Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiгiн талдау

Читайте также:
  1. АУІПТІ ЖӘНЕ ЗИЯНДЫ ФАКТОРЛАРДЫ ТАЛДАУ
  2. Дәріс №2. Термиялық талдау
  3. Дәріс №9. Масс – спектрлік талдау
  4. Модульденген сигналдардың спектрлік талдауы.
  5. Рентген құрылымдық талдаудың әдістері

Технологияның суреттемесі

ТЭЦ жұмысының шартсызбасы келесідей: отын қазандарда жанып, суға жылу беріп, оны жылынған буға айналдырады. Бу ротор турбинасын айналдырып, электр энергиясын өңдеп шығарады, содан кейін жартысы №6 ст. турбоагрегат конденсаторында қоюландырылады, жартысы өндіріс буы ретінде 13 атм – тұтынушыларға кетеді. Сонымен қатар №6 ст. турбоагрегатынан өңделуіне қарай, өндіріске жіберуге және жүйе суын жылытуға, жылыту жұмыстарына және ыстық сумен қамтамасыздандыруға бу іріктеледі. Генераторлардың электр энергиясы жоғарылатылған электр трансформаторлары және жоғары кернеу электр жетектерінің тізбектері арқылы жеткізіледі.

Оттық камерасында шырақ түрінде жағылатын газ, экран ішінде жылжып, оттық камерасының ішкі іргесін жабатын суға жылуын береді. Оттық камерасынан шығатын газ тәрізді отынның жану өнімдері содан кейін қазанның беттерін шаяды: бу жылытқышы, экономайзер, ауа жылытқышы. Суыған түтін газдары түтін сорғышпен түтін тұрбаларына сорылып алынады. Жану үрдісін сақтау үшін оттық камерасына ауа жылытқыш арқылы үрлеу желдеткіштерімен ауа әперіледі. Бу қазанынан шыққан жоғары қысымды және жоғары температуралы су буы бу тізбектері арқылы турбинаға әкелінеді. Турбинада жұмыс істеген бу турбина роторын айналысқа әкеледі, олармен электргенераторының роторы қосылған. Турбинадағы бу құбыр арқылы циркуляциялы насоспен градириядан келетін сумен конденсаторда суытылады. Қоюланған бу қоюлату насостарымен деаэраторға қотарылады. Турбина конденсаты мен қосалқы химиялық тазартылған су қосымшасы қоректендірілгіш насостарына әперіледі, олармен регенеративті жоғарғы қысым жылытқыштары арқылы қазан экономайзеріне қотарылады. Турбинадан шыққан суды жиі регенеративті жылытқыштар (реттеуге келмейтін іріктелген бу) мен жүйелі жылытқыштарына жылыту мақсатында ыстық су мен жылу энергиясын босатады. Шыққан будың жартысы - өндірісте (реттелетін іріктелген бу) қолданылады. Генератордың электр энергиясы жоғарылататын электрлік трансформаторлар арқылы жоғары кернеулі электр жетектерімен беріледі.

Қазан жасау (котельный) цехтары – жылу энергиясын өңдеп шығарады. Осы кезде цехта 10 қазан бар, олардың номиналды өнімділігі 1325 т/сағ, жылу энергиясы жылынған бу түрінде қазанды агрегаттарынан турбинді цехқа түседі, онда 5 турбоагрегат арқылы электр энергиясына қайта өңделеді. Турбоагрегаттар мен қосалқы турбина құрылғылардың күрделі және тұрақсыз жөндеу салдарынан барлығы қанағаттанарлық жағдайда (конденсатор, конденсатты насостар, жоғары қысымды жылытқыштар, ауа деаэраторлары, қоректендіру насостары, жүйелі жылытқыштар, қотарушы насостар және т.б.).

