Читайте также:
|
|
1939 жылы жазда фашистік Германия соғысқа дайындықты аяқтады. Германияның экономикалық саласы соғыс жағдайына бейімделді. Жаяу әскердің, жаңа қару тұрлерінің әсіресе танк және үшақтардың саны мен сапасы жағынан Герамния өзінің Еуропадағы бәсекелестері Англия мен Франциядан асып түсті. Ал Флот саласындағы Германия өз бәсекелестерінен тұрмады. Бұл А.Гитлерді қорқытпады. Соғыстың тағдыры құрлықта шешілер деп ойлады Гитлер.
Гитлердің соғыс жоспары бойынша ең алдымен Польшаға шабуыл жасау қажет болды. 1939 жылы 11 сәуірде Гитлер "Ақ жоспарға" қол қойды. Ол бойынша "қарулы күштің міндеті Польша әскерін жою болып табылады" делінген. Польшаға шабуылды 1 қыркүйектен қалдырмай бастайтын болып келісілді.
Мюнхен тәжірибесіне сүйене отырып, Гитлер Польшаға Англия және Франция қолдау көрестпейді деп болжады. 1938-1939 жылдары Чехословакияны жаулап алу кезінде Англия және Франция көмек көрсетпеген болатын [27].
31 тамызда Польша формасын киген топ немістің Глейвица қаласындағы радиостанцияны басып алды. Осылайша Гитлер Польшаға шабуыл жасауға сылтау тапты. 1 қыркүйек 1939 жылы таңертең Германия Польшаға шабуыл жасады. 1939 жылы 3 қыркүйекте Англия және Франция Германияға соғыс жариялады.
II дүниежүізілік соғыс басталды. Фашистік Италия Германияның соғыспайтын одақтасы екендігін білдірді. АҚШ өзінің бейтараптығын көрсетті.
Англия және Франция соғысты қазір бастамайды деп болжаған Германия басыт майданда аз санды қарулы күш қалдырып, барлық күшті біріктіріп, Польшаға үш бағытта шабуыл жасады. Польшаға танк және авиация бойынша басым 5 неміс әскері (армиясы) жіберілді. 62 неміс дивизиясына, сонымен қатар 7 танк, 4 жылжымалы дивизияға Польшаның 30 жаяу әскери дивизиясы және атты әскері қарсы тұрды. Польшаның әскері әлі мобилизацияланып үлгермеген еді. Польша қарулы күштерінің техинкалық жабдықталуы Германия әскерінен көш кейін еді. Польша өзінің "армия королі" деп аталған аты әскеріне сүйенді. Неміс авиациясы Польша әуе күштерінен 5 есе көп болды.
Польша әскерлері ерлікпен күресті. Атты әскерлері неміс танкілеріне қарсы шапты. Алайда герман әскері басым болды. Варшава 20 күн ерлікпен шайқасты. 28 қыркүйекте Варшава алынды және қазан айының басында барлық қарсылықты түпкілікті жойды. Польша бұл шайқаста жеңіліс тапты.
КСРО бейбітшілікті сақтау мақсатында Германиямен ымырауға келуге тырысты. 18 қыркүйекте Германия және КСРО басшылығы Польшадағы кеңес-гермен әскерлерінің іс-әрекеті "бір-біріне шабуылға жасамау туралы" пактіге қайшы келмейтіндігін мәлімдеді. Польша территориясында герман және кеңес әскерлерінің демаркациялық шебі белгіленді. 1939 жылы 28
қыркүйекте Мәскеуде совет-герман бірлескен "достық және шекара" туралы келісімге қол қойылды. Бұл келісімге сәйкес шекара "Керзон линиясы" бойынша белгіленді. 1939 жылы 1 және 2 қарашада батыс Украина және Батыс Белоруссия КСРО құрамына енді.
Германиямен достық келісімінің салдары өте көп болды. Онда КСРО территориясына дейінгі Польша аймағында демократиялық жүйені жойып, Германия өз тәртібін енгізді.
Эстония, Латвия, Литва басшылығы КСРО мен бір-біріне көмек көресту туралы пактіге қол қойды. КСРО аталған елдерде өз әскери горнизонын орнатуға құқық алды.
Финляндия үкіметі КСРО тарапынан көмек алудан бас тартты. Кеңес-Финляндия қатынасы шиеленісті. 1939жылы 30 қарашада КСРО Финляндия шабуыл жасады.
Сол кезде, Германия Польшаға соғыс ашқан кезде батыста таңғажайып соғыс (странная война) жүріп жатты. Англия және Франция әскерлері Германияға шабуыл жасамады. Англия және Францияның 110 дивизиясы Германияның 23 дивизиясы қарсы тұрған болатын.
Польша жеңілгеннен кейін де "таңғажайып соғыс" жалғасты. Англия және Франция басшылығы қорғанысты жөн көрді. Англия және Франция басшылығы Германияның КСРО-ға шабуыл жасауынан үміттерін үзбеді. Француздық генерал де Голльдің пікірінше "Кейбір топтар жаулық іс-әрекетті Гитлерден емес Сталиннен іздеді" деп айтады [28].
Кеңес-Финляндия соғысы кезінде Ұлыбритания және Франция басшылығы Финляндияға көп мөлшерде әскери қару-жарақтар жіберді. 1940 жылы 5 ақпанда олар Финляндияға әскер жіберіп КСРО-ға шабуыл жасамақшы болды. КСРО-ны ¥лттар Лигасы мүшелігінен шығарды. Англия және Франция кеңестік Кавказдағы мұнай ошақтарына шабуыл жасамақ болды. Ол үшін Сириядағы, Ирактағы, Турциядағы әскери базаны жабдықтады. Сонымен қатар англо-француздық суасты кемелерінің Қара Теңіздегі іс-әрекеттері жоспарланды.
