Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Пән бойынша тесттер 2 страница

Читайте также:
  1. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 1 страница
  2. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 2 страница
  3. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 2 страница
  4. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 3 страница
  5. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 3 страница
  6. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 4 страница
  7. A) Шырыш рельефінің бұзылысы 4 страница

1.+УКС;

2. Гидромассаж;

3. Вакуум-массаж;

4. Дарсонвализация;

5. Вибрациялық массаж.

54. Бала 12 жаста. Созылмалы қызылиектің катарльды қабынуы деген нақтама қойылған. Көп мөлшерде тіс шөгінділері бар. Тіс шөгінділерін алу үшін қандай аппарат қолданылады?

1. Кулаженко аппараты;

2.+Ультрастом;

3. Поток – 1;

4. Галамед;

5. ЭЛОЗ.

55. Бала 13 жаста. Мына клиникалық көрініс пародонт ауруының қайсысына сәйкес келеді: тістерін тазалағанда және тағам жегенде қызылиегінің қанағыштығына, ауыруына, аузынан жағымсыз иістің шығуына шағымданады. Объективті: тіс аралық емізікшілердің, қызылиектің маргинальды бөлігінің ісінуі, қызаруы байқалады, қызылиектің қалған бөлігі көкшіл түсті, зондпен тиіп кеткенде тез қанайды. Пародонт қалталары жоқ. R-граммада өзгерістер жоқ.

1.+Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

2. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуі;

3. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі;

4. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

5. Ойық жаралы қызылиек қабынуы.

56. Балалар стоматологиялық емханасына кеңес алуға 11 жастағы бала келді. Тамақ жегенде ауру сезіміне, қызылиегінің қанағыштығына, тәбетінің нашарлауына шағымданады. Дене қызуы 37,70С. Баланың түрі бозғылт, әлсіз. Қарап тексергенде барлық тістердің аймағында қызылиектер ісінген, қызарған, шайнау тістерінің аймағында қызылиектің шеттері жарақаттанған. Жоғарғы және төменгі жақтың алдыңғы бөлігіндегі қызылиектің емізікшелерінің ұшы өліеттенген. Тістердің беті жұмсақ, сұр түсті қабықпен жабылған. Жақастылық лимфа түйіндері ірі бұршақ көлеміне дейін ұлғайған. Анасының айтуы бойынша бала тісін күнделікті тазаламайды. Бірнеше күн бойы ЖРВИ көріністері болған. Нақтама қойыңыз.

1. Қызылиектің өсе қабынуы;

2. Жедел герпетикалық стоматит;

3. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

4.+Ойық жаралы-өліеттенген қызылиек қабынуы;

5. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

57. 12 жастағы бала төменгі жағының 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 32, 3.3 тістерінің термиялық тітіркендіргіштерге сезімталдығына шағымданады. Қарап тексергенде аталған тістердің аймағындағы қызылиек бозғылт түсті, тістерінің мойны жалаңаштанған, қызылиектің ретракциясы анықталды. Төменгі еріннің үзеңгісі жоғары бекітілген. Нақтама қойыңыз.

1.+Созылмалы атрофиялық қызылиек қабынуы;

2. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

3. Созылмалы ошақты пародонт қабынуы;

4. Созылмалы қазалиектің өсе қабынуы;

5. Пародонтолиз.

58. Бала 10 жаста. Қызылиегінің ауруына, қышуына, тісін тазалағанда және тағам қабылдағанда қызылиегінің қанауына шағымданады. Анамнезінен жедел респираторлы аурумен ауырғаны анықталды. Мұндай симптомдар бірінші рет байқалуда. Нақтама қойыңыз.

1. Ойық жаралы қызылиек қабынуы;

2.+Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

3. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі;

4. Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрі;

5. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі.

59. 13 жастағы балаға ойық жаралы қызылиек қабынуы деген нақтама қойылған. Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысымен салыстырмалы нақтама жүргізген неғұрлым тиімді?

1. Жедел катаральды қызылиек қабынуы

2. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі;

3. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

4.+Ауыз қуысында қан ауруы, сәуле ауруларының көріністерінің болуы;

5. Орташа дәрежелі ауырлықтағы созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуі.

60. Төменде көрсетілген нақтамалардың қайсысымен жедел катаральды қызылиек қабынуын салыстыруға болады:

1.+Жеңіл дәрежедегі созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуі;

2. Орта дәрежедегі созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының өршуі;

3. Қызылиектің қсе қабынуының фиброзды түрі;

4. Қызылиектің өсе қабынуының ісінеген түрі;

5. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы.

Тақырып: № 3 «Балалардағы пародонт қабынуы. Этиология, патогенез, клиникалық ағымының ерекшеліктері, нақтамалаудың және емнің ерекшеліктері»

61. Пародонт қабынуына қандай морфологиялық өзгерістер сәйкес келеді?

1. Шектелген ісіну қызылиек жиегінің жасушалық инфильтрациясы, қантамырлардың ұйыған қызаруы;

2. Қызылиектің тіндік байланыстырушы қабатының қалыңдауы. Талшықты тіннің көрнекі өсуі,кей жерлерінде жасушалық инфильтрациясы бар;

3. Қантамырлардың айқын қызаруы, қызылиектің жиегінің жасушалық қабыну инфильтрациясы,

қызылиек емізікшелері тіндерінің өліеттенген деструкциясы;

4.+Тістің айналмалы байламдары бұзылған, периодонт жәнеальвеоланың қабырғасы еріп

кеткен, грануляциялық тіндермен ауысқан;

5. Ісіну, қан тамырлардың айқын кеңеюі, олардың айналасында лейкоциттер, гистоциттер, кейде

эритроциттер де жиналған.

62. 15 жастағы жасөспірімге дәрігер созылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойылған.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ маңызды болып келеді?

1.+Тіс шөгінділерін алу;

2. Жарақаттық окклюзияны жою;

3. Қабынуды дәрілік заттармен басу;

4. Гелий-неонды лазерлерді тағайындау;

5. Пародонт және сүйек қалталарын жою.

63. 14 жастағы бала жоғарғы оң жағындағы тістерінің айналасындағы қызылиектің қанағыштығына, қышу сезімінің болуына шағымданады.Қарап тексергенде: 1.7, 1.6, тістердің аймағындағы қызылиек қара-қызыл түсті, ісінген, қызыиек астынан грануляциялар шығып тұрады, пародонт қалталарының тереңдігі 4 мм дейін, қызылиек астылық және қызылиек үстілік шөгінділер өте көп.

Төменде көрсетілген жергілікті емдеу тәсілдерінің ішінде қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Склероздаушы ем, ортодонтиялық ем;

2. Антисептикалық өңдеу, қызылиекті уқалау;

3. Шөптік қайнатпалармен аппликация, физиоем;

4.+Тіс шөгінділерін алу, антибактериальды ем;

5. Жансыздандыру, пародонт қалтасының кюретажы.

64. Пародонт қалтасын жуып-шаю жүргізіледі:

1. Емдік таңба жасағанда;

2. Скайлермен жұмыс істегенде;

3. Ауыз қуысына ванночкалар жасау;

4. Ауыз қуысын белсенді түрде шайқау;

5.+Инесі өткір емес шприцтің көмегімен антисептикалық ерітіндімен өңдеу.

65. Пародонтологиялық емдеу таңбасын не үшін қолдану тиімді:

1. Жараның бетін ауыз қуысының факторларының әсерінен сақтап қалу;

2. Пародонт қалталарының микроағзаларын оқшаулау;

3. Пародонт қалтасының аумағын оқшаулау;

4.+Инффекцияның таралуын болдырмау;

5. Пародонталды қалталарды тазартуға.

66. 11 жастағы баланың тістемі прогнатиялық. 4.1, 4.2, 3.1, 3.2 тістердің аймағындағы қызылиек емізікшелерінің көлемі ұлғайған, қызарған.Рентгенограммада:тек қана төменгі күрек тістердің аймағында альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің семуі. Нақтама қойңыз:

1. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

2. Созылмалы қызылиектің өсе қабынуы;

3. Ойық-жаралы қызылиек қабынуы;

4. Жайылмалы пародонт қабынуы;

5.+Ошақты пародонт қабынуы.

