Читайте также:
|
|
1939 жылы 4 сәуірде Муссолини үлкен фашистік кеңесте сөз сөйледі. Онда Италияның жақын және үзақ жылдары ұстанатын сыртқы саясаты қарастырылды.
Әр мемлекеттің тәуелсіздігін сол елдің теңізге шығу мүмкіндігімен шектелді. Италия Жерорта теңізінің тұтқыны болып табылады. Болашақта халқының саны көбейген сайын жағдай қиындай түсуі. мүмкін. Мұхитқа шығу үшін темір тор: Корсика, Тунис, Мальта, Кипр, Суэц және Гибралтар жауып тұр.
Италияның бірінші міндеті Муссолинидің айтуы бойынша Албаниядан басқа Еуропа территориясына ешқандай мүдделі емес. Италияның мақсаты мұхитқа шығу болып табылады. Ал бұл үшін Үнді мұхитына болса, Судан, Ливия аралығы, Атлантқа Франция және Солтүстік Африка аралығын өтуі тиіс. Қайсысы болса да Англия және Франциямен қақтығысады. Сондықтан Муссолини Германиямен одақтасты. Бұл Италия тылының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Ірі аумақтағы мұндай интервенцияға Италия дайын емес еді. Содықтан ол елінің әскери күшін дамытуға кірісті. Италияның соғысқа кіруі 1942 жылға қарай жоспарланды [19].
"Стальной пактіден" кейін бірнеше күн өткен соң, біріккен агрессивтік соғыстар жөнінде ой бөлісті. Муссолини Гитлерге бұл соғысқа үш жылдық мерзімге дайындық керек екендігін хабарлады. Италияның әскери күші, техникалық және тактикалық жағынан Эфиопиямен соғыс кезіндегі деңгейде қалып қойды. Бұл Италияның әскери бюджеті өзгерген кезде де еш өзгеріс енбеді.
1939 жылы 1 тамызда Италияның әскері 67 дивизиясы, 3 моторы, 3 жылжымалы және 3 таулы-альпілік дивизиялары болды. Жылдың соңына қарай дивизия саны 73-ке өсті. Бұл дивизиялардың қаруының көп бөлігі бейбіт кезеңдегі штаттармен құрастырылды, яғни ескірген. Жаяу әскерлерінің негізгі қаруы 1851 жылы шыққан винтовкалармен жабдықталды, артиллерия әлсіз болды, қару жетіспеді, моторлы дивизияда машина жетіспеді. Әуе күштерінде ұрысқа кіретін ұшқатың 3/1 бөлігі жарамды болды. Әскери теңіз күші басқа салалармен салыстырғанда анағүрлым жақсы болды. Алайда соғыстың алғашқы жылдарында-ақ жанармайдың жетіспеушілігі байқалды. Елдің соғысқа әскери дайындығын бас штабтың басшысы Ген Бадольо басқарды. Ол әскери өндірісті де қадағалады. 1937 жылы Бадольо тәкәппарлы тұрде Муссолиниге әскери саланың халықтың және дученің кез-келген бүйрығын орындауға дайын екендігін жариялады. Бас штабтың басшысының бұл сөзінің шындыққа жанаспайтындығын Муссолини жақсы білді. 1939 жылы жоғарғы комиссия қорғаныс саласында шикізаттың соғыс болған жағдайда жетіспейтіндігін жариялады. Бұл комиссияның есебі бойынша соғыс жағдайында Италияға 21 млн тонна тұрлі материалдар қажет: жанармай, өндіріс тауарлары, ағаш және т.б. Франциямен немесе Англиямен соғыс болған жағдайда негізгі материал Шығыс және Орталық Еуропадан әкелінді. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде әскери өндіріске қажетті шикізат жеткіліксіз шамада болды.
Муссолини соғысты кешеуілдетіп бастау қажеттігін түсінді. Бұл жөнінде ол Гитлерге ұсыныс жасады. Алайда фюрер бұған келіспеді.
