Читайте также:
|
|
Тауарды маркетингтік зерттеудің әдістері:
· Сұрау жүргізу
· Фокус топ
· Бақылау
· Тауар қорабын модельдеу және имитациялау
Маркетингтік зерттеуде фокус топ әдісі жиі қолдана бермейді, себебі фокус топ әдісін ұйымдастыру үшін дайындық, білім деңгейі, ұйымдастыру шараларын жүргізу керек. Фокус топ дегеніміз белгілі бір маркетингтік ақпаратты алу үшін арнайы адамдар тобын топтастырып, модератор көмегімен жүргізіледі. Бұл әдіс мақсаты:
1. Жаңа өнімді жасау, ору, жетілдіру жөніндегі ойларды генерациялау;
2. Жарнама компаниясын сұрау жүргізуге қажетті сұрақтарды фокус топқа қатысушы сөйлеу мәнерінен алуға болады;
3. Өнісге дген оның маркасы мен жылжыту әдісіне деген тұтынушы көзқарасын байқаймыз;
4. Кей жағдайда фокус топ мүшесі жүргізілген маркетингтік сұрау салудың мәліметтерін түсінуге көмектеседі;
5. Болашақтағы жүргізілетін жарнамаға эмоционалдық іс-әрекеттер анықталуы мүмкін.
Фокус топтың әр түрлі жүргізуіне әр топтың, тілдік, діндік, эмоционалдық ерекшеліктері әсер етуі мүмкін. Фокус топта 8-12 адам одан да аз болса, жеткілікті көлемде ой-пікір жинақталмай қалады. Ал одан да көп болса, модератор игере алмай қалады, ойды жеткізуге уақыт аз. Фокус топта межеленген адам снын жинау қиын.
Фокус топ аудио, видео құралдарға жазылады, экспертке көрсетуге не қайта қарауФокус топты жинқтағанда жас мөлшеріне, әлеуметтік статусына, мамандық ерекшелігене назар аудару керек. Топ тиімділігі көп жағдайда модереторға байланысты.
Қазіргі кезде техника-технология дамыған арқасында, әр жерде орналасқан бірнеше топтар арқылы да жүргізуге болады. Макетингтегі бақылау жүргізуМаркетингтегі сапалық зерттеуді жургізу көбіне бақылау әдісі арқылы іске асады. Бақылау дегеніміз – бірінші ретті ақпаратты таңдап алынған объектіні немесе адамдар тобын белгілі бір уақыт аралығында қадағалап, зерттеуді айтамыз.Бақылау ерекшеліктеріне байланысты келесідегідей топтарға топтастырамыз: Тікелей және жанама;Ашық және жабық;Құрылымды және құрылымдық емес;Адам көмегімен жүргізілетін және техника көмегімен жургізілетін бақылау. Тікелей бақылау - әдісі дүкенде, өзге жерлерде адамдардың әркетін бақылаймыз.Жанама бақылау - іс әрекет туралы шешімді қосымша мәліметтер негізінде жинаймыз. Мысалы: тұтынушылардың қанша сусын ішкенин, олардың босатқан құтыларынан анықтауға болады.Ашық бақылау дегенимиз - бақыланушы объектіні өзінің бақыланып отырғанын біледі. Жабық бақылау - объект сырттан жасырын бақыланады.Құрылымды бақылау - бақылау жургізуші не істеу керек екендігін алдын ала белгілеп алады. Сол шеңберден шықпайды. Құрылымдық емес бақылау - іс әрекет белгіленбейді, жағдайға байланысты өзгерип отырады.Бақылау 2 жағдайда:Далалық бақылау - бақылау табиғи нақты жағдайда жүргізіледі.Кабинеттік бақылау - мұнда бақылау жасанды жағдайда арнайы ұйымдастырылып жүргізіледі.
Бақылау жүргізіліп болғаннан кейін қорытынды шығарылады. Зерттеу алдында жүргізу мақсатты себебін, таңдалатын әдіс түрін белгілейміз, ал зерттеу аяқталғанда осы тапсырмалардың орындалғандығына шешім қабылдаймыз. Алдынғы тағы пайдалану үшін және сату үшін жиналған ақпарат топтастырылады, жүйеленеді, талдакнады.
Пікір сұрау (опрос) – соңғы ақпаратты алуды жүзеге асыру мақсатыменреспонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі және мәліметтерді жинаудың кең таралған түрі. Маркетингтік зерттеулердің 90%-ы пікір сұрауға негізделген. Ол өнеркәсіптік кәсіпорындарда да, маркетингтік агенттіктерде де кеңінен қолданылады. Пікір сұрау құрылымдық және құрылымдық емес сипатта болады. Құрылымдық сауалнамада барлық сауалдамаға қатысатындар бірдей сұрақтарға жауап береді. Құрылымдық емес сауалнамада сұхбат жүргізуші алынған жауаптарға байланысты сұрақтар қояды. Сұхбатты осы әдіспен мынадай түрлерде жүргізуге болады:· Сұралушылар арасында (студенттер, зейнеткерлер); · Бір уақытта сұралушылар саны бойынша (жекелей немесе топпен әңгімелесу);· Стандартталу деңгейі бойынша (еркін немесе құрылымдық схема);· Пікір сұрау жиілігі бойынша (бір немесе бірнеше рет пікір сұрау).Қазіргі кезде бастапқы мәліметтерді жинаудың әр түрлі механикалық және электрондық құрылғылары қолданылып жүр. Адамның белгілі бір жарнамалық хабарландыруға арналған назарын және сезімін анықтау үшін гальванометр қолданылады, ол жарнаманың әсерін адамның эмоциялық сезімі кезінде бөлінетін тер арқылы көрсетеді. Осы мақсатта фото, кино, бейнекамералары, магнитофондар т.б. пайдаланылады.Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада - 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз - 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен - 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі.Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды, екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды. Телефонмен және сұхбаттасушымен пікір сұрау жүргізгенде, ол - құпиялы сипатта болады.Пікір сұрау жүргізгенде ақпарат мынадай жолдармен алынады: Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып, жауапты сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады.Зерттеуші қажет болған жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға қосымша көп сауал қойып, әңгімелескен кезде өз ойын қоса алады. Респонденттерге сұрақтар қойған кезде оларды сауалнамада жазылған күйінде өзгеріссіз қою керек, жауаптарды талаптарға сәйкес тіркеу қажет. Сұхбат алушы сауалнаманы жасаудан бұрын зерттелетін мәселені, нарықтарды, тұтынушыларды тереңірек қарастырып білуі қажет. Пікір сұрау алдында респонденттерге зерттеу мақсаты туралы бірер сөз және жауаптардың құпияла болатынын айтып өту керек. Сауалнаманы жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан бастауға болмайды.
Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 322 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Тауарды зерттеу түрлері мен негізгі бағыттары | | | Тауардың бағасын зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары |