Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пән бойынша тесттер 3 страница

Читайте также:
  1. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 1 страница
  2. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 2 страница
  3. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 2 страница
  4. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 3 страница
  5. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 3 страница
  6. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 4 страница
  7. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 4 страница

1. Физиоемге дайындауға;

2.+Инфекцияның таралуын алдын алу;

3. Операциядан кейінгі жараныБХӨ жасағаннан кейін қорғау;

4. Пародонт қалтасынан экссудаттың шығуының тоқтатуға;

5. Пародонт қалтасындағы микроорганизмдерді оқшауға.

95. Пародонт ауруларын емдеу үшін стероидты қабынуға қарсы препараттарды қалай қолданады:

1. Жүйелі;

2.+Жергілікті;

3. Шайқау үшін;

4. Таңбалар түрінде;

5. Өтпелі қатпарғашаншу түрінде

96. Пародонт қалтасынан материалды турундасы бар стерильді шприцтің көмегімен алып, бекітіп, жақпаны бояйды, микроскоптың астында зерттейді:

1. Биопсия;

2. Цитологиялық;

3.Морфологиялық;

4. Биомикроскопия;

5.+Бактериологиялық.

97. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы пародонтологияда жүйелі антибиотикотерапияға негізгі көрсеткіш бола алмайды?

1. Айқын интоксикация;

2. Көптеген абсцесстеу;

3.+Қызылиек үстілік және қызыл иек астылық тіс шөгінділері;

4. Пародонт қалталарынан іріңнің шығуы;

5. Альвеола өсіндісінің сүйек тінінің жылдам дамитын деструкциясы

98. Пародонт қабынуының өршуі кезінде және абсцесі кезінде болатын ауру сезімін жою үшін қандай физио емнің әдісі қолданылады:

1. Микротолқынды терапия;

2. ГНЛ;

3. УКС;

4.+УВЧ;

5. Дарсонваль тоқтары.

 

99. Келесі симптомдар пародонттың қай ауруына сәйкес келеді: сүйек және пародонт қалталарының болуымен бірге жүретін пародонт тіндерінің қабынуы,тіс аралық қалқанның біркелкі емес резорбциясытіс түбірінің 2/3бөлігіне дейін, тістердің қозғалғыштығы II-IIIдәрежелі және орнынан ығысқан, айқын жарақаттық артикуляция:

1. Созылмалы жайылмалы пародонтоздың ауыр дәрежесі;

2. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы.

100. Балалардың қызылиегі қабынуының ауырлығын анықтау үшін қандай зерттеу әдісі қолданылады?

1. Рентгенологиялық;

2.+РМА индексін анықтау;

3. Шиллер-Писарев сынамасы;

4. Эпителийдің бүтіндігін анықтау сынамасы;

5. Грин-Вермильон бойынша гигиеналық индексті анықтау.

101. Тіс дәрігеріне 14 жастағы бала ас қабылдағанда ауру сезімінің пайда болатынына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады.Объективті қарап тексергенде: 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің тығыз орналасуы анықталды. Қызылиегінің шырышты қабаттың жиегі бозғылт, ісінген, тістерге тығыз жабыспайды, қызылиек үстілік және қызылиек астылық тіс шөгінділері бар. 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістер айналасындағы пародонт қалталарының тереңдігі 5-6мм, грануляциялармен толған, 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістер II-IIIдәрежелі қозғалыста.Нақтаманы қою үшін қандай зерттеу әдісін жүргізу қажет:

1. Микробиологиялық;

2. Иммунологиялық;

3. Цитологиялық;

4.+Рентгенологиялық;

5. Эхоостеометрия.

102. Пародонт қызметін зертеу әдістеріне жатады:

1. Микробиологиялық;

2. Иммунологиялық;

3. Биохимиялық;

4.+Полярография;

5. Цитологиялық.

103. Пародонтты зертханалық зерттеу әдістеріне жатады:

1. Реопародонтография;

2. Капиляроскопия;

3.+Микробиологиялық;

4. Полярография;

5. Эхоостеометрия.

104. Пародонт қалталарындағы агрессивті микрофлораны басу үшін қолданылады:

1. Калий перманганат ерітіндісі;

2. Этакридин лактат;

3.+Метрогил;

4. 1% риванол;

5. 5% димексид.