Гитлер Германияның әскери дайындығына еш шек келтірмеді. 25 тамызда Муссолини түнде жалпыға бірдей мобилизациялау шешімін қабылдады. Фашистік Италия Гитлер бастаған соғысқа қатысуға дайындала бастады. Чиано былай деп жазды: "Муссолини кіруге бел буды. Соғысты кейінгі қалдыру мүмкін емес. Мен көнемін". Бір сәтте бәрі де аяқ астынан өзгеріп шыға келді. 25 тамызда Римге Гитлердің елшілігі келді. Гитлер жақын арада Польшамен соғыстың болатынын және Италия тарапынан түсінушіліктің болуын қалаған. Гитлер Италияның соғысқа тез арада араласуын өтінбеді. Келесі күні Муссолини штаб басшыларын жинап, оларға соғысқа кіру үшін әскери материалдардың тізімін жасауды бүйырды. Нәтижесінде Чианоның айтуы бойынша: "Оқи алатын өгізді өлтіре алатындай нәтиже шықты". Нәтижесінде алынған құжатта 170 млн тонна әскери материалдар белгіленді. Оны тасу үшін 170 мың теміржол эшелоны қажет болды. Бұл тізімді Муссолини дереу Гитлерге жіберді. Италия қажетті материалдарды жіберген жағдайда соғысқа кіре алатынын хабарлады. Германия Италияның барлық ұсынысын қанағаттандыруға мүмкіндік жоқ еді. 27 тамызда жауап хатта Гитлер Италияның бейтараптығын хабарлауды тоқтата тұруды сұрады. Мобилизациялау іс-шараларын одан әрі жалғастыруды сұрады. Өйткені Англия мен Франция қауіп төндірген еді. Муссолини бұл талапқа келісті. Муссолини бүкіл халықты мобилизациялауды тоқтатқанымен, бірақ соғысқа дайындық тоқтаған жоқ. Запастағы офицерлер әскерге шақырылды. Италияда әскери жаттығу істері жүріп жатты. 1939 жылы 1 қыркүйекте соғыстың басталған күнінде Италия өзінің бейтарап саясат ұстанатының хабарлады. Алайда бұл өтірік еді. Өйткені осыдан бірер күн бұрын Муссолини Гитлерге "Италия бірнеше уақыттан кейін соғысқа енеді" деп салтанатты тұрде уәде берген болатын. Италияның бейтараптықты ұстанғанын білген ел бұл фашистің өз еркі емес екенін түсінді.
Соғыс басталғанан кейін өзінің шарасыздығынан ашуланған Муссолини бір айға жуық көпшілік алдында сөз сөйлемей қойды. Эмилии-Романьеде партия белсенділерінің алдында сөйлеген сөзінде оның негізгі тақырыбы елдегі антифашистік қалдықтарды жою, еврейлермен, масондармен күресу туралы болды. Муссолини елдегі халықтың көзқарасы жақсы білді. Тамыздың соңында полиция басшысы өз баяндамасында халықтың соғысқа қарсы көзқараста екені айтылды. Осы кезде үкімет құрылысында үлкен өзгерістер жасалынды. Бұл өзгерістерде Чиано кеңесі үлкен роль атқарды. Өзгертілген үкімет құрамы тіпті "Чиано кабинеті" деген атақ алды.
Сыртқы саясатты Италияның бейтараптығы кезеңінде Италия Германия және оның қарсыластары арасына түсуге тырысты. Сол арқылы Италияның халықаралық саясаттағы ролі өседі деп ойлады. 1940 жылы 5 қаңтарда Муссолини Гитлерге хат жолдады: "Германияның КСРО-ға агрессия жасауын сұранған". Бұл хатқа Гитлер бірден жауап бермеді. Тек 8 наурызда Гитлердің жауап хаты келді. Батыстағы соғыс Муссолиниді одан сайын шыдамсыздандырды. Ол Германияның жеңетініне сенімді болды. Сондықтан өз үлесіне тиетін территориялық сыйлықтан құр қалмау үшін соғысқа араласуға әрекеттенді.
1940 жылы 18 наурызда Гитлермен Бреннерде кездесті. Бұл кезеңге дейін Муссолини соғысқа араласу керек екендігін түсінді. Соғысқа тек Германияның жеңіске мүмкіндік жасаған кезде араласу керек екенін де түсінді. 1940 жылы 18 наурызда Бреннерда екі фашист кездесуінде "парралельдік соғыс" жоспарын дайындады.