Бұл жоспарлардың барлығы іске аспады. 12 наурызда Кеңестер Одағы мен Финляндия арасында бейбітшілік туралы келісімге қол қойылды. Карельдік перешайка КСРО құрамына Ленинградтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында берілді.
Таңғажайып соғыс кезінде Германия Францияға шабуыл жасауға даярлануды аяқтады. Сонымен қатар Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерін жаулап алуға дайындықта бітті. I дүниежүзілік соғыс кезіндегідей Францияға шабуыл ең алдымен бейтарап елдер Голландия және Бельгия шабуыл арқылы іске асу керек болды. Бірақ 1914 жылдан ерекшелігі басты соққыны Люксембург арқылы беру көзделді. Германияның батыс майдандағы жалпы әскер саны англо-француздық әскер санымен тең болды. Бірақ Германия әуе күштері бойынша басым болатын. Екі жақтың танк мөлшері шамамен тең болды. Гитлерлік Германия, Франция, Голландия, Люксембург және Бельгияны жаулау жоспарымен қатар, Скандинавия елдерін жаулап алуға бел буды. (Дания және Норвегия). 1940 жылы 9 сәуірде неміс әскері соғыс
жарияламастан Норвегия жеріне енді. Дания өкіметі Германияға қарсылық көрсетпеді. Ал Норвегия Англия және Франциядан көмек сұрады. Англия және Франция бірнеше ондаған десантты Норвегия жеріне түсірілгенімен, олар неміс әскеріне қарсылық көресте алмады. Неміс әскеріне Квислинг бастаған норвегиялық фашистер қолдау көрсетті. Норвегия әскері жеңілді. Оның қалдықтары Англияға эвакуацияланды. Норовегия территориясы оккупацияланды. Норвегия үкіметі Англияға қашып бас сауғалады.
Норвегияны оккупациялап болған Германия Францияға, Бельгияға, Голландияға шабуылды бастады. 1940 жылы 10 мамырды таңертең неміс әскері Бельгия және Голландия территоиясында енді. Бельгия және Голландия соғыс жариялап, Англия мен Франциядан көмек сұрады. Неміс әскерінің шабуылынан хабардар болған Англия және Франция алдын-ала келісілгендей Бельгияға жылжыды. 14 мамырда Голландия жеңілді. Францияның билеуші таптарында үрей пайда болды. 24 мамырда Бельгия капитуляцияланды. 400 мыңдық англо-француздық әскери топ Францияның солтүстік жағалауындағы Дюнкерн ауданында қоршауда қалды. Неміс танк дивизиясы Дюнкернді алуға мүмкіндігі бар еді. Алайда Гитлер танк дивизиясы келесі іс-әрекеттерге қажет болатындығын айтты. Тек жаяу әскер соғысты. Дюнкерннен англо-француздық әскер эвакуацияланды. Қоршауға түскен топтың тастап кеткен қару-жарағы Германия иелігіне өтті.
1940 жылы 5 маусымда Дюнкернді ликвидацияланған Германия шабуылды үдете түсті. Неміс танкілері еш қарсылық көрместен Парижге жетті. 1940 жылы 10 маусымда Франция үкіметі Парижден Францияның оңтүстік-батысындағы Бордо қаласына қашып кетті. Париж "ашық" деп жарияланды.
Сол күні 10 маусымда фашистік Италия Францияға соғыс жариялады. Вейган және Петэн бастаған капитулянттар іс-әрекеттерді тоқтауды талап етті. Олардың мақсаты жүзеге аспады.
1940 жылы 16 маусымда премьер-министрн болып капитулянт Петэн тағайындалды. Петэн Германияға бейбітшілік туралы өтініш білдірді. 1940 жылы 22 маусымды Компьен орманында Франция және Германия татулық жөніндегі шартқа қол қойылды. 25 маусымда Римде франко-итльяндық келісімге қол қойылды. Франциядағы келісім бойынша Германия Францияның үштен бір бөлігін алды. Олар Париж, Лотарингия, Эльзас іс-жүзінде Германияға қосылды.
Неміс әскери тұтқындары француз түрмелерінен босатылды. Франция күндігіне 400 млн франк оккупалиялық ақы ретінде төлейтін болып міндеттелді. Келісім талабы Францияның толығымен Германия отарына айналдырды.
Францияның жеңілуі англо-француздық каоалицияның күйреуіне әкеп соқты. Франко-германдық келісімге сәйкес француздық флот Германияның құрамына өтеді деп ойлаған. Англия 1940 жьп ы 3 шілдеде Мерс-эль-Кебир атты Алжир портына ірі әскери теңіз эскадрасына жіберді. Осы жердегі француздық кемелерін жою жоспарланды. Бұл жердегі француз кемелрін және Англия портында тұрған француздық кемелер жойылды. Осыдан соң Франция үкіметі Англиямен дипломатиялық қатынасты жойды. Тез арада Польшаны жаулап алу фашистерді масайратты. Жеңілген жерлерден көп олжа түсті. 1941 жылы оккупацияланған елдерден түскен табыс Германяиның ұлттық жылдық кірісінен екі есе асып түсті.
Неміс монополиясы байыды. Ірі концерндердің рөлі өсті. 6 ірі концерндердің өндірісінде 2 млн адам жұмыс істеді. Германия құпия түрде ракеталық және ядролық қару түрлерін өндірді. Ірі әскери жеңістер фашистік партияны, мемлекетті нығайтты. Халықтың көпшілігі фашистердің үгіт-насихат ықпалында қалды. Германия басшылығы Францияның жеңілісінен кейін Англия қаруын тастайтындығына сенімді болды. 1940 жылы жазда Гитлер Англияға өз еркімен берілуін талап етті. Бірақ Англия үкіметі бұл ұсынысты құрлық әскерін жабдықтай бастады. Англия мобилизациялана бастады. Англия үкіметі Гитлердің компрамистік ұсынысын қабылдамай тастағаннан кейін Германия соғысқа дайындала бастады. Германияның алдында екі жол тұрды: Англияға немсе КСРО тарапына шабуыл?
