Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жылғы билік басындағы саяси дағдарыс және фашистік диктатураның орнауы.

Читайте также:
  1. Aуіпсіздік және еңбекті қорғaу бөлімі
  2. А)Өндіріс алаңы және оның тегістеу жұмыстары
  3. Азаматгық қоғам және құқықтық мемлекет
  4. Антидиуреттік гормон, альдостерон және ренин-ангиотензиндік жүйенің, натрий-уретикалық фактордың қызметі.
  5. Араб халифатының саяси басқару жүйесі
  6. аржы, ақша айналымы және несие » пәнінен емтихан сұрақтары
  7. Ауыспалы таңбалы қатары жинақты және оның қосындысы - ке тең болса, онда

Италиядағы фашистік диктатура контрреволюциялық сипатта болды. Фашистер жергілікті социалистік және коммунистік партия ұйымдарына ғана емес, соған қарамастан, буржуазиялық, республикалық және либералдық партия ұйымдарына қырғидай тиді. Фашистердің осындай іс-әрекеттері билік басындағы либералдық буржуазияны да мазаламай қоймады. Бұл өз кезегіндегі билеуші топ арасында фашизмге деген көзқараста алауыздық тудырды. Кейбір буржуазия өкілдері фашизмнің көмегі арқылы ашық реакциялық мемлекет құруға тырысса, кейбірі елдегі революцияны басуға пайдалануға тырысты. Соңғыларының қатарына премьер-министр Джолитти жатады. [11].

Міне осы жағдайда фашистерге қарсылықты ұйымдастыру күрделі болды. Антифашистік қозғалыстардың кең тараған тұрі еруілдер мен шерулер болды. Алғашқы ереуілдердің бірі 1921 жылы 25 қаңтарда Флоренцияда болып өтті. Мұндай ірі ереуілдер Пизеде, Мортареде. Ливорнада болып өтті. Туриндер фашистер еңбек палатасын өртеп жіберуіне жауап ретінде ірі ереуіл болып өтті. Жұмысшылар қаланың ірі кәсіпорындарын басып алды. Ереуіл қалаға артиллерия мен әскердің бір бөлігі келгеннен басылды. Антифашистердің және фашистердің қозғалысы Римде үйреншікті жағдайға айналды. Алайда фашистер барлық қақтығыстарда үстем болып шықты. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болмады.

Антифашистік қозғалыстарда жалпы еңбек конфедерациясы үлкен роль атқарды. Алайда бұл ұйымдар күрестің кәсіподақтық әдісін қолданды, яғни ереуілдерге шықты. Қатардағы социалистер және коммунистер антифашистік қозғалыстарды ұйымдастыруда маңызды орын алды. Алайда бұл партияның басшылары фашизммен күресу үшін жалпы саяси жүйені жасай алмады. Себебі, фашистер барлық қақтығыстарда үстем болды. Себебі қала полициясы және қару-жарағы сай болды. [12].

Фашизм ең алдымен кәсіподақ ықпалымен күресу қажет болды. Италияның социалстік партиясының басшылары фашизмге қарсы әлсіз қарсылықтар көрсетті.

Коммунистік партия басшылары елдегі жағдай бойынша былай жауап берді: "Біз дайындыққа дайындықпен, қарулануға қаруланумен, күшке күшпен жауап береміз"-деді.

1921 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Бұл сайлауға Италияның коммунистік партиясы (ИКП) және социалистік партиясы жеке дара түсті. Сонымен қатар Халық партиясы және Италияның ұлттық партиясы сайлауға түсті. Ұлттық партияның құрамында буржуалистер, демократтар, фашистер болды. Бұл партияның жетекшісі Джолитти еді. Джолитти фашистерді блокқа енгізудегі негізгі мақсаты өз ықпалын күшейткісі келді және өзінің саясатын жүргізуде тілалғыш құрал ретінде пайлаланғысы келді. Алайда оның үміті ақталмады. Солшылдардармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат қана өткізе алды, ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды. Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның соңында ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс министрі болған және қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына атсалысқан бұрынғы социалист Бономи отырды [13]. Ол фашистердің қызу саяси іс-әрекеттерін яғни террорлық істерін басуға тырысты. Муссолини жұмысшы ұйым басшыларымен ымыршылдыққа баруға ұсыныс жасады. Италияның социалистік партиясы бұл ұсынысқа келісті. Осылайша 1921 жылы 3 тамызда бір-біріне деген жауласуды тоқтау туралы пактіге қол қойылды. Алайда фашистер еңбекшілерге қарсы террорлық іс-әрекеттерін жалғастыра берді. Фашистердің бұл пактіге қол қоюы жай ғана маневр еді, яғни еңбекшілердің қарсылығын басып, билеуші буржуазия арасында қолдауға ие болу болатын 1921 жылы экономикалық дағдарыс кең етек жайған тұста кәсіпкерлер жұмысшыларға қысым көрсете бастады. Кәсіпкерлер коллективтік келісімнің мерзімінің аяқталуын сылтаулатты және оны қайта жаңартуға қарсылық көрсетті. Осы жерден шарулардың наразылығы туындады. Кәсіпкерлер қысым көрсету фашистердің қысым көрсетуімен дөп келді. 1921 жылы фашистердің қозғалысы күшейе бастады. Олардың құрамында 300 мыңнан астам мүше болды. Фашистік қозғалыстың құрамында ауылшаруашылығы жұмысшылары, қолөнершілер, саудагерлер болды.

Фашистік қозғалыстың басшылары фашизмнің идеологиялық принциптік негізін жүйелеуге тырысты.

1921 жылы қарашада фашизмді конституциялық партияға айналдырды. Қайта құрылған фашистік партия негізі ұлттық идея болып табылатын жаңа программамен шықты. Фашистер қазіргі қоғамды, әлеуметтік ұйымдарды тап емес, ұлт билеу керек екендігін дәлелдеді. Бағдарлама: "Ұлт - өзінің кұрамына өткен қазіргі және болашақ ұрпақты біріктіретін ағза болып табылады" деп жазылды. Жеке адамдар өткінші кезең болып есептелді. Осыдан жеке және топтың мүдделері ұлт мүддесін жоғарғы қоюы қажет деген көзқарас туды. Бағдарламада фашизм деген саяси экономикалық, әскери ағза болып табылады делінген.

1921 жылы съезден кей фашистер өздерінің бағыттары бойынша белсенді тұрде жүргізе бастады. Саяси күресте фашизм өздеріне қарсылас болып табылатын парламентке және демонстрант мүшеге кедергі келтіруге тырысты. Фашистер халық партиясының оң және сол қанаттарын жауластыруға әрекеттенді. 1922 жылы қаңтарда Пия 11-нің таққа келуімен фашистер Ватикан мемлекетімен жақындасу мүмкіндігі туды. Ағылшын жылнамашысы Гвин: «Жаңа Рим папасы Милан архиепископы кезінде-ақ фашистердің мадағына, сеніміне ие болған адам» деп жазды.