6 сәуір күні Муссолини бас штаб басшылығына әскери іс-әрекеттің жалпы жоспары жазылған меморандум жолдады. Бұл жоспар француз шекарасындағы қорғаныс әрекеттерін қарастырды. Югославияға қарсы күшті біріктіру, Эгей теңізіндегі қорғаныс іс-шаралары, Шығыс Еуропаға шабуылдау іс-әрекетін флот пен әуе күштері бірігіп жасауы тиіс еді.
Әскери теңіз флотының штабы меморандуммен танысқаннан кейін, өзінің бұл бұйрықты орындауға қауқарсыз екендіктерін білдірді. Бұл кезеңдегі оқиға Муссолинидің ойлағанындай өрбімеді. 9 сәуірде гитлерлік армия Данияны жаулап алды. Норвегияны оккупациялауды бастады. Содан кейін Бельгия және Голландияның кезегі тұрды. Бұл кейінгі екі мемлекет Францияға басып кіру жолында кедергі болып тұрды. 10 маусымда неміс танк дивизиясы Парижге жақындаған кезде, Франция басшылығы астананы тастап кетуге бел буғанда, Италияның соғысқа кіретіндігі туралы Муссолини мәлімдеді. Италия үкіметінің басшысы "кіші соғыс аралы" өзінің көздеген мақсатына жетуге тырысты.
Францияның қысқа уақытта капитуляциялануы туралы хабар Муссолиниге қысқа, кіші соғыс үмітін тұтандырды. 18 маусымдағы Мюнхендегі Гитлермен кездесуде Муссолини Францияға мүдделі екендігін айттты. Муссолини Гитлерге Францияны аккупациялау туралы ұсыныс жасады және Франция флотын бөлшектеп, Ницца. Корсика, француздық Сомали және Тунисті Италияға беруді сұрады. Гитлердің позициясы Францияны бейтараптандыру болатын, ондағы мақсаты Англияға шабуыл жасау еді.
Италияның мүдделерін тез арада ақтау үшін Муссолиниге әскери қимылдар керек болды. 20 маусымда кешке Муссолини Бадольоға тез арада барлық майданға шабуыл жасауды бұйырды, яғни Франция территориясына дендеп ену керек болды. Бірақ итальян әскеріне бұл соғыс үлкен жеңіс әкелмеді.
Гитлер итальяндықтар француздармен өздері келісім жүргізу керек деп шешті. Италия-француз конференциясы 24 маусымда Римде болды. Бұл конференцияда Риббентроп пен Чианоның өзара сұхбатынан кейін Италия тез арада Жерорта теңізі территориясын иемдену идеясынан және Францияның флотынан бір бөлігін иемденуден бас тартты. Муссолини 22 маусымда Гитлерге жолдаған хатында Италия тек осы уақытқа дейін жаулаған территорияны оккупациялайтындығын білдірді. 24 маусымда кешке Франциямен келісім жасалды. Бұрынғы талаптарынан бас тарқан Муссолиниге өкпелі итальян генералдарына Муссолини Германиямен қарсы келіп қалмас үшін осылай істелуі тиіс деді.
Муссолинидің Франциядағы сәтсіздіктерінен кейін, Африкаға көз тікті. 1940 жылы 11 шілдеде Муссолини Ливия губернаторлары И.Бальбоға Египетке соғыс жариялау үшін барлық әскери материалдарды дайындауды талап етті. Алайда транспорттың авиацияның және әскери техниканың жетіспеушілігінен И.Бальбо және оны алмастырған Гранциани да ірі аумақтағы мұндай операцияны бастауға батыл шешім қабылдай алмады.
Тамыздың басында әскери іс-қимылдарды бірнеше этаптарға бөлу жоспарланды:
І.Сиди-эль-Барани бағыты.
2.Мерса-Матрух.
Грациани операцияны кейінге қалдыруға тырысты. Алайда тамыздың соңында шабуыл жасау туралы бұйрық келді. Муссолини жақын арада Гитлер әскері Британ аралына шабуыл жасайды немесе компрамистік келісімге келеді деп жобалады. Екі жағдайда да Италияға өз үлесін алу үшін Англияға қарсы еш болмаса бір соғыс қажет болды.
14 қыркүйекте Италия әскері Сиди-эль-Бараниді бағындырды. Ағылшын әскері күрделі қарсылық көрсетпеді. Италия әскері алға қарай жылжы түсті. Муссолини Грацианоға шабуылды жалғастыруды тапсырды. Грациани Египетке жорықты кейінге қалдыруға мүмкіндік алды.