67. Бала 9 жаста ортодонтиялық аппарат киеді. Аппараттың құрылымының дұрыс болмауы салдарынан оған жанасқан қызылиек аймақтарықабынған, сол аймақтағы тісбайламдары бұзылған. Тістер қозғалмалы, 3 мм дейін тереңдікте пародонт қалталары бар. Нақтам қойыңыз:

1. Пародонт қабынуының орташа-ауыр ауырлық дәрежесі;

2. Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы;

3. Пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

4.+Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Пародонтоз.

68. Жоспарлы сауықтыру барысында 11 жастағы балада терең тістем анықталған, қызылиектің шырышты қабаты қызарған, ісінген, тиіп кеткенде тез қанайды. 7 мм тереңдікте пародонт қалтасы бар. Нақтама қойыңыз:

1. Пародонт қабынуының орташа дәрежесі;

2. Жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы;

3.+Пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4. Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Пародонтоз.

69. 15 жастағы жасөспірім тістерін тазалағанда қызылиегінің қанағыштығына, аузынан жағымсыз иістің шығуына, тіс мойындарының жалаңаштануына шағымданады. Баланың айтуы бойынша бұл симптомдардың мазалағанына 2 жыл болды. Объективті: шырышты қабат қызарған, ісінген, әсіресе 1.6, 1.5, 1.4, 1.3, 1.2, 1.1, 2.1, 2.2, 2.3, 2.4, 2.5, 2.6 тістердің аймағында. 3,5 мм дейін тереңдікте пародонт қалталары, қызылиек үстілік жән қызылиек астылық тіс шөгінділері, тіс мойындарының жалаңаштануы анықталады. Тістер қозғалмайды. Рентген суретте: сүйек қабығының резорбциясымен бірге тісаралық қалқанның биіктігінің 1/3 дейін төмендеуі. Нақтаманы болжамдаңыз:

1. Созылмалы пародонт қабынуының ошақты түрі, орташа дәрежесі;

2. Созылмалы пародонт қабынуының ошақты түрінің жеңіл дәрежесі;

3. Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрі, орташа дәрежесі;

4.+Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрі, жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы пародонт қабынуының жайылмалы түрінің, ауыр дәрежесі.

70. Ауыр дәрежелі пародонт қабынуының негізгі белгілері:

1. Тістер тұрақты, орнынан қозғалмаған, пародонт қалтасының тереңдігі 3 мм дейін;

2. Тістердің қозғалғыштығы I-II дәрежелі, олардың орнынан ығысуы мүмкін, пародонт

қалтасының тереңдігі 5 мм дейін;

3.+Тістердің қозғалғыштығы II-III дәрежелі, тістер орнынан ығысқан, айқын жарақаттық окклюзия

пародонт қалтасының тереңдігі 7 мм көп;

4. Қызылиектің ісінген, қызарған, пародонт қалталары жоқ, тістер қозғалмалы;

5. Тістер тұрақты, мойын аймақтары мен түбірлері жалаңаштанған, жиі кіреукенің эрозиялары,

сына тәрізді ақауы, гиперестезиясы бар.

71. Пародонт қабынуының жеңіл дәрежесінің рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады:

1.+Қалқанның шыңында және бүйір бөліктерінде сүйек қабының болмауы, тіс мойны аймағында

периодонт саңылауының кеңеюі, альвеолааралық қалқанның ұзындығының 1/3

дейін резорбциясы;

2. Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығына 2/3 бөлігіне дейін жойылуы;

3. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы;

4. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі;

5. Альвеола өсіндісінің сүйек тінінде өзгерістер жоқ.

72. Пародонт қабынуының орташа дәрежесінің рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады:

1. Қалқанның шыңында және бүйір бөлігінде сүйек қабының болмауы, мойын аймағында

периодонт кеңістігінің кеңеюі, альвеоларалық қалқанның ұзындығының 1/3 дейін резорбциясы;

2. Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығының 2/3 бөлігіне дейін жойылуы;

3.Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы;

4. +Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі;

5. Альвеола аралық сүйек өзгерістер жоқ.

