Читайте также:
|
|
240. Бала 12 жаста. Қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде жайылмалы пародонт қабынуы анықталды. Анасының айтуы бойынша баласы соңғы кездері көп шөлдейді, сұйықтықты көп мөлшерде ішеді. Сіздің кеңесіңіз:
1. Құрамында фторы бар препараттарды тағайындау;
2.+Эндокринологтың кеңесі;
3. Невропатологтың кеңесі;
4. Ауыз қуысын сауықтыру;
5. Ортодонттың кеңесі.
241. Дифтериямен ауыратын балаларға медициналық көмекті көрсететін мекемені анықтаңыз:
1. Үйде;
2. Балалар емханасы;
3. Балалар диспансері;
4. Балалар ауруханасы;
5.+Балалардың жұқпалы аурулар ауруханасы.
242. Қандай ауру кезінде қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында энантемалар пайда болады, кіші азу тістерінің аймағындағы ұртының шырышты қабатында көлемі 1 мм дейін ұсақ ақ түстідақтар пайда болған, инфильтрацияланған шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан, жұқа сызықпен қоршалған:
1. Жедел герпетикалық стоматит;
2. Инфекциялық мононуклеоз;
3. Скарлатина;
4. Дифтерия;
5.+Қызылша.
243. Қандай ауруға бадамша бездердің, аңқаның, таңдай доғаларының, мұрынның, жұтқыншақтың, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабаты ісінуі, қызаруы тән? Сұр түсті қақ қиын алынады, алынған кезде астында жаралы беті ашылады. Жақастылық лимфа түйіндерінің лимфадениті:
1. Инфекциялық мононуклеоз;
2. Скарлатина;
3.+Дифтерия;
4. Қызылша.
5. Баспа;
244. Қандай аурудың ауыр ағымы кезінде іріңді отиттің, самай-төменгі жақ буынының артриті дамиды:
1. Инфекциялық мононуклеоз;
2.+Скарлатина;
3. Желшешек;
4. Дифтерия;
5. Қызылша.
245. Қандай ауру кезінде анатоксин тағайындайды:
1. Жедел герпетикалық стоматит;
2. Скарлатина;
3. Желшешек;
4.+Дифтерия;
5. Қызылша.
246. Қандай ауру кезінде рентгенограммада «кратер тәрізді», «воронка тәрізді» жанында жатқан жақтың денесіне жайылмайтын, тістерді қоршап жатқан сүйек тінінің деструкциясы анықталады:
1. Папийон-Лефевр синдромы;
2. Иммуноглобулинемия;
3.+Қант диабеті;
4. Нейтропения;
5. Акатализия.
247. Бала 8 жаста. Дәрігер-стоматолог жедел лейкозға тән ауыз қуысының шырышты қабатындағы өзгерістерді анықтады. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтаманы жүргізген НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
1. Дәрілік стоматит, Лайелл синдромы;
2. Көп түрлі жалқықты қызарма, Бехчет синдромы;
3. Жедел герпетикалық стоматит, қызылиектің өсе қабынуы;
4. Қайталамалы герпетикалық стоматит, Стивенс-Джонсон синдромы;
5.+Ойық жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті, қызылиектің өсе қабынуы.
248. 4 жастағы балада дене температурасы 380-390С дейін жоғарылағаны анықталды. Ауырғанының бірінші күнінен бастап мойын лимфа түйіндерінің ұлғайғаны, ауыратыны, тығыз болғаны анықталды. Беті домбыққан, қабақтары ісінген, мұрынмен тыныс алуы қиындаған. Аңқасы қызарған, көкшілденген. Таңдай және тіл бадамша бездері ісінген, тығыз, сары түсті төмпешікті қақпен жабылған, оңай алынады. Қызылиектің катаральды қабынуы. Теріге геморрагиялық бөртпелер шыққан. Бүйрек пен өті ұлғайған. Нақтама қойыңыз:
1. Қызылша;
2. Дифтерия;
3. Скаралтина;
4.+Инфекциялық мононуклеоз;
5. Жедел герпетикалық стоматит.
249. Ауру ауыз қуысының шырышты қабатының геморрагияларымен, ойық жаралы-өліеттенген үрдістермен, қызылиектің гиперплазиясымен, аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюымен, қан көрсеткіштерінің өзгерістерімен сипатталады. Ауруды атаңыз:
1. Дәрілік стоматит;
2.+Жедел лейкоз;
3. Скарлатина;
4. Дифтерия;
5. Қызылша.
250. Бала 5 жаста. Дене температурасының 38,50С дейін жоғарылауына, басының ауруына, әлсіздікке, тамағының ауруына шағымданады. Кенеттен ауырып қалған. Қарап тексергенде: бадамша бездердің, доғалардың, кіші тілшенің қызаруы, ісінгені анықталды. Қақ тығыз, қиын алынады. Жақастылық лимфа түйіндері ұлғайған, сипап тексергенде ауырады. Бала дифтерия нақтамасымен балалардың жұқпалы ауруханасына жатқызылды. Жергілікті емді тағайындаңыз:
1. Дифтериялық анатоксин, иммуностимуляторлар;
2. Антибиотиктер, дәрумендер, десенсибилизациялық препараттар;
3.+Жансыздандыру, антисептикалық препараттар, кератопластиктер;
4. Гормональды, кератопластикалық препараттар, иммуностимуляторлар;
5. Жансыздандырғыш, антисептикалық препараттар, дифтериялық анатоксин.