Фашистер әскери облыста партия құрумен әскери күшті орталықтандыруға қол жеткізді. Жеке әскери отрядтар (скавадрылар) фашистердің милициясына айналды. Оның уставына әскери маман генерал Гандольфо құрды. Сквадрлар партияға бағынышты болды. Осылайша фашистік басшылар маңызды мақсаттарды іске асыру үшін жеке әскери отрядтарын құрды. Муссолини билікті басып алуға тырысты.

Әсіресе фашистік партия кәсіподақтарының қозғалыстарды ұйымдастыруда үлкен жетістікке жетті. Болоньеде 1922 жылы қаңтарда фашистер тұрған кәсіподақтардың съезі болып өтті. Съезде фашистік партияның өкілдері болды. Шешім бойынша фашистер тұрған кәсіподақтар фашистік партияларға бағынышты болуы тиіс болды.

Фашистік кәсіподақ ең алдымен ұлттық мүддені алға қоюы тиіс болды. Буржуазия мен жұмысшы тап арасында саяси диолог ұйымдастыруды көздеді.

1922 жылдың бастарында фашистер жастар арасында әсіресе, ұсақ буржуазияның оқымыстылардың арасында ықпалын күшейте бастады. Муссолини өз партиясын жастардың партиясы деп мәлімдеді. Муссолини өзінің үндеуінде салтанатты тұрде жастарды ескі партияға қарсы қойды.

1922 жылыдың басында Италиядағы экономикалық дағдарыс өз дегеніне жетті. Осы жылдың январында жұмыссыздардың саны 607 мыңға жетті. Ірі елі монополиялық бірлестік шығынға ұшырады. (Ильва және Янсольдо). Елдің ең ірі банкісі Банно итальяно ди сконто банкротқа ұшырады. Бұл банк пен елдің ірі өндіріс магнаттарына байланыстарына байланысты болатын. Олар үкіметтен банктың шығынын ұлттық бюджет қорынан жабуды сұрады. Бірақ Бономи бұл қадамға бармады, соның нәтижесінде оның алып өндірісшілерінің арасында абыройы жоғалды.

1922 жылы 2 қаңтарда Бономи үкіметі отставкаға кетті. Италияның бірігуінен кейін оның жағы биліктегі дағдарысты жуды. 25 ақпанда үкімет басына коалициялық үкімет келді. Оның басында Факт тұрды. Бұл премьерді кейінірек Ромул Августоли деп атап кетті. Бұдан артық абыройсыздық жоқ еді. Ақпанда үкімет дағдарысы кезінде фашистер Бономиде, Римде, Флоренцияда шерулер өткізді. Шерулер «Жасасын диктатура», «Парламент тарасын» деген лозунг астында өтті. Муссолини «Біз диктатураға барамыз ба?» деген тақырыпта мақала жазды. Оның ойы бойынша фашистік демонстрацияның Бономидегі лозунгілері болашақта бүкіл Италияны қамтиды. Фашистер билеуші либералдарға ашық түрде қарсы шыға бастады. Муссолини: «XIX ғасыр,- деп жазды,- «бәрі» деген демократияның ұранымен толды. Енді «азшылық» және «таңдаулылар» деген сөзді айтатын уақыт келді»-деді. Либералдық билеуші таптың саяси үстемдігі, елді билеу мүмкіндігі таусылуы да мүмкін. Енді фашистердің антидемократиялық сипаты айқындала бастады. Италияда демократияға деген немқұрайлы пікір қолайлы болды [14].

Жұмысшы тап фашизммен күресу үшін демократияны емес пролетариаттық бірлікті көздеді. Жұмысшы тап қозғалысында демократияны қорғау және антифашистік құралды табу идеясы болмады. 1922 жылы ақпанда жұмысшы тап қозғалысының антифашистік "Еңбек одағы" атты кәсіподақтық ұйымы құрылды. Оны құруды жалпы еңбек конфедерациясының басшылары және еңбекшілердің автономды, таптық, кәсіподақтық ұйымдары маңызды роль атқарды. Олар бірігуге әрекет жасады. Алайда бұл бірігу фашизммен күресуде әлсіз болды. "Еңбек одағының" басшылығында еңбекшілердің әскери комитеті реформа жасаушылары тұрды. Олар бұл кезде елде қандай да демонстрациялар жасауды дұрыс көрмеді.

Еңбекшілердің кәсіподақтық ұйымдарының антифашистік күресінің әлсіз болуына екі пролетарлық партиялардың бірлігінің болмауы да әсер етті. Социалистік партияның фашистерге қарсы қандай да бір позитивті бағдарламасы болмады. Срциалистік партия фашизмге қарсы қарулы қарсылықтың өріс алуына қарсы шықты. Ал коммунистік партияға келетін болсақ, 1922 жылы наурызда ол тағы да сектанттық жүйесін таңдады. Бұл сектанттық жүйе Римдік тезистің символына айналды. Ол бойынша: "Фашизм мен буржуазиялық демократияның арасында ешқандай да айырмашылық жоқ. Бұның бәрі буржуазия диктатурасының формалары. Партияның тактикасы сыртқы жағдайларға байланысты өзгермеуі тиіс. Тезис Италияда пролетарлық диктатураның орнына Советтік биліктің орнауын шақырды." Жұмысшылардың антифашистік күресі сәтсіздікке ұшырады. Жұмысшы қозғалысының өз ішінде фашизмге қарсы қырқысудың нәтижесінде әлсіреді. Новарадағы, Ломбардиядағы және Рим пролетариаттарының ереуілдері (1922 жылы көктем және жазда) осы халге ұшырады[15].

1922 жылы фашистік террордың өсуі жаңа үкімет дағдарысын тудырды. Италияның социалистік партиясында реформистер мен максималистердің арасында келіспеушілік туды. Олар алғаш рет буржуазиямен келісімге келу арқылы фашизмді жоюды мақсат тұтты. Алайда бұл келісімнің негізін қалай жасау керектігін анықтай алмады.Үкіметтегі дағдарысқа ықпал етуге және үкімет құруға тырысқан еңбек одағы жалпы ұлттық ереуіл ұйымдастырды. Ол 1922 жылы 1 тамызда басталды. Еңбекшілер фашистік террорға бейбіт, заңды антифашистік сөздермен шектелуге шақырды. Бүған қарамастан ереуілшілер фашистермен қарулы қақтығыстарға барды. Пармде қантөгіскен күрес болды. Алайда Факттың екінші кабинеті құрылғаннан кейін Еңбек одағы ереуілді тоқтату туралы бұйрық берді. Бұл бұйрық тамыз ереуілін тоқтатты. Бұл кезде пролетариат өзінің әскери мүмкіндігін көрсеткен болатын. Тамыз ереуілінен кейін жұмысшы қозғалысы өзінің дағдарысын басынан кешті. Еңбек одағы тамыздың соңына қарай тарап кетті [16].