Шығыс Африкадағы Италияның әскер саны ағылшын әскерінен басым болды. Италияның 300 мыңдық армиясына ағылшынның Сомалиде, Кенияда, Суданда 30 мыңдық әскері қарсы тұрды. 1940 жылы күзде Италия әскері британдық Самолиді оңай басып алды. Алайда Суданға қарсы шабуылда Италия әскері жеңіске жете алмады. Күздің соңына қарай Африканың барлық майданында италия әскері қорғанысқа көшті.
1940 жылы "параллельдік соғыс" жүргізіп жатқан Италия Дальвация мен Хорватияны тартып алу үшін Югославияға, Корфа мен Эпирді иемдену үшін Грецияға шабуылды жоспарлады. Бұл екі емес шабуылды Муссолини 1940 жылдың жазында жоспарлаған болатын. Балкандағы агрессияны Чиано қолдады. 1940 жылы тамызда Югославияға қарсы оперативті жоспар жасалынды. Гитлер Югославия мен Грецияға қазіргі уақытта еш қимыл жасамауы керек екендігін айтты. Италия барлық күшті Англияға қарсы топтастыру керек деді. Муссолини бұған келісті. Италия Чиано басшылығымен КСРО-ға жақындасуды көздеді. Осылайша Италияның Балкандағы саясатына КСРО тарапынан қолдау алуды мақсат етті. Италия мен КҢСРО-ның жақындасуына Гитлер қарсы болды. Италия мен КСРО келіссөздері екі рет болды. Бірақ Италия Германия қыспағының нәтижесінде бұл келіссөздерден бас тартты.
1941 бұл кезеңде Гитлер КСРО-ға шабуылды ойластырған болатын. 1940 жылы 27 қыркүйекте Риббентроп, Чиано және жапон елшілігі үш жақты келісім жасасты. Бұл пакті бойынша үш жақтың қай-қайсысы болса да яксро-мен қарым-қатынасты нығайтпауы тиіс. Балканға ықпал етудің одан әрі тереңдей түсуі КСРО-ға агрессия жасаудың маңызды факторларының бірі болды. қазанда Гитлер "румын өкіметінің өтініші" бойынша Германия румын мұнай өндірісін қорғауды өз мойнына алатынын жариялады. Гитлердің күтпеген жағдай жасаған акциясы Муссолиниді наразыландырды: "Бұл жолы мен Грецияны жаулап алумен жауап беремін" деді. Грецияны жаулап алу жөнінде шешім қабылдады. Грецияны жаулап алу 28 қазанға белгіленді. Бұл күні Италияның Грециядағы елшісі грек үкіметіне орындалмайтын ультиматумды жолдады. Таңертең Албанияда орналасқан Италия әскері елдің ішіне ене бастады. Шабуыл ұйымдастыру жағынан өте нашар еді. Соған қарамастан грек әскері ерлікпен жауап берді. 9 қарашада Италия шабуылы тоқтатылды. Соғыстағы күтпеген өзгеріс Муссолиниді ашуландырды. Бас қолбасшы Ген С.Висконти Праска қызметінен босатылды. Қолбасшының ауысуы жағдайды түземеді. Италия әскері Албанияға кері шегінді. Италия ірі әскери жеңілістің алдында тұрды. Мұны естіген Берлин Италияның жеңілісі Берлин-Рим осіне кері әсерін тигізетінін білді. Гитлер Муссолиниге жіберген хатында өз уақытында жасалынбаған соғысқа наразылығын білдірді. Соғыстың жеңілісіне кінәлі адамды табу қажет болды. Бадольо қызметінен босатылып, орнына келген У.Каваллеро келді. Каваллерро Грециядағы әскерді өз мойнына алды. 1940 жылдың соңы итальян әскерінің Африкадағы жеңілістерімен ерекшеленеді. Ағылшындар Египетте қарсы шабуылға шықты. Кейіннен Сиди-эль-Барани, Бардия Тобрук қайтарылып берілді. Италия армиясы шын мәніндегі жеңіліске ұшыраған еді. Солтүстік Африкадағы сәтсіздіктер Жерорта теңізіндегі жеңіліске ұшыраған соғыстармен қатар жүрді. 1940 жылғы теңіздегі соғыс қорытындысы Италия үшін ауыр тиді. Француз флотын бейтараптандырғаннан кейінгі Жерорта теңізіндегі ұрыс алма кезек жеңіспен сипатталды. Бұл жағдай 11 қарашада ағылшын торпеда таситын ұшақтары Таранто портында сәтті операция жасағанға дейін жалғасты.