251. 3 жастағы бала, гематологтың кеңесіне жіберілген, жедел лейкоз деген нақтама қорытындыланды. Осы аурудың белгілерін атаңыз:
1. Афталар, бет терісіндегі бөртпелер;
2. Қатты таңдайдағы энантемелар, Филатов-Коплик дақтары;
3. Қатты және жұмсақ таңдайдың шекарасындағы энантемалар;
4.+Ауыз қуысының шырышты қабатының геморрагиясы, қызылиектің гиперплазиясы, ойық
жаралы-өліеттенген үрдістерге бейімділік;
5. Бадамша бездердің, тілшіктің шырышты қабатының некрозы, мойын түйіндерінің лимфадениті
252. Инфекциялық мононуклеоздың қоздырғышын атаңыз:
1.+Вирус;
2. Бактериялар;
3. Саңырауқұлақ;
4. Қарапайымдылар;
5. Ашытқы тәрізді саңырауқұлақ Candida.
253 Ауыр интоксикация және жоғары дене температурасы, ауыз қуысының, жыныс мүшелерінің, көздің шырышты қабатының зақымдануының қайталамалы түрі қай синдромға тән? Теріде түйінді эритема тәрізді, пиодермия бөртпелері бар:
1.+Бехчет синдромы;
2. Сеттон синдромы;
3. Лайелл синдромы;
4. Гетчинсон синдромы;
5. Стивенс-Джонсон синдромы.
254. 10 жастағы балаға Бехчет синдромы деген нақтама қойылған. Баланы қандай емдеу мекемесіне жіберу керек:
1. Аллергиялық орталыққа;
2. Жұқпалы аурулар ауруханасына;
3. Тері-венерологиялық диспансеріне;
4.+Көп профильді балалар ауруханасының көз бөліміне;
5. Көп профильді балалар ауруханасының гематологиялық бөліміне
255. Скарлатинаның қоздырғышын атаңыз:
1.+Гемолитикалық стрептококк;
2. Қарапайым герпес вирусы;
3. Фильтрленетін вирус;
4. Леффлер таяқшасы;
5. Кокксаки вирусы.
256. Дифтерияның қоздырғышын атаңыз:
1.Гемолитикалық стрептококк;
2. Қарапайым герпес вирусы;
3. Фильтрленетін вирус;
4.+Леффлер таяқшасы;
5. Кокксаки вирусы.
257. Балалардағы Беднар афтасының пайда болу себептері:
1. Леффлер таяқшасы;
2. Қарапайым герпес вирусы;
3. Ашытқы саңырауқұлақ Candida;
4.+Созылмалы механикалық жарақат;
5. Ағзаның аутофинфекцияға сенсибилизациясы.
258. Филатов-Коплик дақтары қай ауруда байқалады:
1. Сүттеме;
2.+Қызылша;
3. Скарлатина;
4. Көп түрлі жалқықты қазырма;
5. Жедел герпестік стоматит.
259. Қызылшаның жұғу жолдары:
1. Тамшылы;
2. Тұрмыстық;
3. Құрсақ ішілік;
4.+Ауалы-тамшылы;
5. Тамшылы-жанаспалы.
260. Емханаға 4 жастағы баланың ата-анасы келді. Баласының ас қабылдаудан бас тартатынына, дене қызуы 37,50С жоғарылағанына шағымданады. Бала әлсіз, бозғылт. Объективті: ауыз қуысында ұртының шырышты қабатында және жоғарғы үлкен азу тістердің аймағында ақ-сары түсті дақтар бар, эпителийдің бетінен жоғары орналасқан. Мақта анжысымен алынбайды. Жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында энантемалар бар. Нақтама қойыңыз:
1. Баспа;
2.+Қызылша;
3. Дифтерия;
4. Желшешек;
5. Скарлатина.
261. 5 жастағы балаға дифтерия деген болжам нақтама қойылды. Қорытынды нақтаманы қою үшін қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізу керек:
1.+Бактериологиялық;
2. Рентгенологиялық;
3. Иммунологиялық;
4. Копрологиялық;
5. Аллергиялық.
262. Бала 5 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде жұмсақ таңдайының ортасында ұсақ бөртпелері бар, аңқасы шырышты қабатының айқын қызарып тұрғаны анықталды. Катаральды қызылиек қабынуы. Тілі тегіс, жылтыр, эпителидің десквамациясы айқын. Нақтама қойылды:
3. Сүттеме;
1. Қызылша;
2. Дифтерия;
4. Желшешек;
5.+Скарлатина.