1922 жылы қазанның басында Социалистік партияның 18 съезі шақырылды. Мұнда партияның фашизмге қарсы саясаты жалпы партияның болашақ күрестері бойынша максималистер мен реформистердің арасында қызу пікірталас туды. Көптеген максималистердің өз сөздерінде реформистерді партиядан шығару керек екендігін алға тартты. Реформистерді партиядан шығару туралы резолюция 29119 дауысқа қарсы 32106 дауыспен бірауыздан қабылдады. Социалистік партиядан шыққан реформашылар өз алдарына Унитарлық социалистік партияны құрды. Бұл кезде коммунистік партия фашизмге қарсы тағы да бір әрекет жасап жатты. 1922 жылы 8 қазанда КПИ кәсіподақтың комитеті ВКТ сол қанатын съезге шақырды (Милан). Съездің құрамына максималистер, коммунистер, революциялық синдикалистер кірген комитет құрды. Бірақ енді шет болатын, Италияның жұмысшы таптың ішкі ынтымақтастығының жоқтығы, басшылықтың фашизмге қарсы бірыңғай саяси ұстанымының болмауының нәтижесінде халықты өз жанына жинауға кедергі келтірді. Фашистер өздерін Факттың ықпалсыз үкіметі жанында еркін сезінді. 1922 жылы тамыздағы оқиғадан кейін Италиядағы қос үкімет туралы сыбыстың шығуы негізсіз емес. Факт үкіметінің аңқаусыздығының нәтижесінде фашистер өз биліктерін провинцияларға орната бастады. 16 қазанда фашистердің құпия жиналысында билікті әскер күшімен тартып алу жөнінде шешім қабылдады. 17 қарашада Муссолинидің билік басына әскери төңкеріс арқылы келуге дайын екендігі айқын болды. Оқиға шапшаң дамып жатты. 24 қазанда Неопальде Сан-Карло театрында фашистік съезд шақырылды. Бұл қалаға делегаттардан басқа тұрлі елдердің түкпір-түкпірінен 40 мың фашист келді. Съездің ашылуында сөйлеген Муссолини сөзі үкіметке жарияланған ультиматум болды. "Біз, қазіргі палатаның төрағанын қалаймыз ұлттық және антиүлтшылдық күресті сақтап отырған Шутов нетралитетінен шығуды талап етеміз. Біз сыртқы істер министрлігінің, әскери, теңіз, еңбек, қоғамдық жұмыс министрліктерінің болуын талап етеміз. Бұл талапты ешкімнің де шектен шыққандық деп санамайтындығына сенімдімін".

Сол күні 40 мың фашист трибунада тұрған Муссолинидің алдынан өтеді. "Мен, салтанатты тұрде мәлімдеймін,-дейді ол,-бізге үкімет билігін береді немесе біз оны өзіміз тартып аламыз. Италияның барлық аумағында бірдей іс-әрекет етіп, билеуші топтың алқымынан алуылыз керек"-дейді. Парадтағы сөзінен кейін Муссолини "Везувий" қонақүйіне барады. Ол жерде Муссолини жақтастары мен елдегі барлық фашистерді мобилизациялау туралы және қазанның 27-28 күндері шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Муссолини Неопальдан Миланға шүғыл тұрде аттанды. Ал жорықта ұйымдастыру жөніндегі фашистік штаб Перуджиге орналасты. Алайда 28 қазанға дейін Муссолини Фактқа өзінің үкіметке қатысты екендігі туралы мәлімдеді. Бұл кезде елдің әр аумағынан Римге жорық басталған болатын. Факт Саландра бастаған солшыл либералистердің ықпалымен отставкаға кетті. Саланда Муссолинимен бірге өз үкіметін құруға үміттенді.

28 қазанда таңертең Факт корольге барады. Мақсаты корольге отставка жөнінде мәлімдеу, қысып таяң шақтан шығу туралы декретке қол қойдыру болатын. Яғни фашистерге қарсы тойтарыс беру болатын. Бірақ Факт корольдің келісміне мүдделі болмады. Король қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол қоймады. Факт декретке қол қою туралы корольді онша қыстамаған болу керек. Факт Муссолини фашистердің құрған кабинетінде билік етуден үмітін үзбеді. 28 қазанда таңертең Муссолини өте толқулы болды. Ол корольдің қысылтаяң шақтан шығу декретке қол қоймағанын білмейтін еді. Сондықтан Саландрамен комиралистік келісімге келуге сәл-ақ қалды Ол бойынша Саландра бастаған құрамда фашистер бар үкімет құрмақшы болды. Муссолини жақтастары Бұл комиралистік келісімге келуге жібермеді. Корольдің қысыптаяң шақтан шығу туралы декретке қол қоймағанын естіген Муссолини қайта батылданды. 29 қазан түсте корольдің адъютанты Ген Читтадини Муссолиниге телефон арқылы келуге шақырып жатқанын хабарлады. 30 қазанда 10 сағат 42 минутта Рим вокзалына келіп түседі. Бұл кезде Римге елдің әр аумағынан фашист колонналары келіп кіріп жатты.

Фашистер еш қарсылық көремегенмен, олар соғыс даласында жүгендей болды. Олардың қарулы отрядтары көшелерде шеп құрып тұрды. Муссолини корольге бармас бұрын әскери фашистік форма: қара көйлек, сүр-жасыл шалбар және крага киді. Өзінің ойынша тарихта қалатын сөзі: "Ұлы мәртебім, мен кешірім сұраймын қара көйлек киіп келгенімен, мен ғана соғыс даласынан келдім. Мен сізге Виторио Венетто уақытындағы Италияны қайтарамын. Сіздің құзырыңыздың адал қызметшісі болып қаламын." Муссолини мен Виктор Эмануэлбдің сағатқа жуық сұхбатынан кейін, "салтанатты көңіл-күйдегі қауым" олардың балконға шығуын сұрады.

Келесі күні 31 қазанда Муссолини бастаған жаңа үкімет құрамын құру міндеті тұрды. Әрі примьер, әрі сыртқы істер министрлігін басқарған Муссолиниден басқа 13 министрдің 3 ғана фашист болды. Сондықтан Халық партиясы өкілдері, армия және флоттың жоғарғы лауазымды азаматтары болды. Үкімет коалициялық болып жаралғанмен, оның мүшелері тұрлі топтар мен партия өкілдерінен шақырылмады. Үш министрлер ірі өндіріс басшыларымен тығыз байланыста болды. Бұл ірі буржуазия тарапынан үкіметке қолдауды күшейтті. Жаңа үкімет құрылғанан кейін өндіріс конференциясы өздерінің жақтас екендігін білдірді.

Бірақ үкімет парламент тарапынан сенімсіздікке ұшырады. Парламентте фашистер 7% болды. Егер көпшілік жаңа үкіметке қарсы дауыс берсе не болар еді? 1922 жылы 16 қарашада фашистік үкімет құрылғаннан кейінгі парламенттің 1 сессиясы шақырылды. Трибунаға Муссолини жаңа үкіметтің декларациясын оқуға көтерілді. Ол өз сөзінде парламентке бағынбайтындығын білдіреді. Бұл парламенттік сессияда үкіметке қарсы 102 депутат қана дауыс берді, 204 депутат қолдады. Қарсы болғандар: социалистер, коммунистер, республикашылдардың бір бөлігі еді. Жаңа үкімет паралмент қарауымен заңдастырылды. Муссолини Бұл кезде фашизмнің жаңа жеңісіне ие болды. Ол паралмент билігін әлсіретті.