Муссолини итальян халқының сапасы жөнінде жоғарғы көзқараста болды. Муссолини Чианоға айтқан сөзінде Италия халқы 1914 жылы қазіргіден жасқы еді деді. Ресми түрде Муссолини өзі буржуазия деп атаған хылқының бір бөлігіне қысым көрсетті. Соғысқа кірмей тұрып газетке берген сұхбатында Муссолини буржуазияны сөзімен мүдделес болмайды деп айыптады.
Буржуазияның көп бөлігі фашистік әскери авантюрасына қарсы оппозициялық топ құрамады. Буржуазияның ішіндегі негізгі наразылық соғыс ықпалымен болған кейбір қүқытық шектеулерге қарсылық білдірді. 1940-1941 жылы антифашистік және соғысқа қарсы пікірі үшін соттаған адамдарының көпшілігі жұмысшы табынан болды. Айыптаулардың көпшілігі "Дучені қорлағаны үшін", "ұлтқа қарсы үгіт жүргізгені үшін" болды.
Тұтқындалғандардың ішінде кезінде жұмысшы солдат болғандар көп болды. Альпі армиясының бір солдаты Францияға шабуыл кезінде былай деді: "Бұл жерде бәрі өте нашар. Бүған кінәлі оңбаған Муссолини ". Ондаған және жүздеген үкімедерде итальян солдаттарының империялық соғысқа қатысқысы келмейтіндігін айтқан. Фашистерге қарсы жас буын өкілдерінің наразылығын күшее түсті. Жастарды фашистердің соқыр үгіт-насихат пен өмір сүру жалықтырды. Бұл кезеңде оппозициялық топтар партия белгісіне дифференцияланды. Осы кездегі көптеген үкімдер "коммунистік топ ұйымдастырғаны үшін", "коммунистік үгіт-насихат" үшін айыптарымен жүрді.
Соғыстың алғашқы кезеңінде антифашистік ұйымдардың құрылуы қысыптаяң кезеңді бастан кешірді. Әсіресе коммунистер қиын жағдайда болды. Фашистер оларға қуғын-сүргін жүргізді. 1939 жылы күзде Еуропадағы антикоммунистік толқын Италия коммунистеріне қатты соққы берді. Қыркүйекте Парижде П.Тольятти, Л.Лонго және т.б. тұтқындалды. "Италияның соғыс алдында және соғыстан кейін"-деп жазды Э.Сантарелли-антифашистер режимнің ішкі қателіктерін сынай бастады.
Оппозициялық топтар жүйелі түрде күресме бастады. Осы кезеңде шығарылған үкімдердің көпшілігі "коммунистік топ ұйымдастырғаны үшін", "коммунистік үгіт насихат жүргізгені үшін", "коммунистік әдебиет таратқаны үшін" сипатында болды. Кейде коммунистік партияның басында орта буын өкілдері тұрды. Негізінен жастардан, фашистік режим кезінде тәрбиеленген жас буын өкілдері басшылық қызмет атқарды.
Компартия Италияның соғысқа кіруіне қарсы болды. 1940 жылы маусымда компартияның декларациясы жарық көрді. Онда компартияның халыққа арнаған соғысқа қарсы үндеуі жазылды. Декларацияда соғысқа қарсы және фашизммен күресу үшін Туриннен, Миланнан және т.б. Италияның қалаларынан төрт миллиондық жұмысшылардан әскер жинау көздеді. Компартия жұмысшыларды соғысқа қарсы күресуге шақырды. Сонымен қатар демократиялық бостандықты қайта құру, саяси Тұтқындары босату, фашист басшыларын сотқа тарту көзделді. Бұл мақсаттарға жету үшін компартия барлық оппозициялық топтардың бірігуін жоспарлады.
1942 жылы мамырда халыққа үндеуінде соғысқа қатысу Италияның Германия вассалы сипатына дейін төмендеуіне алып келеді делінген. Үндеуде: "Соғысты одан әрі жалғастыру біздің елімізді қайғыға ұшыратады және бұл Италия халқы үшін апат әкеледі"-делінген.
