Читайте также: |
|
СОӨЖ өткізу түрлері: тренинг.
Әдістемелік ұсыныс: Символдар тізбегін клавиатурадан енгізіп, оның өңдеуін вариантта көрсетілген тапсырмалар бойынша іске асыру. Бастапқы деректерді қолдан енгізу, тапсырмалар нақтылығы ескерілуі тиіс.
Тапсырма варианттары.
1. C1 ден бастап C1 мен C2 кезектесетін символдардан тұратын N (N — жұп) жолдың ұзындығын шығару.
Жол берілген. Жол элементтерін кері тәртіпте шығару.
Жол берілген. Ішіндегі бас әріптердің санын есептеу.
Жол берілген. Ішіндегі сандардың санын есептеу.
Жол берілген. Барлық кіші әріптерді бас әріптерге түрлендіру.
Жол берілген. Егер ол бүтін сандарды қамтыса – 1 шығару, егер нақты санды жазба болса – 2 шығару; егер жолды санға ауыстыруға болмаса - 0.
Бүтін сан берілген. Кері ретіндегі сандардан қамтитын символдар жиынын шығару.
N (> 0) бүтін сан мен жылжымалы үтірлі нүкте форматындағы нақты сандарды қамтитын S жолы берілген. Сол санның бөлшек бөліктеріндегі алғашқы N сандарын символдар жиыны түрінде көрсету.
9. S1, S2 жолдары және С символы берілген. S1 жолына С символдың әр кіруінің алдында S2 жолын енгізу.
10. S1 және S2 екі жол берілген. S1 жолынан S2 жолымен сәйкес келген ішкі жолды алып тастау. Егер ондай подстрока болмаса, онда S1 жолын өзгертпей шығару.
11. S1, S2 және S3 үш жол берілген. S1 жолында S2 жолының соңғы кіруін S3 жолына ауыстыру.
12. Жол берілген. Сол жолдың бірінші мен екінші нүктелерінің арасындағыішкі жолды шығару. Егер жолда нүктелердің саны екіден кем болса, онда берілген жолды шығару.
13. Бір немесе бірнеше пробелмен бөлінген орыс сөздерінен құралған жол берілген. Жолдағы сөздердің санын анықтау.
14. Бір немесе бірнеше пробелмен бөлінген орыс сөздерінен құралған жол берілген. Бір әріптен басталып сол әріпке аяқталған сөздердің санын анықтау.
1 5. Бір немесе бірнеше пробелмен бөлінген орыс сөздерінен құралған жол берілген. Үш "А" әріп кездесетін сөздердің санын анықтау.
Бақылау мысалы.
Сөз екі жағынанда бірдей оқылатының анықтайтын программаны жазу. Мысалы, «шалаш», «қазақ» - сондай сөздер.
program primer6;
var s1,s2:string;
i:integer;
begin
readln(s1); s2:='';
for i:=length(s1) downto 1 do begin
s2:=s2+s1[i];
end;
if s1=s2 then writeln(s1, ' – сол сөз')
else writeln(s1, ' – ол сөз емес');
end.
Негізгі әдебиет: 1 [107-109], 2 [135-140]., 3 [154-165].
Қосымша әдебиет: 4 [57-82].
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 508 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып. Екі өлшемді массивтер | | | Тақырып. Процедуралар . |