 

105. Физиоемнің қандай әдісінде қабынуға қарсы, стимулдейтін және жансыздандыратын әсерлері бар квантты генераторлар қолданылады:

1. УВЧ;

2. Микротолқынды терапия;

3. УКС;

4. Дарсонваль тоқтары;

5.+ИГНЛ.

106. Балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы дамуының негізгі этиологиялық факторы болып табылады:

1. Жарақат;

2.+Микробтар;

3. Жағымсыз әдеттер;

4. Ағзаның сенсибилизациясы;

5. Су-минералдардың алмасуының бұзылысы.

107. Жергілікті дәрілік қабынуға қарсы емді жүргізеді:

1. Тіс шөгінділерін алғанға дейін;

2.+Тіс шөгінділерін алғаннан кейін;

3. Қолдап тұрған емді жүргізу кезеңінде;

4. Тіс шөгінділерін алу-алмауына байланысты емес;

5. Ауыз қуысының гигиенасының жоғары дәрежесіне жеткеннен кейін.

108. Жергілікті антисептиктер қолданылады:

1. Жетгілікті иммунитетке әсер ету үшін;

2. Сарысулы антидененің санын төмендету үшін;

3.+Микроорганизмдердің агрессивті әсерін төмендеу үшін;

4. Қан тамырлардың қабырғаларының өткізгіштігін жоғарылату үшін;

5. Полиморфты ядролы лейкоциттердің бактерицидті белсенділігінің стимуляциясы үшін.

109. 14 жастағы баланы қарап тексергенде балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы деген нақтама қойылды. Қандай әдістің көмегімен патологиялық үрдістің ауырлық дәрежесін анықтауға болады:

1. Қызылиектің қанағыштық дәрежесін анықтау;

2. Грин-Вермильон бойынша ГИ анықтау;

3. Шиллер-Писарев сынамасы.

4. Микробиологиялық;

5.+Рентгенологиялық.

110. Бала 14 жаста. Кеңеске келген. Қарап тексергенде: қызылиектің қызаруы, ісінуі, тістердің қозғалғыштығы анықталды. Пародонт және сүйек қалталарынан грануляциялық тіндер шығып тұр. Рентгенограммада: альвеола өсіндісінің біркелкі емес деструкциясы тістер түбірлеріне дейін жайылған. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты пародонт қабынуының агрессивті түрі;

2.+Жайылмалы пародонт қабынуының агрессивті түрі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің ауыр дәрежесі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуінің орташа дәрежесі.

111. 15 жастағы жасөспірім стоматологтың кеңесіне тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Қарап тексергенде: жоғарғы жақтың орталық және бүйір күрек тістерінің арасында терең қалталар бар, қалталардан грануляциялық тіндер шығып тұр. Нақтама қойыңыз:

1.+Ошақты пародонт қабынуының агрессивті түрі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының агрессивті түрі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр ауырлықты дәрежесі;

4. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл ауырлықты дәрежесі;

5. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа ауырлықты дәрежесі.

112. Бала 14 жаста, тістерінің қозғалғыштығына және қызылиегінің қанағыштығына байланысты кеңеске жіберілген. Ауыз қуысында: қызылиегі қызарған және ісінген, тістер қозғалмалы, терең пародонт қалталары бар. Рентгенограммада альвеола аралық қалқанның тістің түбірінің ½-3/4 бөлігіне дейін семуі байқалады Ауыз қуысындағы аталған өзгерістер төменде көрсетілген қандай ауру кезінде НЕҒҰРЛЫМ дамиды:

1. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа ауырлықты дәрежесі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл ауырлықты дәрежесі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр ауырлықты дәрежесі;

4.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы.

5. Пародонтоз.

113. Балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуының негізгі клиникалық белгілері:

1. Қызылиектің қанағыштығы, тістердің қозғалғыштығы, пародонт қалталарынан іріңнің шығуы;

2. Тістердің қозғалғыштығы, қызылиегінің ауыратыны және қанағыштығы;

3. Пародонт қалталарының болуы, қызылиектің өзгергіштігі;

4.+Тістердің қозғалғыштығы, терең пародонт қалталарынан іріңнің шығуы, терең сүйек

деструкциясы;

5. Тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы, жоғары сезімталдық, қызылиектің қабынуы

анықталмайды, тістердің қзғалғыштығы жоқ.