Бұл документтердің ешқайсысы да оппозициялық топтарды коммунистер жағына тарта алмады. Құжаттарда Италияның болашақ әлеуметтік құрылымы нақты көрсетілмеді. Бірінші құжатта жұмысшылар мен шаруалардың үкіметті капиталистік қанаудан және соғыстан құтқарады деп көрсетілген. Екінші құжатта жұмысшы-шаруа үкіметі туралы мәселе көрсетілмеген. Оның орына мемлекетті халықтан шыққан үкімет және халыққа сүйенген үкімет басқарады деп көрсетілген. Екі құжатта демократиялық бостандықты талап етті [20].
Антифашистік топтардың ішінде "Әділдік және бостандық ұйымы" өз белсенділігін көрсетті. Оппозициялық топтардың католиктік бағыты пайда болды. "Әділдік және бостандық ұйымы" құрамына жас интеллегент қауымы кірді. Бұл ұйым Пизада, Римде, Тоскано. Апулиде пайда болды. Оның көрнекті мүшелері А.Капитини, Г.Калоджеро, П.Каламандрей, М.Делле Пьяне және т.б. Оппозициялык топтың католиктік бағыты Пием ХІІ-нің нацизмін сынады. Оған ықпал еткен Гитлердің католиктік Польшаны жауап алуы еді.
1940-1941 жылдар Италияда фашистік режимнің күйреуімен сипатталды. Қоғамды әлеуметтік жаңарту уәде еткен фашистік үкімет өз міндетін орындай алмады. Бұл жастардың фашизм ықпалынан шығуына түрткі болды. Грециядағы, африкадағы итальян әскерінің жеңілістері нәтижесінде Ұлы және күшті Италия туралы мифтердің күлі көкке ұшты. Запасатағы ірі контингенттерден әскерге жаппай шақыру Италғя әскерлерінің соғысқа дайын еместігін көпшіліктің көзін жеткізді. Германиякың кіші інісінің ролін ойнау итальяндықтардың ұлттық намысын жаныды.
Фашистік режимге қарсылықтың күшейгені соншалық, өкімет билеушілері арасында үрей туды. Чиано Муссолиниге халықтың моральдық жағдайын көтеру үшін бір амалын қарастыруды сұрады. Халыққа: "Дәл қазіргі кезеңде фашистік партияның тағдыры туралы мәселе емес Отанның тағыдыры туралы мәселе жүріп жатыр" дегенді түсіндіргісі келді. Осылайша фашистер қиын сәтте фашизм мен Отанды бөліп қарастырды. Италияндықтар фашизм және отанды бөліп қана қоймай отандарының осы кезге дейін бақытсыздыққа душар болуы фашизмнің салдарынан екенін жақсы түсінді.
Желтоқсан соңында соғыс барлауының басшысы, король адьютанты Аме Пунтониге: "Бұл Италияның көп бөлігі бейбітшілікті қалай болса да алады. Бұл моральдық апат фашизм өзінің ең дағдарысты кезеңін басынан кешіп отыр. Муссолини елдегі ықпалынан айырылды"-деді. Шындығында фашизм күйреу алдында тұрды. Мұны Муссолинидің өзі де түсінді. Бұл кезеңдегі Чиано күнделігі Дученің генералға ашу-ызасына толы болды. Муссолини генералдарын Италияның "ішқұрты" корольге қарсы, тіпті Гитлердің өзіне қарсы еш шара қолданбайтындықтарына ашуланды. "Ішкі майданның" бірқалыпты болмағанына бас кінәлі деп фашистік партияның хатшысы Мутиді айыптады. Ол 1940 жылы қазанда қызметінен кетті. Осымен бір мезетте бірнеше министрлер лауазымдарынан алынып тасталынды.
Итальян халқының наразылығы соғысқа қатысқан Италияның шығынының нәтижесінде де дамыды. Италия үшін соғысқа кіру үлкен шығын әкелді: 1939-1940 жылғы бюджет 28 млрд лирдің дефицитімен жабылды. Келесі жылы бұл цифр екі есеге дейін өсті. Халықтан материалдық көмекті арттыру мақсатында Муссолини салықты көбейтті. 1940 жылы карточка жүйесі енгізілді. 1941 жылдың ортасына қарай негізгі тамақ карточкамен алынды. Алайда жылдың соңына дейін Батыс Еуропаның басқа мемлекеттеріндегідей сауда қиыншылығы болмады. Бірақ олар халықтың моральдық жағдайына өте ықпал етті. Фашизмнің елдің ара-қатынасы алшақтай түсті.
