Читайте также: |
|
СОӨЖ өткізу түрлері: есепті шешу.
Әдістемелік ұсыныс: Кез келген символдан құралған тізбектерін өңдеуін және оның мәтіндік файлдан енгізуін жүзеге асыру. Программада өз вариантына байланысты кіріс мәліметтерін нақты өңдейтын сәйкесті процедуралар мен функциялары қарастыруі керек.
Тапсырмалар варианттары:
1. Мәтіндік файл берілген.Оның символдар және жолдардың санын шығару.
2. S жолы және мәтіндік файл берілген. Файлдың басы мен соңына S жолын қойып шығу.
3. Мәтіндік файлдар берілген. Оның бірінші және соңғы жолдарын алып тастау.
4. Name1 және Name2 мәтіндік файлдар берілген. Name1 және Name2 мәтіндік файлдарды біріктіріп жаңа Name3 файылын құру.
5. Name1 және Name2 мәтіндік файлдар бар. Name2 файлді Name1файлдың соңына қосу.
6. Үш жолдан кем емес жолдардан түратын мәтіндік файл берілген. Берілген файлдың 3 соңғы жолдарын алып тастау.
7.. k (< 10) сан және k жолынан көп жолдардан түратын мәтіндік файл берілген. Берілген файлдың k –соңғы жолдарын алып тастау.
8. k (< 10) сан және k жолынан көп жолдардан түратын мәтіндік файл берілген. Берілген файлдың k –соңғы жолынан түратын жаңа файлды құру.
9. Мәтіндік файл және k саны берілген. k нөмірлі жолды файлдан алып тастау (жолдар 0-ден бастап нөмірленеді). Егер сол нөмірлі жол табылмаса, онда файлды өзгертпеу.
10. Мәтіндік файл және k саны берілген. Бос жолды k нөмірлі жолдың алдына және артына қойып шығу (жолдар 0-ден бастап нөмірленеді). Егер сол нөмірлі жол табылмаса, онда файлды өзгертпеу.
11. Мәтіндік файл берілген. Одан барлық бос жолдарын алып тастау.
12. S жолы және мәтіндік файл берілген. Файлдағы барлық бос жолдарды Sжолына ауыстыру.
13. Мәтіндік файл берілген. Қатарынан бірнеше түрған пробелдерді бір пробелге ауыстыру.
14. Мәтіндік файл берілген, ішіндегі мәтіннің сол жағы тегістілген. Бос емес жолдің басына керекті пробелдердің санын қойып отырып мәтінді оң жағы және центр бойынша тегістеу (мәтіннің ені 50 символға тең болсын).
15. Мәтіндік файл берілген, ішіндегі мәтіннің сол жағы тегістілген. Абзацтары бір бірінен бір бос жол арқылы бөлінген. Әр бос емес жолдің бірінші пробелінен бастап сөздердің арасындағы пробелдердің санын көбейте отырып мәтінді ені бойынша тегістеу (мәтіннің ені 50 символға тең болсын).
16. Мәтіндік файл берілген. Егер әр абзац бір бірінен бір немесе бірнеше бос жолдар арқылы бөлінсе, сол абзацтардың санын табу.
17. Мәтіндік файл берілген. Егер әр абзац 5 пробелі бар азат жолдан басталса, сол абзацтардың санын табу. Абзацтың арасындағы бос жолдарды есептемеу.
18. Мәтіндік файл берілген. Абзацтары 5 пробелі бар азат жолдан басталады, бос жол жоқ. Әр абзацтың арасына бір бос жолды қойып шығу.
19. Мәтіндік файл берілген. Мәтіндегі кездескен тыныс белгілерінен түратын символдық файлды құру.
20. Мәтіндік файл берілген. Ең үлкен ұзындығы бар бірінші сөзді және минимальді ұзындығымен соңғы сөзді шығару (сөздердің алдында және соңында түрған тыныс белгілерін есептей отырып).