1940 жылы Гитлер "Теңіз арыстан" деген жоспарға қол қойды. Ол бойынша Англияға десант түсіру көзделді. Осылайша авиацияның күшімен Англияның флотын жеңу жоспарланды. Соғысқа дайындыққа бір ай бөлінді. Кейіннен неміс флоты Англияға өз уақытында десанттарды жеткізе алмайтындығы және неміс әуе күштері басымдық алатындай жағдайда емес екендігі белгілі болды. Неміс әуе күштері үрей туғызу мақсатында Лондонды және басқа да ірі қалаларды бомбылады. 1940 жылы 15 қыркүйекте мыңнан астам неміс әскери ұшақтары Лондонға күшті соққы берді. 15 қыркүйекте түнде Ковентри қаласы түгелімен қирады. Неміс суасты қайықтары әуе күштерінің қолдауымен барлық ағылшын аралдарын қоршауға алуға тырсты. Олар "қасқыр үйірі" деп аталған тактиканы пайдалана отырып, олар ағылшын тасымал келемелеріне шабуыл жасады. Ондағы масқат Англияны шикізаты қалдыру болатын. Алайда ағылшындар күшті қарсылық көрсетті. Англияны әуе шабуылы кезінде немістер жағы 1700-деғ астам әскери ұшақтарынан айырылды.
АҚШ Германиямен күреске бірте-бірте тартыла бастады. Оқшаулану саясатына қарсы келетініне қарамастан АҚШ Англияға көмек беруді тоқтатпады. 1940 жылы қыркүйекте АҚІП Англияға 50 эсминцев берді. Оның орына АҚШ ағылшын аралдарына және Атлант мұхитына өз әскери базаларына құруға мүмкіндік алды. Рузвельттің ұсынысы бойынша 1941 жылы 11 наурызда ленд-лиз заңы қабылданды. Оған сәйкес АҚШ мүддесін өте қажетті мемлекеттерге қару-жарақ сатылды. Ұлтыбритания қарулы күштерді АҚШ қару-жарағымен жабдықталды.
1940 жылы неміс флотының ағылшын аралдарына дендеп ене алмағыанын көрген Гитлер КСРО-ға соғыс басталуы ұйғарды. 1940 жылы 31 шілдедегі жиналыста Гитлер былай деп мәлімдеді: "Егер Ресей бағынса Англия ең соңғы үкіметінің айырылады. Нәтижесінде Еуропада жене Балкан елдерінде Германия үстемдік құрады". Англияға қарсы теңіз және әуе күштерінің әскери қимылдары жалғасып жатты. "Теңіз арыстаны" жоспары тоқтатылды. Бірақ Германияның қарулы күштері КСРО тарапына қарай топталды [29]. Әскери қақтығыстардың қаупінің өсуі жағдайында КСРО өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдай бастады. 1940 жылы 26 маусымда КСРО 1918 жылы Румынияның тартып алған Бессарабия өлкесін қайтарып берін талап етті. Румыния басшылығы келісті. Бессарабия және Солтүстік Буковина КСРО құрамына тамызда Латвия, Литва және Эстония одақтас республикалар ретінде КСРО кұрамына өтті.
Фашистік Германия өзінің жаңа одақтастарымен қатынасты нығайта бастады. 1940 жылы 27 қыркүйекте Германия, Италия және Жапония үштік пактіге қол қойды. Жапония Германия және Италияның Еуропадағы "жаңа тәртібін" мойындады. Ал Германия және Италия Жапонияның Шығыс Азия кеңістігіндегі "жаңа тәртібін" мойындады. Үштік пактіге қатысушы мемлекеттер қажет жағдайда бір-біріне көмектесуге міндеттелді. Германия және Жапония мемлекеттері КСРО-ға соғыс жоспарын бір-бірінен құпия жасалды.
Германияның, Италияның және Жапонияның үштік пактісіне кейіннен басқада мемлекеттер қосылды. 1940 жылы қарашада Румыния үштік пактіге қосылды. 1941 жылы наурызда үштік пактіге Болгария үкіметі қосылатындығын білдірді. Болгария территориясына неміс әскерлері орналасты.
Германия Финляндия және Испанияны өз жағына тартуға тырысты. 1940 жылы қазанда Испанияның Франко үкіметі егер Испанияға Гибралтар берілетін болса, Англияға қарсы соғысатындығы білдірді. Финляндия үкіметі 1940 жылдың аяғына қарай Германия мен КСРО-ға қарсы одақтас болатындығы туралы құпия келісімге қол қойды.
КСРО-ға қарсы шабуылға дайындық жүріп жатқан кезде Англия қарсы соғыс әуе күштерінің және теңіз флотының қимылдарымен шектелді.
Грецияға қарсы шабуылның сәтсіз аяқталғанына байланысты Муссолини Гитлерден көмек сүрады. Гитлер Грецияға шабуыл жоспарын құрды және Солтүстік Африкаға неміс танк корпусын жібермекші болды. Оны генерал Роммель басқарды. Роммель ағылшындықтарды Египет шекарасына дейін шегіндірді.
Грецияға қарсы "Марита операциясы" жоспары бойынша Румыния және Болгарияға әскерді орналастыру қажет болды. Бұл әскерді 1941 наурызда Болгария арқылы Эгей теңізінің солтүстік жағалауын алу, керек болса Греция континентін басып алу көзделді.