73. Пародонт қабынуының ауыр дәрежесінің ауырлығының рентгенологиялық ерекшелігі болып табылады:

1. Қалқанның шыңында және бүйір бөлігінде сүйек қабының болмауы, мойын аймағында

периодонт кеңістігінің кеңеюі, альвеоларалық қалқанның ұзындығының 1/3 дейін резорбциясы;

2. +Альвеола аралық қалқанның сүйек тінінің ұзындығының 2/3 бөлігіне дейін жойылуы;

3. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/3 бөлігінің резорбциясы;

4. Альвеола аралық қалқанның ұзындығының 1/2 бөлігінің төмендеуі;

5. Альвеола аралық сүйек өзгерістер жоқ.

74. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы бар жасөспірімнің нақтамасын қою үшін қандай зертеу жүргізу керек:

1.+Рентгенге түсіру;

2. Жалпы қан анализі;

3. Гигиеналық индекс;

4. Цитологиялық зерттеу;

5. Бактриологиялық зерттеу.

75. Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы пародонт қабынуының НЕҒҰРЛЫМ объективті клиникалық белгісі болып табылады?

1.+Пародонт қалтасы;

2. Қызылиектің қызаруы;

3. Қызылиектің өсіп кетуі;

4. Қызылиектің қанағыштығы;

5. Аузынан жағымсыз иістің шығуы.

76. Бала 15 жаста. Мектепте қарап тексергенде пародонт қабынуы деген нақтама қойылды. Осы ауруға сипаттама беріңіз:

1. Ісік тәрізді үрдіс;

2. Идиопатиялық үрдіс;

3. Қызылиектің қабыну ауруы;

4. Қабыну-дистрофиялық үрдіс;

5.+Қабыну-деструкциялық үрдіс.

77. 13 жастағы бала тістерін тазалағанда қызылиегінің тез қанайтынына, аузынан жағымсыз иістің шығатынына шағымданады. Қарап тексергенде: қызылиектің шырышты қабаты, қызылиектің емізікшелері ісінген, қызарған, тістерге тығыз жабыспайды, қызылиек астылық және қызылиек үстілік тіс шөгінділері бар, пародонт қалталарының тереңдігі 5 мм дейін жетеді. Тістердің II дәрежелі қозғалғыштығы анықталды. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты пародонт қабынуы;

2.+Жайылмалы пародонт қабынуы;

3. Созылмалы қызылиектің өсе қабынуы;

4. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

5. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы.

78. Бала 14 жаста. Қызылиегінің ауруына, тағам қабылдағанда ауру сезіміне шағымданады. Мазалап жүргеніне 2 жыл болды. Объективті: 4.3, 4.2, 4.1, 3.1, 3.2, 3.3 тістердің қызылиек жиегі қызарған, ісінген, қызылиек үстілік тіс шөгінділері бар. 4.2, 4.1, 3.1, 3.2 тістерде іріңге толы 3 мм тереңдікте пародонт қалталары бар. Тістер I дәрежеді қозғалады. Нақтама қойыңыз:

1. Ошақты қызылиектің өсе қабынуы;

2. Ошақты пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі.

79. Бала 15 жаста. Тістердің қозғалғыштығына, қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Объективті: қызылиек жиегі қызарған, оңай қанайды, жалқыққа толған 3.6-да 5 мм-ге дейін пародонт қалтасы, тіс қақтары бар, тістер ІІ дәрежеді қозғалады. Дұрыс нақтаманы таңдаңыз:

1. Ойық-жаралы қызылиектің қабынуы;

2. Жедел катаральды қызылиек қабынуы;

3. Қызылиектің өсе қабынуының ісінген түрі;

4. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

5.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі.

80. Бала 12 жаста. Қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Мазалап жүргеніне 1 жыл болды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызылиектерінің жиегі қызарған, ісінген, пародонт қалталары 3,5 мм дейін. Рентгенограммада: тісаралық қалқанның компактты пластинкасы борпылдақ. Нақтама қойыңыз.

1. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуының өршуі;

2. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

3. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі;

4.+Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының жеңіл дәрежесі;

5. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі.

81. Балалардың пародонт қабынуының рентгенологиялық бастапқы белгілерін көрсетіңіз:

1. Сүйек тінінің деструкциясы;

2. Периодонт саңылауының кеңеюі;

3. Сүйек патологиялық қалтасының түзілуі;

4. Тісаралық қалқанның биіктігінің төмендеуі;

5.+Тіс аралық қалқанның шыңында кортикальды пластинканың жойылуы.

82. Пародонттың қай ауруында рентгенограммада тістердің мойын аймағында периодонт саңылауы, орталық тістердің аймағында, тіс аралық қалқандарда остеопороздың пайда болуы анықталады:

1. Созылмалы катаральды қызылиек қабынуы;

2. Қызылиектің атрофиялық қабынуы;

3. Жайылмалы пародонт қабынуы;

4.+Ошақты пародонт қабынуы;

5. Қызылиектің өсе қабынуы.

83. 13 жастағы бала тіс дәрігерінің кеңесіне жіберілген. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының ауыр дәрежесі деген нақтама қойылды. Пародонттың қан тамырлары өткізгіштігін қандай әдіспен анықтауға болады?

1. Айнамо сынамасы;

2.+Кулаженко сынамасы;

3. Ясиновский сынамасы;

4. Шиллер-Писарев сынамасы;

5. Эпителийдің бүтіндігінің сынамасы.

84. Пародонт қабынуы кезінде шағымдар қандай болады?

1. Тез ауырады, қызылиегінің күю сезімі, әсіресе тағам қабылдағанда, сөйлегенде, аузынан

жағымсыз иістің шығуы, жалпы әлсіздік, температурасының жоғарылауы;

2. Қызылиегінің қанағыштығы, шайнағанда ұлғая түсетін ауру сезімі;

3. Қатты тағамды тістегенде және шайнағанда, тістерін тазалағанда, қызылиектің қанағыштығы,

жағымсыз сезімдер, қызылиекте ауырлық сезімі. Кейде осы сезімдердің өршуі;

4. Қызылиектің қалыңдауы және тістің сауыт бөлігінің қысқаруы, тағам қабылдағанда жағымсыз

сезімдер;

5.+Қызылиектің қанағыштығы, тістердің қозғалғыштығы, кейде қызылиектің астынан іріңнің

шығуы.

85. 16 жастағы жасөспірімге созылмалы жайылмалы пародонт қабынуы деген болжам нақтама қойылды. Нақтаманы нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін жүргізген дұрыс:

1. Полярография;

2. Серологиялық;

3. Бактериологиялық;

4. Жалпы қан анализі, ЭТЖ анықтау;

5.+Пародонт қалталарының тереңдігін анықтау, рентгенография.

86. Пародонт қабынуын емдеудің маңызы неде?

1. Арнайы емді қажет етпейді;

2. Тіс шөгінділерін, грануляцияларды алу, жұмсақ және қатты тіндеріндегі қабыну үрдісінің

ликвидациясы, ағзаның резистенттілігін жоғарылатуға бағытталған шараларды жүргізу;

3. Ауыз қуысының микрофлорасына әсер ететін тітіркендіретін (себепші) факторларды жою;

4.+Жарақаттаушы факторларды жою, қызылиектің склеротизация немесе қажет болса қызылиек

тінін тілу, эндокринді бездердің қызметін қалыпқа келтіру;

5. Тіс шөгінділерін және өліеттенген тіндерді алу, патогенді микрофлораны басу, қабынудың

ликвидациясы, эпителизацияға әсер ететін шараларды қолдану

87. 14 жастағы балаға созылмалы ошақты пародонт қабынуының өршуі деген нақтама қойылды. Қарап тексергенде 1.6 және 1.7 тістердің аймағында іріңді бөлінісі бар 4-5 мм пародонт қалталары бар. Осы тістердің аймағына қандай жергілікті емді қолданған тиімді?

