Читайте также:
|
|
Маркетингтік зерттеулердің әдістері оны жүргізу мен ақпарат алу техникасы бойынша сандық және сапалық болып бөлінеді. Сапалық әдіс — ақпаратты сапалы сипаттау және оны стандартты емес түрде жинау арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс бақылау, тереңдетілген сұхбат, фокус-топтар және т.б. қолдануға негізделген. Сандық әдістер деп - жабық типті құрылымдық сұрақтарды пайдалану арқылы әр түрлі сауалнамаларды жүргізуді айтады
Сапалық зерттеулер өзіне, алғашқы деректерден жиналған мәліметтерді жинау мен талдауды қамтиды. Сапалық зерттеудің кең тараған әдістеріне фокус-тобы мен тереңдік сұхбат әдістері жатады. Олар адамдар мінез-құлқының сандық емес, сапалық сипаттамасын анықтауға бағытталған. Егер сандық зерттеу түрі «қанша?» деген сұраққа жауап берсе, сапалық зерттеуді қолданған кезде, біз «неге?» деген сұраққа жауап алу мүмкіндігіміз болады. Сапалық зерттеу бірінші кезекте зерттеліп жатқан проблемадағы бар, әр түрлілік пікірлерді жинауға мүмкіндік береді. Соншалықты сирек болып көрінбесе де, зерттеушілерге бар пікірлердің бүкіл спектрын жинақтап алса ғана сапалық зерттеу берік және толық болып саналады. Сапалық зерттеуде қандай жағдайда да болмасын респонденттердің қаншасы осындай немесе өзге пікірлерді таңдағанын санауға болмайды.
Сандық әдістердің түрлері:
· Жеке сұхбат - интервьюер респондентпен тікелей байланыс орнатуды көздейтін сұрау әдісі.Жеке сұхбат әдісімен сұрау келесідей жүргізіледі: респонденттің тұрғылықты жерінде, көшеде, респонденттің жұмыс орнында, сату орнында Жеке сұхбатты кәсіби мамандаған интервьюерлер жүргізеді. Сұрау үшінші адамның қатысуынсыз жүргізіледi
· Телефондық сұхбат – телефон арқылы жүргізілетін жеке интервью.Әдістің кемшілігі ереже бойыншы телефондық сұхбат 15 минуттан аспауы керек, сондықтан терең, нақты ақпаратты жинау мүмкін емес.
· Пошталық сұрау жүргізу кезінде анкеталар респонденттерге пошта арқылы толтырылған анкетаны қайтару үшін кері мекенжайы жазылған бос конвертпен қоса жіберіледі.
· Панельдік зерттеу – бір таңдаманы қолдану арқылы анықталған уақыт интервалында ақпараттарды жинау әдісі. Әдісті зерттеуші қызығатын нәрсесін зерттеу керек болған кезінде ғана қолданады.
· Холл-тест – жабық мекемеде тауардың жекелеген сипаттамаларын тестілеуге негізделген маркетингтік зерттеудің арнайы әдісі. Холл-тест тұтынушылардың мінез-құлқы және әр түрлі тестіленетін сипаттама бойынша тауардың тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
· Жеке сауда аудиті – жеке сауда нүктелеріндегі зерттелінетін тауар категориясы бойынша ассортиментті, бағаны, дистрибьюцияны, жарнамалық материалдарды талдау. Сауда желісінің аудиті рыноктағы компания позициясының және бәсекелестер қызметінің өзгеру мониторингісінің тиімді құралы болып табылады
Сапалық әдістің келесідей түрлері бар:
· Фокус-топ – модератордың жетекшілігімен алдын ала дайындалған жоспар бойынша еркін формада жүргізілетін топтық дискуссия. Қатысушылардың назары белгілі бір тақырыпқа ауады. Фокус-топ арнайы жабдықталған бөлмеде өткізіледі, 1,5-2 сағатқа созылады, 6-12 адам қатысады.
· Тереңдетілген сұхбат – зерттеушіні қызықтыратын сұрақтарға респонденттен толық жауап алу мақсатында алдын ала дайындалған сценарий бойынша жүргізілетін жеке сұхбат. Тереңдетілген сұхбат 30 минуттан кем емес уақыт созылады. Аудио немесе видеожазбаға жазылады
· Бақылау – куәгердің қатысуымен тікелей тіркеу жүргізу. Жүргізу шарты бойынша далалық және зертханалық бақылау болып бөлінеді. Бақылаушының жағдайы бойынша ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі бақылау кезінде бақылаушы ортаға кіреді, ал сырқы бақылау кезінде бақылаушы сырт жағынан бақылайды.
· Мистер шопинг зерттеу фирмаларының мамандары жүргізетін сатып алу көмегімен клиенттерге қызмет көрсетудің әр түрлі параметрлерін бағалау
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 599 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Маркетингтік зерттеулердің мәні,міндеттері,принциптері | | | Маркетингтік зерттеу жүргізу процесі. |