ға дейін;

- электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің бұзылғандығы салдарынан өндіріс ғимараттарындағы өрт, өрт қауіпсіздігі шараларының бұзылуы, олардың салдарынан жойылуы мүмкін.(мазут бірнеше мың тоннаға дейін)

Болуы мүмкін авариялардың сценарийлері

1 Секцияның қысқаша тұйықталуы мен ПК, ТГ және ЦН тоқталуы кезінде:

- машинист аппараттың “Внимание”, “Машина в опасности” деген кнопкаларын басып, селектор бойынша аға машинист пен смена басшысын шақырады;

- аға машинист және смена басшысы келгенше ПК, ТГ және ЦН көрсеткіштерін қадағалайды;

- аға инженер келгенше өрт сөндіру құралдарын дайындайды;

- бас инженер келгенше өрт командасының келісімімен авария салдарын жоюмен басқарады.

2 Қысым реттеуішінің қақпағы штогының үзілуі салдарынан болған бу қысымының тез төмендеген кезінде:

- горелкаларға отын салуды доғару;

- горелкалар алдындағы газ ысырмаларын қолмен жабу;

- регистрлерді тегіс ашу;

- түтін өткізгіштер жапқыштарын және барлық көретін терезелерді сөндіру.

3 Жүйелі құбыр бұзылған жағдайда:

- машинист аппараттың “Внимание”, “Машина в опасности” деген кнопкаларын басып, селектор бойынша аға машинист пен смена басшысын шақырады;

- жүйелі құбыр үзілген жердегі участокты сөндіру;

- әрі қарай жұмыстарды қосымша жоспармен жүргізу керек.

4. Химцехтағы ысырма істен шыққанда немесе құйым пайда болған кезде:

- күкірт қышқылын резервтегі бакка қотару.

5. Қышқыл төгілген жағдайда:

- тринатрийфосфат немесе сілтімен бейтараптандыру;

- ағып кетпес үшін, төгілген жерді құммен жабып тастау;

6. Объекттегі өрт жеке участоктер немесе барлық объекттегі өндіріс қызметінің бұзылуына әкеп соғады, жану өнімдерімен тұншығу немесе күйіп қалу салдарынан адамдар қаза болуы мүмкін.

7. Тасқын салдарынан цех территориясын топан су басуы мүмкін. Территорияны қорғау үшін объекттен 200 және 500 метр қашықтықта орналасқан Жіңішке және Ілек өзендерінің қасында қорғаныс бөгеттері салынған.

8. Күштілігі 6 балл жер сілкінісі болған жағдайда ғимараттарға (штукатурканың құлауы, ғимараттардағы кішкене сызаттар) және коммуналды-энергетикалық жүйелердің жеке участоктеріне зақым келуі мүмкін. Технологиялық құбырлардың жер үстіндегі эстакадалары, қышқыл мен аммиак суының төгілуіне әкеп соғатын құрылғылар орташа жарылыстар алуы мүмкін

Жүйелі құбырдың жарылуы, химцехтағы қышқылдың төгілуі, оттық камерасындағы жанғыш мазут пен табиғи газдардың жарылуы, бу қазанының метал сапасы және мөлшерсіз бу қысымынан жарылуы. Негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағы (бу, ыстық су, күкірт қышқылы) – ТЭЦ территориясы.

Авария жағдайында тұрғындар мен қызмет көрсету персоналы арасында қазалар жоқ.

Тергеу актілерімен анықталады, тергеу жүргізіледі, ол өнім көлемімен құрылғыны қалыпқа келтіруге кеткен шығынмен анықталады.

1) қышқыл бактарының түбі мен қабырғаларының жарылуы немесе аммиак қотаруға; 2) қышқыл немесе аммиактың химиялық цех бөлімінде төгілуі; 3) цех бөлімдерінің газдануы. Құбыр (бу құбыры): 1) дәнекерленген жері немесе жүйелі құбырдың қабырғасының жарылуы; 2) бу немесе ыстық су қалдықтары.