1. Гигиенаға үйрету;

2. Склероздаушы терапия;

3. Қызылиекті саусақпен массаж жасау;

4. Шөптердің ерітіндісімен аппликация жасау;

5.+Жансыздандыру мен пародонт қалталарын антисептикалық өңдеу.

88. Бала 13 жаста. Қызылиегінің қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде жайылмалы пародонт қабынуының көріністері бар. Ата-анасы соңғы кездері баласының көп шөлдейтінін және көп сұйықтық ішетінін айтты. Сіздің кеңесіңіз:

1. Ортодноттың кеңесі;

2. Ауыз қуысы маманының кеңесі;

3. Невропатологтың кеңесі;

4.+Эндокринологтың кеңесі;

5. Құрамында фторы бар препараттарды тағайындау.

89. Жасөспірім 16 жаста. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойылды. Жергілікті емнің жоспарын құрыңыз:

1. Физиоем, шендеу;

2. Физиоем, кератопластиктер;

3. Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, физиотем;

4. Қызылиек жиегін антсептикалық өңдеу, қозғалғыш тістерді шендеу;

5.+Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, тіс шөгінділерін алу, пародонт қалталарының

кюретажы, антибактериальды, қабынуға қарсы заттарды қолдану, қозғалғыш тістерді шендеу.

90. Пародонт қабынуының ошақты және жайылмалы түрлерінде бала тіс дәрігеріне қанша рет қаралып тұруы керек:

1. Жылына 1 рет;

2. Жылына 5 рет;

3. Жылына 2 рет;

4.+Жылына 3 рет;

5. Жылына 4 рет.

№ 4 тақырып: «Балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық ағымының ерекшелігі, нақтамалау әдістері және емі»

91. Жергілікті антибактериальды препараттар және антибиотиктер қолданылады:

1. Простогландиндердің синтезінің бұзылуы және жасушалық мембраналардың стабилизациясы;

2. Қанның құрамындағыайналмалы иммунды комлексі деңгейінің жоғарылауы;

3. Липидтердің асқын тотығы балансының қалпына келуі;

4.+Пародонтопатогендерге бактерицидті және бактериостатикалық әсерлер;

5. Оттегі мен азоттың белсенді түрлерінің генерациясының күшеюі.

 

92. Бактерицидті әсері бар және микроорганизмдегі ДНК синтезін бұзатын дәрілік препаратты атаңыз:

3. 70% спирт ерітіндісі;

2. 1% диоксидин ерітіндісі;

1. 0,5% хлорамин ерітіндісі;

5. 10% калий йоды ерітіндісі;

4.+0,05% хлоргексидин ерітіндісі.

93. Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы пародонт қабынуының агрессивті түрінің дамуына әсер етеді:

1. Candida albicans, Herpes simplе. Streptococcus sanguis;

2. Streptococcus mutans, Mycobacterium, Streptococcus lactis;

3. Fusobacterium nucleatum, Treponema denticole, Bacteroides forsitus;

4. Streptococcus mitis, Streptococcus cremosus, Lactobacillus acidophilus;

5.+Actinobarilles actinomycetemcomitans, Porphyromanas gindivalis, Prevotela intermedia.

94. Оқшаулайтын пародонт таңбасын қолданады:


Дата добавления: 2015-07-10; просмотров: 177 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пән бойынша тесттер 4 страница | Тақырып: «Балалардың ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаттық зақымданулары. Клиникасы, емі». | Тақырып: «Ауыз қуысының шырышты қабатының жұқпалы және жүйелі аурулары бар кезіндегі өзгерістері. Клиникасы, емі». | Тақырып: № 12 «Қайталамалы герпетикалық стоматит. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». | Тақырып: № 15 «Балалардағы созылмалы кандидоз. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, алдын-алу шаралары». | Шаралары». | Тақырып: № 17 «Балалардың ауыз қуысындағы қайталамалы афталары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі,алдын-алу шаралары». | Тақырып № 19: «Балалардағы ерін аулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 1 страница | Тақырып № 20: «Балалардағы тіл аурулары. Клиникалық ағымының ерекшеліктері, емі, профилактикасы». 2 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Пән бойынша тесттер 1 страница| Пән бойынша тесттер 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.044 сек.)