1941 жылдың алғашқы айларында Италияның өзіне тиесілі "пареллельдік соғысты" жүргізу мүмкіндігі туралы иллюзия толық жойылды. Гитлер 1941 жылы қаңтардың соңында Муссолиниге Германия Грециядағы соғысқа араласады және Солтүстік Африкаға әскер жібереді деп мәлімдеді. Оның астарында Гитлердің итальян әскеріне сенімсіздігі жатыр еді, Муссолини еш қарсылық көрсете алмады. Неміс дивизиясы Югославияны алған соң, Грециядағы итальян әскері 13 наурызда штабқа шыға алды, немістер гректерге жылдам соққы берді. 24 сәуірде Греция тізе бүкті. Югославияны капитуляциялауға итальян корпусы қатысқан болатын. Осыған жауап ретінде Муссолини Словенияның бір бөлігін, Дальманцияның жағалауын алды. Итальян әскері өз күшімен үлкен аймақта соғыс жүргізе алмайтыны болды [21]. 22 маусым 1941 жылы Гитлер Муссолиниге хабарламай КСРО шекарасына шабуыл жасайды. Бұл неміс армиясы шығыс майданда шоғырланады, Италия Жерорта теңізінде немістерге сүйене алмайды дегенді білдірді. Солай бола тұрсада итальян әскері Солтүстік Африкадағы ұрысты жүргізе берді. Италиядан Африкадағы теңізден жүк тасымалдауына Мальта қауіп төндірді. Италия бас штабының басшысы Каваллерро Мальтаны басып алуды жақтады. Сицилия мен Оңтүстік Италияда операция жүргізуге қосымша екі неміс авиациялық корпусы түсірілді. Алайда шілдеде ағылшындар Эль-Аламейн түбінде итальян-неміс әскерлеріне қатты соққы берді. 1942 жылы қазанда Ген Монтгоммери басқарған ағылшынның сегізінші армиясы шешуші шабуылға шығып, қарсыластарына ойсырата соққы берді. 1942 жылдың соңына қарай Италия Африкадағы барлық иелігінен айырылды.
1942 жылдың жазында совет-герман майданында итальян корпусы құрамында он дивизиясы бар армияға айналды. 1942 жылдың күзінде итальян әскері Кеңес майданында Воронежден оңтүстікке қарай Донда 270 шақырымда орналасты. Ол венгер, румын әскерлерімен бірге Сталинградқа жылжыған Гитлер әскерінің сол қанатын қорғауға тиіс болды. 16 желтоқсанда совет әскерлері оңтүстік-батыс майданда Сталинградты қоршауда қалған Паулюске көмекке үмтылған Гитлер дивизиясына және итальян корпусына соққы берді. 22 желтоқсанда майдан оңтүстік бағытта күйреді. Гитлер әскерінің Сталинград түбіндегі жеңілісі Солтүстік Африкадағы неміс-итальян әскерлерінің тағдырын анықтады. 8 қараша 1942 жылы ағылшын-американ әскері Алжир мен Мороккаға түсіріле бастады. Италия мен Жерорта теңізіндегі неміс әскерлерінің басшысы Маршалл Кессельринг 15 қаңтар 1943 жылы Римге келіп совет майданындағы жағдайдың қиындығы Африкаға қосымша күш әкелуге мүмкіндік бермейтіндігін мәлімдеді. Бұл жердегі итальян-неміс әскері 1943 жылдың мамыр айының басында каптитуляцияланды.
1941 жылдың басынан шикізат кен отынының жетіспеуіне байланысты Италия өнеркәсібі елеулі қиындықтарға ұшырады. Негізінен көмірмен қамтамасыз ететін Германия КСРО-мен соғыс бастаған соң, әкелуді күрт азайтты. Румыния мен Албаниядан тасылынып жасалған мұнай қоры 1941 жылдың соңына қарай таусылды. Елде болат жетіспей қару-жарақ шығару қысқарды. 1941 жылдың соңына соғыстың тапсырыстарын орындайтын 729 кәсіпорын жабылды. 1942 жылдың ортасынан, соғыстың басынан өндірісін кеңейткен кәсіпорындардың да жұмысы бәсеңдеді. 1941 жылдың екінші жартысынан халықтың жағдайы тым нашарлады: салықтың көп болуы, азық-түліктің жетіспеу, инфляция, эпидемия, жұмыссыздық, қайыршылық, алыпсатарлық.