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ салдарынан болуы мүмкін жағдай кәсіптің өндірістік қызметіне онша әсер етпейді, авария мен цех тоқтап қалған жағдайда авария салдарын жою кезінде ғана өнім беру көлемі азаюы мүмкін.

Химцех объектісі жоғары өртжарылыс қауіпті болып табылады. Бейбітшілік уақытта әртүрлі өндірістік авария мен сәтсіз оқиғалар салдарынан осы объекттерде жұмыскерлер, қызметкерлер мен объект маңындағы тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызатын қатерлі жағдай болуы мүмкін.

Сонымен, авария салдарынан ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ” объекттерінде қышқылдың, аммиакты судың құрастыру пункт территориясында, тауарлы парктерде төгілуі, жүйелі құбырлардың жарылуы және бұзылу мүмкін. Көптеген жағдайларда жоғарыда айтылған болжалды авариялар өрт, жарылысқа, қышқыл және аммиак суының ағуына, химиялық зақымдану ошақтарының пайда болуына, қоршаған ортаның газдануына әкелуі мүмкін.

1. ЖАҚ “Ақтөбе ТЭЦ”-та еңбек қорғау бөлімі қызмет етеді, ол өз қызметін өндірістегі еңбек қорғау қызметінің ҚР Еңбек министрлігінің 11.03.94 ж. Қаулысымен қабылданған №49 типтік бағдарламасына сәйкес жүргізеді. Бұл ай сайын өтетін техникалық қауіпсіздік күндері, күн сайын өтетін қадағалау мен тексеру жүйелері, цех пен участоктарға, өндірістік нұсқау қабылдаудағы әдістемелік көмек, бұйрық, қаулы және басқа техникалық және ресми сипаттағы құжаттардың жобасын дайындау, лауазымды қызметкерлерге орындалуы міндетті нұсқаулар беру, бақылаушы және қадағалаушы органдар және т.б. күнделікті байланыста болу.

2. Өндіріс объектісінің қауіпсіздік жүйесінде сонымен қатар ТЖ бойынша штаб басшысы қызмет істейді. Техникалық қадағалау мен ТҚ қызметтері: Еңбек қорғау деапртаменті, энергия қадағалау бойынша мемкомитет, мемортқадағалау қызметі, ТЖ бойынша қалалық және облыстық басқармалар. ТЖ және АҚ штабтарына келесі қызметтер кіреді: өндірістік, материалды-техникалық, қаржы және көлікпен қамтамасыз ету мен эвакокомиссия, оған КБ басшысы мен цех пен учаскелеріндегі комиссия мүшелері.

3. Аварияға және өртке қарсы бақылаушы жаттығулар “Энергетикалық ұйымдардағы қызметшілер мен жұмыс істеу ережелері”-мен сәйкес. Оперативті қызметкерлердің әрбіреуі жоспарлы жаттығуларға кварталына 1 реттен аз қатыспау керек.

4. Электр станцияларының электр қондырғыларының жылу механикалық құрылғыларын пайдаланудағы ТҚЕ; объекттердің ҚЕ мен ПҚ, қазандарды қадағалауға қарасты; электр станциялары мен жүйелерінің ТПЕ; ҚР ЕқтЗ; жұмыстың әр түріне байланысты ЕҚ мен ҚТ бойынша типтік және жергілікті нұсқаулар.

 

3 Өнеркәсіптік объектінің төтенше жағдайларды оқшаулауға және оларды жоюға дайындығын қамтамасыз ету

 

 

 
 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 374 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жалпы ақпарат | Кесте-Объектiлердiң өрт сөндiру сипаттамасы | Жасырыну жоспары | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Неркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау| Сурет-Жұмыс кезінде ТЖ мен АҚ штабына хабарлау схемасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)