Химсутазарту цехтарында судың химиялық өңдеуінің 2 жүйесі құрастырылған: ХВО-1 және ХВО-2. ХВО-1 – бу қазандарын қоректендіруге арналған. ХВО-1 схемасына механикалық, Н және Na - катионды фильтрлер мен 1 және 2 деңгейлер, химиялық тазартылған су насостары, декартонизирленген су насостары, су бактары, ХВО-2 – жылу жүйесін қоректендіруге арналған. ХВО-2 келесі шартсызбамен жұмыс істейді: Н – суық тәртіпке катиондау, декарбонизация. ХВО-2 схемасына кіреді: Н – катионды фильтрлер, жұмсартылған су бактары, қышқылды торап, насосты шаруашылық цехтің көмекші құралдары: тұзды және күкірт қышқылының бактары, аммиак пен гидразин қотару насостары. Химсутазарту бөлмелерінде бактар мен реагенттер дайындау мен мөлшерлеу құрылғысы бар.

Станцияда көлденең байланысты электр станциялары мен су жинайтын қазандардың жабдықталғандығына байланысты талаптар мен жобаларға сәйкес жылу механикалық құрылғының технологиялық қорғаныстары жасалған (РД 34.35.131-95).

Тоқтауына әсер ететін су жылыту қазандарының қорғаныс түрлері:

- Қазан сыртындағы су қысымыныңтөмендеуі.

- Қазан сыртындағы су температураның көтерілуі.

- Қазан арқылы су шығының азаюы.

- Газ қысымының төмендеуі.

- Мазут қысымының төмендеуі.

- Оттықтағы жалпы шырақтың өшуі.

- Барлық түтік сорғыштарының сөндірілуі.

- Үрлеуіш желдеткіштердің сөндірілуі.

 

Қазанның тоқтауына әсер ететін жеті қорғаныс шаралары жасалынған, 6 пункті - “ Оттықтағы жалпы шырақтың өшуін” санамағанда

Бу қазанының тоқтауына әсер ететін қорғаныстар түрлері:

- Барабандағы деңгейді көтеру.

- Барабандағы деңгейді төмендету

- Оттықтағы мазут қысымын төмендету

- Газ қысымын төмендету

- Барлық түтік сорғыштарды сөндіру

- Барлық желдеткіштерді сөндіру

- Бу температурасын төмендету

Қазанның тоқтауына әсер ететін жеті қорғаныс шаралары жасалған, 3 пункті - “Оттықтағы мазут қысымын төмендетуін” санамағанда

Қазан жұмысын 50% дейін түсіруге әсер ететін қорғаныс шаралары (тек жоғары қысым қазандары”

- Екі түтік сорғыштың біреуін өшіру

- Үрлеуіш желдеткіштің екеуінің біреуін өшіру

- Қазаннан шығар жердегі қысымды 102.0 көтеру

 

Жергілікті операциялар жасайтын қорғаныс шаралары

- Жаңа бу қысымын сақтауыш клапандарын ашуға дейін жоғарылату

- Қазан барабанындағы деңгейді көтеру

- Бу температурасын жоғарылату

- Қазан жақпандағы газды горелканың өшіп қалуы немесе тұтанбауы

Станцияда 2002 жылының 10 ақпанындығы №14 келісім негізінде ТОО “Технокран” мамандырылған мекемесімен қазандықтар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар мен жүк көтергіш механизмдерге бақылау және техникалық диагнездеу жүргізіледі.

Госгортехнодзор органына тәуелді 115 бірліктердің барлық объектілері толық көлемде орындалған және Актөбе облысы қауіпсіздік жағдайы жөніндегі технадзор инспекторымен келісілген.

4 пункт “Қазан жақпандағы газды горелканың өшіп қалуы немесе тұтанбауы” – басқа барлық қорғаныс шаралары жасалынған (334 жоқ).

Орындалуы өндірістің наряд-рұқсат беретін арнайы ұйымымен жүргізілетін, өте қауіпті жұмыстар тізімі:

- газқауіпті жұмыстар

- отпен жасалатын жұмыстар

- қазанды-газды надзор бойынша бақылаушы меминспекцияға, объекттерге қызмет көрсету жұмыстары.

- Қатынас жолдары Министрлігіне қарасты құрылғыға қызмет көрсету жұмыстары

- Қышқылы бар цистерналарды босату жұмыстары.(8 кесте)

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 280 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Жалпы ақпарат | Сурет-Жұмыс кезінде ТЖ мен АҚ штабына хабарлау схемасы | Жасырыну жоспары | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кесте-Объектiлердiң өрт сөндiру сипаттамасы| Кесте-Белгілі авариялар туралы мәліметтер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)