263. Скарлатинаны қандай аурулармен салыстыру керек?
1.+Баспа, қызылша, қан ауруымен, дифтерия;
2. Сүттеме, инфекциялық мононуклеоз;
3. Көпіршік, ЖГС, дәрілік стоматит;
4. Баспа, сүттеме, қан ауруы;
5. Сүттеме, ЖГС.
264. Дифтерияны қандай аурулармен салыстыру керек?
1.+Баспа, қан аурулары, инфекциялық мононуклеоз, ЖГС, скарлатина;
2. Жедел жалған мембраналық кандидоз, инфекциялық мононуклеоз;
3. Баспа, жедел жалған мембраналық кандидоз, қан ауруы;
4. Жедел жалған мембраналық кандидоз, скарлатина;
5. Көпіршік, ЖГС, дәрілік стоматит.
265. Бала 3 жаста. Тамағындағы ауру сезіміне, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Ауыз қуысында: бадамша бездері, таңдай доғалары ісінген, қызарған, үлкен жаралы бетте фиброзды қақпен аймақтары, қақ шіріп сарғайған массадан құралады. Бактериологиялық зерттеу кезінде Лефлер таяқшалары анықталды. Нақтама қойыңыз:
1. Ойық жаралы-өліеттенген Венсан стоматиті;
2. Инфекциялық мононуклеоз;
3. Жедел лейкоз;
4. Герпангина;
5.+Дифтерия.
266. Қандай ауруда катаральды қызылиек қабынуымен бірге кезекпен бөртпелер пайда болады: I күні-бетінде, құлақ артында, мойнында; II күні-денесінде; III –қол-аяғында:
1. Көптүрлі жалқықты қызарма;
2. Дәрілік стоматит;
3. Желшешек;
4. Дифтерия;
5.+Қызылша.
267. Скарлатина кезінде ауыз қуысының жергілікті емі:
1. Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы терапия;
2. Сілті ерірінділерімен ауыз қуысын өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы заттармен аппликация жасау;
3. Зақымдалған аймақты жансыздандыру, себепші факторларды жою, кератопластиктермен
аппликация;
4.+Ауыз қуысының гигиенасын сақтау, ауыз қуысын симптоматикалық өңдеу, негізгі ауруды
емдеу;
5. Жансыздандыру, кератопластиктермен аппликация.
268. Қызылшаны қандай аурулармен салыстыру керек:
1. Ауыз қуысының қайталамалы афтасы;
2. Беднарафтасы, дифтерия, скарлатина;
3.+Жедел герпетикалық стоматит, скарлатина;
4. Дәрілік стоматит, жедел лейкоз, желшешек;
5. Көп түрлі жалқықты қызарма, инфекциялық мононуклеоз.
269. Бала 7 жаста. Қарап тексергенде: қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар, пішіні дұрыс емес - энантемалар, ұртында жіңішке ашық-қызыл түсті сызықпен шектелген, тампонмен алынбайтын – Филатов–Коплик дақтары анықталды.
Төменге көрсетілген нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
1. Жедел жалған мембраналық кандидоз, орташа дәрежелі ауырлықта;
2. Жедел герпетикалық стоматит;
3. Сәулелік зақымданулар;
4. Скарлатина;
5.+Қызылша.
Тақырып: «ЖҚТБ және спецификалық аурулардың балалардың ауыз қуысының шырышты қабатындағы көріністері. Нақтамалау әдістері, клиникалық ағымының ерекшелігі және алдын алу».
270. Ауыз қуысының шырышты қабатындағы қатты шанкрдың көрінісі:
1. Табаны дәнді, жиектері тығыз беткей ойық жара;
2. Табаны өліеттенген, пішіні дұрыс эрозия немесе ойық жара;
3. Дұрыс пішінді, беті алынбайтын, өліеттенген қақпен жабылған эрозия;
4. Негізінде жұмсақ инфильтраты бар, табаны дәнді,саңылау тәрізді пішінді ойық жара;
5.+Негізінде тығыз инфильтраты бар, табаны таза, дұрыс домалақ пішінді ойық жара немесе эрозия.
271. Екіншілік мерездің клиникалық белгілері:
1. Іріп кеткен сүтке ұқсас эрозиялар мен папулалар;
2. Ауыз қуысындағы көпіршіктер, терідегі бөртпелер, аймақтық лимфаденит;
3. Көпіршіктер, ауыз қуысында жаралар, аймақтық лимфаденит, терідегі бөртпелер;
4.+Ауыз қуысының және аңқаның шырышты қабатында шектелген жаралы және ақ папулалар,
терідегі бөртпелер, аймақтық лимфаденит;
5. Өзгермеген ауыз қуысының шырышты қабатында ақшыл-көктүсті, топталып орналасқан папулалар.
272. Үшіншілік мерездің клиникалық белгілері:
1.+Зақымдалған тығыз жеке инфильтраттар;
2. Түйінге ұқсас тығыз жеке инфильтраттар;
3. Түйінге ұқсас көптеген ұсақ инфильтраттар;
4. Көптеген тығыз инфильтраттар, лимфаденит;
5. Гиперкератоз ошақтарымен көптеген тығыз инфильтрат.
