Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лабораториялық жұмысқа арналған тапсырмалар

Читайте также:
  1. Адамдарды көтеруге арналған жүккөтергіш механизмдердің статикалық күштемесінен асуын қаншаға дейін шектейді В) 1,5 есе
  2. Аралық аттестацияға арналған сұрақтар
  3. Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу.
  4. Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру
  5. Жүргiзуге арналған келiсiм-шарттар
  6. Здік бақылау үшін тест тапсырмалары
  7. Здік бақылау үшін тест тапсырмалары

Символдар жолын қолданатын есептерді шешудің алгоритмі мен программасын құру. Берілген есептерді программалау кезінде жоғарыда келтірілген символдар жолын өңдеуге арналған стандартты процедуралар мен функцияларын қолдану ұсынылады.

1. Символдар жолы берілген. “а” әріпінен басталатын сөздердің санын тауып, “а” әріпінен басталатын ең ұзын сөзді баспаға шығару.

2. Символдар жолы берілген. Жолдарды түрлендіріп анықтау.

а) барлық леп белгілерін нүктемен; б) әр нүктені үш нүктемен ауыстырып, жолды түрлендіру.

3. Символдар жолы берілген. Әрбір “*” символ өшіріп, “*”символынан басқа символдарды қайталау.

4. Символдар жолы берілген. Әріп топтарының қанша рет қайталанатынын анықтау:

а) abc; б) aba.

5. Символдар жолы берілген. Бірінші және соңғы символдары өзара сәйкес келетін сөздердің санын анықтау.

6. Ішінде ең болмағанда бір нүктесі бар символдар жолы берілген. Бірінші кездескен нүктеге дейінгі үтірлердің бәрін өшіріп, нүктеден кейінгі “5” цифрын “+” белгісімен ауыстыру.

7. Символдар жолы берілген. “я” әріпінен басталатын ең ұзын сөзді тауып, кері ретпен шығару.

8. Символдар жолы берілген. Дауыссыз әріптен басталатын ең ұзын сөзді тауып, жолдағы ең соңғы сөзбен орынын ауыстырып шығару.

9. Символдар жолы берілген. “а” әріпінен басталатын ең қысқа сөзді тауып, жолдағы ең бірінші сөзбен орынын ауыстырып шығару.

10. Символдар жолы берілген. Жолдағы әріп емес символдардың бәрін өшіріп, кіші әріптерді сәйкес бас әріптермен ауыстыра отырып, түрлендіру.

11. Символдар жолы берілген. (a, e, i, o, u) латын дауысты әріптері көп кездесетін барлық сөздерді табу.

12. Текст берілген. Ең ұзын цифр тобын тауып, оны соңғы цифр тобымен ауыстыру.

13. Текст берілген. “а”, “в” әріптері ең көп кездесетін сөздерді тауып, тексттен өшіру.

14. Текст берілген. “а” әріпі ең кемінде екі рет кездесетін сөздерді табу.

15. Текст берілген. “9” санынан басталатын ең қысқа сөзді тауып, жолдағы ең бірінші сөзбен орынын ауыстырып шығару.

16. Бос орындармен бөлінген текст берілген. “я” әріпінен басталып, “я” әріпінен аяқталатын сөзді тауып, тексттен өшіру.

17. Бос орындармен бөлінген текст берілген. “я” әріпінен басталып, “я” әріпінен аяқталатын ең ұзын сөзді табу.

18. Бос орындармен бөлінген цифр топтарынан тұратын текст берілген. “1” санынан басталып, “1” санынан аяқталатын ең ұзын цифр тобын тауып, бірінші цифр тобымен алмастыру.

19. Текст берілген. Тексттің алғашқы үш сөзінде “р” қанша рет қайталанатынын табу.

20. Текст берілген. Егер текстте “*” символы болмаса, текстті өзгеріссіз қалдыру, кері жағдайда “*” символына дейін орналасқан кіші латын әріптерін “5” цифрымен алмастыру.

Негізгі әдебиет: 1 [107-109], 4 [154-165]

Қосымша әдебиет: 5 [14-16].

Бақылау сұрақтары:

1. CASE операторында таңдау белгісінің типі қай типке жатуы мүмкін?

2. Жолдарды біріктіру үшін стандартты процедуралар мен функциялардың қайсысы қолданылады?

3. VAL стандартты процедурасы не үшін пайдаланылады?

4. S жолының элементтерінің бас әріптерін сәйкесінше кіші әріпке айналдыратын функцияны атаңыз.

5. А санының бүтін мәнін S жолына айналдыратын функцияны атаңыз.

6. INSERT стандартты функциясы неге арналған?

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 430 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бүтiн типтегi мәлiметтермен келесi амалдар орындалады | Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура | Бақылау сұрақтары | Бақылау сұрақтары | Дәріс. GRAPH стандартты модулін қойлдану | Модульдердi баяндау | Көрсеткіштер туралы қысқаша мағлұматтар | Дәріс. Динамикалық жадымен жұмыс істеуге арналған процедуралар мен функциялар. Стандартты процедуралар және функциялармен жұмыс істеу. | Тақырыбы: Арифметикалық операциялар. IF шартты операторы | Тақырыбы: Формулалар бойынша есептеулер. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырыбы: Бірөлшемді массивтер. Екіөлшемді массивтер| Тақырыбы: Процедуралар мен функциялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)