Кейіннен Грецияға шабуыл жоспары Югославияға шабуыл жоспарымен толықтырылды. 1941 жылы көктемде Югославия үкіметі үштік пактіге қосылды. Бұл Югославияда наразылық отын тудырды. 2 күн пактіге соң үкімет құлады. Жаңа үкімет КСРО-мен келіссөздерге келді. Бұдан соң Гитлер Югославияны жау етіп таныды. Югославияға және Грецияға шабуыл жасау бір мезгілде үйғарылды.
1941 жылы 5 сәуірде Югославия КСРО-мен келісімге қол қойды. 6 сәуірде фашистік Грецияға және Югославияға шабуыл жасады. Югославияға бірнеше бағытта: Болгариядан, Венгриядан, Австриядан шабуыл жасады. Неміс фашистік әскері басымдықтың нәтижесінде Югославия территориясына дендеп ене бастады. 12 сәуірде олар Белградқа жетті. 17 сәуірде Югославия капитуляцияланды. 29 сәуірде Греция капитуляцияланды.
1941 жылы мамырда неміс әуе-десанттары Крит аралын басып алды. Бұл жерде Балкан аралын оңтүстіктен қорғап тұрған маңызды база орналасқан болатын. Балкан мемлекеттері енді фашистердің қолына өтті.
Балканды жаулап алған соң фашистік Германия енді таяу Шығысқа кіруге әрекеттенді. Францияда Виши үкіметімен келісе отырып, Германия Сирияда әуе-десант базасын құрмақшы болды. Араб халықтарының ағылшындарға және француздарға қарсы ұлт-азаттық көтерілісін өз мүддесіне пайдалануға тырысқан фашистер Ирактағы ағылшын төңкерісіне дем берді. Алайда ағылшын әскері Ирактағы көтерілісті басып жаншыды. "Еркін Франция" әскери бөліктерімен олар Сирия территориясында енді және ондағы фашистік әскерді талқандады. Сирияда және онымен шекаралас Ливанда билік ағылшындармен "Еркін Франция" қолына өтті. Еркін Франция жетекшілігі Литванның және Сирия тәуелсіздігін таныды. Алайда ағылшын және француз әскерлері Бұл территорияда қалдырылды [30].
КСРО-мен соғысқа дайындалып жатқан Германия таяу Шығыстағы бұл қимылдарға жауап бере алмады.
1941 жылдың жазына қарай фашистер өз билігін Батыс Еуропада және Орталық Еуропада жүргізді. Германия және Италия екінші дүниежүзілік соғыс барысында 9 Еуропалық мемлекеттерді жаулап алды. Ұлттар Лигасы өмір сүруін тоқтатты. Румыния, Венгрия, Болгария, Финляндия Германияның одақтасы болды. Португалия және Испания фашистік Германияны және Италияны қолдады. Швеция, Швейцария және Эйра (Ирландия) бейтарап болып қала берді.
Фашистер оккупациялаған елдердің саяси жағдайы әртүрлі болып қалды. Гитлершілердің Австрияны Германияның құрамына қосты және ол Германияның бір бөлігі ретінде саналды. Чехословакия бөлшектенді:
1. Судет жерлері. Ол Германия құрамына кірді.
2. Богемия және Моравия протекторат болды.
3. Словакия-тәуелсіз болғанымен ол Германия құрамына кірді. Хорватия, Босния, Герцогавенияда тәуелсіз Хорватия мемлекеті құрылды.
Оккупанттар Грецияны үш зонаға: германдық, итальяндық және болгарлық бөлді.
Батыс Еуропалық Дания, Норвегия, Бельгия, Голландияда оккупанттар марионеттік үкіметті билік басына қойды. Люксембург толығымен Герамния құрамына еніп кетті.
Франция-Германия оккупациялаған елдердің ішінде ерекше жағдайда қалған ел болды. Францияның қалған флотының және колонияларының Англия жағына өтіп кетпеуіне қалаған Германия Францияда Виши үкіметін қалдырды.
Германия және оның одақтастары КСРО жеріне шабуылға дайындалды. "Барбаросса" жоспары бойынша КСРО жерін Англиямен соғыс біткенге дейін қысқа мерзімде жаулап алу көзделді. КСРО иелігіне үш бағытта: Ленинград, Мәскеу, Киев бағыты бойынша шабуылдау көзделді. Бұл соғыс қимылының ең соңғы нүктесі Волга-Архенгльск нүктесі болып табылады. Бұл линиядан шығысқа қарай созылып жатқан Урал өндірістік аймағын әуе күштерінің қолдауымен басып алу жоспар бойынша көзделді. КСРО территоиясына шабуыл мерзімі алғашқыда 1941 жылдың мамырына белгіленді.Сонан соң Балкандағы соғыс қимылына байланысты шабуылды бастау мерзімі 1941 жылдың 22 маусымына белгіленді. Гитлершілер жоспарлаған "найзағайлы соғыс" 8-10 аптада ары кеткенде қысқа дейін бітеді деп ойлады. Гитлер КСРО-мен соғыста өте қатаң болуды, коммисарларды қыруды, жалпы отарлаушыларға кім қарсылық көрсетсе, соларды аяусыз қыруды талап етті. барлық Ресей территориясын өз үкіметі бар бірнеше мемлекеттерге бөлуді жоспарлады [31].
Гитлердің талабына сәйкес Германияның жоғарғы әскери басшылығы халықаралық нормаға қайшы келетін соғыс тұтқындарын өлтіруі туралы бұйрық шығарды.
"Найзағайлы соғыстың" өте қысқа уақытта болатындығына күмән келтірмей Германия КСРО-ның Еуропалық бөлігін неміс отарлаушыларының өмір сүру аймағына айналдыруды көздеді.