273. Мерездің зертханалық нақтамалау әдістерін көрсетіңіз:
1. Иммуноблотинг;
2. Манту реакциясы;
3.+Вассерман реакциясы;
4. Тікелей агглютинация реакциясы;
5. Тікелей емес агглютинация реакциясы.
274. Сіздің мерезге күдіктенген кезіңіздегі дәрігерлік әрекетіңіз:
1. Кератопластиктерді тағайындау;
2. УКС-мен зақымдалу ошағын сәулелендіру;
3. Саңырауқұлаққа қарсы препараттарды тағайындау;
4.+Микрореакцияға қан анализі, дерматологтың кеңесі;
5. Зақымдалу ошағының астына 1% никотин қышқылының ерітіндісімен екпе жасау.
275. Науқастан туберкулездің белсенді түрін анықтаған кездегі сіздің дәрігерлік әрекетіңіз:
1.+Арнайы мекеменің жағдайында емделу, ауыз қуысын сауықтыру, жергілікті тітіркендіретін
факторларды жою;
2. Емдеу шараларының кешені тек қана стоматологиялық емхана жағдайында жасалады;
3. Жансыздандыратын, препараттар, антисептиктер, кератопластиктер;
4. Арнайы емді қажет етпейді;
5. Үй жағдайында емделу.
276. Ақшыл түсті, ауырмайтын, негізде тығыз инфильтраты бар,шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан,диаметрі 1 см папула қай ауруға тән:
1.+Мерез;
2. Лейкоплакия;
3. Кандидомикоз;
4. Көп түрлі жалқықты қызарма;
5. Ауыз қуысының қайталамалы афтасы.
277. Жақсүйек альвеола өсіндісінің шырышты қабатдағы қатерлі түзілістеріне күдіктенгенде қандай зерттеу әдісін жүргізген дұрыс:
1. Биохимиялық және цитологиялық;
2. Серологиялық және биохимиялық;
3. Биохимиялық және рентгенологиялық;
4. Серологиялық және рентгенологиялық;
5.+Рентгенологиялық және цитологиялық.
278. Тілдің жарақаттық зақымдалуын және обырдың ойық-жаралы түрінде салыстырмалы нақатаманы жүргізгенде ең шешуші әдіс:
1. Анамнезді жинау;
2. Ауыз қуысын қарап тексеру;
3.+Цитологиялық зерттеудің нәтежесі;
4. Биохимиялық зерттеудің нәтижесі;
5. Рентгенологиялық зерттеудің нәтижесі.
279. Балалардағы АИВ-инфекциясының клиникалық көрінісі орташа алғанда қай жаста пайда болады:
1. Босанғаннан кейін 1 айдан соң;
2. Босанғаннан кейін 2 айдан соң;
3. Босанғаннан кейін 3 айдан соң;
4. Босанғаннан кейін 4 айдан соң;
5.+Босанғаннан кейін 5 айдан соң.
280. АИВ вирусы жылдам инактивацияланады:
1.+Эфирмен, ацетонмен, этил спиртімен, 0,2% натрий гипохлорид ерітіндісімен;
2. Ультракүлгін сәулесімен;
3. Иондайтын радиациямен;
4. Фурациллинмен, 0,05% калий перманганаты ерітіндісі;
5. Резорцинмен, эвгенолмен, йодоформмен
281. АИВ-кандидозының гиперпластикалық түрін салыстыру керек:
1. Қайталамалы герпетикалық стоматитпен;
2. Созылмалы атрофиялық кандидозбен;
3.+Веррукозды лейкоплакиямен;
4. Белдемелі герпеспен;
5. Созылмалы герпеспен.
282. Түкті лейколпакия кезінде ауыз қуысының шырышты қабатында пайда болады:
1.+Ақ түсті сызықтар, қатпарлар, түктер түрінде гиперкератоз аймақтары;
2. Қырып алғанда оңай алынатын ақ түсті сүзбе тәрізді қақ;
3. Тор тәрізді суретті құрайтын папулезді бөртпелер;
4. Қырып алғанда қиын алынатын қабыршақ тәрізді қақ;
5. Буллезді бөртпелер.
283. Балалардың перинатальды АИВ-инфекциясы кезіндегі инкубациялық кезеңі созылады:
1. 8 ай;
2. 10 ай;
3.+12 ай;
4. 14 ай;
5. 16 ай.
284. Гемотрансфузия кезінде жұқтырылған балалардың инкубациялық кезеңі қанша уақытқа созылады:
1. 30 ай;
2. 35 ай;
3.+41 ай;
4. 45 ай;
5. 50 ай.
285. АИВ-инфекция дегенеміз:
1. Қарапайым герпес вирусы;
2. Құрамында ДНК-сы бар вирус;
3.+Ретровирустар тұқымына жатады, құрамында РНК-сы бар вирусы;
4. Фильтрлік вирус;
5. Коксаки А вирусы.
286. Балалардың ЖҚТБ зақымдалуы:
1. Тамшылы;
2. Тұрмыстық;
3.+Жатырішілік;
4. Ауалы-тамшылы;
5. Жанаспалы, тамшылы.
287. АИВ-зақымдалудың көзі:
1.+АИВ-инфекциямен ауыратын науқастар (ЖҚТБ ауыратын науқастар);
2. АИВ антиденелерінің тест нәтижелерімен донордың қаны;
3. Қанды соратын құрттар (маса, бит);
4. Үй жануарлары;
5. Кеміргіштер.
288. ЖҚТБ кезінде эпидемиологиялық қауіпті көрсетіңіз:
1. Жатыр сұйығы, сілекей;
2. Жұлын миы, сілекей;
3. Сілекей, көз жасы;
4. Зәр, емшек сүті;
5.+Қан, сперма.
289. ЖҚТБ келесі жолдармен жұғады:
1. Жыныстық қатынас жолымен, транспланцентарлы, қан соратын құрттар (маса, биттер);
2. Жыныстық қатынас жолымен, жанаспалы-тұрмыстық, ауалы-тамшылы;
3. Жыныстық қатынас жолымен, трансфузионды, донорлық ағзалармен;
4. Жыныстық қатынас жолымен, жанаспалы-тұрмыстық парентеральды;
5.+Жыныстық қатынас жолымен, парентеральды, транспланцентарлы.
290. АИВ-инфицирленген анасынан баласының зақымдануы қай жағдайда болады:
1. ЖРВА, гриппен анасының ауырған кезінде;
2. Жасанды тамақтандырғанда (ыдыс-аяқ арқылы);
3. Балаға қарау мен тұрмыстық қатынасты жүргізген кезде;
4.+Құрсақ ішілік кезеңде, босану кезінде, емшекпен тамақтандырғанда;
5. Анасының антибиотиктер, сульфаниламидтер препараттарын қабылдаған кезде.
291. АИВ-инфекцияға күдіктенген кезде қандай зерттеуді нақтамды қорытындылау үшін қолданады:
1. Аллергиялық;
2. Гистологиялық;
3. Биохимиялық;
4.+Серологиялық;
5. Цитологиялық.
292. Аймақтық лимфа тамырларын зерттеу кезінде анықтау керек:
1. Қызаруын;
2. Тереңдігін;
3. Орналасуын;
4.+Ауыратынын;
5. Абсцесстенуін.
293. Ауыз қуысының АИВ-инфекциясы кезінде жиі байқалады:
1.+Кандидоз;
2. Дәрілік стоматит;
3. Жарақаттық стоматит;
4. Стивенс-Джонсон синдромы;
5. Көп түрлі жалқықты қызарма.
294. Медицина қызметкерлерінің АИВ-инфицирленуі болуы мүмкін:
1. Қолғаптың жыртылып кеткенінде, қолды мұқият жуу және жаңа қолғап кию;
2.+Теріні жарақаттап алғанда (кесіп алғанда, екпе жасағанда);
3. АИВ-инфицирленгенмен сөйлескенде;
4. Қорғаныш көзілдірігімен жұмыс істеу;
5. Қолғаппен жұмыс істегенде.
295. АИВ-инфицирленген науқасты емдеу барысында стоматолог нені қолданбау керек:
1. Механикалық бормашина;
2. Эндодонтиялық аспаптар;
3. Сілекейді сорып алғыш;
4.+Турбинды ұштықтар;
5. Рентгенография.
296. АИВ-инфицирленген науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы медициналық қызметкерлердің көзінің шырышты қабатына тиіп кетсе жуып-шаю үшін нені қолдану керек:
1. 70% спирт;
2. Дистилденген су;
3. 1% проторгол ерітіндісі;
4.+1% бор қышқылының ерітіндісі;
5. 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі.
297. Қанның немесе басқа биологиялық сұйықтықтың мед қызметкерлердің ауыз қуысының шырышты қабатына тиіп кеткенде шайқау үшін нені қолданады:
1. Трипсин;
2. Дистилленген су;
3.+1% проторгал ерітіндісі.
4. 1% бор қышқылының ерітіндісі;
5. 3% сутегінің асқын тотығының ерітіндісі.
298. Түктілей койкоплакияны салыстыру керек:
1.+Созылмалы гиперластикалық кандидоз;
2. Созылмалы механикалық жарақат;
3. Созылмалы атрофиялық кандидоз;
4. Декубитальды жарамен;
5. Жарақаттық стоматит.
299. АИВ-инфицирленген науқасқа алғашқы медициналық көрсету кезінде дәрілер қорапшасында медицина қызметкерлерінің жұмысында не қолданылады:
1. 1% раствор серной кислоты;
2.+5% йод спиртінің ерітіндісі;
3. Химотрипсин;
4. Метилен көгі;
5. Резорцин.
Тақырыбы № 11: «Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатының вирусты аурулары. Жедел герпетикалық стоматит. Клиникалық ағымының ерекшелігі, емі. Алдын-алу».