21. N саны және мәтіндік файл берілген. Берілген файлдан N ұзындығы бар барлық сөздерден түратын (сөздердің алдында және соңында түрған тыныс белгілерін есептемеу) жолдық файлды құру. Егер берілген файлда N ұзындығы бар сөздер табылмаса, онда жаңа файлды бос қалтыру.
22. C-символ (бас әріп) және мәтіндік файл берілген. Сол әріпке аяқталатын берілген файлдың сөздерінен түратын жолдық файлды құру. Сөздердің алдында және соңында түрған тыныс белгілерін есептемеу. Егер берілген файлда керекті сөз табылмаса, онда жаңа файлды бос қалтыру.
23. N саны және мәтіндік файл берілген. Файлдан N нөмірлі абзацті алып тастау (абзацтар бір бірінен бір немесе бірнеше бос жолдар арқылы бөлінеді және 1 ден бастап нөмірленеді). Абзацтардың алдында және соңында түрған бос жолдарды алмау керек. Егер берілген нөмірлі абзац болмаса – файлды өзгертпей қалтыру.
24. N саны және мәтіндік файл берілген. Файлдан N нөмірлі абзацті алып тастау (абзацтар 5 пробелден түратын азат жолдан басталады және 1 ден бастап нөмірленеді). Абзацтардың арасындағы бос жолдарды есептемеу. Егер берілген нөмірлі абзац болмаса – файлды өзгертпей қалтыру.
25. Мәтіндік файл берілген, оның әр жолында бүтін саны бар (бір бірінен бірнеше пробелмен бөлінген). Сандардың қосындысын және көлемін табу.
26. Мәтіндік файл берілген, оның әр жолында бүтін немесе нақты саны бар (бір бірінен бірнеше пробелмен бөлінген). Сандардың бүтін және нақты бөліктерінің қосындысын табу.
27. Мәтіндік файл берілген, оның әр жолында бірнеше сандардың бейнелеуі бар (бір бірінен пробелмен бөлінген). Сандарды сол ретімен орналастырып нақты сандар файлын құру.
28. Name1 және Name2 екі текстілік файл берілген. Name1 файлдың әр жолының басына Name2 файлдың сәйкесті жолын қосу. Егер Name2 файлы Name1 файлдан қысқа болса, онда қалған Name1 файлдың жолдарын өзгертпей қалтыру.
29. NameT атты мәтіндік файл және бүтінсандық файл NameN берілген. NameT файлдың әр жолының соңына NameN файлдың сәйкесті санын қосу. Егер NameN файлы NameT файлдан қысқа болса, онда қалған NameT файлдың жолдарын өзгертпей қалтыру.
30. NameT атты мәтіндік файл берілген. Оның әр жолында бірінші 60 позиция текстке берілген, ал қалған орын – нақты сандарға. Екі файлді құру: NameS атына ие жолдық файл (ол берілген файлдың мәтіндік бөлімінен құралады) және NameR атына ие нақты сандар файлы (ол берілген файлдың сандарынан құралған).
Бақылау мысалы.
Мәтіндік файл берілген. Файлдың көшірмесін алу.
program primer10;
var f,g: text;
s: string;
begin
{файлдық айнымалары мен файлдың аттарын арасына байланыс қондыру }
assign(f, ‘data1.txt’);
assign(g, ‘data2.txt’);
{ файлдарды жазу және оқу үшін ашу }
reset(f); rewrite(g);
while not(eof(f)) do
begin
readln(f,s); {қатарға файлдан оқу }
writeln(g,s) {қатардан файлға жазу }
end;
{ файлді жабу}
close(f); close(g)
end.
Негізгі әдебиет: 1 [104-108].
Қосымша әдебиет: 5 [19-22], 6 [95-99], 7 [321-338].
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 425 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Жазбалар. | | | Тақырып. Функция графигін тұрғызу. |