"Ост" (Шығыс) жоспарына сәйкес КСРО жерінің батыс аудандарынан 30 жылдың ішінде Сібірге халықтарды қоныс аударпақшы болды. Сонымен қатар Польшадан, Чехословакиядан тұрғындарды көшірмекші болып жоспарлады. Ал Бұл тұрғындардан тартып алынған жерлерге 10 миллион неміс келетін болды. Шамамен 14 миллион жергілікті тұрғындарды өз жерінде қалдырып ассимиляцияламаушы болды.
Өздеріне Еуропаның барлық экономикасын бағындырған фашистер барлық күшті КСРО-ға қарсы жұмылдырды. Фашистік Германияның әскеріне Италия, Румыния, Венгрия, Финляндия әскері қосылды. 1941 жылы жазда 190 дивйзия оның ішінде 153 неміс дивизиясы КСРО шекарасына бағытталды. Неміс әскерінің құрамында 19 танк, 14 жылжымалы дивиязия болды. Германия және Оның одақтастарының КСРО-ға қарсы бағытталған әскерінің жалпы саны 5,5 млн адамды құрады. Оның иелігінде 47 мың құрал және минометтер, 4300 танк, 5000-ға жуық самолеттер болды. Германия КСРО-ны оқшаулап Англиямен келісімге келуге тырысты.
1941 жылы 22 маусымда таңертең сағат 4-те фашистік әскер соғыс жарияламастан КСРО территоиясына енді. КСРО-ның ¥лы Отан соғысы басталды. Герамнияға Румыния, Италия, Венгрия, Словакия, Финляндия, Хорватия қолдау көрсетті. Сонымен қатар Франко бастаған испан үкіметі, фашистік Франция көмек берді.
Фашистердің тұтқиылдан шабуылдауы оларға уақытша басымдық берді. КСРО әлі де өз әскерін мобилизациялап үлгерген жоқ еді. Сол кезде КСРО қарулы күштерінің жалпы саны 5,3 млн адам болды. Кеңестік әскер фашистік блоктан танк және самолеттердің жалпы саны жағынан басым болды. Бірақ оның көпшілігі ескірген еді [32].
Кеңес әскерінің соғысу мүмкіндігіне ықпал еткен негізгі факторлардың бірі сталиндік жаппай репрессия еді. Репрессия жылдарында көрнекті маршалдар, саяси жеткшілер қуғындалған еді. КСРО-ның қорғаныс жоспары Сталиннің қате ұсынысынан кейін әлсіреген еді. Сталин гитлерлік Германия батыстан Мәскеуге емес, көмір және астықты пайдалану мақсатымен оңтүстік-батыстан Украйна территориясынан шабуыл жасайды деп жоспарланды. Сондықтан КСРО-ның негізгі қарулы күші аталған аймақта орнады.
22 маусымда таңертең неміс әуе күштері әуежайда тұрған кеңес ұшақтарын бомбалап істен шығарды. Соғыстың алғашқы күнінде Кеңес Одағы 1200-ден астам ұшағынан айырылды. Қорғанысты ұйымдастыру әлсіреп қалды. Өте жақсы қаруланған неміс әскерлері 28 маусымда Минск қаласын алды. Шілденің ортасына қарай немістер Прибалтика және Белоруссия аймағын түгелдей бағындырды. Украйна және Молдова жерлерін бағындырған немістер Ленинград, Смоленск, Киев қалаларын қауіп төндірді. Кеңес әскері ауыр жеңілістерге ұшырады. Шекаралық аймақтағы 170 дивизияның 70 дмвизиясы жарты құрамынан және техникасынан айырылды 28 дивизиясы толық қатардан шықты. Тұтқынға жүздеген мың кеңес солдаттары мен офицерлері түсті. Алғашқы жеңістерге масайраған гитлершілер «найзағайлы соғыс» іске асты деп ойлады. Шабуылдан соң атпа өткеннен кейін Гитлер «Барбаросса» жоспарынан кейінгі қимылдар туралы директиваға қол қойды. Онда КСРО-ны талқандағаннан кейін англо-американдық коалицияны жою үшін қарулы күш нығайтылуы тиіс болды. 1941 жылы күзде Гибралтар, Суэц каналы, Солтүстік Африканы, Таяу Шығыстағы, Индияны жаулап алу міндеті тұрды.
Алайда гитлершілер қателескен еді. Соғыстың алғашқы күнінен бастап олар Кеңес халқының және әскерінің ерлікпен күрескен қарсылығына душар болды.КСРО-да Сталин басқарған мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. 1941 жылы 29 маусымда фашистік басқыншыларға қарсы бүкілхалықтық директиваға Сталин қол қойды.
Өндіріс орындары, ауылшарушылығы, көлік соғыс жағдайына келтірілді. Көптеген өндіріс орындары соғыс өнімдерін шығаруға беймделді. Жұмыс күні ұзартылды. Карточкалық жүйе енгізілді.
Кеңес үкіметі фашистердің қолы жетпейтін Сібірдегі, Уралдағы, Қазастандағы өндіріс орындарының дамуына көңіл бөлді. Қазақстанда жаңа шахталар, зауыттар, фабрикалар салынды. Қазақстанға өнідіріс орындары көшті.
Смоленск түбіндегі шайқаста Кеңес әскері басқыншыларды екі айға жуық мерзім ұстады. Киев түбіндегі ұрыста-2 айдан астам. Одессада-2 айдан астам, Севостополь-8 айдан астам уақыт қорғанды. 1941 жылы күзде фашистерге Ленинградты блокадалау мүмкіндігі туды. Қоршау 900 күнге созылды. Ленинградты фашистер ала алмады.
Уақытша оккупацияланған аймақта партизандар маңызды орын алды. 1941 жылдың соңына қарай жаудың тылында 3500 партизандық отрядтар және топтар іс-әрекет етті.
