Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жер сілкінудің негізгі себептері мен салдарына сипаттама беріңіз .

Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз. | Зендер және олардың морфометриялық сипаттамасына талдау жасаңыз. | Жер қыртысы және оның құрамына талдау жасаңыз. | Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз. | Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз. | Биосфера жайлы В. И.Вернадскийдің іліміне түсініктеме беріңіз. | Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз. | Карст және карсты жер бедеріне анықтама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы экзогенді үдерістерге сипаттама беріңіз. | Жер бедерінің қалыптасуындағы эндогенді үдерістерді талдау жасаңыз. |


Читайте также:
  1. II-бөлiм. АРАЛ ӨҢIРIНДЕГI ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ ПЕН ДАҒДАРЫСТЫ ЖАҒДАЙ САЛДАРЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН АЗАМАТТАРДЫҢ СТАТУСЫ
  2. SoftX3000 жүйесінің сипаттамасы
  3. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  4. Арыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.
  5. Атмосфера, оның құрамы және оның қабаттары жайлы анықтама беріңіз.
  6. Атмосферадағы ылғал айналымы, булану және буланушылық құбылыстарына сипаттама беріңіз.
  7. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері

Жер сілкіну себептері және оның түрлері. Жер сілкіну дегеніміз не? Жер бетіндегі елді мекендерді аямай киратып, өзендерге бөгеу болған, жер бедерін адам танымастай өзгертетін, орасан зор алып күш қайдан пайда болады? Бұл сұрақтарға қазіргі кездегі ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, жауап беруге болады. Жер беті үнем қозғалыста болып турады. Оның дәлелін жер шарының кейбір аудандарынан байқаймыз. Мысалы, дүниежүзіндегі әсем қалалардың бірі Венеция (Италияда) қазіргі кезде жартылай су астында қалған, ал Голландия жері жылы-на 1 мм төмен шөгуде. Егер арнаулы бөгеттер жүйесі (плотиналар мен дамбалар) болмаса, оның көп аудандары су астында қалған болар еді; Скандинавия жері, керісінше жылына 1 см шамасында жоғары көтерілуде. Ертедегі теңіз толқындарының сақталған ізі қазіргі кезде су деңгейінен ондаған; метр жоғары биіктікте орналасқан жартастардан байқалады.Жер қыртысын құрайтын заттарға (қатты күйдегі тау жыныстарына) өте қысқа уақыт аралығында үлкен күшпен (сығым күші) әсер еткен жағдайда, олар тез арада морт сынған болар еді. Ал, ұзақ уақыт бойы (мыңдаған немесе миллиондаған жылдар бойы) әсер етсек онда жер қыртысынан сағыздай созылып немесе иіліпі әр түрлі қатпарлар түзілер еді. Қейбір жағдайларда бұлі әрекеттер жер бетінде (өте қысқа уақыт аралырында) серпімді күшті тербеліс немесе жер сілкінісін тудырады.Жер сілкінудің басым көпшілігі, әсіресе аса күшті дүмпулер (мысалы, Орта Азияда, Қазақстанда) тектоникалық қозғалыстармен (ығысу-ыдырау, қатпарлану, жылжу әрекеттерімен) тікелей байланысты (VIII. 2-сурет).

Тектоникалық козғалыстарға қатысты туатын жер сілкіністері үш түрге ажыратылады (ошақтарының тереңдігіне қарай): 1) “қалыпты” (нормалық) жер сілкіну (ошағының тереңдігі 10—60 км); 2) “аралық” жер сілкіну (ошағының тереңдігі ~60—300 км); 3) “терең фокусты” жер сілкіну (ошағының тереңдігі >300 км).Орта Азия мен Қазақстан жерінде байқалған жер сілкінулер көбінесе “қалыпты” (нормалық) түрге жатады; Гиндикуш тау аймағында (Ауғанстан мен ТәжікстанVIII. 2-сурет. 1966 ж. Ташкентте болған жер сілкінуінің механизмі (В. И. Уланов б ойын ша, 1967):I — шөгінді жыныстар, 2 — фундамент; 3 — жыртылымдар; 4 — негізгі соққы мен афтершоктардың (соңғы соққылардың) гипо- центрі, 5 — сейсмикалық станция; 6 — жарылган блоктардың ығысып жылжу бағыттары; 7 — фундаменттік тау жыныстарының шартты жағдайда ығысып жылжу сипаты; 8 — жер бетінің жоғары көтерілуі (геодезнялық өлшеулер б ойын ша).ціекаралығында) “аралық” түрге жататын жер сілкінулер, ал ТМД-ның Қуриль және Камчатка аралдарында “кальшты” (нормалық) және “аралық” сілкіністермен қатар “терең фокустық” жер сілкіністері болып тұрады. Ал Қиыр Шығыста тек терең фокустық сілкінулер ғана байкалады.Жер сілкінудің басқа бір түрі вулкандық_әрекеттермен (вулкан атқылау алдында немесе вулкан атқылау барысында) байланысты кездеседі. Олар магмадан бөлінген газдардың (вулкан өзектерінде) қопарылысы кезінде байқалады.Жер сілкінудің үшінші бір түрі — денудациялық немесе кенеттен опырылып құлау әрекеттерімен байланысты байқалады. Мұндай жағдайлар таулы аудандарда карсттық үңгірлерде жиі кездеседі.Соңғы жылдары жер сілкінудің техногендік себептері анықталып отыр. Бұл себептер адамдардың инженерлік іс-әрекеттерімен (гидротехникалық құрылыстар салу, ірі бөгеттер тұрғызып су коймаларын жасау, мұнай мен газ өндіру және т, б.) тығыз байланысты. Мысалы, Үндістанның батыс бөлігінде орналасқан Қойна ауданында байқалған жер сілкіну кезінде (1967) 180 адам қа-заға ұшырап, екі мыңдай халық жараланады. Сол секілді АҚШ-тың Оровилл қаласының маңында (Калифорния штаты) болған (1975) жер сілкінудін, қарқындылығы VII балға дейін жетеді.Біздің елімізде де мұндай жағдайлар Тәжікстанда тереңдігі 317 м-лік Нурек су қоймасын толтыру, Қырғызстанда — Тоқтағүл, Дагестанда — Чиркей, Өзбекстанда — Чарвак су электрстанция-ларын салу барысында байқалады. Ал Грозный қаласының оңтүстік бөлігінде (1976) және Газлиде (1976, 1984) болған жер сілкінулер мұнай мен газ өндіру ісімен тікелей байланысты деп саналады. Дегенмен, жер сілкінудің техногендік түрлері дүмпу күшінің әлсіздігімен және таралу өрісінің тарлығымен (жер сілкінудің тектоникалық түрімен салыстырғанда) сипатталады.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 388 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жер бедерін қалыптастырушы факторларды талдау жасаңыз.| ОСНОВЫ РАБОТЫ ДУХА

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)