Читайте также:
|
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі
54.Сабақтың тақырыбы: «Ата-аналармен, тәрбиешінің жұмысы»
Тәрбиеші мен техникалық қызметкерлердің міндеттері: Балаларды музыкалық дамытуда тәрбишіге үлкен мәндет жүктеледі. Ол сабақтарда музыка ждетекшісіне белсенді көмектеседі: өлең айтады, қимылдарды көрсетеді, қажет болса ойындарға, билерге қатысады. Балалардың музыкамен дербес айналысуын ұйымдастырады, балалар коллективінің күнделікті өміріне (таңертеңгілік гимнастикаға, серуенге, экскурсияға және т.б.) музыканы ендіртеді.
Тәрбиеші жетекіншектермен күнбе-күн араласып жүргендіктен олармен едәуір жұмыстар өткізеді және әрбір баланың музыкаға ықыласы мен қабілетін анықтайды, өз әрекеттерін педагог-музыкантпен бірлесе отырып, топтағы балалардың творцестволық қызметін дамытуға қажетті жағдайлар жасайды.
Балалар бақшасының техникалық қызметкерлері музыкав тәрбиесі жөніндегі жұмысқа жауапкершілікпен қарау керек. Бала бағушы музыка сабақтарының кестесін білуге міндетті және бөлмелерді(залды, топтар бөлмесін) дымқылдап тұру керек, егер қажет болса баланың тәрбиешісінің тапсырмасын (жалаушаларды, доптарды, шеңберлерді және т.б. әкелуге) орындауына көмектесуге тиіс, бөлмелерді мерекелік безендіруге белсенді қатсып, балаларды мереке алдында киіндіруге көмектесуі керек.
Музыка жеткешісінің міндеті: Педагог музыкант балалар бақшасындағы музыка тәрбиесінің жалпы жолға қойылуына жауап береді:
Ұйымдастырылуы сан алуан түрлеріне пайдалана отырып, балалармен ұдайы жұмыс жұргізіп отырады, тәрбиешілермен, олардың музыкалық деңгейін көтере отырып жұмыс жүргізеді:
Ата-аналар арасында мектеп жасына дейінгілермен музыкалық-эстетикалық тәрбие жүргізу мәселелерін насихаттайды.
Музыка сабақтары кестеге сай үнемі жүргізіліп тұрады.
Балғын жастағы бірінші топта сабақтар аптасына үш рет жүргізіледі, өйткені бала үздіксіз өсіп отырады және оның музыкалық қкабілеті тез жетіледі. Бұл, сәбилер топтарында музыканттың жан-жақты ойластырылған әрі талапқа сай ұйымдастырылған дәрежеде жұмыс жүргізілуін талап етеді. Мұндай жағдайда төмендегідей ерекшеліктерді ескеру керек: кіші топтарға бөлу, репертуар мен сабақтар өзіндік ерекшеліктерінің болуы.
Балалар бақшасының басқка топтарында музыка сабақтары күннің бірінші жартысында аптасына екі рет өткізіледі. Күннің екңншң жартысындағы сабақтар ойындық сипатта болады.
Музыка жетекшісі тәрбиешілермен бірге жоспар жасайды жіне педагогикалық жұмыстың күнбелік-есебін жүргізеді.
Егер музыкант-педагог белгілі бір себептермен болмай қалған жағдайда, тәрбиші топтағы музыка тәрбиесі жөніндегі жұмысты балалар балалар музыка аспаптарын, сондай-ақ «Балалар бақшасындағы музыка» жинағын пайдалана отырып жүргізе береді.
Музыка жетекшісі тәрбиешілермен жеке топтық сабақтар, консультациялар өткізеді, бұлардың саны қатысушылардың жалпы музыкалық дайындығына байланысты болмақ.
Егенр тәрбиешілердің біреуінің ән айту немесе ырғақтық дағдысы жеткіліксіз болса, онда олармен апта сайын сабақ өткізіп тұру керек.
Музыкант-педагог балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру жұмысына ата-аналарды қатыстыра отырып, олармен мына мәселерлер жөнінде топтық және жеке консультациялар өткізеді: өлең репертуарын қалай пайдалану керек, баланы дауысына күш түсуден, зақым келуден қалай сақтануға болады, бала қанша әнді жаттай алады, жеткіншектердің балалар бақшасындағы сабақтарда алған білімдері мен дағдыларын қандай жолмен бекітіп қалуға болады, күйтабаққа жазылған қандай шығармаларды уйде тындаған жөн, қандай спектакль, фильмдерді театрда көруге болады?
Ата-аналармен жұмыс: Отбасында музыка тәрбиесі мәселелерін насихаттаудағы жетекші рөді балалар бақшасының меңгерушісі мен музыка жетекшісі жүзеге асырады. Бұл жұмыста олар ата-аналар комитеті белсенді көмек көрсетеді. Меңгеруші олармен бірге отырып бір жылдың, сондай-ақ таяудағы екі айдын жұмыс жоспарын жасайды. Бқл жоспарларды лекциялар, ашық-сабақтар, балалар бақшасында үйымдастырылатын көрмелер қарастырылады.
Мектеп жасына дейінгі әрбір мекемеде «Ата-аналар мүйісі» болуға тиіс, онда басқалармен қатар музык тәрбиесі жөніндегі материалдар отналастырылған. Бұл- ұсынылатын аспаптық шығармалар мына мәселелер жөніндегі методикалық мақалалардың тізімдері: балдарғандары балалар музыкалық аспаптарда ойнауға қалай үйретуге болады: «Музыка әліппесімен» қалай жұмыс істеу керек? Стендінің мазмұны 1,5 ай сайын ауыстырылып тұрады.
Ата-аналарды педагогикалық жұмыстармен таныстырудың кең түрі-уневерситеттер. Олардың жұмысы Бүкіл одақтық «Білім» қоғамы ғылыми-методикалық одағы дайындаған программаның негізіне құрылып жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық-эстетикалық дамуы мәселелерін күн тәртібіне қойған ата-аналардың жалпы және топтық жиналыстарының балалар бақшасының жұмысындағы маңызы зор.
Жиналыстардың тақырыбы мейлінше алуан түрлі болып келеді: «Бала өміріндегі музыка», «Балалар үшін халық әндерінің тәрбиелік маңызы», «Бүлдіршіндердің музыкалық қабілеті туралы», «Музыкалық әліппені» пайдалана отырып, баланың музыкалық есту қасиетін қалай дамытуға болады»
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 376 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Балабақша жұмысындағы музыка жетекшісінің рольі . Балабақшадағы жалпы жетекшілік ,музыкалық тәрбие. | | | Автор описания - психолог Елена Заманская |