КСРО халқының ерлікпен күресуінің нәтижелнде немістер үлкен шығынға ұшырады. Ресми деректер бойынша 1941 д-жылдың ортасына қарай неміс әскері 100 мың солдатынан және офицерінен, 1284 үшағынан айырлыды. Шығынға ұшырауына қарамастан немсітер шабуылды жалғастыра берді. 1941 жылдың соңына қарай олар Прибалтиканы, Украйнаны, Белоруссияны, РСФСР-дің көпшілік жерін оккупациялады. Осылайша Мәскеуге жол ашылды.
КСРО территориясынының біраз бөлігінің оккупацияға ұшырауы өндіріс көлемін қысқартты. Ішкі өнім екі есе азайды.
1941 жылы күзде неміс басшылығы Мәскеуге шабуыл жасау жоспары «Тайфунды» қабылдады. Мәскеу түбіндегі қанды-қырғын шайқастан кейін 1941 жылы 5 желтоқсанда Кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Басқыншылар Мәскеуден 100-250 шақырым қуылып тасталды. Осымен бір мезетте оңтүстікте Дондағы-Ростов ауданында, солтүстікте Тихвин ауданында шайқастар жүріп жатты. Кеңес әскерлері Ростовты азат етті және Ленинград түбіндегі неміс әскерлерінің қозғалысын тоқтатты. Мәскеу түбіндегі, Ростов түбіндегі, Тихвин түбіндегі ұрыстар фашистердің алғашқы жеңілісі еді.
Бұрынғы жаулықтарына қарамастан Англия мен АҚШ КСРО-ны қолдайтындықтарын білдірді. 1941 жылы 24 маусымда Рузвельт КСРО-ны қолдайтындығын ресми түрде жариялады.
Кеңес үкіметі Англияға бірлесіп Германияға қарсы шығуды ұсынды. Англия қабылданды. 1941 жылы 12 шілдеде англо-совет келісіміне қол қойылды. Ирандағы Гитлердің басқыншылығын тоқтату мақсатында КСРО және Англия бірлескен әскер жіберді. Германиямен одақтас Иранның шах үкіметі елден қашып кетті. Иранның жаңа үкіметі КСРО-мен Германияға қарсы күресте ынтымақтастығын білдірді.
1941 жылы тамызда Рузвельт және Черчилль Атлант мұхитының Канада жағалауында кездесіп, Атлант хартиясына қол қойды. Онда екі ел Германиямен күресу мен антигитлерлік коалиция құру мәселесі қаралды. Бүған КСРО қосылды. Дүниежүзінде біртіндеп антигерманиялық коалициялар құрыла бастады. 1941 жылы шілдеде Кеңес Одағы эмиграцияда жүрген Чехословакия және Польша үкіметімен келісімге қол қойды. Тараптар фашизммен күресте бір-біріне көмектесуге міндеттелді. 1941 жылы 27 қыркүйекте Кеңес Одағы генерал де Голльді француздардың бостандықшыл жетекшісі етіп тағайындады. Генерал де Голль КСРО-ға көпжақты көмек көрсетуге уәде берді.
Антигитлерлік коалицияның негізгі алға қойған міндеті фашистік Германиямен күресу болды. Алайда коалициялық күштердің арасында қарама-қайшылықтар болды. Англия мен АҚШ үкіметі КСРО-ның 1939-1940 жылдардағы шекарасын мойындамады. Сонымен қатар КСРО-ға беретін әскери көмегін кешеуілдетті.
Германияға негізгі соққы беретін Еуропадағы майдан мәселесі бойынша пікірталас туды. 1941 жылы 18 шілдеде Сталин Черчилль батыс майданының ашылуы туралы ұсыныс жасады [33]. Ал Чирчилл бұл ұсынысты қабылдамай тастады.
Антигитлерлік коалицияның негізгі қадамдарының бірі үш державаның Англия, АҚШ, КСРО-ның Мәскеу конференциясы маңызды болып табылады. Бұл конференция 1941 жылы қазанда болды. АҚШ және Англия үкіметтері КСРО қарулы күштерін қару-жарақпен жабдықтауға міндеттелді. Ал КСРО үкіметі АҚШ пен Англияны маңызды шикізатпен қамтамасыз етуге уәде берді. 1942 жылы совет-герман майданындна соғыс өте күшті болды. Гитлершілерді Мәскеу түбінде талқандаған соғыс өте күшті болды. Гитлершілерді Мәскеу түбінде талқандаған кеңес әскерлері қарсы шабуылға шықты. Бұл шабуыл 1942 жылдың көктемінде дейін созылды. Кеңес әскерлері оккупацияланған аймақтарады азат етті. Ашуланған Гитлер неміс әскеріндегі генералдарды қайта тағайындады. Батыс майданның жоқтығын пайдаланған Германия барлық күш-жігерді оңтүстік бағытқа жұмсады. Ондағы мақсаты Кавказ мұнайлы өлкесін бағындырып, КСРО-ны экономикалық әлсіретуге болатын.
1942 жылы мамырда кеңес-герман майданында фашистердің шабуылы бастады. Неміс армиясы Сталинград және Кавказға жүретін екі бағытта шабуылын жалғастырды. Сталинград және Кавказдың 4 айға созылған қорғанысты басталды.
Ауыр соғыс кездерінде кеңес-герман майданында фашистік Германия бұрынғы жеткен жетістіктерінен айырыла бастады. Танк және ұшақ жөнінен басымдықтан айырылды. Фашистік армия шамамен 2 млн адамынан айырылды. Сталинград түбіндегі шайқаста 1 мың неміс танкісі, 1400-ден астам неміс ұшақтары жойылды. Партизандар немістердің көп шығынға ұшырауына себеп болды. 1942 жылы көктемде оккупацияланған территриясыда 11 мың партизандық өлке пайда болды. 1942 жылдың соңына қарай партизандардың құрамына 125 мың адам болды.