114. Қандай зерттеу кезінде пародонт қалтасынан қозғалмайтын таяқшалар санының азаюы және қозғалатын таяқшалар мен факультативті микроорганизмдердің иілген түрлері санының көбеюі анықталады?

1. Серологиялық;

2. Цитологиялық;

3. Иммунологиялық;

4. Бактериологиялық;

5.+Микробиологиялық.

115. Жалдам дамитын агрессивті пародонт қабынуын төменде көрсетілген аурулардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізу қажет:

1. Созылмалы ошақты пародонт қабынуының өршуі;

2. Ойық-жаралы - өліеттенген Венсанның қызылиек қабынуы;

3.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесінің өршуі;

4. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің өршуі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесінің өршуі.

116. Тіс дәрігеріне 13 жастағы бала қызылиегінің қанағыштығына, тістерінің қозғалғыштығына шағымданып келді. Қарап тексергенде 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тығыз орналасуы анықталады. Шырышты қабат қызарған, ісінген, қызылиек үстілік және қызылиек астылық тіс шөгінділері бар, пародонт қалтасының тереңдігі 5 мм, пародонт қалталарының грануляциялық тіндер шығып тұр. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек:

1. Қызылиектің қанағыштық дәрежесіна анықтау;

2. Тісжегінің интенсивтілігін анықтау;

3.+Рентгенологиялық;

4. Цитологиялық;

5. Серологиялық.

 

117. Бала 15 жаста. Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы деген нақтамасы қойылған. Жергілікті емнің жоспарын анықтаңыз:

1. Белсенді дәрілік терапия, УКС және ГНЛ

2. Ауыз қуысын сауықтыру, ұтымды тамақтану;

3. Уақытша шендеу, ауыз қуысының гигиенасы;

4. Антисептикалық өңдеу, қабынуға қарсы препараттар, ауыз қуысын сауықтыруға кеңес беру,

ГНЛ;

5.+Симптоматикалық ем, пародонт қалтасын жою, ауыз қуысын сауықтыруға үйрету,

диспансерлік бақылау.

118. Пародонт қай ауруына мына симптомдар тән: жайылмалы зақымдану, аурудың ағымы толқын тәрізді, жиі өршіп тұрады (3 айда 1 рет) және қысқа ремиссиялар. Өршу кезінде айқын қабыну, тістердің қозғалғыштығы, ісіну, белсенді түрде ірің ағады. Ремиссия кезеңінде айқын қабыну белгілері жоқ: қызылиек жиегі тығыз, қызылиекті шұқығышпен сынама жасап көргенде қанамайды және пародонт қалталарынан экссудация шығады, тістердің қозғалғыштығы азаяды:

1. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы;

5. Пародонтоз.

119. Бала 14 жаста. Тағам қабылдағанда ауру сезіміне, тістердің қозғалғыштығына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Қарап тексергенде қызылиек жиегі бозғылт, ісінген,борпылдақ, тістерге тығыз жабыспайды. 4.7, 4.6, 3.6, 3.7 тістерде пародонт қалтасының тереңдігі 6 мм, грануляциялық тінге толы, 4.7, 4.6, 3.6, 3.7. тістер III дәрежелі қозғалмалы, қалғандары II дәрежелі қозғалмалы. Тістердің бетінде жұмсақ қақтар бар. Нақтама қойыңыз:

1. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы;

5. Пародонтоз.

120. Қызылиегінің ауыратынына және тамақ шайнауының қиындауына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады. Тексеру нәтижесі: ГИ=2,3 Шиллер-Писарев сынамасы: интенсивті боялды. Тістердің қозғалғыштығы III дәрежелі, пародонт қалталарынан грануляицялық тіндер шығып тұр. Нақтама қойыңыз:

1. Жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

2. Жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

3. Жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы;

5. Пародонтоз.

№ 5 тақырып: «Балалардың пародонт ауруларын алдын алу»

121. «Оймақ» симптомының оң болуы қандай жақ-бет деформациясына сәйкес?