Италия тарихында жаңа этап-фашистік диктатура кезеңі басталды. Алайда төңкерістен кейінгі алғашқы кезеңде билік ескі конституция бойынша жүрді. Муссолинидің өзі Бұл жөнінде: "Мен мемлекеттің өзегіне тиіспеуге әрекеттендім"-деді. Фашистік диктатураның кепілдігі ретінде екі жаңа институт құрылды: Үлкен фашистік кеңес (ҮФК) және ұлттық қауіпсіздіктің ерікті милициясы (ҮҚЕМ). Бұл екі институт мемлекеттегі төңкерістен кейін құрылған болатын.

ҮФК 1922 жылы желтоқсанда фашистік партияның дирекциясы негізінде құрылды. Муссолини ҮФК төрағасы болып сайланды. Бұл кеңес іс-жүзінде парламентке баратын барлық декреттер мен заң жобаларын алдын-ала талқылады. Өзінің үкіметтегі мүшелері арқылы Бұл кеңес үкіметтегі де бақылап отырды.

ҮҚЕМ құруда Муссолинидің бірнеше мақсаты болды, яғни фашизмнің елде нықтап тамыр жаюына ықпал ету болатын. Көптеген адамдар, тіпті фашистердің өздері жергілікті жердегі фашистік террорды көбейтті. Солардың бірі Туринде 1922 жылы желтоқсанның бір түнінде 15 коммунистер мен социалистерді өлтіру болатын. Бұл қырып жоюдың негізгі сылтауы қалада екі фашистің өлі денесінің табылуы еді. ҮФК және ҮҚЕМ құрылуымен Муссолинидің елдегі саяси ықпалы күшейді.

Әрине бұл демократтар мен либералдардың саяси тобының ішінде наразылықты тудырмады деп айтуға болмайды. Бұл наразылық тек қана Нитти сияқты жеке саяси тұлғалардың фашизммен істес болудан бас тартумен ғана шектеледі.

Осылайша Италия фашистік диктатура орнаған алғашқы мемлекет болды. Өйткені елді басқарып отырған буржуазиялық демократтардың либералдың елді басқару базасы таусылған болатын. Италияда 21 жылға созылған "Қара жиырма жылдың" кезеңі қалыптасты.

Муссолини бірден құқығы шектеусіз диктатура құруға асықпады. О еңбекшілер одағының қарсылығынан қорықты. Алғашқы кабинет құрамына либералдарды, католиктерді кіргізді. Виктор Эмануэльдің ролі онша болмағанмен монархияны сақтады. Фашистік диктатураға келу біртіндеп жүзеге асты. Муссолини "Дуче"-"Көсем" деген атақ алды. Дуче үкіметтің құрамын жаңартып отырған үлкен фашистік кеңесті басқарды.

Капитализмнің уақытша тұрақты кезеңінде Италияда экономикалық жағдай қарқынды тұрде дамыды. 1928 жылы 1920 жылмен салыстырғанда 60% өсті. Муссолини әлемдік қауымдастықты Италияда болып жатқан экономикалық дамуды фашистердің "дана" басқаруының нәтижесінде деп сендіруге тырысты. Италиядағы фашизм кезеңінде экономикалық өсудің өзіндік ерекшеліктері болды. Экономикалық өсудің қарқыны жылдам болмағанымен, Италия индустриалды аграрлы елге айналды. Өндіріс тең тұрде дамымады. Муссолини Италияны Рим империясы кезіндегі жағдайға айналдыру мақсатын жүзеге асыруға тырысты. Африкадағы кеңі аумақты территорияны, Франциядан Наццаны және Савойды, Балканды өзінің ықпалына айналдыруды көздеді. Жерорта теңізін римдіктер сияқты біздің теңіз -" more kostum" деп атады. Дуче бұл фантастикалық мақсатты жүзеге асыру үшін үлкен соғыстың және өндірістің дамуы қажеттігін түсінді. Жалпы Италиядағы фашистік кезеңдегі экономикалық өсуді піл аруымен теңестіреді, яғни бір бөлігі өсіп жатса, екінші бөлігі сол күйінде қалып жатты.

Экономикалық өрлеу жылдарында жұмысшыларды қанау өсті. 8 сағаттық жұмыс күні алынып тасталды. Ауылды жерлерде үкімет помещиктердің мүддесін қорғады. Ауыл шаруашылығы өнімі елдің қажеттілігін өтей алмады. Нанның бағасы 40%-ға өсті.

КПИ және ИСП жаңа жағдайдағы саясаты. Муссолинидің билікке келуінен кейінгі Коминтерннің ІҮ конгресі итальян сұрағына көп мән берді. В.И.Ленин КПИ-дің бірнеше делегаттарымен Грамши және Бордигамен сұхбаттасы. Конгресс ИСП сектанттарының жүйеден бас тартуын, жұмысшыларымен бірігіп фашистерге сапалы тұрде қарсы шығуын үсынды.

Алайда Бұл шындықты жүзеге асыру іске аспады. Италияның жұмысшы қозғалысы қиын кезеңді бастан кешіп жатты. 1923 жылы КПИ орталық комитетінің және ИСП мүшелері барлығы дерлік тұтқындалды. Екі партияның мүше саны азайды. Партияның мүшелігіне өту қауіпті жағдайға айналды.1923 жылы КПИ және ИСП мүшелері 10 мыңнан 12 мыңға дейін-ақ болды. Бордига сектанттық жүйені ұстады. Бұл социалистік партиядан шеттелуіне және партияның әлсіреуіне әкеліп соқты. Бордигандыктар мен туриндіктер арасында өткір келіспеушілік туды.

Грамши ИККИ-нің мүшелігіне өтіп бір жылдан астам Мәскеуде тұрды. В.И.Лениннің еңбектерін зерттеді. Италияға 1924 жылы келген Грамши КПИ-дің ұстанымына көңілі толмады. Социалистік партиямен бірігу жүзеге аспады. Тек қана бірнеше мүшелері Серрати басшылығымен КПИ мүшелігін қабылдады.

1923 жылы фашистік үкімет компартия мүшелерін тұтқындауымен партияны әлсіретті. Алайда коммунистік және социалистік партияның газет және журналдары жиі шығып тұрды. 1924 жылы коммунистер «Унита» (Бірлік) газетінің негізін қалады. Парламентте жұмысшы топтардың дауыстары шығып жатты.

Фашистік режим енді ғана қалыптасып келе жатқан болатын. Олардың тірегі болатын жетекші әскери армиясы болмады. Ескі армияға сенуге жарамады. Ал фашистік милиция енді ғана орныққан болатын.

Фашистер жұмысшылардың демократиялық кұкытарын аяққа таптауы, ірі капитал иелерімен сыбайластығы, сыртқы саясаттағы авантюралары жұмысшы тап өкілдерінін, шаруалардың, ұсақ қала буржуаздарының наразылығын тудырды. Елде стачкалар, көше демонстрациялары, ауыл шаруашылық толқулары болды. Фашизмге карсы қозғалыстың өртін тұтандырушы коммунистер болатын.