Кеңес әскері фашистік блокың құрамындағы танк саны жөнінен 1,4 есе, ұшақ жағынан 1,3 есе, артиллериядан 1,5 есе болды.
Сталинград түбіндегі жеңістер, Кавказ территориясындағы сәтті қимылдар Кеңес әскерелрінің шабуылға шығуына қолайла жағдайлар туғызды. Кеңес басшылығының жоспары бойынша ең алдымен Сталинград түбіндегі шайқастан шабуыл басталады деп жоспарлады. ("Уран" жоспары). Сонан соң Донның орта ағысындағы шабуыл ("Сатурн" жоспары), орталық майданындағы шабуыл ("Марс" жоспары").
1942 жылы 19 қарашада кеңес әскері Сталинград түбіндегі шабуылды бастады. Ол соғыстағы түбегейлі бетбұрыс болды. 1943 жылы 2 ақпанда 300 мың адамы бар неміс топтары қоршалып талқандалды. Тұтқынға оның басшылығы түсті. Мысалы Паулюс Германияда үш күндік қаралы жариялады. Кеңес әскерлер Кавказды, Донбастың біраз бөлігін, Ресейдің орталық аудандарын азат етті. 1942-1943 жылдары жаудың 100 дивизиясы талқандалдыя. Фашистік блок 1700 солдаты мен офицерлерінен айырылды. 3500 танкі, 4300 ұшағы талқандалды.
Германияның одақтастары да үлкен шығынға ұшырады. Итлаияның, Венгрияның, Румынияның негізгі күштері Сталинград және Дон түбінде талқандалды.
Соғыстағы түбегейлі бетбұрыс фашистік блок арасында келіспеушілік тудырды. Италия одақтастар тарапынан өтті. Финляндия, Венгрия, Румыния Германияның жеңісінен үмітін үзді. Италия сияқты Англия және АҚШ тарапынаи өтуге тырысты. 1944 жылдың басында Германияның әскери жағдайы тығырыққа тірелді. Қару-жарақтың негізгі түрлері-артиллерия, танк, әскери үшақ бойынша КСРО 1,5-2 есе басым болды. АҚШ және Англия қарулы күштері Францияға әскер түсіруге дайындалды. Германияның одақтастары соғыстан тезірек шығуға әрекеттенді. Германия енді қорғанысқа көшті. Ол шығыстағы майданды ұстап тұруға, Францияға одақтастар әскер түсіре қалған жағдайда оны жою және босаған әскерді өз мүддесіне қарай жұмсау міндеті тұрды.
1944 жылы кеңес әскері кеңес-герман майданынын барлық аймағында шабуылға шықты. 1944 жылы қаңтардың ортасында Кеңес әскері Ленинградты қоршаудан азат етті. Неміс әскерлерін Прибалтикаға қуып тастады. Л.Свобода бастаған Чехословакиялық бригада кеңес әскерімен бірігіп Украйна жерінде неміс басқыншыларына соққы берді. 1944 жылы көктемде кеңес әскерлері Украйнаның оңтүстік жағалуын, Қырымдағы, Молдавияны азат етіп, Румыния шекарасына шықты.
1944 жылы жазда кеңес әскерлерінің Карельдік перешайкадағы Фин әскерлеріне шабуылды бастады. Сонымен қатар Белорусиядағы немістердің "Центр" атты тобына шабуыл жасады. Фин армиясына тегеуренді соққы бере отырып, Кеңес әскері Финляедия шекарасына шықты. Фин үкіметі КСРО-ға достастық туралы ұсыныс білдірді [34].
"Центр" атты немістердің әскеріне күшті соққы берген кеңестің әскерімен Польшаның генералы З.Берминг басқарған әскері Белоруссияны толығымен азат етті. Сонымен қатар Латвия мен Литва КСРО-ның Польшаны алуға әрекет жасай бастады. Осылайша Шығыс Пруссия шекарасына шықты. 1944 жылы күзде Прибалтиканың негізгі бөлігін азат ету аяқталды. Латвияның солтүстік-батысында немістердің "Центр" әскерінің бірнеше тобы Кеңес әскерлерінің қоршауында еді. КСРО территориясы басқыншылардан толығымен азат етілді деп айтуға болар еді. Кеңеске әскері Еуропа халықтарын азат етуге кірісті. 1944 жылы күзде Кеңес әскері Румыния территориясында үрыс жүргізді. Сонымен қатар Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия территориясында соғыс жүргізді. 1944 жылы қазанда Кеңес әскерлері Норвегия территориясына шығып, Норвегия үкіметінің келісмімен соғыс қимылдарын осы жерге әкелді.
Шығыс майданындағы Кеңес әскерлерінің шабуылы кезінде Англия және АҚШ өз әскерлерін Франция территориясына түсірді. Англо-американдық басшылық екі десанттық операция:
1. Францияның солтүстік жағалуы Нормандияға-"Оверлорд" операциясы.
2. Марсель аудында-"Энвил" операциясы.
Ең негізгі операция болып, Нормандия саналады. Ол 1944 жылы 6 маусымда басталды. Десанттарды фельдмаршал Монгомери басқарды. Жалпы Бұл операцияның үстінен генерал Эйзенхауэр бақылады. Англо-американдық әскер Германия әскерінен техника, артиллерия, ұшақ жағынан бірнеше есе басым болды. 1944 жылы 25 шілдеде одақтастар неміс әскерлеріне қарсы шабуылын бастады. Гитлершілер шығысқа шегінуге мәжбұр болды.
Одақтастардың Батыс Еуропаға әскер түсіруі және одан кейінгі іс-әрекеттерді екінші майданның ашылуына әкелді. Тек қана қорғаныспен еш нәтижеге жетпейтіндігін түсінген неміс басышылығы англо-американдық әскерді жою мақсатында батыс Еуропада қарсы шабуыл, алға шығуды жоспарлады. Сонымен қатар одақтастардың жоспарын талқандап, Англия және АҚШ-ты құтырқы келісімге келуге мәжбұрлеуге тырсты. 20 дивизия оның ішінде 7 танк дивизиясымен неміс әскері 1944 жылы 16 желтоқсанда қарсы шабуылға шықты. Батыс Еуропадағы соғыс өрті қыза түсті. Одақтастардың өтінішімен 1945 жылы 12 сәуірде Кеңес әскері шығыс майданда шабуылды үдетті. Немістердің Ардендегі, Эльзастағы шабуылды тойтарылды. Немістердің 16 дивизиясы шығыстағы майданға қарай тықсырылды. Фашистік Германияның жоспары толығымен күйреді.
Одақтастардың әскерінің жеңістерінде Франциядағы, Польшадағы, Югославиядағы, Албаниядағы, Словакиядағы, Румыниядағы, Болгариядағы, Венгриядағы, Грециядағы антифашистік қозғалыстардың маңызы зор болып саналады.
Жетекші державалар КСРО, АҚПІ және ¥лыбританияның қуатты нығая түсті. КСРО оккупацияланған территорияларды азат етті. Халық щаруашылығын қайта қалпына келтіруге кірісті. Соғыс жылдарында фашистер 1710 қаланы, 70 мың ауылды және деревняларды қиратқан болатын. Олар 98 мың колхозды, 1876 совхозды тонады. КСРО-ның соғыс жылдарындағы жалпы ауылшаруашылық шығынадары-679 млрд рубльді құрады. КСРО фашистерден азат етілген елдерге: Польша, Югославия, Албания, Румыния, Болгария, Чехословакия, Веггрия қаржылай көмек көрсетті.
1944 жылдың басында фашистік блок біржола күйреді. Одақтастардың армиясы Германия шекарасына жетіп, шешуші шабуылға дайындалды. Германияның экономикасы оккупацияланған елдерден келетін ресурстандан айырылған соң, соғыс қажеттіліктерін өтей алмады. 1944 жылдың жазынан Германияның өндіріс өнімдері қысқарды. Ракеталық қарулардың кереметтілігінен үміт ақталмады. Енді гитлершілер антикоалициялық күштердің ыдырауына және Англия және тойтарыс беру арқылы уақыт ұтып, Англия және АҚШ-пен келісімге келуге тырысты. 1945 жылы қаңтардан Кеңес әскері шабуылды жаңартты. 17 қаңтарда олар Варшаваны, кейіннен бүкіл Польшаны азат етті. Сонан соң Германия территориясына еніп, 1945 жылы ақпанның басында Берлиннен 60-70 шақырым қашықтықтағы Одер өзеніне келіп жетті. Совет-герман майданының оңтүстік аймағында Кеңес әскері Чехословакия мен Венгрияны азат етуді жалғ,астырды. Югославиялық, Румыниялық, Венгриялық әскерлердің қолдауымен Кеңес әскері Германияның оңтүстік майдандағы әскери топтарын талқандады. 13 ақпанда Будапешт, 1945 жылы 4 сәуірде Венгрияны азат етті.
Кеңес әскері азат еткен елдерде қайта құрулар жүріп жатты. 1945 жылы Румынияда П.Гроза бастаған халық демократиялық үкіметі билік басына келді. 7 наурызда Югославияда халықтық уақытша үкімет билік құрды. Венгриядағы уақытша үкіметтің билігі бүкіл елге тарады. Күн өткен сайын Польша республикасы уақытша үкіметінің позициясы күшее түсті. Шығыс Еуропадағы халықтық демократияның жеңістері, социалистік революция англо-американдық империалистердің қарсылығын туғызды. Осыған байланысты КСРО-мен қарым- қатынас шиеленісті.
1944 жылы 8 ақпанда Эйзенхауэр және Монтгоммери бастаған англо-американдық қарулы күштер бастыс майданда шабуылға шықты. Олар алға жылжы отырып, наурыз айында Рейн өзеніне жетті. Рур ауданындағы неміс әскерінің ірі тобын ликвидациялады. Немістердің батыс майдандағы қорғанысы күйреді. Одақтастардың әскері еш қарсмылық көрместен Германия территориясына дендеп ене бастады.
Черчилль КСРО-ның алдын орап, Берлинге бірінші жетуді көздеді. Бұл ұсынысқа Рузвельт келіспеді. Антигитлерлік коалициядағы алауыздықты пайдаланған Германия КСРО-ның қатысуынсыз герман иеліктерінің кейбір бөліктерін Англия және АҚШ-тың капитуяциялауын жоспарлады. Алайда олардың үміттері ақталмады.
Венаға жетті. 24 сәуірде олар Германияның астанасын қоршап, Берлинде шайқас жүргізді. 25 сәуірде АҚШ әскері Эльба өзеніне жетіп, КСРО әскерімен қосылды. Фашистік -неміс қарулы күштерінің майданы талқандалды.
Кеңес әскері Берлинді фашистерден толықтай азат етті. 30 сәуірде Гитлер өзін-өзі өлтірді. Ол адмирал Деницті мұрагер ретінде тағайындап кеткен болатын. Деництің штабы солтүстік Германияда орналасқан болатын. 2 мамырда Берлин горнизоны капитуляциялап шарттары бекітілді. 1945 жыды 8 мамырда Берлинде Жуков басшылығымен Германияның сөзсіз тізе бүгуі туралы актіге қол қойылды. Еуропадағы әскери қимылдар тоқтады. 9 мамыр күні КСРО халқында-Жеңіс күні болып жарияланды. Осылайша миллиондаған тағдырды талмаған фашистік Германия тізе бүкті.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 679 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі | | | П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер. |