1.+Ашық тістем;

2. Айқасқан тістем;

3. Тістің осі бойынша қисаюы;

4. Жоғарғы орталық күрек тістердің таңдай жаққа орналасуы;

5. Жоғарғы орталық күрек тістердің вестибулярлы орналасуы.

122. Төменде көрсетілген тіс-жақ жүйесінің патологиялық үрдістерінің қайсысы генетикалық шартталған болуы мүмкін?

1. Жақтың созылмалы остеомиелиті;

2. Созылмалы гингивостоматит;

3. Жедел қызылиек қабынуы;

4. Созылмалы лимфаденит;

5.+Тістемнің патологиясы.

123. Созылмалы жайылмалы катаральды қызылиек қабынуының себебін атаңыз?

1. Дұрыс салынбаған пломбалармен шырышты қабатты жарақаттау;

2. Еріннің, тілдің үзеңгісінің қысқа болуы;

3. Окклюзияның бұзылысы;

4. Идиопатиялық аурулар;

5.+Эндокриндік аурулар;

124. Балалардағы пародонт ауруларының жергілікті факторларын атаңыз:

1.+Тістердің тығыз орналасуы және олардың орналасу аномалиясы;

2. Асқазан ішек жолдарының аурулары;

3. Идиопатиялық аурулар;

4. Эндокриндік аурулар;

5. Гиповитаминоз С.

125. 10 жастағы баланы қарап тексергенде төменгі күрек тістердің мойын бөлігінің жалаңаштануы анықталды. 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістердің қызылиек жиегімен өтпелі қатпар арасы 3мм. Осы клиникалық көрініс нені көрсетеді?

1. Кіреберісі таяз;

2. Катаральды қызылиек қабынуы;

3. Прогнатиялық тістем;

4. Төменгі еріннің үзеңгісінің төмен бекітілуі;

5.+Атрофиялық қызылиек қабынуы, ауыз қуысының таяз кіреберісі.

126. Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жергілікті факторлар:

1. Эндокриндік аурулар;

2. Жүйкелі-соматикалық аурулар;

3. Ағзаның реактивтілігінң төмендеуі;

4. Асқазан-ішек жолдарының аурулары;

5.+Ауыз қуысының жүгеншелерінің бекітілу аномалиясы және таяз кіреберіс.

127. Пародонттың қабыну-деструкциялық ауруларының дамуына әсер ететін жалпы факторлар:

1. Қызылиектің механикалық зақымдануы;

2. Тістер мен жақтардың деформациясы;

3.+Гиповитаминоз С, В, А;

4. Тістердің аномалиясы;

5. Тіс шөгінділері.

128. Тіс шөгінділерінің ішінде пародонт ауруларының пайда болуында маңызды орын алатын:

1. Жұмсақ тіс қақтары;

2. Тағам қалдықтары;

3.+Тіс шөгінділері;

4. Темекі қағы.

129.Алдын алудың біріншілік шараларына жатады:

1. Бақылайтын тазалағыштарды қолданып ауыз қуысын сапалы түрде гигиеналық тазалау;

2. Пародонт ауруының ауыр түрге немесе кезеңіне өтіп кетуді алдын алу;

3.+Ауыз қуысын тазалауға дағдыландыру;

4. Шайнау аппаратының қызметін қалпына келтіру;

5. Жарақаттық факторларды жою.

 

130.Екіншілік алдын алу шараларына жатады:

1. Тістерді таңдап егеу;

2. Ауыз қуысын күнделікті сауықтыру;

3. Баланы құнарлы тамақтандыру;

4. Пародонт дұрыс қалыптастыру үшін шайнау аппаратын жаттықтыру;

5.+Ауыз қуысын тазартуды бақылау арқылы ауыз қуысының сапалы гигиеналық күтімі.

131. Алдын алудың үшіншілік шараларына жатады:

1. Ерте ортопедиялық ем;

2. Жарақаттық факторларды жою;

3. Ауыз қуысын үнемі сауықтырып тұру;

4. Толық және уақытылы ортопедиялық ем;

5.+Пародонт ауруы өршуінің алдын алу, уақытша қызметін атқара алмайтындығын төмендету.

132. Тістем аномалияларымен байланыстағы пародонт ауруларын алдын алу қай жас кезеңінде неғұрлым тиімді болады?