1923-1924 жылдар арасында компартия басшылығында маркстік-лениндік ядро қалыптасты. (А.Грамши, П.Толятти, М.Скочимарро, У.Террачини және т.б.) Олар Бордига партиясының сектанттык сипатын сынады.

Жалпы қозғалыстың ықпалымен католиктер және либералдық партия өкілдері Муссолини үкіметіне карсы оппозиция кұрамына өтті. Социалистік партияда Серратти бастаған топ пайда болды. Олар коммунистік партиямен қосылу идеясын алға тартты. Бұл топ 1924 жыл^і компартияға қосылды. ВКТ бұрынғыдай фашистік партиямен күресуді қолдады.

1924 жылы сәуірде Италияда парламенттік сайлау өтті. Фашистер коммунистерді және тағы да басқа солшыл партиялардың ізіне түсті. Фашистер сайлаушыларды сатып алды, корқытты. Алайда оппозиция партиясы (католиктер, социалистер, коммунистер) 2,5 млн дауыс жинады. Коммунистік партияға 270 мың дауыс берілді. Фашистік партия 4,5 млн дауыс жинады. Муссолини парламенттік сайлау өтпес бұрын қитұрқы сайлау заңын қабылдаған болатын. Ол бойынша ең көп дауыс жинаған партия парламентте 2/3 орын алатын.

Парламент сайлауындағы фашистердің зорлығы парламенттегі қитұрқы алдауы, махинациясы халықтын үлкен наразылығын тудырды. 1924 жылы депутат социалист Джаномо Матеотти фашистік іс-әрекетті сынап, парламентте сөз сөйледі. Нәтижесінде 1924 жылы 10 маусымды фашистер Матеоттиді тұтқындап, аяушылықсыз өлтірді. Елдің барлық аумағында демонстрациялар мен митингілер өтіп жатты. Фашистік партияның құрамынан алданған жұмысшылар және ұсақ буржуазия шыға бастауы байқалды. Фашистік режим дағдарыс жағдайында тұрды.

1924 жылы маусымда социалистер, католиктер, либералдар және т.б. оппозициялық топтар парламенттен кете бастады. Олар оппозицияның Франция комитетін құрды. Ол Авентиндік блок деп аталды. Бұл комитет Муссолинидің үкіметті тастап кетуін және фашистік парламентті таратуын талапт етті. Коммунистік партия алғашында Авентин блогына кіріп, оны фашизмге қарсы қоюға әрекет жасады. Компартия бүкіл халықтың ереуілін ұйымдастырды. Ал антифашистік депутаттар жиналысын «антипарламент» деп атауды ұсынды. Бірақ Авентин блогының басшылығы компартия ұсынысын қабылдамай тастады. Авентин блогының басшылығы халықтың наразылығынан қорықты және фашистік диктатураны конституциялық әдістермен жеңуге тырысты. Бұл жағдай фашистерге парламент оппозициясын талқандауына мүмкіндік берді. Коммунистер парламентке антифашизмдік трибунаны пайдалану үшін келді. 1924 жылдағы шілденің ортасында коммунистер бүкілхалықтық антифашистік ереуілдер ұйымдастырды. Бұл ереуілге 500 мыңнан астам жұмысшы қатысты. Алайда тек компартияның ықпалын әлі де болса аз еді. Авентин блогының әрекетсіз отыруы Муссолиниге парламент оппозициясын талқандауына мүмкіндік берді. Елдегі барлық толқуларды басып фашистер демонстрацияның буржуазиялық қалдықтарын жоюға кірісті.

1925-1926 жылдары итльяндық фашизм өзінің жаңа даму кезеңіне өтті. Парламент өз мәнін жояды. Итальяндық фашизм-тоталттарлық фашистік диктатура сипатына ие болды.

1925 жылы фашистік заң қабылдады. Ол бойынша үкімет басшысы тек қана корольдің орнына жауапты болды. 1926 жылы қаңтарда үкімет парламенттің келісімінсіз хандарды жаңартуға және оның іс-әрекетке келуіне мүмкіндік алды 1926 жылы сәуірде кәсіподақ туралы риакциялық заң қабылданды, яғни фашистік емес кәсіподақтар таратылды.

Жұмысшылардың мүддесін қорғау фашистік ұйымдардың мүддесіне берілді. 1926 жылы қарашада Муссолиниге қастандық жасалынғаннан кейін фашистік емес партиялардың барлығы таратылды. Саяси қылмысқа өлім жазасы кесілді. Осы заң қабылданысымен елдегі антифашистік ұйымдардың жетекшілерін жаппай қуғын-сүргінге ұшырата бастады. 1926 жылы қарашада ең алғашқы болып осы қуғын-сүргінге ұшыраған коммунистік партияның көсемі Антонио Грамши болды. Грамшиді жазаға тартқан трибуна оған ешқандай да нақты айып таға алмады. Алайда Грамшиді 20 жыл және 4 ай бас бостандығынан айырды. Бұл өлім жазасымен тең еді. Барлық оппозияциялық партиялар 1926 жылы қарашада өз жұмысын тоқтатып, ВКТ басшысы Д.Арагон қызметінен кетіп, фашистік партияның құрамына енді. Социалистік партияның басшылары эммиграцияға ұшырады. Тек қана әлеуметтік партия ғана өз құрамын сақтап қалды және фашистермен күресті. 1926 жылы қарашада партияның шетелдегі орталығы құрылды. Оның басшысы Тальмиран Тольятти болды. 1927 жылы сәуірде фашистік парламент «еңбек хартиясы» құрылды. Бұл жұмысшылардың құқығын шектеді. 1928 жылы парламенттік режимді құлатқан бірнеше заңдар қабылданды. Парламенттік сайлаудың жаңа тәртібі қабылданды. Парламентке кандидаттарды фашистік партия үстемдік етті. Мемлекеттің және фашистік партияның органы - үлкен фашистік кеңес болды. Оның құрамына фашистік партияның директорлары және парламент депутаттары енді.

Фашистік үкіметтің халыққа қарсы саясаты. Ватикан тарапынан қолдау алды. Папа Пий XI Муссолиниді «жаратушы елшісі» деп жариялап, демократиялық қозғалыстармен бірге күресті. 1929 жылы ақпанда Муссолини Папамен латерандық келісімге қол қойды. Ол бойынша Италия мен Ватикан арасында ескі қырқысулар тыйылды. Келісім бойынша Римнің бір бөлігіне папалық мемлекет құрылды. Католиктік шіркеулер итальян корольдігінің құдайға жалбарынуы тиіс болды [17].

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Италия және империялық елдер арасында келіспеушілік тудырды. Италияның монополиялық каптилы тұтынушы рыногын және колоннияларды қажет етті. Бұл фашистік партияның жедел қарулану жағдайына ықпал етті. Экономикалық дағдарыс жылдарында Италияның әскери-теңіз қару-жарағы жедел дамыды. 1924-1930 жылдары бұл салаға 30 мың бөлінсе, 1930-1931 жылдары 43 мыңға жоғарылады. Осымен бір мезетте қомақты қаржы фашистік Италияның әуе күшүтерін дамыту үшін жұмсалды.