300. Жедел герпетикалық стоматитінің басылу кезеңінде қандай шаралар қолдану керек?
1. Қызуды түсіретін, антисептикалық препараттар;
2. Десенсибилизирлейтін препараттар;
3. Аналгезиялық, вирусқа қарсы;
4. Саңырауқұлаққа қарсы;
5.+Кератопластиктер.
301. Балалардағы жедел герпетикалық стоматиттің секпе кезеңіндегі физиоемнің көрсеткіштері?
1. УВЧ-терапия;
2.+УФО-терапия;
3. Дарсонвализация;
4. Парафинотерапия;
5. Электрофорез, массаж.
302. Жедел герпетикалық стоматиттің катаральды кезеңінде қандай препарат тағайындайсыз:
1. Кератопластиктер;
2. + Вирусқа қарсы препараттар;
3. Антисептикалық препараттар;
4. Протеолитикалық препараттар;
5. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар.
303. Бала 3 жаста. Жедел герпетикалық стоматит нақтамасы қойылған. Салыстырмалы нақтама жүргізіңіз:
1.+Көптүрлі жалқықты эритема, герпетикалықбаспа, дифтерия;
2. Ауыз қуысы шырышты қабатының жарақаты;
3. Десквамативті глоссит;
4. Эксфолиативті хейлит;
5. Беднар афталары.
304. Жедел герпетикалық стоматиттің қандай түрінде ішке, вирусқа қарсы препараттар тағайындалады:
1. Ремиссия;
2.+Ауыр түрінде;
3. Жеңіл түрінде:
4. Кез-келген түрде;
5. Тағайындауға қарсы көрсеткіш.
305. Жедел герпетикалық стоматиттің жеңіл түрінде қандай дәрілік препараттар қолданылады?
1. Тетрациклин тізбегіндегі антибиотиктер;
2. Саңырауқұлаққа қарсы препараттар;
3.+Вирусқа қарсы препараттар;
4. Жансыздандырғыш заттар;
5. Кератопластиктер.
306. ЖГС кезінде, төменде келтірілген дәрілердің қайсысы қолданылады?
1. Низорал, риодоксал, диазолин, декарис;
2. Диазолин, тавегил, дипразин, фенкарол;
3. Зовиракс, госсипол, миконаз, супрастин;
4.+Бонафтон, теброфен, флоренал, ацикловир;
5. Қызылмай, ретинол, солкосерил, метилурацил.
307. ЖГС-тің қандай түрінде, иммуностимуляциялайтын препараттарды қолданған жөн?
1. Тағайындауға қарсы көрсеткіш;
2. Кез-келген түрінде;
3. Орташа түрінде;
4. Жеңіл түрінде;
5.+Ауыр түрінде.
308. ЖГС-тің жеңіл түрінде, физиоемнің қандай түрі қолдануға болады?
1.+УФО;
2. УВЧ;
3. Вакуум- массаж;
4. Флюктуоризация;
5. Дарсонвализация.
309. ЖГС-тің жергілікті еміне қандай препараттар қолданған жөн?
1. Трипсин, химотрипсин;
2. Солкосерил, метилурацил;
3. Пропосол, каметон, ливиан;
4.+Оксолин, алпизарин, госсипол;
5. Қызылмай, масло шиповника, облепихи.
310. ЖГС кезінде, аурудың аяқталуы кезеңінде, қай препаратты жергілікті ем үшін қолданған жөн?
1. Протеолитикалық және аналгезиялаушы заттар;
2. Вирусқа қарсы және ауру сезімін басатын заттар;
3.+Кератопластиктер, ауыз қуысын гигиеналық күту;
4. Антисептикалықжәне десенсибилизациялаушы ем;
5. Жансыздандыружәнеқызуды төмендетуші препараттар.
311. Бала 1,5 жаста, ауырғанына 4 күн болған, дене қызуы 38,50С ден 400С дейін ауытқуда, ас қабылдамайды, ұйқысы жоқ. Бет терісінде, көптеген көпіршікті секпелер бар(көпіршіктер, жұқа жаралар). Ауыз қуысы шырышты қабатында көптеген біріккен жұқа жаралар, тіс сауыты, ісінген қызылиектен көрінбей қалған. Лимфаденит және жақасты, мойын түйіндері ұлғайған.Салыстырмалы нақтама жүргізініз:
1.+Медикаментозды стоматит;
2. Инфекционды монокуклеоз;
3. Қызамық кезіндегі стоматит;
4. Дифтерия кезіндегі стоматит;
5. Скарлатина кезіндегі стоматит.
312. Бала ЖГС жайлы 1 апта емделген, сізге қабылдауға келді. Мамасында шағымы жоқ. Анықталды: жалпы жағдайы қанағаттандырлық. Шырышты қабатында, бірегейлік жұқа жаралар, қақтар жоқ, гиперемия жоқ, пальпацияда ауру сезімі жоқ. Тіс аймағында катаральды гингивит көрінісі бар. Ем тағайынданыз:
1.+Кератопластиктер;
2. Саңырауқұлаққа қарсы ем;
3. Вирусқа қарсы препараттар;
4. Жалпы әлдендіруші препараттар;
5. Десенсибилизациялаушы препараттар.
313. Афта –мына ауру кезіндегі элемент:
1.+Жедел герпетикалық стоматит;
2. Кандидозды стоматит;
3. ВИЧ- инфекция;
4. Туберкулез;
5. Қызамық.
314. Ауыз қуысына аппликациялық жансыздандыру жасау үшін қандай дәрі қолданылады:
1. Қызылмай;
2. Леворин жақпасы;
3. Теброфен жақпасы;
4.+Анестезин жақпасы;
5. Метилурацил жақпасы.
315. Ауыз қуысының шырышты қабатының вирусты ауруларына жатады:
1. Вирусты сүйелдер, медикаментозды стоматит;
2. Жедел герпетикалық стоматит, Лайелл синдромы;
3. Медикаментозды стоматит, қайталамалы герпетикалық стоматит;
4.+Герпестік баспа, жедел герпестік стоматит, вирусты сүйелдер;
5. Көптүрлі жалқықты эритема, қайталамалы афталар,Стивенс-Джонсон синдромы;
316. Қабылдау бөлмесіне 8 айлық баласы бар ана келді, ол баласының қызуының 400С жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, лоқсу, құсу болатынына шағымданды. 2 күн бойы ауырып жүр. Мед. көмекке жүгінбеген. Ауыз қуысында жаралы-өліеттенген гингивостоматит, терісінде, ауыз айналасында көлемді жаралар, көпіршікті бөртпелер. Жақасты және мойын лимфа түйіндерінің лимфадениті. Нақтама қойыңыз:
1. Ауыр деңгейдегі жедел псевдомембранозды кандидоз;
2. Орташа ауырлықтағы медикаментозды стоматит;
3.+Ауыр түріндегі жедел герпестік стоматит;
4. Көптүрлі жалқықты қызарма;
5. Герпетикалық ангина.
317. Бала 2 жаста. Ас қабылдағанда пайда болатын ауру сезіміне шағымданды. Бала боз, тынымсыз, дене қызуы 38,50С. Қарап тексеру барысында, еріннің шырышты қабатында, тілде гиперемия және көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивит көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Нақтама қойыңыз:
1. Жарақаттық стоматит;
2. Медикаментозды стоматит;
3.+Жедел герпестік стоматит;
4. Созылмалы механикалықжарақат;
5. Жедел псевдомембранозды кандидоз.
318. Жедел герпестік стоматит нақтамасын қоюда қандай клиникалық белгілер міндетті түрде болады:
1. Ауыз қуысы шырышты қабатының гиперемиясы,тілдегі, еріндегі көлемді жұқа
жаралар,терісінде дақтар, көпіршіктер, кокардалар;
2. Нүктелік немесе ошақты дақтар, олар оңай алынады, тіліндегі қақтар, ұртындағы, еріндегі;
3. Бадамшаларда, ретромолярлы аймақта гиперемия, қызылиектің ісінуі, сұр қиын алынатын
қабыршықтар;
4. Ауыз қуысы шырышты қабатының гиперемиясы жұмсақ таңдайдағы майда нүктелі дақтар;
5.+Гиперемия, қызылиектің ісінуі, ауыз қуысы шырышты қабатындағы жекелеген жаралар,
лимфаденит, катаральды гингивит.
319. 3 жастағы бала бронхитпен ауырған, ауруханадан шыққаннан кейін 1 апта өткен соң дене қызуы 380С көтерілген. Бала мазасыз, астан бас тартады, педиатр ЖРА диагнозын қойған және ем тағайындалған. 3-күні еріннің қызыл жиегінде, беттің терісінде көпіршікті бөртпелер пайда болған. Ауыз қуысында, жедел катаральды гингивиттің көрінісі және еріннің, тілдің шырышты қабатында бөлек орналасқан жаралар және жақасты лимфадениті бар. Сіздің болжам нақтамаңыз және аурудың болжам ауырлық дәрежесі:
1. Орташа ауырлықтағы қызамық;
2. Ауыр түрдегі жедел псевдомембранозды кандидоз;
3. Жеңіл деңгейлі ауырлықтағы медикаментозды стоматит;
4. Орташа дәрежелі көптүрлі жалқықты эритема.
5.+Орташа дәрежелі жедел герпестік стоматит;
320. Балаға 1 жас 8 ай, 3-4 күндей ауырып жүр. Педиатрдың тағайындамалары нәтижесіз. Анасының айтуы бойынша, дене қызуы 380С дейін жоғарлаған, әлсіз, астан бас тартады, ұйқысы нашар. Қарап-тексергенде: ерін айналасындағы теріде майда көпіршіктер, кейбіреулері іріңді бөлінулермен, еріннің қызыл жиегінде қанды қабыршақтармен жабылған жаралар, ұрт аймағының шырышты қабатында көлемді жаралар,тілінің ұшында бөлек орналасқан дөңгелек пішінді жаралар. Нақтама қойыңыз:
1. Желшешек;
2. Қайталамалы афталар;
3. Орта деңгей ауырлықтағы медикаментозды стоматит;
4. Орта дәрежелі көптүрлі жалқықты қызарма;
5.+Орта дәрежелі жедел герпестік стоматит.