1. Антенатальды кезең;

2. 0 -ден 1 жасқа дейін;

3.+10 жастан 15 жасқа дейін;

4. 3 жастан 10 жасқа дейінгі кезең;

5. 1 жастан кейін 3 жасқа дейінгі кезең.

133.Төменде көрсетілген балалардың пародонт ауруларын алдын алу үшін қолданылатын төмендегі көрсетілген шарлардың ТЕК біреуінен басқасы міндетті түрде қолданылады:

1. Үзеңгілерінің аномалиялық бекітілуін анықтау және дұрыстау;

2. Жүйелі аурулары бар балалардың диспансеризациясы;

3. Ауыз қуысының гигиенасына үйрету;

4. Тістемнің аномалиясын алдын алу;

5.+Физиотерапиялық ем қабылдау.

134. Баланы профилактикалық тексеру кезінде алдыңғы тістер айналасында көп мөлшерде жұмсақ қақтар анықталды, Бұл тістердің аймаласында қызылиек ісінген, борпылдақ, қанайғыш.

Осы патологияның дамуында төменде көрсетілгендердің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ себепкер?

1. Соматикалық аурулар;

2. Тістердің тығыз орналасуы;

3. Уақытша тістердің ауысуы;

4.+Тістемнің бұзылуы;

5. Кіреберістің таяздығы.

135.Дефлокулянтты және ингибиторлы кристаллизация дегеніміз:

1. Беткей- белсенді заттар;

2. Антимикробты және бактериальды әсері бар заттар;

3.+Тіс тастарының пайда болуына қарсы әсер ететін заттар;

4. Қақтардың түзілуіне қарсы әсер ететін биологиялық белсенді заттар;

5. Қақтардың жойылып кетуіне әсер ететін биологиялық белсенді заттар.

136. Шайнау қызметі қай жаста қалыптаса бастайды:

1. 1,5-2 жылда;

2.+7-8 айдан соң;

3. Жатыр ішілік кезеңінде;

4. Өмірінің бірінші 3 айында;

5. Өмірінің бірінші жарты жылында.

 

137. 12 жастағы бала балалар тіс емханасына бірінші тұрақты күрек тісінің жоқтығына шағымданып келді. Тіс дәрігерімен рентгенологиялық зерттеу тағайындалған. Мүмкін болатын себептерді атаңыз:

1. Жақ-бет аймағының қабыну аурулары;

2.+Комплекттен тыс тістер, ретенция;

3. Пародонттағы қабыну үрдісі;

4. Пародонттың патологиясы;

5. Жағымсыз әдеттері.

138. Баланың аузымен тыныс алуы алып келеді:

1. Айқасқан тістемге;

2. Тістің өз осімен айналып кетуіне;

3.+Ашық тістемге;

4. Терең тістемге;

5. Адентияға.

139. Бала 14 жаста. Тістерін тазалағанда қызылиегінің қанайтынын айтты. Ауыз қуысын қарап тексергенде қызылиектің қабынуы, алдыңғы топ тістердің тығыз орналасқаны анықталды. Қандай кеңес бересіз:

1.+Ортодонттың кеңесі және емі, қабынуға қарсы тіс пасталарын қолдану, ауыз қуысының гигиена

ережелерін сақтау.

2. Калий перманганатының ерітіндісімен ауыз қуысын шайқау;

3. Ауыз қуысының маманжандырылған гигиенасын жүргізу;

4. Педиатрдың кеңесі;

5. Тісжегіні емдеу.

140. 3 айлық баланың қалыпты жағдайда тілінің орналасуы:

1. Тістер арасында;

2.+Тіс біліктерінің артында;

3. Ауыз қуысының түбіне бекітілген;

4. Жоғарғы жақтың альвеола өсіндісінің артында.

5. Таңдайға бекітілген.

141. Пародонт патологиясын алдын алу үшін емдік-алдын алу тіс пастасының құрамында келесі компоненттер болуы керек:

1. Диоксидин;

2. Натрий фториді;

3. Монофторфосфат;

4. Натрий гидрокарбонаты;

5.+Түймедақ (ромашка), шайқурай (зверобой) тұнбасы және экстрактісі

142. Төменде көрсетілген стоматологиялық аурулардың қайсысы тұқым қуалайтын аурулар түріне жатады?