1933-1934 жылдары Германияның Австрияны жаулап алу әрекеті Дунай бассейніндегі Италия-Германия қарым-қатынасын шиеленістіріп жіберді. 1934 жылы шілдеде Венада ұлттық-социалистік путч болған кезде, Муссолини әскерді Австрия шекарасына орнықтырды. Осылайша Германияның Австрияны жаулап алуына кедергі келтірді. 1934 жылы Муссолини Австрия және Венгриямен саяси, экономикалық келісімге қол қойды. Бұл Италия басқаратын Дунай мемлекеттері тобына, аталған екі мемлекеттің кіруін білдірді. 1935 жылы Италияның сыртқы саясатында өзгеріс байқалады. Батыс державалары мен Германия арасындағы келіспеушілікті пайдаланған Италия Шығыс Африкаға, ең бірінші Эфиопияға агрессия жасайды.

1934 жылы желтоқсанда Италия басшылығынын ұйымдастыруымен Сомало-Эфиопия қарулы қақтығысы болды. 1935 жылы Ген де Боно Шығыс Африкадағы Италия қарулы күштерінің басшысы болып тағайындалды. Сөйтіп Эритреяға келді және Италияны Самолиге орнықтыру басталды.

1935 жылы күзге қарай Шығыс Африкада, Эфиопияның Оңтүстік-Шығыс шекарасына 30 мыңға жуық итальян әскери күші орналасты. 3 қазанда Италия әскері Де Бононың басшылығымен соғыс жарияламастан Эфиопияға басып кірді. Алайда соғыстың алғашқы сәттерінде Италия әскері кейбір сәтсіздіктерге ұшырады. 1935 жылы Ген де Боно қызметінен кетіп, орнына Ген Бадольо келді. Қазанның басында Лига кеңесі Италияны агрессор деп жариялады. Алайда бұл санкция шындығына Италияны әлсірету үшін емес, қоғамдық пікірді шиеленістіріп алмау үшін жасалды.

1935-1936 жылдары фашистік Италия озық техниканың арқасында бірқатар жетістіктерге жетті. Фашистер уландыратын заттарды тек Эфиопия содаттарына қарсы емес, сонымен қатар қарапайым халыққа да қарсы пайланды. Эфиопияның феодалдық көсемдерінің арасында бірлік болмады. Италия әскері мұны дер кезінде пайдалана білді.

Алайда Эфиопия халқы окупанттарға қарсы партизандық соғыс жүргізді. Фашистік Италия бәрі бір бүкіл елге гегмондығын орната алмады. Италия әскері өз қолында тек қана маңызды пункттерді және коммуникацияны ғана ұстап тұра алды.Италияның Эфиопияны жаулап алуы Англия мен Францияның теңіз сауда жолдарының жабылуына әскеп соқты. Бұл Италияның стратегиялық жағдайын жақсартқанымен, Англия және Франциямен конфликт туды. Батыс елдерінің Жерорта теңізіндегі өз позицияларын қорғауда әлсіздік танытуы Муссолиниді жаңа жаулап алушылыққа итермеледі.

1936 жылы 18 маусымды Испанияда Республикалық үкіметін құлату үшін Испания генералдарының іс-әрекеттері басталды. Алғашқы күннен бастап халықаралық фашизм Испаниядағы көтерілісті өз мүддесіне пайдаланатындығы байқалады.

Италияның әскери ұшақтары көтерілісшілердің әскер әскелуіне көмектесті. Итальяндық порттардан қару-жарақ тиелген кемелер аттанды. Екі айдың ішінде Испанияға 66 мың порходқа тиелген әскери техникалар келіп жетті. 18 қарашада Италия басшылығы Испаниядағы ұлтшылдық үкіметтің басшысы етіп Франконы тағайындайды. Бірнеше күннен кейін Франкомен достық туралы келісімге қол қойылды және соғыстан кейінгі уақыттарда бірге іс-әрекет етуге келісті.

1936 жылы күзде Франконың Мадридке алғашқы жорығының сәтсіз аяқталуы, Муссолинидің Франкоға беретін жәрдемін жылдамдатты. Желтоқсанда Кадиске еріктілердің үлкен тобы келіп жетті. Оны Генем. Роатто басқарды. Бұл әскер нағыз экспансиялық сипатта болды.Италияның барлық әскері Мадридке шабуыл жасау үшін Испания астанасының солтүстік бөлігінде орналасты.

Төңкеріс жасаудың алдында көтерілістің басшылары тек Италиядан емес, Германиядан да көмек сұрады. Алайда Германия Муссолини сияқты Испанияға ірі жаяу әскерді жібермеді. 1936 жылы қыркүйекте Римге келген Гитлердің елшісі: "Жерорта теңізі нағыз Италияның теңізі екендігін және Германияның Бұл жерде еш мүддесі жоқтығын" мәлімдеді. Осылайша Германия Италиямен бәсекелеспейтіндігін білдірді. Гитлердің ондағы мақсаты Испания жерінде болып жатқан оқиғаны қызғанышпен бақылап отырған Англияны Италиямен соғыстыру болатын. Алайда Англия және Италияның соғысының болуы екіталай еді. Себебі Англияның үкіметі Франконы қолдайтын еді. Ал Муссолини мұны білді.

Франция өзінің аралспайдындығын жоққа шығарғаннан кейін Англияның позициясы маңызды роль атқарды. Тіпті Испаниядағы Италияның әскерлерінің құрамы еріктілерден тұрса да оны теріске шығаруға мүмкіндік бар еді. Өйткені еркітілердің қарулануды Италия қаржысының есебінен болды. Алайда Англия үкіметі бұл мәселеге көзжұма қарады. Франция Гитлер мен Муссолнидің Испаниядағы іс-әрекетіне кедергі келтірмеді.Капиталистік елдер басшылығының агрессорларға жағдай жасауының түпкі мақсаты Кеңес Одағының Ұлттар Лигасындағы барлық ұсыныстарын қабылдамай тастау болатын. КСРО Испанияның заңды үкіметіне қолдау көрсету туралы Ұлттар Лигасына ұсыныс жасаған болатын. Капиталистік елдердің агрессорларға кедергі келтірмеуі Испаниядағы франкистік режімнің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызды.

Испаниядағы азаматтық соғысқа фашистік елдердің араласуы елдегі жұмысшы табының және әлемдегі барлық еңбекшілердің наразылығын тудырды. Италия халқының бір бөлігі Испанияға республикандықтардың жағында соғысуға ынталы болды. 1936 жылы тамызда «Арагон майданына» әділдік және еркіндік қозғалысының жақтастары келіп жатты. Бірнеше күннен кейін Бұл топқа «Гастоне Соцци» отряды келіп жетті. Бұл отрядты коммунистерден құрды. Қазан айында Испанияға ерікті антифашистерден тұратын батальон келіп жетті. Бұл батальон Гарибальди деп аталды. Италиядағы барлық антифашистік қозғалыстар Испаниядағы әрекеттері фашистерге қарсы қарулы көтеріліс, соғыс ашуға мүмкіндік деп санады. Франция, АҚШ, КСРО тараптарынан еріктілер келді. Италия еріктілері ең көп санды құрады. Сондықтан Италияның кейбір еріктілері республикандық Испанияның қарулы күштерінде лауазымды қызмет алған итальяндықтар да болды. Коммунист Л.Лонго және социалист П.Ненни интернацианалдық бригаданың генералды коммисары болды. В.Видали көтерілістің негізгі ұйымдастырушыларының бірі кейін саяси коммисары болды. Итальяндық испан армиясының подполковнигі болды. 13-і майоры болды. П.Тольятти Испанияның коммунистік партиясының жанындағы коминтерн делегациясын басқарды.

1937 жылы наурызда көтерілісшілер Мадридке кезекті шабуылын жасады'. Жорықшылардың ішінде итальяндық экспанциялық корпусы маңызды роль атқарды. Олар ұзақ дайындықтан соң Гвардалахар және Мадридке бет түзеді. Техникалық басымдығымен сан жағынан көптігімен фашистік әскерлер алғашқыда тек алға жылжыды. Фашистерге қарсы құрамында Гарибальди отряды бар интернационалдық бригада жіберілді. Интернационалдық отряд фашистердің күшімен салыстырғанда кем еді. Бірақ олар танк және әуе ұшақтарымен қаруланған фашистерге төтеп бере алды. Гарибальди батальоны Гвадалаха түбіндегі 10 күндік соғыста шешуші роль атқарды. Италияның экспанциялық корпусы сәтсіздікке ұшырады.

Гвадалахар түбіндегі жеңіліс итальяндық экспанциялық корпусқа орасан зор соққы берді. Италия басшылығы қарсыластарына шешуші соққы беру үшін Франкодан көмек сүрауға мәжбұр болды. Муссолини жаңа әуе күштерін Испанияға жіберді. Осымен бір мезетте итальяндық флот Жерорта теңізінде республикандық Испанияның портына бет түзеген барлық пороходтарды тонады. Муссолини Франко тарапынан болып жатқан соғыс тәсіліне көңілі толмады. Муссолини шешуші шайқасқа шығуға тырысты. Ал Франко нақты шешім қабылдамады. Итальяндық экспанциялық корпус өз бетінше шещуші ұрысқа шығуға бата алмады.

Испаниядағы интервенцияға фашистік үкімег 14 млрд лир жүмсалды. Бұл италия бюджетінің 1936-1937 жылғы 2/3 бөлігін құрады. Гитлерлік Германияның Франкоға берген көмегінен 6 есе көп болды. Муссолини өзі мақсат еткендей әскери немесе саяси жетістіктерге жете алмады. Ал Франко барлық әскери қимылдар бітісімен Италияның әскерін әкетуін талап етті.

Фашистік Италия мен Гитлерлік Германияның Испанияда бірлесе қимылдауы, олардың жақындасуына тұрткі болды. 1936 жылы қыркүйекте Германия министрі Франконың сапары кезінде екі ел арасында интервенцияға қатысты мәселермен қатар фашизмнің агрессиялық мақсаттары да талқандалды. Бұл келісімдер Италияның сыртқы істер министрі Г.Чианоның 1936 жылы қыркүйекте Берлинге сапары кезінде нақтыланды. Сапар барысында Локарн келісімін қайта қарау туралы протоколға қол қойылды. Протокол Германия сияқты Италияның да Ұлтттар Лигасынан шығуын көздеді. Соған қарамастан Жерорта теңізі Италияның ықпал ететін аймағы болып табылатындығы нақтыланды. «Антибольшевикке» арнайы пункт жазылды. Германия Италияның Эфиопияны жаулап алуын ресми тұрде мойындады. Соған қарамастан екі мемлекет Еуропада бірлесксн саясат жүргізуге келісті.

Муссолини 1936 жылы 1 қарашада Миланда сөйлеген сөзінде: «Вертикаль бойынша Берлин-Рим ось болып табылады. Осы ось бойында барлық Еуропа мемлекеттері бірігуі қажет»-деді.

Екі диктатор да Римде және Берлинде жасалған келісімдерге сенімді болғанымен Берлин-Рим осіне нақты сенімді бола алмады. Италия дипломатиясы Англиямен қарым-қатынасты үзбеуге тырысты. Бұған дәлел 1936 жылы күзде Англия- Италия арасындағы Жерорта теңізі жолдарын келісіммен пайдалану туралы шарта қол қоюы болып табылады.

1937 жылы қыркүйекте Муссолини Германияға келді. Гитлермен бірге ол әскери зауыттарды, әскерді аралап танысты. Миллионға жуық адам қатысқан Берлиннің олимпиада стадионында Муссолини мен Гитлер сөз сөйледі. 1937 жылы 6 қарашада Италия және Германия мен Жапония арасында антикоминтерндік пактіге кірді. Сондай-ақ "коммунистік күресті" сылтауратқан империялық мемлекеттер жаңа дүниежүзілік соғыстың инициативасын өз мойындарына алды.

Испанияға Германиямен бірлесе отырып интервенция жасау, Италияда ішкі полицейлік террорды күшейтумен қатар жүрді. Елдің ірі кәсіпорындарында, өндіріс орындарында жұмысшылардың фашистік интервенцияға қарсы қозғалыстары болып жатты. Бұған тұрткі болған коминтерннің ҮІІ конгерсі еді [18]. 1937 жылы көктемде Миланда антифашистердің ірі өкілдері тұтқындалды. Олардың республикалық Испания үкіметін қайта құруды мақсат еткен қозғалыстар ұйымдастырған деп айыптады. Коммунистерге, республикандықтарға, социалистерге аяусыз жаза кесті. Елдегі репрессияны тоқтатпастан Муссолини шетелдегі жүрген антифашистік өкілдерін қудалады. 1937 жылы маусымда Францияда ағайынды Карло және Нелло Росселиді өлтірді. Олар "әділдік және бостандық" ұйымының белсенділері болатын. Халықаралық қоғамдық пікірдің ықпалы болуы соншалық, тіпті Италиядағы фашизмнің ақпарат құралдары негізсіз аяқталған мақалалар жазды. 24 сәуір 1937 жылы Римде 10 жыл тұрмеде отырып келгеннен кейін Антонио Грамши қайтыс болды. Дүниежүзіндегі халық наразылығын 1936 жылы Грамшиді тұрме ауруханасына әкелуді мәжбүрледі.

Грамши тұрмеден шыққаннан кейін бір аптадан соң қайтыс болды. Грамши тұрмеде жатып "Абақты дәптері" атты монументальды еңбектер жазды. Грамши бұл еңбектерде өз тәжірибесінің тамаша синтезін және идеяларын жазып, Италияның барлық интеллегенция қауымына, итальян жұмысшыларына мұра етті. Антифашистік қозғалыс өзінің көрнекті өкілдерінің бірін жоғалтқанымен фашизмге оппозияциялық көптеген топтар пайда бола бастады. Испания майданында алғаш рет коммунистер мен социалистер бірікті.

1937 жылы екі партияның арасында бірігіп қимыл жасау туралы пактіге қол қойылды. 1936 жылдан бастап Италияның көптеген қалаларында антифашистік топтар пайда бола бастады. Бұл топтарды студенттер, жастар, интеллегенциялар, жұмысшылар құрады. Жас буын өкілдерінің антифашистік көзқарасының қалыптасуы фашизмнің ел ішіндегі террорлық іс-әрекеттері, халықаралық фашизмнің империялық соғыстарға дайындығы болатын.

Германия мен Италия 1937 жылдан бастап мүдделері ортақ мемлекеттерге айналды. Екі мемлекеттің жақындасуына Германияның Австрияны себепсіз жаулап алуы ықпал етті. 1937 жылы күзде Германия сыртқы істер мингистрі Риббентроп Италияға келеді. Ондағы мақсаты Гитлердің Австриядағы саясатына Муссолинидің көзқарасын білу болатын. Муссолини қарсы болмады.

Гитлер 1938 жылы 11 наурызда Австрияға шабуыл жасады. Муссолини Италияның жаулап алу соғысына дайын екенін мәлімдеді. 30 наурызда сыртқы саясаттағы қызметі үшін империяның маршалы деген атақ алды. Италия мен Германияның одағы одан әрі нығая түсті. 1938 жылы мамырда Гитлер Италияға келді. Германия мен Италия жақындаса түсті. Мұны 1938 жылы Студенттік дағдарыс шегіне жеткен кезде Гитлердің Чехословакия туралы кемсіткен баяндамасынан Муссолинидің сөзі кем түспегенінен байқауға болады. Сонымен қатар, Муссорлини егер соғыс конфликт болатын жағдайда Гитлер тарапынан болтанын мәлімдеді. 28 қыркүйекте Чемберлен Муссолинимен дүниежүзілік соғыстың басталуын тоқтау үшін кездесті.

Мюнхен конференциясында Германияны КСРО-мен соғысуға бағыттады. Мюнхен конференциясының антисоветтік бағыты Муссолиниді қанағаттандырды. 1938 жылдың соңында Италияның префектілерінің жабық кеңесінде Муссолини: "Мюнхен сөзі 1861 жылдан бері Италияның маңызды, шешуші рольге ие болуының алғашқы белгісі" деді. Мюнхен болған оқиға Еуропадағы большевизмнің ақырғы сәтінің болғандығын білдірді.

Антибольшевиктік жорық Италияның маңызын, беделін көтеруі тиіс, Гитлердің шығысқа жорығы Италияның Жерорта теңізіне мүдделі екендігін басқа державаларға білдіруге мүмкіндік береді. Міне осындай көзқарасты Италияның билеуші топтары толығымен қолдады.

Мюнхен күндерінде Даладье Эфиопияны Италияның отары ретінде ресми тұрде мойындауынан екі ай өтер өтпес Чианоның басшылығымен болған антифранцуздық демонстрациясында қара көйлектілер алғаш рет "Тунис, Джибутти" деп айқалады. Италияның сыртқы агресивтік саясаты елдің өмірін милитаризациялаумен қатар жүрді. Муссолини Германиядағы әскери шеруде "Прусстық қадам" жасауды көрісімен, оны Италия әскеріне "Римдік қадам" деген атпен енгізді. Осыменен бір мезгілде партияның арнайы жарлығымен қол алысу тоқтатылып, оның орнына фашистік сәлемдесу енгізді. Гитлершілермен тағы бір ұқсастығы нәсілдік идеология және антисемиттік заңдылықтың болуы еді. 1938 жылы манифест жарияланды. Мұндай фашистік ғалымдардың "фашизмнің нәсілдік проблемаға көзқарасы" ресми тұрде жарияланды. Бұл манифестің 10 пунктінде итальян халқының арийлік нәсілдікке жататындығы айтылған. "Таза итльяндық нәсілдің" бар екендігі жазылған. Ал Бұл нәсілге еврей халқы кірмейді және еврейлерден сақтану керек делінген. Манифестің шығуымен антисемиттік және реалистік толқын күшейе түсті, ішкі министрлік жанынан "халықтар және нәсілдер мәселесіне байланысты жоғарғы кеңес" құрылды. 1938 жылы қыркүйекте антисемиттік заңдылықтар жарияланды: еврейлер мектептерде, ЖОО-да ұстаздық етуге тыйым салынды. Академия мүшелігінен, институттардан және әртұрлі ғылыми және мәдени ұйымдардан шығарылды.

Қарашада Италияның министрлер кеңесінде жаңа заңдар жинағы жарияланды: еврейлердің мемлекеттік және жартылай мемлекеттік қызмет етуіне тйым салынды. Еврейлердің балаларына арнайы сыныптар ашылды. Еврейлерге "Арийлік еместер" сияқты итальяндықтармен отбасы құруға, некеге тұруға тыйым салынды. 1938 жылы қазанда ұлттық өмірді фашистеу аясында білім беру, ағарту саласында реформа жасады. Бұл реформаның негізі "Саяси азаматты" жас кезінен фашистік идеяда тәрбиеулеу қарастырылды.

Фашистік мемлекеттің құқықтық құрылысы 1939 жылы парламент реформа жасауымен аяқталды. Енді палата депутаттарының орнын фашистік партияның ұлттық кеңесі және ұлттық кеңестің корпорациясы басты. Бұлар мемлекеттік орган болып табылды. Мүмкіндіктерін король тағайындаған сенатпен бірге жаңа палата жоғарғы заң шығарушы орган болып табылады. Жоғарғы заң шығарушы орган мүшелерін король декреті арқылы тағайындады.

Жаңа заң шығарушы орган пайда болғаннан кейін Италия Албанияға жорығын аяқтады. Бұл жолы фашистік үкімет өз интервенциясын ақтауға тырыспады. Муссолини Германиямен одаққа сүйене отырып, жаулап алу жолына біржола түсті. Албан королі Зогуге қабылдауы мүмкін емес ультиматум жариялап, осыменен бір мезетте итальян әскері албан территориясына түсірілді. 8 сәуірде олар Тирананы басып алды. 12 сәуірде Виктор Эмануэльді Албанияның королі етіп жариялады. Албанияны аннемициялау Германияны Чехословакияны жаулап алуына жай ғана жауап емес еді. Екі мемлекетті біріктіру халықаралық фашизмнің мақсаты болған. Бұл идеяны жасаған Чиано еді. 1939 жылы мамырда Чиано мен Риббентроп кездесуінде сыртқы істер министрлері Муссолиниден телефон арқылы Германиямен Италияның әскери одақ жасауы туралы жарлық алды. Риббентроп келісімінің жобасын дайындау жауапкершілігін өз мойнына алды. 22 мамырда Берлинде "стальной пакт" жасалынды. Ол бойынша екі фашистік мемлекеттің әскери одағы біржола жасалынды. Екі державаның қайсысы әскери қимыл жасаса, екіншісі оны қолдауы тиіс болды.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 461 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Фашистік қозғалыстың пайда болуы, А.Гитлердің үкімет басына келуі | ІІ-дүниежүізілік соғыс жылдарындағы Германия және фашистік режимнің күйреуі. | П-дүниежүзілік соғыстан кейінгі бейбіт келісімдер. | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ІІ-тарау. Германиядағы фашистік режим және оның ерекшеліктері| Италиядағы империалистік диктатуранын күшеюі және фашистік диктатураның күйреуі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)