321. 2,5 жастағы баладағы жедел катаральды гингивит, жақасты лимфаденит, дене қызуының жоғарлауы, қандай аурудың бастапқы белгілері?
1. Жедел псевдомембранозды кандидоз;
2.+Жедел герпестік стоматит;
3. Көптүрлі жалқықты қызарма;
4. Скарлатина;
5. Қызылша.
322. Балаға 1 жас 8 ай. 4 күннен бері ауырып жүр. Анасының айтуы бойынша, баланың дене қызуы 380С жоғарлайды, әлсіз, астан бас тартады, ұйқысы нашар. Қарап-тексергенде: ерін айналасындағы теріде майда көпіршіктер, кейбіреуі іріңді бөлініспен, еріннің қызыл жиегінде қан қабыршықтармен жабылған жаралар.Ұрттың шырышты қабатында, таңдайда дөңгелек пішінді, көлемді жаралар, сілекейі тұтқыр. Нақтама қойыңыз:
1. Герпангина;
2. Қайталамалы афталар;
3. Орта дәрежелі медикаментозды стоматит;
4. Орта дәрежелі көптүрлі жалқықты эритема;
5.+Орта дәрежелі жедел герпестік стоматит.
323. Балалардағы герпестік стоматит кезіндегі жергілікті ем:
1. Ауыз қуысын шаю;
2.+Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы ем;
3. Зақымданған аймақты жансыздандыру, себепші факторды жою, кератопластиктермен
аппликация;
4. Ауыз қуысын сілтілік сұйықтармен өңдеу, саңырауқұлаққа қарсы препараттармен өңдеу;
5. Ауыз қуысы гигиенасын сақтау, симптоматикалық ем, негізгі аурудың аллергияға қарсы емі.
324. Балаға 1 жас 5 ай. Анасының айтуы бойынша, 2-ші күн ауырып жүр. Тәбеті жоқ, ұйқысы нашар. Бала боз, әлсіз, мазасыз. Дене қызуы 38,30С. Объективті: еріннің қызыл жиегінде және бет терісінде көпіршікті бөртпелер. Ұрт шырышты қабатында, тілде, таңдайда көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивиттің көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Жергілікті ем тағайындаңыз:
1.+Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы препараттар;
2. Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктер;
3. Жансыздандыру, ауыз қуысын антисептикалық өңдеу;
4. Антисептикалық өңдеу, вирусқа қарсы препараттар;
5. Кортикостероидты препараттар.
325. Балабақшада үш бала жедел герпетикалық стоматитпен ауырып қалған. Екі топта, еріннің қайталамалы ұшығы бар тәрбиешілер анықталды.Тәрбиешілермен және ЖГС ауырған балалармен бірге болған басқа балаларға қандай алдын-алу шараларын қолдануға болады?
1.+Ауыз қуысының шырышты қабатын және мұрынның шырышты қабатын интерферон
жақпасымен өңдеу;
2. Мұрынның шырышты қабатын, ауыз қуысын синафланмен өңдеу;
3. Ауыз қуысының шырышты қабатын және мұрынның шырышты қабатын күніне 2 реттен кем
емес, Фурациллиннің жақпасымен 0,25-0,5% 3 күн өңдеу;
4. Ауыз қуысына күніне 2 рет дексаметазон майын жағу;
5. Ауыз қуысына күніне 2 рет нистатин майын жағу;
326. Жедел герпестік стоматит ауырлығының қандай дәрежесінде баланы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу керек?
1.+Ауыр дәрежеде, катаральды кезең;
2. Жеңіл дәрежеде, катаральды кезең;
3. Ауыр дәрежеде, продромальды кезең;
4. Ауыр дәрежеде, аурудың басылуының кезеңі;
5. Орташа ауырлық дәрежесінде катаральды кезең.
327. Бала 1,5 жаста. Нақтамасы жедел герпестік стоматит. Дене қызуы 390С жоғары. Жалпы ем тағайындаңыз:
1. Имудон;
2. Дәрумендер;
3. Интерферон;
4. Антибиотиктер;
5.+Эффералгин сироп немесе майшам түрінде+димедрол.
328. ЖГС жергілікті емін, балалар стоматологы қай жерде емдейді:
1. Балалар стоматологиялық емханасы;
2. Мектептің стоматологиялық кабинеті;
3. Стоматологиялық емхананың балалар бөлімінде;
4. Балалар емханасының стоматологиялық кабинетінде;
5.+Стоматологиялық кабинет немесе балалар жұқпалы аурулар ауруханасының палатасында
Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 336 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тақырып: «Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымданулары. Клиникасы, емі». | | | Тақырып: № 12 «Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». |