1. Созылмалы лимфаденит;

2. Жақтың жедел периоститі;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит;

5.+Ауыз қуысының кіреберісінің жұмсақ тіндерінің орналасуының аномалиясы.

143. Ашық тістемнің себебі келесі факторлар болып табылады:

1. Жасанды тамақтану;

2. Пародонт тінінің патологиясы;

3. Шайнау қызметінің төмендеуі;

4. Тұрақты тістердің ерте жарып шығуы;

5.+Соска-пустышканы ұзақ уақыт қолдану, саусақты, заттарды сору.

144. 5-6 жастағы балада ауыз қуысы кіреберісінің тереңдігі қалыпты жағдайда:

1. 3-4мм;

2. 2-3мм;

3.+5-10мм;

4. 10-15мм;

5. 15мм және одан көп.

145. Антенатальды алдын алу бойынша шаралар төменде көрсетілген емдеу мекемелерінің бірінде жүргізіледі:

1. Балалар стоматологиялық емханасында;

2. Жалпы профильді емханада;

3. Ауруханадағы дәрігерде;

4.+Әйелдер кеңесінде;

5. Перзентзанада.

146. Жартылай адентияның пайда болу факторлары:

1. Қызылиектің қабынуының болуы;

2.+Ұрықтардың туылғаннан болмауы,;

3. Жедел герпетикалық стоматит;

4. Ауырған жұқпалы аурулар;

5. Жиі суықтап ауруы.

147. 10 жастағы баланы қарап тексергенде төменгі орталық күрек тістердің қызылиек емізікшелерінің ісінуі және қызаруы анықталды, бекітілмеген қызылиек 4 мм-ге ұзарған. Болжам нақтама қойыңыз:

1.+Ауыз қуысының кіреберісінің таяз болуы;

2. Артикуляция қызметінің бұзылысы;

3. Жұту қызметінің бұзылысы;

4. Тіс-жақ деформациясы;

5. Ашық тістем.

148. Тіс-жақ деформацияларын тудыратын қауіп факторлары:

1. Орта тісжегісі;

2. Қызылиек қабынуы;

3. Жедел жұқпалы аурулар;

4.+Уақытша тістерді ерте жұлу.

5. Жедел жұқпалы емес аурулар.

149. Балаларда тістем аномалияларының өршуіне әсер етеді:

1. Акушердің анамнезі;

2. Орталық күрек тістердің тісжегісі;

3. Туылу кезіндегі патология;

4.+Физикалық әлсіз дамуы;

5. Генетикалық фактор.

150. 10 жастағы баланы алдын ала қарап тексеру барысында дәрігер – стоматолог тістерін түйістіргенде түйіспейтін, алдыңғы топ тістерінің вестибулярлы бетінде жұмсақ қақтардың көп мөлшерін анықтады. Ауыз қуысы гигиеналық жағдайының қанағаттанарлықсыз болуынының себебін атаңыз:

1. Ауыз қуысының кіреберісінің таяздығы;

2. Тілдің үзеңгісінің қысқа болуы;

3. Ішкі ағзалардың патологиясы;

4. Жұтыну қызметінің бұзылуы;

5.+Тістемнің бұзылысы.

№ 6 тақырып: «Әр түрлі жас кезеңдерінде ауыз қуысының шырышты қабатының құрылымының ерекшелігі. Виноградова Т.Ф. бойынша балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының жіктелуі»

151. Спонгиоз-бұл:

1. Эпителийдің мүйізді қабатының шамадан тыс қалыңдауы;

2. Тікенекті қабаттың беткей жасушаларының толық емес мүйізденуі;


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пән бойынша тесттер 1 страница | Тақырып: «Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымданулары. Клиникасы, емі». | Тақырып: «Ауыз қуысының шырышты қабатының жұқпалы және жүйелі аурулары бар кезіндегі өзгерістері. Клиникасы, емі». | Тақырып: № 12 «Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». | Тақырып: № 15 «Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». | Шаралары». | Тақырып: № 17 «Балалардың ауыз қуысындағы қайталамалы афталары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі,алдын-алу шаралары». | Тақырып № 19: «Балалардағы ерін аулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 1 страница | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 2 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пән бойынша тесттер 2 страница| Пән бойынша тесттер 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.076 сек.)