1942 жылдың қазанында фашистік режим 20 жылдығын тойлады. Той ағылшын-американ авиациясының Италия қалаларын атқылауына сәйкес келді. 1942 жылдың күзінен бастап полиция мәліметі Муссолиниге оның айналасындағылардың бәрі бірдей оны қолдамайтындығы жөнінде хабарлап отырды. Муссолини 1943 жылдың көктемінде партия мен үкіметтің басқарушы топтары арасында «қатаң тазарту» жүргізді. Бас штабтың басшысы Каваллеро және Чиано сияқты басқарушылар орындарынан алынды. Муссолинидің іс-әрекеті тепе-теңдігін жоғалтқан адамның қозғалысын елестетті. Барлық көрнекті фашистер қызметінен айырылды. Олардың орына диктатордың айтқанын бұлжытпай орындай беретіндер келді. Муссолини 24 маусымды партияның мәжілісінде өзін жақтырмайтындарды ұрсып-кесіп, қатты тиісіп сөз сөйледі. Үш күннен соң ағылшын-американ әскерлері Сицилияға түсірілді. Соғыс қимылдары континентальдық Италия территториясына жақындады.
1942 жылы Муссолини ауырып жатқан кезде, оның айналасындағылар мен король маңайындағылар арасында Италияның соғыстан шығуы туралы ой тарады. Ал Германияның жеңілетіндігі 1943 жылы көктемде анықталғанды, Италияда Муссолиниді құлатуға дайындалған екі топ құрылды. Біріншісі-жоғарғы қызметінен айырылған, Муссолиниді жек көретіндер Д.Гранди, Дж.Боттон, Г.Чиано сияқтылардан құрылды. Олардың программасы толық анықталмай, «фашизм Муссолинисіз» деген формулаға сайды. Екіншісі-бас штабтың жаңа бастығы Амброзио басқарған монархистік көңіл-күйдегі шенеуніктерден құрылды. Олардың мақсаты өкімет басына монархияны қалпына келтіру. Екі топ та төңкерісті жасауда үлкен роль атқарған финанс-өнеркәсіп топтармен тығыз байланыста болды. 1943 жылы 19 шілдеде Фельтреде Муссолини Гитлермен кездесті. Оның жанында бірге жүрген Амброзио Гитлерден соғыстан шығуды рұқсат ету жөнінде сұрауды ұсынды. Алайда Муссолини баяндамасынан соң Гитлер Муссолиниді тұтқындауды дайындау жайлы шешім қабылдады. 24 шілдеде сағат бесте үлкен Фашистік Кеңестің мәжілісі ашылды. Мәжілісті Муссолини ашып, Италияның жалпы жағайы, соғыс қимылдары жөнінде сөз сөйледі, бас штабты сынады.
Мәжілісті Боттон бітім туралы мәселе көтерді. Бір-бірімен айтыс басталды. Мәжіліс депутаты Гранди фашистік режимнің жеңіліс тапқанына жауапты көсем сенсің деп айыптады. Мәжіліс он сағат үзіліссіз жұмыс істеді. Гранди ұсынысы дауысқа қойылды. Ұсынысқа 9 адам жақтап, 7 адам қарсы дауыс берді. Мәжіліс аяқталысымен Гранди ол туралы корольге хабарлап, үкімет басшысына Бадольоны тағайындау туралы декрет дайындады. 25 шілдеде король Виктор Эмануэль Муссолиниді қабылдап, оған көп кінә артты, Бадольоны оның орына тағайындады. Муссолини күзетпен әкетілді. 25 шілдеде кешкі сағат онда радиодан "король каваллер Бениго Муссолинидің отставкасын қабылдап, орына маршал Бадольоны тағайындады" деген хабар таратылды. Италия қалаларының көшелеріне фашистік режимнің құлағағына қуанған халық лық толды.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік диктатураның орнауы. | | | Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі |